You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

адам рухының құпиясы (2023.09.30 / 1445-хижри 15-Рабиул Ауал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7181
адам рухының құпиясы (2023.09.30 / 1445-хижри 15-Рабиул Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Қасиетті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «әл-әруаху жұнудун мұжәннәдатун фама тәғәрафа минха иғталаф, уә-мә танакара минха иқталаф» дейді, саддақал расулаллах фи-ма қал ау кама қал (Алла елшісінің айтқаны хақ). Біздің жанымыз (рухымыз) әскерге ұқсайды, Алла Әззә уә-Жәллә бізді мәңгіліктен бұрынғы қалу-бәла күнінде (әлмисақ) жаратқан кезде біздің рухымыз болды, бірақ өзіміз (тәніміз) онда болмадық, демек денелік тұрғыдан біз онда болған жоқпыз, әуел баста Алла Әззә уә-Жәллә жанды (рухты яғни әруақты) жаратты, сол кезде кейбір әруақтар бірін-бірі жақсы көріп ұнатысты, өзара шығыса білді, ал олар осы дүниеге келгенде де осылай болмақ, демек осы дүниеде де кейбір адамдар бірін-бірі ұнатып жатса, кейбір адамдар бірін-бірі жек көріп жатады, кейбірі бірін-бірі сүйеді, кейбірі бірін-бірі жек көреді, олардың хәлі міне осылай.

Алла Әззә уә-Жәлләның хикіметінде осы рухтар жаратылғанда, олардың барлығынан кімнің Алла Әззә уә-Жәлләның құлы болатындығы хақында уәде (әлмисақ уәдесі) алынды, олардың әрбірі бір ауыздан Алла Әззә уә-Жәлләны таныды әрі Оны қабыл етті, бірақ олар бұл дүниеге келген соң, «біз Алла Жәллә Жәләлухуды білмейміз» деп, берген уәделерін бұзды, ал уәдесінде тұрмайтын адамдарда таныстық жылылығы болуы мүмкін емес, ондай адамдарға қызығудың керегі де жоқ, сондықтан пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның осыбір әдемі сөзінде кейбір адамдардың тағы бір топ адамдармен шығыса алмайтындығы айтылған, сонымен бірге ол өзінің не үшін онымен шығыса алмайтынын білмейді, олар «бұл жүрегімен келмеді» дер, бұның сыры сол, олар әруақтар әлемінде кездескен әрі бірін-бірі ұнатпаған немесе жек көрген, ал олар осы дүниеге тәндік хәлмен келген кезде де, бұндай жан-рухтылар бір-бірімен шығыса алмайды, өзара төзімділік ете алмайды, тіпті дұшпан болады, бұл жағдай осы дүниедегі барлық адам баласы үшін осылай болмақ, мейлі мұсылмандар немесе бей-мұсылмандар болсын, олар осындай хәлдерде жүрер.

Сондықтан, Алла Жәллә Жәләлуху бізге жақсыларды сүйгізгей, иншалла, себебі жақсыларды сүюдің өзі бір зор нығымет-дүр, бұл Алла Әззә уә-Жәлләның хикіметінен, ал біз бұл хикіметке араласа алмаймыз, ол хақында «неге олай? бұл қалай?» деп сұрау қою әдепке жатпайды, демек олай сұрау еш әдепке де, жолға да сыймайды, кейбір адамдар «барлығын сұрай беруге болады» деп ойлар, алайда кейбір нәрселер тек Алла Әззә уә-Жәлләның өзіне қатысты болып, оны Ол өзі ғана біледі, жұрт арасында «Алланың хикіметіне сұрақ жүрмес» деген сөз бар, бұл расында тамаша айтылған мәтел, біздің жағдайымыз осы, ал бұл жағдай жәйлі сұрақтар қою әдепке қайшы келеді, себебі ол адамдардың иманын әлсіретеді, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай, олар иманын жоғалтып алуы да мүмкін, иншалла, жақсылармен бірге болыңыз, жақсылар дегеніміз Алла Жәллә Жәләлухудың сүйікті құлдары, оларды қорғаңыз және олармен бірге болыңыз, оларға қарсы келмеңіз, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламмен Алла Әззә уә-Жәлләның жолында жүрген адамдар тәбиғи түрде бір-біріне жақсы мәміледе болады әрі таныс келеді, ал біз басқа барлық адамдарға да хидаят тілейміз, иншалла.

