You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

МӘХДИ ӘСКЕРЛЕРІ ЖӘЙЛІ БІРАЗ МӘЛІМЕТТЕР



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7227
МӘХДИ ӘСКЕРЛЕРІ ЖӘЙЛІ БІРАЗ МӘЛІМЕТТЕР

Бізге Мәхди ғ.с-ның әскерлері жәйлі мәлімет берілген, Мәхди ғ.с-ның шығуы жақын, оның әскерлері сақадай сайланып, дайын тұр, оның әскерлерінің ішінде "Әли" есімді 12000 жігіт бар, олардың барлығы хазірет Әлидің ұрпағынан болады, Мәхди ғ.с Дамашықта тәкбір айтқанда, олар атпен ұшып келеді, олардың төбесінде хазірет Әлидің тәжі болады, қолдарына зұлфуқар қылыш ұстайды, олар қылышын жерге ұрса, қайнап су шығады, аспанға сілтесе найзағайдай жарқылдап, көкті тіледі, түнді күндізгідей етер, олардың мінген аттары барлығы қара болады, аттары жерде жүрмей, ұшып жүреді, олар Мәхди ғ.с-ның алдына тұрар, Мәхди ғ.с-ның тағы сол сияқты 12000 Хасан, 12000 Хұсейін, 50000 Ахмет, 50000 Мұхаммад, 50000 Махмұт есімді әскерлері бар, алаң болмаңдар, ешқашан үмітсізденбеңдер, исламның таңы атқалы аз қалды, ол Мәхди ғ.с-ның келуімен атады, егер кәпірлер осындай істер болатынын білсе, естері шығып, қазір-ақ жүректері атылып өлер еді, олар хақиқаттың қуатының қандай күшті екендігін көретін болады. Мәхди ғ.с-ның рухани қуаты өте зор, жәй адам оның қасында тұрса күйіп, күлге айналады, жоғалып кетеді, жәй адамдарға оның қасында тұру, оған қарау мүмкін емес, оның қасында руханият күші жоғары әулиелермен оның халифалары тұрады.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

ءماحدي اسكەرلەرى ءجايلى ءبىراز مالىمەتتەر

بىزگە ءماحدي ع.س-نىڭ اسكەرلەرى ءجايلى مالىمەت بەرىلگەن، ءماحدي ع.س-نىڭ شىعۋى جاقىن، ونىڭ اسكەرلەرى ساقاداي سايلانىپ، دايىن تۇر، ونىڭ اسكەرلەرىنىڭ ىشىندە "ءالي" ەسىمدى 12000 جىگىت بار، ولاردىڭ بارلىعى حازىرەت ءاليدىڭ ۇرپاعىنان بولادى، ءماحدي ع.س داماشىقتا تاكبىر ايتقاندا، ولار اتپەن ۇشىپ كەلەدى، ولاردىڭ توبەسىندە حازىرەت ءاليدىڭ ءتاجى بولادى، قولدارىنا زۇلفۋقار قىلىش ۇستايدى، ولار قىلىشىن جەرگە ۇرسا، قايناپ سۋ شىعادى، اسپانعا سىلتەسە نايزاعايداي جارقىلداپ، كوكتى تىلەدى، ءتۇندى كۇندىزگىدەي ەتەر، ولاردىڭ مىنگەن اتتارى بارلىعى قارا بولادى، اتتارى جەردە جۇرمەي، ۇشىپ جۇرەدى، ولار ءماحدي ع.س-نىڭ الدىنا تۇرار، ءماحدي ع.س-نىڭ تاعى سول سياقتى 12000 حاسان، 12000 حۇسەيىن، 50000 احمەت، 50000 مۇحامماد، 50000 ماحمۇت ەسىمدى اسكەرلەرى بار، الاڭ بولماڭدار، ەشقاشان ۇمىتسىزدەنبەڭدەر، يسلامنىڭ تاڭى اتقالى از قالدى، ول ءماحدي ع.س-نىڭ كەلۋىمەن اتادى، ەگەر كاپىرلەر وسىنداي ىستەر بولاتىنىن بىلسە، ەستەرى شىعىپ، ءقازىر-اق جۇرەكتەرى اتىلىپ ولەر ەدى، ولار حاقيقاتتىڭ قۋاتىنىڭ قانداي كۇشتى ەكەندىگىن كورەتىن بولادى. ءماحدي ع.س-نىڭ رۋحاني قۋاتى وتە زور، ءجاي ادام ونىڭ قاسىندا تۇرسا كۇيىپ، كۇلگە اينالادى، جوعالىپ كەتەدى، ءجاي ادامدارعا ونىڭ قاسىندا تۇرۋ، وعان قاراۋ مۇمكىن ەمەس، ونىڭ قاسىندا رۋحانيات كۇشى جوعارى اۋليەلەرمەن ونىڭ حاليفالارى تۇرادى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7227