You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ӘУЛИЕ ОЙЫНАН СӨЙЛЕМЕС, ОЛ "ЖОҒАРЫДАН" СОЙЛЕЙДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7213
ӘУЛИЕ ОЙЫНАН СӨЙЛЕМЕС, ОЛ "ЖОҒАРЫДАН" СОЙЛЕЙДІ

Біз сұхбат айтарда не айтуымызды алдын ала дайындамаймыз, кітап я естелікке үңіліп, майда сөздер іздеп әуреленбейміз, біз "жоғары жақтан" аламыз, олар біздің жүрекке не салса, соны айтамыз, "жоғары жақ" дегеніміз әулие пірім Мәуләнә Шайық Абдулла Дағыстани хазірет, ол сопылық тәриқат сисилиясындағы (шежіре) рухани байланыс арқылы пайғамбарымыздан сөз алып, илхаммен (шабыт) менің жүрегіме салады, біз соны айтамыз, ал пайғамбарымыз Алла тағалаға жалғасқан, сондықтан біздің сұхбат қанша айтсақта түгемес, күнді түнге, түнді күнге жалғап, айлап-жылдап айта береміз, біздің қайнар таусылмайды, өмірің жетпес, біз бейне тұрақты электр көзіне сұғылып қойылғанға ұқсаймыз, ал ғалым-ғұламалар бірдеңеге қарап сөйлер, олар батерияға сұғылып қойылғанға ұқсайды, "зарияты" бірдемде жоқ болар, олар илаһи қайнарға жалғанбаған, олар жоғарыдан емес, өздерінен сөйлейді де, тым шекті немесе қателікке толы келеді, біз олар сияқты ойымыздан сөз айтып, елді "охо!" дегізер ана-мына керемет идея, ғажап ой тапқырлап шаршамаймыз, "жоғарыдан" елдің қажетіне сай олар көтере алатындай нәрсе келеді, біз соны айтамыз, біз жүректерден алып, жүректерге де сала береміз, бізге керегі айтқан сөз-сұхбаттарға көңіл қойып, оны түсіне білулерің болмақ.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

اۋليە ويىنان سويلەمەس، ول "جوعارىدان" سويلەيدى

ءبىز سۇحبات ايتاردا نە ايتۋىمىزدى الدىن الا دايىندامايمىز، كىتاپ يا ەستەلىككە ءۇڭىلىپ، مايدا سوزدەر ىزدەپ اۋرەلەنبەيمىز، ءبىز "جوعارى جاقتان" الامىز، ولار ءبىزدىڭ جۇرەككە نە سالسا، سونى ايتامىز، "جوعارى جاق" دەگەنىمىز اۋليە ءپىرىم ءماۋلانا شايىق ابدۋللا داعىستاني حازىرەت، ول سوپىلىق ءتاريقات سيسيلياسىنداعى (شەجىرە) رۋحاني بايلانىس ارقىلى پايعامبارىمىزدان ءسوز الىپ، يلحاممەن (شابىت) مەنىڭ جۇرەگىمە سالادى، ءبىز سونى ايتامىز، ال پايعامبارىمىز اللا تاعالاعا جالعاسقان، سوندىقتان ءبىزدىڭ سۇحبات قانشا ايتساقتا تۇگەمەس، كۇندى تۇنگە، ءتۇندى كۇنگە جالعاپ، ايلاپ-جىلداپ ايتا بەرەمىز، ءبىزدىڭ قاينار تاۋسىلمايدى، ءومىرىڭ جەتپەس، ءبىز بەينە تۇراقتى ەلەكتر كوزىنە سۇعىلىپ قويىلعانعا ۇقسايمىز، ال عالىم، عۇلامالار بىردەڭەگە قاراپ سويلەر، ولار باتەرياعا سۇعىلىپ قويىلعانعا ۇقسايدى، "زارياتى" بىردەمدە جوق بولادى، ولار يلاھي قاينارعا جالعانباعان، ولار جوعارىدان ەمەس، وزدەرىنەن سويلەيدى دە، تىم شەكتى نەمەسە قاتەلىككە تولى كەلەدى، ءبىز ولار سياقتى ويىمىزدان ءسوز ايتىپ، ەلدى "وحو!" دەگىزەر انا-مىنا كەرەمەت يدەيا، عاجاپ وي تاپقىرلاپ شارشامايمىز، "جوعارىدان" ەلدىڭ قاجەتىنە ساي ولار كوتەرە الاتىنداي نارسە كەلەدى، ءبىز سونى ايتامىز، ءبىز جۇرەكتەردەن الىپ، جۇرەكتەرگە دە سالا بەرەمىز، بىزگە كەرەگى ايتقان ءسوز-سۇحباتتارعا كوڭىل قويىپ، ونى تۇسىنە بىلۋلەرىڭ بولماق.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7213