You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ӘРУАҚҚА СЫЙЫНУ ШІРІК ЕМЕС, СЕБЕБІ СЫЙЫНУ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ ЕМЕС



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7237
ӘРУАҚҚА СЫЙЫНУ ШІРІК ЕМЕС, СЕБЕБІ СЫЙЫНУ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ ЕМЕС

"Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай" - Жамбыл Ақын; "Сыйындым атам Қазыбек әруағына" - Мәди Бапиұлы;
"Аруаққа сыйынбай, ерлерің қылыш шаба алмас, жігіттің пірі болмаса, қынаптан шықпас ақ алмас." - Тұрмағанбет Ізтілеуұлы;
"Қысылған кезде сыйынған, пірлерім едің қашаннан" - Балқы Базар.
"Әруағына сыйынып анам Қызайдың, алып ұрдым Қалмақтың қара палуанын." - Қоңырбай Батыр;
"Сыйындым пайғамбардың бәрін айтып,
Данышпан Лұқманды, кәріні айтып" - Кердері Әбубәкір;
Қатты айтты деп кектемей,
Сыйынғанда тек демей,
Он екі имам әулие,
Жиырма сегіз әнбие,
Қолда, өңшең әруақ. — Ахмет Байтұрсынұлы;
Міне бұл Қазақтарға уахаби-салафизм кіруден 100 жыл бұрынғы дін ислам аман кезіндегі таза мұсылман Қазақ ақын-жырауларының өлеңдері, бұлар коминистік Кеңес билігі дендеп кіруден бұрынғы дүниелер, олардың барлығы "әруаққа сыйыну" жәйлі айтып кеткен, олар "әруаққа сыйынудың" шірік емес екендігін білген, бұл өлеңдер сыйынудың Аллаға құлшылық ету емес екендігін анық айтып отыр, ал олардан 100 жыл кейін коминистік биліктен әзер құтылып, өздерінше дін "ислам" ұстана бастаған жаңа Қазақтар "әруаққа сыйыну - Аллаға серік қосу, күпірлік" деп соғып жатыр, өткенге надандықпен тас атуда, құранды Қазақшаға аударғандар да "сыйынуды" құлшылықпен бір ұғым ретінде көрсетіп, өздерімен бірге көп елді алжастырды, олардың нанымы бойынша Ахмет Байтұрсын, Жамбыл, Мәдилер шірік істеп қойған, міне бұлар шын исламды ұмытып, уахаби-салафизм атымен келген "исламға" яғни кесірлі ағымға уланған жаңа буын Қазақтар еді, "сыйыну" бірдеңені Тәңір көріп, құлшылық ету емес, сыйыну дегеніміз медет сұрау, көмек сұрау, әулиелерді уәсила ету; сыйынумен құлшылық ету бір ұғым емес, тек бір Жаратушы Аллаға ғана құлшылық етіледі, сыйынумен құлшылық ету екеуі екі бөлек ұғым, бүгінгі жұрт екеуін "бір ұғым" деп шатасуда, әрине Аллаға да сыйынамыз яғни Алладан медет-көмек сұраймыз, бірақ Алланың достарын уәсила етіп (сыйынып), Алладан сұраса, олардың берекесі үшін көмек тез әрі қуатты болады.