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам манағы хадисінде рухымыз жәйлі айтар, Алла Жәллә Жәләлуху денеміз жаралудан неше мыңдаған жыл бұрынғы мәлім бір шақта бүкіл рух-жанды жаратты, рухымыз тәнімізден бұрын жаратылған. Көптеген адамдар рух хақында айтып жүр, олар оның қалай екендігі, не екендігі, неге ұқсайтыныдығы жәйлі айтар, бұл тек біздің білетіндеріміз ғана, ал Алла Жәллә Жәләлуху рухтарды (әруақтарды) мүмкін елу мың жыл бұрын, тіпті одан да көп жыл бұрын жаратқан, бұл елу мың жыл біздің уақыт өлшемі әлде Алла Жәллә Жәләлухудың уақыт өлшемі, бұл хақында біз ештеңе білмейміз, анығы сол, рухтарымыз өте ұзақ уақыт бұрын жаратылып қойылған, ал Алла Әззә уә-Жәллә үшін уақыт жоқ, мекен жоқ, сонда қалай болмақ ... ол біздің уақытпен сан милиярт жылдар бұрын болуы да мүмкін, бұлар Алла Әззә уә-Жәллә үшін ештеңе де емес, Алла Жәллә Жәләлуху бірлан ұқсас-дүр, ештеңесі өзгермейді, өзгертілуі мүмкін емес.

Міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләның ұлылығынан, Ол біздің рухымызды жаратпақ болғанда, Ол оны жаратты, Ол - Жаратушы, сондықтан біз сөзімізді санасы тар адамдарға айтамыз, себебі олардың ойынша бір милиярт рух бар екен де, әрбір рух бір жерден тағы бір жерге, адамнан тышқанға, тышқаннан мысыққа, онан сыйырға, онан балыққа барып, көшіп жүруі керек екен, ал олардың бұл айтып жүргендері тым ақымақтық, олар Алла Әззә уә-Жәлләның аса ұлықтыған хабарсыз қалғандар, Ол адамдар үшін милиярттаған рухтар жаратқан, Ол әлі де басқа нәрселерді үздіксіз жаратып келеді, айтқанымыздай Ол рухтарды жаратты, рухтар сол кезде болды әрі айтып өткеніміздей рух жәйлі «рух қандай, ол не екен ...» деп сұрақ қою исламда харам етілген іс, бұлар тек Алла Жәллә Жәләлухудың өз құзіретіндегі нәрселер, біздің білетіміз сол манағы айтып өткендей, Алла Жәллә Жәләлуху рухтардан уәде алды, Ол олардан «Мен сендердің Раббың ба?» деп сұрағанда, олар «иә, Сіз біздің раббымызсыз, Жараутшы иемізсіз, Сіз Барлығысыз» дейді, алайда олар тәнге кірген кезде, тән оларды уәдесіне адал болмайтындай қылып өзгертті, міне осылай олар өз уәделерін жоққа шығарды.

Бұл мәселе емес, ал біздің тақырыбымыз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның хадисі хақында еді, ол «осы рухтар бірін-бірі көрген кезде, кейбірі өзара риза болысып қуанысты, дос болды, кейбірі бір-біріне қас болды, кейбірі кейбіріне риза болмады, кейбірі бір-бірінен тұра қашты» дейді, рухтардың яғни әруақтардың сол кездегі хәлдері осындай болған еді, олар сол жерде осындай күйлерді бастан кешті, ал олар бұл дүниеге яғни жер шарына келгенде, біздің денемізбен бірге ана құрсағынан шығады, демек осы дүниеге келген соң да, осы өмірде де адамдардың кейбірі бірін-бірі ұнатпай жатса, кейбірі өзара ұнатысып жатады, кейбірі бірге қуанысса, кейбірі бір-бірінен қашып кетеді, адамдар осындай ұқсамаған хәлдерде жүрер, ал олар адам болып, жаратылудан неше мың жылдар бұрынғы кезде де, осы рухтар бір-бірінен жатырқап қашсса, кейбірі қуанысып бірге тұрған еді, кейбірі өзара риза болысқан еді.

