You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: біз Ибрахим ұлытынанбыз, ұлтшылдық бір үлкен рухани кесел (2023.10.24 / 1445-хижри 09-Рабиул Ахир)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7215
Сұхбат: біз Ибрахим ұлытынанбыз, ұлтшылдық бір үлкен рухани кесел (2023.10.24 / 1445-хижри 09-Рабиул Ахир)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Индонезия, Жакарта)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бисмиллахир рахманир рахим, «قُلْ إِنَّ صَلَاتِى وَنُسُكِى وَمَحْيَاىَ وَمَمَاتِى لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ لَا شَرِيكَ لَهُۥ ۖ وَبِذَٰلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا۠ أَوَّلُ ٱلْمُسْلِمِينَ» («менің намазым, құрбандығым, өмірім және өлімім әлемның Раббысы болған Алла үшін, Оның серігі жоқ, мен осыған әмір етілгем, және мен мұсылмандардың ең алғашқысымын» деп айт) (құран 06:162-163), садақалла-хул ғазим, Алла Жәллә Жәләлуху құранда біздің не істеуміз керектігі хақында айтып кетті, онда «құлшылғым, намазым, өмірім, өлімім барлығы Алла Әззә уә-Жәллә үшін, тек бір Тәңір бар, Оның серігі жоқ» делінген, міне бұл әмір бізге құран әзиму-шәнда айтылған, Сәйдина Ибрахим әлейхис-салам осыны айтуда, Ибрахим әлейхис-салам «бәни адамның яғни адам баласының екінші әкесі» делінеді.

Біз « َمِلَّةَ إِبْرَاهِي» (миллати ибрахим) (Ибрахимның жолы) (құран 04:125), демек біз барлығымыз миллати Ибрахим, үммәти Мұхаммадпыз, ертедегі халифалар дәуірінде, бірақ бертінгі жүз жылдан бері бұл халифат жоқ болды, ал одан бұрын пайғамбарымыздың халифаты болған Османлы кезінде «миллати ибрахимсың» деп үйрететін еді, ол кезде «сен кімсің?» деп сұралынса, «мен миллати ибрахим, үммәти Мұхаммад саллал-лаху әлейхис-салам» деп айтуды үйрететін, міне бұл адамдарға бірлікті дәріптеп, мұсылмандармен мүминдерді бірлікке келтіреді, оларды ынтымақтастыра түседі, бұл мұсылмандармен исламдағыларды бірлестіретін бірлік ұраны болмақ, сіздер барлығыңыз бірлесіп бір болған кезде, сіздерге күш бітеді де, басқалар сіздерге ештеңе істей алмайтын болады.

Осындай бірлікті бұзу үшін, қазіргілер ел-жұртқа ұлтшылдықты үйретіп жатыр, олардың әрбірі «мен мына ұлтпын, менің ұлтым мынау» дер, олар (бұзықтар) осылай адамдарды бөліп тастады әрі олар осы ұлтшылдықты қолдана отырып, ислам халифатын аударды, міне осылай халифа жоқ болды, кезіндегі Османлының 40 қаласы қазір 40 мемлекет болып кетті, әрбірі өзімен болды, олар бұны барлық жерде жалпыластырды, демек олар бөле берді, тағы да бөле берді, осылайша мұсылмандарда, исламда ешбір күш қалмады, халифалық кезде мұсылман билеушілері әділетті болып, барлық ел-жұртына жақсы қараған, олар мейлі мұсылман болсын немесе мұсылман емес болсын, әйтеу сол елде өмір сүреді екен, олардың барлық ұқығы беріліп, оларға ешкім зұлымдық еткен жоқ.

Қарап тұрсаңыз, жүз жылдан бері осы мемлекеттер ұдайы тынбастан соғысып келеді, оларда бір тыныштық жоқ, әділдік жоқ, мейірім, бақыт, қуаныш та жоқ, тек қана мәселелер, қиындықтар және бәле-қалалар оларды шыр айналуда, оларды соғыспен адамдарға зұлымдық қылудай істер орап алған, себебі Алла Жәллә Жәләлуху (ұлтшылдықтары себепті) оларды жазалауда, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам ұлтшылдықты (национализм) харам етіп шектеген, бірақ қазір біз оны әр жерде, әсіресе мұсылман елдерінде көп көріп жүрміз, әрине ұлтшылдық кеселі басқа елдерде де көп, бірақ ол басқа елдер мұсылман емес жұрттар, біз оларға міндетті емеспіз, себебі кәпір болудан асқан үлкен күнә жоқ, бірақ айтпақшымыз сол, мұсылмандарымыз нәсілшілдік (ұлтшылдық) жолын әлі де жалғастыруда, олар оны «ұлтшылдық» деп атайды, олар «мен мына ұлтпын, мен ана ұлтпын, мен сенен жақсымын, сендер біздің ұлттан емессңдер, сендерге риза емеспіз, сендерді ұнатпаймыз» дер, бұл барлық жерде бар.

