You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ТІЗЕ БҮГЕ СӘЛЕМ БЕРУ, БАС ҰРА ҚҰРМЕТТЕУ ШІРІК ЕМЕС



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7279
ТІЗЕ БҮГЕ СӘЛЕМ БЕРУ, БАС ҰРА ҚҰРМЕТТЕУ ШІРІК ЕМЕС

Алла бүкіл періштелерге Адамға сәжде етуді бұйырғанда, заты оттан болған ібіліс қана сәжде етпей қойды, бұл құранда айтылған, мұсылмандар да қағбаға бас қоя сәжде етіп намаз оқиды, ал бұндай әрекеттер уахаби-салафилар сенімі бойынша шірікке жатуы керек, себебі сырт көзбен қараса, біреуі адамға, біреуі қағбаға сәжде етуде, ақиқатында біреуге бас қойып, сәжде ету ешқандай шірікке жатпайды, шарты жүрегінде сәжде еткенін құдай көрмесе болғаны, ол құрметке жатады, шірік дегеніміз Алладан басқаны ой-жүрегімен Тәңір көру, Құдай санау-дүр, егер сәжде ету шірік болса, Алла "адамға сәжде етіңдер" демес еді, шірік жүрек ісі, сыртқы амалмен қатысты шамалы, мәселен көптеген көне мешіттер пайғамбар, сахаба, әулиелердің қабыр үстіне тұрғызылған, Қазақ, Қырғыз, Ұйғыр келіндерінің үлкенге тізе бүге сәлем беруі, Түркілердің хан-сұлтандарға тізе бүгіп құрмет көрсетуі, Қытайлардың патшасына, ата-анасына бас қойып, сәжде ете құрмет көрсетуі, қаралардың хан-патшаға бас ұруы, қабырға құрмет және сағынышпен бас қоюлар шірікке жатпайды, себебі олар сәжде еткенін жүрегінде Тәңір көріп отырған жоқ, онда Алла пендесіне құрмет көрсетіліп, шынайы жүрек сәждесі солардың Иесі болған Аллаға жасалуда, мұсылман қағбаға бас қойып сәжде еткенде, қағбаның Раббысы Аллаға сәжде етуде, оған сәжде етіп намаз оқуды Алла пайғамбарымыз арқылы әмір еткен, демек шірік жүректе жасалынатын аса зор күпірлік, мәселен бұдистердің бұдттарды құдай көруі, христиандардың Иса ғ.с-ды құдайға теңеп, құдай "баласы" деуі, гіректердің аспан, жер, күн, жер, жұлдыз т.б құдайларын жасап алуы қатарлы санамен бекітіліп, жүрекпен сенген нәрселер шірік саналады, дүниедегі ең топас мұсылманның өзі шірік жасамас, мұсылмандарда қайдағы шірік ісі болсын! "шірік" дауы мұсылмандардың дініне нұқсан келтіріп, шынайы исламнан алыстатуы үшін шайтанның бертінде шығарған бүлігінен басқа дәнеңе емес, ал уахаби-салафилар болса шайтанға көместесіп, осы бүлкті мұсылмандар арасына кеңінен таратушы надандар ғана, олар - исламды сүйкімсіз көрсетушілер, бүлдірушілер, жұртты исламның тура жолынан жаңылдырушылар.