Міне бұл айтылғандар жердегі адам баласының басында болып жатқан істерден аздап айтылған сырлар еді, кейбір адамдар кейбір адамдарды жек көреді, міне бұл да Алла Жәллә Жәләлухудың хикіметінен, ал біздің тілерміз сол, тек жақсыларға риза болып, Алла Жәллә Жәләлуху сүйген адамдармен, Алла Жәллә Жәләлухудың сүйіктілермен бірге жүру, бірге болу болмақ, біз олармен бірге болуды үміт етеміз, себебі көптеген адамдар ондай күйге жете алмас, олар ондай бола алмас ... бірақ олар өте лас жерлерде жүрер әрі сонысына риза болар, соған тым қуанар, алайда олар жақсы жерлерге, таза жерлерге келгенде, олар бұған қуана алмайды, Мәуләнә Шайық хазірет үнемі «тышқан да лас қуыста жүргеніне риза, ол онда тұрғанына ерекше қуанулы, ол онда қуаныштан бір секіріп, екі тебінеді, сасық суда малтайды, соған мәз болар, бірақ оны таза жаққа шығарсаң, ол оған қуанбас, ол үшін таза жер мәнсіз көрінер» деп айтып отыратын (лас өмірмен лас істерге ет үйреніп қалудан сақтан), сондықтан біз әрдайым Алла Жәллә Жәләлухудың бізді жақсы адамдармен бірге етуін және соған риза болдыруын сұраймыз, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




ادام رۋحىنىڭ قۇپياسى (2023.09.30 / 1445-حيجري 15-رابيۋل اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (كيپىردە ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

قاسيەتتى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «ءال-ءارۋاحۋ جۇنۋدۋن ءمۇجانناداتۋن فاما ءتاعارافا مينحا يعتالاف، ءۋا-ءما تاناكارا مينحا يقتالاف» دەيدى، سادداقال راسۋلاللاح في-ما قال اۋ كاما قال (اللا ەلشىسىنىڭ ايتقانى حاق). ءبىزدىڭ جانىمىز (رۋحىمىز) اسكەرگە ۇقسايدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءبىزدى ماڭگىلىكتەن بۇرىنعى قالۋ-ءبالا كۇنىندە (ءالميساق) جاراتقان كەزدە ءبىزدىڭ رۋحىمىز بولدى، ءبىراق ءوزىمىز (ءتانىمىز) وندا بولمادىق، دەمەك دەنەلىك تۇرعىدان ءبىز وندا بولعان جوقپىز، اۋەل باستا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاندى (رۋحتى ياعني ءارۋاقتى) جاراتتى، سول كەزدە كەيبىر ءارۋاقتار ءبىرىن-ءبىرى جاقسى كورىپ ۇناتىستى، ءوزارا شىعىسا ءبىلدى، ال ولار وسى دۇنيەگە كەلگەندە دە وسىلاي بولماق، دەمەك وسى دۇنيەدە دە كەيبىر ادامدار ءبىرىن-ءبىرى ۇناتىپ جاتسا، كەيبىر ادامدار ءبىرىن-ءبىرى جەك كورىپ جاتادى، كەيبىرى ءبىرىن-ءبىرى سۇيەدى، كەيبىرى ءبىرىن-ءبىرى جەك كورەدى، ولاردىڭ ءحالى مىنە وسىلاي.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ حيكىمەتىندە وسى رۋحتار جاراتىلعاندا، ولاردىڭ بارلىعىنان كىمنىڭ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇلى بولاتىندىعى حاقىندا ۋادە (ءالميساق ۋادەسى) الىندى، ولاردىڭ ءاربىرى ءبىر اۋىزدان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى تانىدى ءارى ونى قابىل ەتتى، ءبىراق ولار بۇل دۇنيەگە كەلگەن سوڭ، «ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى بىلمەيمىز» دەپ، بەرگەن ۋادەلەرىن بۇزدى، ال ۋادەسىندە تۇرمايتىن ادامداردا تانىستىق جىلىلىعى بولۋى مۇمكىن ەمەس، ونداي ادامدارعا قىزىعۋدىڭ كەرەگى دە جوق، سوندىقتان پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ءوسىبىر ادەمى سوزىندە كەيبىر ادامداردىڭ تاعى ءبىر توپ ادامدارمەن شىعىسا المايتىندىعى ايتىلعان، سونىمەن بىرگە ول ءوزىنىڭ نە ءۇشىن ونىمەن شىعىسا المايتىنىن بىلمەيدى، ولار «بۇل جۇرەگىمەن كەلمەدى» دەر، بۇنىڭ سىرى سول، ولار ءارۋاقتار الەمىندە كەزدەسكەن ءارى ءبىرىن-ءبىرى ۇناتپاعان نەمەسە جەك كورگەن، ال ولار وسى دۇنيەگە تاندىك حالمەن كەلگەن كەزدە دە، بۇنداي جان-رۋحتىلار ءبىر-بىرىمەن شىعىسا المايدى، ءوزارا توزىمدىلىك ەتە المايدى، ءتىپتى دۇشپان بولادى، بۇل جاعداي وسى دۇنيەدەگى بارلىق ادام بالاسى ءۇشىن وسىلاي بولماق، مەيلى مۇسىلماندار نەمەسە بەي-مۇسىلماندار بولسىن، ولار وسىنداي حالدەردە جۇرەر.