Олар осылай халифа елдігін 40 мемлекетке бөліп тастады, бірақ олар бөлек мемлекет болған күнде де, олардың ішінде жүздеген ұлттар бар әрі олар бір-біріне разы емес, ұдайы бір-бірімен қақтығысып, соғысып тұрады, олар осылай бөлінген, ештеңені қабыл етпес, міне бұл біздің қазіргі жағдайымыз, ал ақиқатында сіздің қайсы ұлттан немесе қайсы жерден болғандығыңыздан ешбір пайда жоқ, сіз тек бұл өмірде біраз уақыт өмір сүресіз де, сонан соң аттанып кете барасыз, сол кезде сіздің ұлтыңыз сізбен бірге кетпейді, ол сізбен бірге болмайды, демек сіз өзіңізді қайсы ұлттан болғандығыңызбен құтқара алмайсыз.

Сіз мына дүниені тастап кетерде яғни өлгенде топыраққа айналасыз, ендеше сіз кеткен кезде ақ-құба адам едіңіз, сонда топырағыңыз алтын болып кетеме? ал қара болсаңыз, топырағыңыз темір болып қалмақ па? жоқ, барлығымыз ұқсас боламыз, онда ешбір ұқсамастық жоқ, барлығы топыраққа айналады, барлығы ұқсас болып, олардың еш құны қалмайды, ешкім ешкімнен қадірлі емес, тек топырақ қана болар, мейлі ақ, сары, қара, қоңыр, құба, биік, аласа болыңыз, мейлі жуан бұлшық етті балуан болыңыз, мейлі үлкен ашқазаныңыз бар болсын, бұлардың барлығы сіздің өліміңізден соң жоқ болып, шаруасы бітпек! көптеген адамдар ақша, ұқық, күш, жер немесе басқа нәрселері бар болса өздерін бірдеңе ойлап қалады, өздерін басқалардан жоғары санайды, міне бұл ақылы жоқ адамдардың ойлау жүйесі, біз қазір соншама көп іс-уақиғалар туылып жатқан заманда өмір сүріп жатырмыз, бұл дүниеде «мен ең керемет жанмын» деген адамдар дарға асылдырылып өлтірілуде, ең сұлу жандар ең ұсқынсыз жандарға айналуда, «мен ең ақылдымын, ең зерекпін, ең білімдімін» деп айғайлап жатқандарға да соңында тықыр таяп, шипасы бітуде, ешкім қалмады.

Кәпірлер немесе бей-мұсылмандар өздерінің бұл дүниеде не істеп жүргендігі жәйлі ойлана келе, «біздің осы дүниедегі мақсатымыз не? біз бұнда жүрміз ғой» деп көп сұрайды, әрине олардың басым сандысы кәпір болып келеді де, не айтсаңыз да, қабыл етпейді, олар қатты құлшынады, ал ештеңе таба алмаса, олар өмір бойы көңілсіз жүрер, олар бастан ақыр басы айналып, «не болмақшы? қалай болмақ? маған не болмақ? өміріме ше?» деп ойланар, себебі олар тек осы өмірге ғана сенеді, ал келер өмірге сенбейді, сондықтан олар осы өмірдің өзінде-ақ қатты алаңмен мазасыздыққа беріліп, тым көңілсіз жүреді, еш қуана алмайды, өмірі бақытты бола алмайды, ал айтылған кеңесті қабыл етпейді, олар тым өркөкірек келер әрі өздерін «дүниедегі ең ақылды адамдармыз» деп ойлайды да, ешбір ақыл-кеңесті қабылдамайды, олар өздеріне айтылған «ақиқатты табу үшін иман келтіруші болыңдар» деген сөзді қабыл етпей қояды.