تىزە بۇگە سالەم بەرۋ، باس ۇرا قۇرمەتتەۋ شىرىك ەمەس

اللا بۇكىل پەرىشتەلەرگە ادامعا ساجدە ەتۋدى بۇيىرعاندا، زاتى وتتان بولعان ءىبىلىس قانا ساجدە ەتپەي قويدى، بۇل قۇراندا ايتىلعان، مۇسىلماندار دا قاعباعا باس قويا ساجدە ەتىپ ناماز وقيدى، ال بۇنداي ارەكەتتەر ۋاحابي-سالافيلار سەنىمى بويىنشا شىرىككە جاتۋى كەرەك، سەبەبى سىرت كوزبەن قاراسا، بىرەۋى ادامعا، بىرەۋى قاعباعا ساجدە ەتۋدە، اقيقاتىندا بىرەۋگە باس قويىپ، ساجدە ەتۋ ەشقانداي شىرىككە جاتپايدى، شارتى جۇرەگىندە ساجدە ەتكەنىن قۇداي كورمەسە بولعانى، ول قۇرمەتكە جاتادى، شىرىك دەگەنىمىز اللادان باسقانى وي-جۇرەگىمەن ءتاڭىر كورۋ، قۇداي ساناۋ-ءدۇر، ەگەر ساجدە ەتۋ شىرىك بولسا، اللا "ادامعا ساجدە ەتىڭدەر" دەمەس ەدى، شىرىك جۇرەك ءىسى، سىرتقى امالمەن قاتىستى شامالى، ماسەلەن كوپتەگەن كونە مەشىتتەر پايعامبار، ساحابا، اۋليەلەردىڭ قابىر ۇستىنە تۇرعىزىلعان، قازاق، قىرعىز، ۇيعىر كەلىندەرىنىڭ ۇلكەنگە تىزە بۇگە سالەم بەرۋى، تۇركىلەردىڭ حان-سۇلتاندارعا تىزە بۇگىپ قۇرمەت كورسەتۋى، قىتايلاردىڭ پاتشاسىنا، اتا-اناسىنا باس قويىپ، ساجدە ەتە قۇرمەت كورسەتۋى، قارالاردىڭ حان-پاتشاعا باس ۇرۋى، قابىرعا قۇرمەت جانە ساعىنىشپەن باس قويۋلار شىرىككە جاتپايدى، سەبەبى ولار ساجدە ەتكەنىن جۇرەگىندە ءتاڭىر كورىپ وتىرعان جوق، وندا اللا پەندەسىنە قۇرمەت كورسەتىلىپ، شىنايى جۇرەك ساجدەسى سولاردىڭ يەسى بولعان اللاعا جاسالۋدا، مۇسىلمان قاعباعا باس قويىپ ساجدە ەتكەندە، قاعبانىڭ راببىسى اللاعا ساجدە ەتۋدە، وعان ساجدە ەتىپ ناماز وقۋدى اللا پايعامبارىمىز ارقىلى ءامىر ەتكەن، دەمەك شىرىك جۇرەكتە جاسالىناتىن اسا زور كۇپىرلىك، ماسەلەن بۇديستەردىڭ بۇدتتاردى قۇداي كورۋى، حريستيانداردىڭ يسا ع.س-دى قۇدايعا تەڭەپ، قۇداي "بالاسى" دەۋى، گىرەكتەردىڭ اسپان، جەر، كۇن، جەر، جۇلدىز ت.ب قۇدايلارىن جاساپ الۋى قاتارلى سانامەن بەكىتىلىپ، جۇرەكپەن سەنگەن نارسەلەر شىرىك سانالادى، دۇنيەدەگى ەڭ توپاس مۇسىلماننىڭ ءوزى شىرىك جاساماس، مۇسىلمانداردا قايداعى شىرىك ءىسى بولسىن! "شىرىك" داۋى مۇسىلمانداردىڭ دىنىنە نۇقسان كەلتىرىپ، شىنايى يسلامنان الىستاتۋى ءۇشىن شايتاننىڭ بەرتىندە شىعارعان بۇلىگىنەن باسقا دانەڭە ەمەس، ال ۋاحابي-سالافيلار بولسا شايتانعا كومەستەسىپ، وسى بۇلكتى مۇسىلماندار اراسىنا كەڭىنەن تاراتۋشى ناداندار عانا، ولار - يسلامدى سۇيكىمسىز كورسەتۋشىلەر، بۇلدىرۋشىلەر، جۇرتتى يسلامنىڭ تۋرا جولىنان جاڭىلدىرۋشىلار.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7279