ءارۋاققا سىيىنۋ شىرىك ەمەس، سەبەبى سىيىنۋ قۇلشىلىق ەتۋ ەمەس

"مەنىڭ ءپىرىم - ءسۇيىنباي، ءسوز سويلەمەن سىيىنباي" - جامبىل اقىن; "سىيىندىم اتام قازىبەك ءارۋاعىنا" - ءمادي باپيۇلى;
"ارۋاققا سىيىنباي، ەرلەرىڭ قىلىش شابا الماس، جىگىتتىڭ ءپىرى بولماسا، قىناپتان شىقپاس اق الماس." - تۇرماعانبەت ىزتىلەۋۇلى;
"قىسىلعان كەزدە سىيىنعان، پىرلەرىم ەدىڭ قاشاننان" - بالقى بازار.
"ءارۋاعىنا سىيىنىپ انام قىزايدىڭ، الىپ ۇردىم قالماقتىڭ قارا پالۋانىن." - قوڭىرباي باتىر;
"سىيىندىم پايعامباردىڭ ءبارىن ايتىپ،
دانىشپان لۇقماندى، كارىنى ايتىپ" - كەردەرى ابۋباكىر;
قاتتى ايتتى دەپ كەكتەمەي،
سىيىنعاندا تەك دەمەي،
ون ەكى يمام اۋليە،
جيىرما سەگىز انبيە،
قولدا، وڭشەڭ ءارۋاق. — احمەت بايتۇرسىنۇلى;
مىنە بۇل قازاقتارعا ۋاحابي-سالافيزم كىرۋدەن 100 جىل بۇرىنعى ءدىن يسلام امان كەزىندەگى تازا مۇسىلمان قازاق اقىن-جىراۋلارىنىڭ ولەڭدەرى، بۇلار كومينيستىك كەڭەس بيلىگى دەندەپ كىرۋدەن بۇرىنعى دۇنيەلەر، ولاردىڭ بارلىعى "ءارۋاققا سىيىنۋ" ءجايلى ايتىپ كەتكەن، ولار "ءارۋاققا سىيىنۋدىڭ" شىرىك ەمەس ەكەندىگىن بىلگەن، بۇل ولەڭدەر سىيىنۋدىڭ اللاعا قۇلشىلىق ەتۋ ەمەس ەكەندىگىن انىق ايتىپ وتىر، ال ولاردان 100 جىل كەيىن كومينيستىك بيلىكتەن ازەر قۇتىلىپ، وزدەرىنشە ءدىن "يسلام" ۇستانا باستاعان جاڭا قازاقتار "ءارۋاققا سىيىنۋ - اللاعا سەرىك قوسۋ، كۇپىرلىك" دەپ سوعىپ جاتىر، وتكەنگە ناداندىقپەن تاس اتۋدا، قۇراندى قازاقشاعا اۋدارعاندار دا "سىيىنۋدى" قۇلشىلىقپەن ءبىر ۇعىم رەتىندە كورسەتىپ، وزدەرىمەن بىرگە كوپ ەلدى الجاستىردى، ولاردىڭ نانىمى بويىنشا احمەت بايتۇرسىن، جامبىل، ماديلەر شىرىك ىستەپ قويعان، مىنە بۇلار شىن يسلامدى ۇمىتىپ، ۋاحابي-سالافيزم اتىمەن كەلگەن "يسلامعا" ياعني كەسىرلى اعىمعا ۋلانعان جاڭا بۋىن قازاقتار ەدى، "سىيىنۋ" بىردەڭەنى ءتاڭىر كورىپ، قۇلشىلىق ەتۋ ەمەس، سىيىنۋ دەگەنىمىز مەدەت سۇراۋ، كومەك سۇراۋ، اۋليەلەردى ءۋاسيلا ەتۋ; سىيىنۋمەن قۇلشىلىق ەتۋ ءبىر ۇعىم ەمەس، تەك ءبىر جاراتۋشى اللاعا عانا قۇلشىلىق ەتىلەدى، سىيىنۋمەن قۇلشىلىق ەتۋ ەكەۋى ەكى بولەك ۇعىم، بۇگىنگى جۇرت ەكەۋىن "ءبىر ۇعىم" دەپ شاتاسۋدا، ارينە اللاعا دا سىيىنامىز ياعني اللادان مەدەت-كومەك سۇرايمىز، ءبىراق اللانىڭ دوستارىن ءۋاسيلا ەتىپ (سىيىنىپ)، اللادان سۇراسا، ولاردىڭ بەرەكەسى ءۇشىن كومەك تەز ءارى قۋاتتى بولادى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7237