Сондықтан, әлхамдулилла, біз мүминдерміз, миллати Сәйдина Ибрахим әлейхис-саламнанбыз, біз осы аятта айтылғанға ереміз, онда «менің намазым, құлшылығым, өмірім және өлімім барлығы, демек мендегі барлығы еш серігі болмаған Алла Әззә уә-Жәллә үшін» делінер, міне бұл біз үшін әмір-дүр, әлхамдулилла, міне бұл бізге Алла Жәллә Жәләлухудан берілген аса зор нығымет, біз бұл дүниеде неге жүргенімізді, болашақта не болатындығын, қайдан келіп, қайда баратындығымызды білеміз, біз бұлардың барлығын білеміз, Алла Жәллә Жәләлуху бізге бұларды білдірген, Ол бұларды Өзінің қасиетті кітабі құран әзиму-шәнда айтып кеткен.

Ең сорақы іс жәхилият яғни надандық болмақ, ал «надандық» дегеніміз не? оның мағанасы ештеңені білмеушілік-дүр, әлхамдулилла, біз білеміз, біз жәхлидардан емеспіз, жәхилдер (надандар) дегеніміз кәпірлер, себебі олар ештеңе білмейді әрі білгісі де келмейді, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам жәхиләиятпен яғни надандықпен күресті, ол оған қарсы болды, ол білімді таратқысы келер, демек ол нағыз білімді бүкіл адам баласына таратпақшы болды, ол алтынға я ақшаға немесе басқа дүниеге жетпекші болып, күреске шыққан жоқ, оған бұлар керек емес, тіпті оның алтыны я ақшасы болмаса да, бұлар оған еш қажет емес, кәпірлер оған «не қаласаң соны ал, қалағаныңша ал, тек бізге дініңді үйретпеші» деген еді.

Демек олар «не қылсаң, соны қыл, бірақ бізді надандықтан (жәхилияттан) алып кетпеші, алтыннан не қаласаң, соны берелік, таудай алтын берелік, тек бізді надандығымызда қалдыршы» деп өтінді, ал пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға Алла Жәллә Жәләлухудан адамдарға біліммен нұр беру әмір етілген еді, әрине ол адамдар ұсынған нәрселерді қабыл етпеді, міне бұл жәхилиятпен білімнің, демек нұрдың парқы болмақ, адамдар болса тек дүниелік нәрселерді яғни еш құны жоқ нәрселерді іздер, бүкіл алтын-күмістер, жақұттар және сіздердің бұнда «асыл» деп ойлаған нәрселеріңіздің барлығы келе жатқан ақирет өмірі үшін ешбір татырлығы жоқ-дүр, олардың мүлдем құны жоқ. Осы білмдермен қараңғылық ашылды, ол кез бүкіл дүние тым қараңғы (надан) еді, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам адамзат ең қараңғы дәуірде келді, ол кезде жер бетінде ешбір жерде білім де, әділдік те қалмаған болатұғын.

Барлық адам баласы қараңғылықта болды, ал мәдениетпен өркениет исламның нұрымен, исламмен келді, ол баршамызға бізбен мәңгілік бірге қалатын ерекше асыл нәрселерді берді, біз әліміз келгенше пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға және оның әмірлеріне ерсек болғаны, осы асылдардан үлес ала алатын боламыз, иншалла, сондықтан біз ең алдымен мұсылман болуымыз керек, біз бір-бірімізге жәрдем берелік, бірақ өзара бөлінбелік, Алла Жәллә Жәләлуху әрбір адамға өзндік ерекшелік береді, ал біз бұған разы болып, өзгелердің барына да, өзіміздің барымызға да қуаналық, өзара көмектеселік, сонда бізге Алла Жәллә Жәләлуху да, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам да риза болмақ, иншалла, біз осыларды істеуге құлшынып жатырмыз, алайда бұл кезде тым аз санды адамдар ғана бір-біріне риза болар, демек бүкіл дүниежүзі бір-біріне қарсы болып, қасарысып жатыр.

Бірақ, әлхамдулилла, біз үмітсіз емеспіз, себебі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам мұсылмандар үшін жақсы шүйіншілі хабар айтып кеткен, ол болашақта не болатындығын бізге айтқан, оның айтқан шүйіншісі сол, ол «ақырзаманда адамдар үмітсіздікке түсіп кетеді, бүкіл жер жүзін бүлік басады, осы кезде Алла Жәллә Жәләлуху бір ерекше абзалын жіберіп, адамзатты құтқарып, бүкіл дүниежүзін біріктіреді» дейді, ол пайғамбарымыздың ұрпағы болып келетін Имам Мәхди әлейхис-салам еді, ол келеді, иншалла, ол кезде жер жүзінде ешқандай мәселе болмайды, барлығы шешіледі, бүкіл кесірдің барлығы опат болады, ал бұл істер жәй адам арқылы іске аспайды, Имам Мәхди әлейхис-салам өмірге бей-нормал болған аса ғажап мұғжиза-кереметтермен келеді, сондықтан ол барлық былықтарды, мәселелерді, зұлымдықтарды, жаман адамдарды лезде жойып жібереді, осындай қым-қуат істер көптеп туылғанда, жүрегінде иманы бар барлық мұсылмандар оны естиді әрі онымен бірге болмақ.

Мәуләнә Шайық Назым хазірет «әрбір дұғаларыңда Алла Жәллә Жәләлухудың Мәхди әлейхис-саламды тезірек жіберуіне дұға жасаңдар» деп айтқан еді, иншалла, біз Мәхди әлейхис-саламмен бірге боламыз, қазіргі шарт-жағдайлар оның келер уақытына тым ұқсап тұрғандай, бірақ Аллаху ғалам, Алла Жәллә Жәләлуху өзі біледі, біз Алла Жәллә Жәләлухудың нені қалап тұрғанын және Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-саламның қашан, қай жерде шығатынын білмейміз, бірақ біз онымен бірге болуды үміт етеміз, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




سۇحبات: ءبىز يبراحيم ۇلىتىنانبىز، ۇلتشىلدىق ءبىر ۇلكەن رۋحاني كەسەل (2023.10.24 / 1445-حيجري 09-رابيۋل احير)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (يندونەزيا، جاكارتا)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بيسميللاحير راحمانير راحيم، «قُلْ إِنَّ صَلَاتِى وَنُسُكِى وَمَحْيَاىَ وَمَمَاتِى لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ لَا شَرِيكَ لَهُۥ ۖ وَبِذَٰلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا۠ أَوَّلُ ٱلْمُسْلِمِينَ» («مەنىڭ نامازىم، قۇرباندىعىم، ءومىرىم جانە ءولىمىم الەمنىڭ راببىسى بولعان اللا ءۇشىن، ونىڭ سەرىگى جوق، مەن وسىعان ءامىر ەتىلگەم، جانە مەن مۇسىلمانداردىڭ ەڭ العاشقىسىمىن» دەپ ايت) (قۇران 06:162-163)، ساداقاللا-حۋل عازيم، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ قۇراندا ءبىزدىڭ نە ىستەۋمىز كەرەكتىگى حاقىندا ايتىپ كەتتى، وندا «قۇلشىلعىم، نامازىم، ءومىرىم، ءولىمىم بارلىعى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن، تەك ءبىر ءتاڭىر بار، ونىڭ سەرىگى جوق» دەلىنگەن، مىنە بۇل ءامىر بىزگە قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ايتىلعان، ءسايدينا يبراحيم الەيحيس-سالام وسىنى ايتۋدا، يبراحيم الەيحيس-سالام «ءباني ادامنىڭ ياعني ادام بالاسىنىڭ ەكىنشى اكەسى» دەلىنەدى.

ءبىز « َمِلَّةَ إِبْرَاهِي» (ميللاتي يبراحيم) (يبراحيمنىڭ جولى) (قۇران 04:125)، دەمەك ءبىز بارلىعىمىز ميللاتي يبراحيم، ءۇمماتي مۇحاممادپىز، ەرتەدەگى حاليفالار داۋىرىندە، ءبىراق بەرتىنگى ءجۇز جىلدان بەرى بۇل حاليفات جوق بولدى، ال ودان بۇرىن پايعامبارىمىزدىڭ حاليفاتى بولعان وسمانلى كەزىندە «ميللاتي يبراحيمسىڭ» دەپ ۇيرەتەتىن ەدى، ول كەزدە «سەن كىمسىڭ؟» دەپ سۇرالىنسا، «مەن ميللاتي يبراحيم، ءۇمماتي مۇحامماد ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام» دەپ ايتۋدى ۇيرەتەتىن، مىنە بۇل ادامدارعا بىرلىكتى دارىپتەپ، مۇسىلماندارمەن مۇميندەردى بىرلىككە كەلتىرەدى، ولاردى ىنتىماقتاستىرا تۇسەدى، بۇل مۇسىلماندارمەن يسلامداعىلاردى بىرلەستىرەتىن بىرلىك ۇرانى بولماق، سىزدەر بارلىعىڭىز بىرلەسىپ ءبىر بولعان كەزدە، سىزدەرگە كۇش بىتەدى دە، باسقالار سىزدەرگە ەشتەڭە ىستەي المايتىن بولادى.

وسىنداي بىرلىكتى بۇزۋ ءۇشىن، قازىرگىلەر ەل-جۇرتقا ۇلتشىلدىقتى ۇيرەتىپ جاتىر، ولاردىڭ ءاربىرى «مەن مىنا ۇلتپىن، مەنىڭ ۇلتىم مىناۋ» دەر، ولار (بۇزىقتار) وسىلاي ادامداردى ءبولىپ تاستادى ءارى ولار وسى ۇلتشىلدىقتى قولدانا وتىرىپ، يسلام حاليفاتىن اۋداردى، مىنە وسىلاي حاليفا جوق بولدى، كەزىندەگى وسمانلىنىڭ 40 قالاسى ءقازىر 40 مەملەكەت بولىپ كەتتى، ءاربىرى وزىمەن بولدى، ولار بۇنى بارلىق جەردە جالپىلاستىردى، دەمەك ولار بولە بەردى، تاعى دا بولە بەردى، وسىلايشا مۇسىلمانداردا، يسلامدا ەشبىر كۇش قالمادى، حاليفالىق كەزدە مۇسىلمان بيلەۋشىلەرى ادىلەتتى بولىپ، بارلىق ەل-جۇرتىنا جاقسى قاراعان، ولار مەيلى مۇسىلمان بولسىن نەمەسە مۇسىلمان ەمەس بولسىن، ايتەۋ سول ەلدە ءومىر سۇرەدى ەكەن، ولاردىڭ بارلىق ۇقىعى بەرىلىپ، ولارعا ەشكىم زۇلىمدىق ەتكەن جوق.

قاراپ تۇرساڭىز، ءجۇز جىلدان بەرى وسى مەملەكەتتەر ۇدايى تىنباستان سوعىسىپ كەلەدى، ولاردا ءبىر تىنىشتىق جوق، ادىلدىك جوق، مەيىرىم، باقىت، قۋانىش تا جوق، تەك قانا ماسەلەلەر، قيىندىقتار جانە بالە-قالالار ولاردى شىر اينالۋدا، ولاردى سوعىسپەن ادامدارعا زۇلىمدىق قىلۋداي ىستەر وراپ العان، سەبەبى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ (ۇلتشىلدىقتارى سەبەپتى) ولاردى جازالاۋدا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ۇلتشىلدىقتى (ناتسيوناليزم) حارام ەتىپ شەكتەگەن، ءبىراق ءقازىر ءبىز ونى ءار جەردە، اسىرەسە مۇسىلمان ەلدەرىندە كوپ كورىپ ءجۇرمىز، ارينە ۇلتشىلدىق كەسەلى باسقا ەلدەردە دە كوپ، ءبىراق ول باسقا ەلدەر مۇسىلمان ەمەس جۇرتتار، ءبىز ولارعا مىندەتتى ەمەسپىز، سەبەبى كاپىر بولۋدان اسقان ۇلكەن كۇنا جوق، ءبىراق ايتپاقشىمىز سول، مۇسىلماندارىمىز ناسىلشىلدىك (ۇلتشىلدىق) جولىن ءالى دە جالعاستىرۋدا، ولار ونى «ۇلتشىلدىق» دەپ اتايدى، ولار «مەن مىنا ۇلتپىن، مەن انا ۇلتپىن، مەن سەنەن جاقسىمىن، سەندەر ءبىزدىڭ ۇلتتان ەمەسسڭدەر، سەندەرگە ريزا ەمەسپىز، سەندەردى ۇناتپايمىز» دەر، بۇل بارلىق جەردە بار.

ولار وسىلاي حاليفا ەلدىگىن 40 مەملەكەتكە ءبولىپ تاستادى، ءبىراق ولار بولەك مەملەكەت بولعان كۇندە دە، ولاردىڭ ىشىندە جۇزدەگەن ۇلتتار بار ءارى ولار ءبىر-بىرىنە رازى ەمەس، ۇدايى ءبىر-بىرىمەن قاقتىعىسىپ، سوعىسىپ تۇرادى، ولار وسىلاي بولىنگەن، ەشتەڭەنى قابىل ەتپەس، مىنە بۇل ءبىزدىڭ قازىرگى جاعدايىمىز، ال اقيقاتىندا ءسىزدىڭ قايسى ۇلتتان نەمەسە قايسى جەردەن بولعاندىعىڭىزدان ەشبىر پايدا جوق، ءسىز تەك بۇل ومىردە ءبىراز ۋاقىت ءومىر سۇرەسىز دە، سونان سوڭ اتتانىپ كەتە باراسىز، سول كەزدە ءسىزدىڭ ۇلتىڭىز سىزبەن بىرگە كەتپەيدى، ول سىزبەن بىرگە بولمايدى، دەمەك ءسىز ءوزىڭىزدى قايسى ۇلتتان بولعاندىعىڭىزبەن قۇتقارا المايسىز.

ءسىز مىنا دۇنيەنى تاستاپ كەتەردە ياعني ولگەندە توپىراققا اينالاسىز، ەندەشە ءسىز كەتكەن كەزدە اق-قۇبا ادام ەدىڭىز، سوندا توپىراعىڭىز التىن بولىپ كەتەمە؟ ال قارا بولساڭىز، توپىراعىڭىز تەمىر بولىپ قالماق پا؟ جوق، بارلىعىمىز ۇقساس بولامىز، وندا ەشبىر ۇقساماستىق جوق، بارلىعى توپىراققا اينالادى، بارلىعى ۇقساس بولىپ، ولاردىڭ ەش قۇنى قالمايدى، ەشكىم ەشكىمنەن ءقادىرلى ەمەس، تەك توپىراق قانا بولار، مەيلى اق، سارى، قارا، قوڭىر، قۇبا، بيىك، الاسا بولىڭىز، مەيلى جۋان بۇلشىق ەتتى بالۋان بولىڭىز، مەيلى ۇلكەن اشقازانىڭىز بار بولسىن، بۇلاردىڭ بارلىعى ءسىزدىڭ ولىمىڭىزدەن سوڭ جوق بولىپ، شارۋاسى بىتپەك! كوپتەگەن ادامدار اقشا، ۇقىق، كۇش، جەر نەمەسە باسقا نارسەلەرى بار بولسا وزدەرىن بىردەڭە ويلاپ قالادى، وزدەرىن باسقالاردان جوعارى سانايدى، مىنە بۇل اقىلى جوق ادامداردىڭ ويلاۋ جۇيەسى، ءبىز ءقازىر سونشاما كوپ ءىس-ۋاقيعالار تۋىلىپ جاتقان زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، بۇل دۇنيەدە «مەن ەڭ كەرەمەت جانمىن» دەگەن ادامدار دارعا اسىلدىرىلىپ ولتىرىلۋدە، ەڭ سۇلۋ جاندار ەڭ ۇسقىنسىز جاندارعا اينالۋدا، «مەن ەڭ اقىلدىمىن، ەڭ زەرەكپىن، ەڭ ءبىلىمدىمىن» دەپ ايعايلاپ جاتقاندارعا دا سوڭىندا تىقىر تاياپ، شيپاسى بىتۋدە، ەشكىم قالمادى.

كاپىرلەر نەمەسە بەي-مۇسىلماندار وزدەرىنىڭ بۇل دۇنيەدە نە ىستەپ جۇرگەندىگى ءجايلى ويلانا كەلە، «ءبىزدىڭ وسى دۇنيەدەگى ماقساتىمىز نە؟ ءبىز بۇندا ءجۇرمىز عوي» دەپ كوپ سۇرايدى، ارينە ولاردىڭ باسىم ساندىسى كاپىر بولىپ كەلەدى دە، نە ايتساڭىز دا، قابىل ەتپەيدى، ولار قاتتى قۇلشىنادى، ال ەشتەڭە تابا الماسا، ولار ءومىر بويى كوڭىلسىز جۇرەر، ولار باستان اقىر باسى اينالىپ، «نە بولماقشى؟ قالاي بولماق؟ ماعان نە بولماق؟ ومىرىمە شە؟» دەپ ويلانار، سەبەبى ولار تەك وسى ومىرگە عانا سەنەدى، ال كەلەر ومىرگە سەنبەيدى، سوندىقتان ولار وسى ءومىردىڭ وزىندە-اق قاتتى الاڭمەن مازاسىزدىققا بەرىلىپ، تىم كوڭىلسىز جۇرەدى، ەش قۋانا المايدى، ءومىرى باقىتتى بولا المايدى، ال ايتىلعان كەڭەستى قابىل ەتپەيدى، ولار تىم وركوكىرەك كەلەر ءارى وزدەرىن «دۇنيەدەگى ەڭ اقىلدى ادامدارمىز» دەپ ويلايدى دا، ەشبىر اقىل-كەڭەستى قابىلدامايدى، ولار وزدەرىنە ايتىلعان «اقيقاتتى تابۋ ءۇشىن يمان كەلتىرۋشى بولىڭدار» دەگەن ءسوزدى قابىل ەتپەي قويادى.

سوندىقتان، ءالحامدۋليللا، ءبىز مۇميندەرمىز، ميللاتي ءسايدينا يبراحيم الەيحيس-سالامنانبىز، ءبىز وسى اياتتا ايتىلعانعا ەرەمىز، وندا «مەنىڭ نامازىم، قۇلشىلىعىم، ءومىرىم جانە ءولىمىم بارلىعى، دەمەك مەندەگى بارلىعى ەش سەرىگى بولماعان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن» دەلىنەر، مىنە بۇل ءبىز ءۇشىن ءامىر-ءدۇر، ءالحامدۋليللا، مىنە بۇل بىزگە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان بەرىلگەن اسا زور نىعىمەت، ءبىز بۇل دۇنيەدە نەگە جۇرگەنىمىزدى، بولاشاقتا نە بولاتىندىعىن، قايدان كەلىپ، قايدا باراتىندىعىمىزدى بىلەمىز، ءبىز بۇلاردىڭ بارلىعىن بىلەمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە بۇلاردى بىلدىرگەن، ول بۇلاردى ءوزىنىڭ قاسيەتتى كىتابى قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ايتىپ كەتكەن.

ەڭ سوراقى ءىس ءجاحيليات ياعني ناداندىق بولماق، ال «ناداندىق» دەگەنىمىز نە؟ ونىڭ ماعاناسى ەشتەڭەنى بىلمەۋشىلىك-ءدۇر، ءالحامدۋليللا، ءبىز بىلەمىز، ءبىز ءجاحليداردان ەمەسپىز، جاحيلدەر (ناداندار) دەگەنىمىز كاپىرلەر، سەبەبى ولار ەشتەڭە بىلمەيدى ءارى بىلگىسى دە كەلمەيدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام جاحيلاياتپەن ياعني ناداندىقپەن كۇرەستى، ول وعان قارسى بولدى، ول ءبىلىمدى تاراتقىسى كەلەر، دەمەك ول ناعىز ءبىلىمدى بۇكىل ادام بالاسىنا تاراتپاقشى بولدى، ول التىنعا يا اقشاعا نەمەسە باسقا دۇنيەگە جەتپەكشى بولىپ، كۇرەسكە شىققان جوق، وعان بۇلار كەرەك ەمەس، ءتىپتى ونىڭ التىنى يا اقشاسى بولماسا دا، بۇلار وعان ەش قاجەت ەمەس، كاپىرلەر وعان «نە قالاساڭ سونى ال، قالاعانىڭشا ال، تەك بىزگە ءدىنىڭدى ۇيرەتپەشى» دەگەن ەدى.

دەمەك ولار «نە قىلساڭ، سونى قىل، ءبىراق ءبىزدى ناداندىقتان (ءجاحيلياتتان) الىپ كەتپەشى، التىننان نە قالاساڭ، سونى بەرەلىك، تاۋداي التىن بەرەلىك، تەك ءبىزدى ناداندىعىمىزدا قالدىرشى» دەپ ءوتىندى، ال پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان ادامدارعا بىلىممەن نۇر بەرۋ ءامىر ەتىلگەن ەدى، ارينە ول ادامدار ۇسىنعان نارسەلەردى قابىل ەتپەدى، مىنە بۇل جاحيلياتپەن ءبىلىمنىڭ، دەمەك نۇردىڭ پارقى بولماق، ادامدار بولسا تەك دۇنيەلىك نارسەلەردى ياعني ەش قۇنى جوق نارسەلەردى ىزدەر، بۇكىل التىن-كۇمىستەر، جاقۇتتار جانە سىزدەردىڭ بۇندا «اسىل» دەپ ويلاعان نارسەلەرىڭىزدىڭ بارلىعى كەلە جاتقان اقيرەت ءومىرى ءۇشىن ەشبىر تاتىرلىعى جوق-ءدۇر، ولاردىڭ مۇلدەم قۇنى جوق. وسى بىلمدەرمەن قاراڭعىلىق اشىلدى، ول كەز بۇكىل دۇنيە تىم قاراڭعى (نادان) ەدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ادامزات ەڭ قاراڭعى داۋىردە كەلدى، ول كەزدە جەر بەتىندە ەشبىر جەردە ءبىلىم دە، ادىلدىك تە قالماعان بولاتۇعىن.

بارلىق ادام بالاسى قاراڭعىلىقتا بولدى، ال مادەنيەتپەن وركەنيەت يسلامنىڭ نۇرىمەن، يسلاممەن كەلدى، ول بارشامىزعا بىزبەن ماڭگىلىك بىرگە قالاتىن ەرەكشە اسىل نارسەلەردى بەردى، ءبىز ءالىمىز كەلگەنشە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جانە ونىڭ امىرلەرىنە ەرسەك بولعانى، وسى اسىلداردان ۇلەس الا الاتىن بولامىز، ينشاللا، سوندىقتان ءبىز ەڭ الدىمەن مۇسىلمان بولۋىمىز كەرەك، ءبىز ءبىر-بىرىمىزگە جاردەم بەرەلىك، ءبىراق ءوزارا بولىنبەلىك، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءاربىر ادامعا وزندىك ەرەكشەلىك بەرەدى، ال ءبىز بۇعان رازى بولىپ، وزگەلەردىڭ بارىنا دا، ءوزىمىزدىڭ بارىمىزعا دا قۋانالىق، ءوزارا كومەكتەسەلىك، سوندا بىزگە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ دا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام دا ريزا بولماق، ينشاللا، ءبىز وسىلاردى ىستەۋگە قۇلشىنىپ جاتىرمىز، الايدا بۇل كەزدە تىم از ساندى ادامدار عانا ءبىر-بىرىنە ريزا بولار، دەمەك بۇكىل دۇنيەجۇزى ءبىر-بىرىنە قارسى بولىپ، قاسارىسىپ جاتىر.

ءبىراق، ءالحامدۋليللا، ءبىز ءۇمىتسىز ەمەسپىز، سەبەبى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام مۇسىلماندار ءۇشىن جاقسى ءشۇيىنشىلى حابار ايتىپ كەتكەن، ول بولاشاقتا نە بولاتىندىعىن بىزگە ايتقان، ونىڭ ايتقان ءشۇيىنشىسى سول، ول «اقىرزاماندا ادامدار ۇمىتسىزدىككە ءتۇسىپ كەتەدى، بۇكىل جەر ءجۇزىن بۇلىك باسادى، وسى كەزدە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىر ەرەكشە ابزالىن جىبەرىپ، ادامزاتتى قۇتقارىپ، بۇكىل دۇنيەجۇزىن بىرىكتىرەدى» دەيدى، ول پايعامبارىمىزدىڭ ۇرپاعى بولىپ كەلەتىن يمام ءماحدي الەيحيس-سالام ەدى، ول كەلەدى، ينشاللا، ول كەزدە جەر جۇزىندە ەشقانداي ماسەلە بولمايدى، بارلىعى شەشىلەدى، بۇكىل كەسىردىڭ بارلىعى وپات بولادى، ال بۇل ىستەر ءجاي ادام ارقىلى ىسكە اسپايدى، يمام ءماحدي الەيحيس-سالام ومىرگە بەي-نورمال بولعان اسا عاجاپ مۇعجيزا-كەرەمەتتەرمەن كەلەدى، سوندىقتان ول بارلىق بىلىقتاردى، ماسەلەلەردى، زۇلىمدىقتاردى، جامان ادامداردى لەزدە جويىپ جىبەرەدى، وسىنداي قىم-قۋات ىستەر كوپتەپ تۋىلعاندا، جۇرەگىندە يمانى بار بارلىق مۇسىلماندار ونى ەستيدى ءارى ونىمەن بىرگە بولماق.

ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت «ءاربىر دۇعالارىڭدا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءماحدي الەيحيس-سالامدى تەزىرەك جىبەرۋىنە دۇعا جاساڭدار» دەپ ايتقان ەدى، ينشاللا، ءبىز ءماحدي الەيحيس-سالاممەن بىرگە بولامىز، قازىرگى شارت-جاعدايلار ونىڭ كەلەر ۋاقىتىنا تىم ۇقساپ تۇرعانداي، ءبىراق اللاحۋ عالام، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءوزى بىلەدى، ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ نەنى قالاپ تۇرعانىن جانە ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ قاشان، قاي جەردە شىعاتىنىن بىلمەيمىز، ءبىراق ءبىز ونىمەن بىرگە بولۋدى ءۇمىت ەتەمىز، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7215