سوندىقتان، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاقسىلاردى سۇيگىزگەي، ينشاللا، سەبەبى جاقسىلاردى ءسۇيۋدىڭ ءوزى ءبىر زور نىعىمەت-ءدۇر، بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ حيكىمەتىنەن، ال ءبىز بۇل حيكىمەتكە ارالاسا المايمىز، ول حاقىندا «نەگە ولاي؟ بۇل قالاي؟» دەپ سۇراۋ قويۋ ادەپكە جاتپايدى، دەمەك ولاي سۇراۋ ەش ادەپكە دە، جولعا دا سىيمايدى، كەيبىر ادامدار «بارلىعىن سۇراي بەرۋگە بولادى» دەپ ويلار، الايدا كەيبىر نارسەلەر تەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ وزىنە قاتىستى بولىپ، ونى ول ءوزى عانا بىلەدى، جۇرت اراسىندا «اللانىڭ حيكىمەتىنە سۇراق جۇرمەس» دەگەن ءسوز بار، بۇل راسىندا تاماشا ايتىلعان ماتەل، ءبىزدىڭ جاعدايىمىز وسى، ال بۇل جاعداي ءجايلى سۇراقتار قويۋ ادەپكە قايشى كەلەدى، سەبەبى ول ادامداردىڭ يمانىن السىرەتەدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ولار يمانىن جوعالتىپ الۋى دا مۇمكىن، ينشاللا، جاقسىلارمەن بىرگە بولىڭىز، جاقسىلار دەگەنىمىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ سۇيىكتى قۇلدارى، ولاردى قورعاڭىز جانە ولارمەن بىرگە بولىڭىز، ولارعا قارسى كەلمەڭىز، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالاممەن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىندا جۇرگەن ادامدار ءتابيعي تۇردە ءبىر-بىرىنە جاقسى مامىلەدە بولادى ءارى تانىس كەلەدى، ال ءبىز باسقا بارلىق ادامدارعا دا حيدايات تىلەيمىز، ينشاللا.

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ماناعى حاديسىندە رۋحىمىز ءجايلى ايتار، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ دەنەمىز جارالۋدان نەشە مىڭداعان جىل بۇرىنعى ءمالىم ءبىر شاقتا بۇكىل رۋح-جاندى جاراتتى، رۋحىمىز تانىمىزدەن بۇرىن جاراتىلعان. كوپتەگەن ادامدار رۋح حاقىندا ايتىپ ءجۇر، ولار ونىڭ قالاي ەكەندىگى، نە ەكەندىگى، نەگە ۇقسايتىنىدىعى ءجايلى ايتار، بۇل تەك ءبىزدىڭ بىلەتىندەرىمىز عانا، ال اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ رۋحتاردى (ءارۋاقتاردى) مۇمكىن ەلۋ مىڭ جىل بۇرىن، ءتىپتى ودان دا كوپ جىل بۇرىن جاراتقان، بۇل ەلۋ مىڭ جىل ءبىزدىڭ ۋاقىت ولشەمى الدە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ۋاقىت ولشەمى، بۇل حاقىندا ءبىز ەشتەڭە بىلمەيمىز، انىعى سول، رۋحتارىمىز وتە ۇزاق ۋاقىت بۇرىن جاراتىلىپ قويىلعان، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن ۋاقىت جوق، مەكەن جوق، سوندا قالاي بولماق ... ول ءبىزدىڭ ۋاقىتپەن سان ميليارت جىلدار بۇرىن بولۋى دا مۇمكىن، بۇلار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن ەشتەڭە دە ەمەس، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىرلان ۇقساس-ءدۇر، ەشتەڭەسى وزگەرمەيدى، وزگەرتىلۋى مۇمكىن ەمەس.

مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ۇلىلىعىنان، ول ءبىزدىڭ رۋحىمىزدى جاراتپاق بولعاندا، ول ونى جاراتتى، ول - جاراتۋشى، سوندىقتان ءبىز ءسوزىمىزدى ساناسى تار ادامدارعا ايتامىز، سەبەبى ولاردىڭ ويىنشا ءبىر ميليارت رۋح بار ەكەن دە، ءاربىر رۋح ءبىر جەردەن تاعى ءبىر جەرگە، ادامنان تىشقانعا، تىشقاننان مىسىققا، ونان سىيىرعا، ونان بالىققا بارىپ، كوشىپ ءجۇرۋى كەرەك ەكەن، ال ولاردىڭ بۇل ايتىپ جۇرگەندەرى تىم اقىماقتىق، ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ اسا ۇلىقتىعان حابارسىز قالعاندار، ول ادامدار ءۇشىن ميليارتتاعان رۋحتار جاراتقان، ول ءالى دە باسقا نارسەلەردى ۇزدىكسىز جاراتىپ كەلەدى، ايتقانىمىزداي ول رۋحتاردى جاراتتى، رۋحتار سول كەزدە بولدى ءارى ايتىپ وتكەنىمىزدەي رۋح ءجايلى «رۋح قانداي، ول نە ەكەن ...» دەپ سۇراق قويۋ يسلامدا حارام ەتىلگەن ءىس، بۇلار تەك اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءوز قۇزىرەتىندەگى نارسەلەر، ءبىزدىڭ بىلەتىمىز سول ماناعى ايتىپ وتكەندەي، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ رۋحتاردان ۋادە الدى، ول ولاردان «مەن سەندەردىڭ راببىڭ با؟» دەپ سۇراعاندا، ولار «ءيا، ءسىز ءبىزدىڭ راببىمىزسىز، جاراۋتشى يەمىزسىز، ءسىز بارلىعىسىز» دەيدى، الايدا ولار تانگە كىرگەن كەزدە، ءتان ولاردى ۋادەسىنە ادال بولمايتىنداي قىلىپ وزگەرتتى، مىنە وسىلاي ولار ءوز ۋادەلەرىن جوققا شىعاردى.

بۇل ماسەلە ەمەس، ال ءبىزدىڭ تاقىرىبىمىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ءحاديسى حاقىندا ەدى، ول «وسى رۋحتار ءبىرىن-ءبىرى كورگەن كەزدە، كەيبىرى ءوزارا ريزا بولىسىپ قۋانىستى، دوس بولدى، كەيبىرى ءبىر-بىرىنە قاس بولدى، كەيبىرى كەيبىرىنە ريزا بولمادى، كەيبىرى ءبىر-بىرىنەن تۇرا قاشتى» دەيدى، رۋحتاردىڭ ياعني ءارۋاقتاردىڭ سول كەزدەگى حالدەرى وسىنداي بولعان ەدى، ولار سول جەردە وسىنداي كۇيلەردى باستان كەشتى، ال ولار بۇل دۇنيەگە ياعني جەر شارىنا كەلگەندە، ءبىزدىڭ دەنەمىزبەن بىرگە انا قۇرساعىنان شىعادى، دەمەك وسى دۇنيەگە كەلگەن سوڭ دا، وسى ومىردە دە ادامداردىڭ كەيبىرى ءبىرىن-ءبىرى ۇناتپاي جاتسا، كەيبىرى ءوزارا ۇناتىسىپ جاتادى، كەيبىرى بىرگە قۋانىسسا، كەيبىرى ءبىر-بىرىنەن قاشىپ كەتەدى، ادامدار وسىنداي ۇقساماعان حالدەردە جۇرەر، ال ولار ادام بولىپ، جاراتىلۋدان نەشە مىڭ جىلدار بۇرىنعى كەزدە دە، وسى رۋحتار ءبىر-بىرىنەن جاتىرقاپ قاشسسا، كەيبىرى قۋانىسىپ بىرگە تۇرعان ەدى، كەيبىرى ءوزارا ريزا بولىسقان ەدى.

مىنە بۇل ايتىلعاندار جەردەگى ادام بالاسىنىڭ باسىندا بولىپ جاتقان ىستەردەن ازداپ ايتىلعان سىرلار ەدى، كەيبىر ادامدار كەيبىر ادامداردى جەك كورەدى، مىنە بۇل دا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ حيكىمەتىنەن، ال ءبىزدىڭ تىلەرمىز سول، تەك جاقسىلارعا ريزا بولىپ، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سۇيگەن ادامدارمەن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ سۇيىكتىلەرمەن بىرگە ءجۇرۋ، بىرگە بولۋ بولماق، ءبىز ولارمەن بىرگە بولۋدى ءۇمىت ەتەمىز، سەبەبى كوپتەگەن ادامدار ونداي كۇيگە جەتە الماس، ولار ونداي بولا الماس ... ءبىراق ولار وتە لاس جەرلەردە جۇرەر ءارى سونىسىنا ريزا بولار، سوعان تىم قۋانار، الايدا ولار جاقسى جەرلەرگە، تازا جەرلەرگە كەلگەندە، ولار بۇعان قۋانا المايدى، ءماۋلانا شايىق حازىرەت ۇنەمى «تىشقان دا لاس قۋىستا جۇرگەنىنە ريزا، ول وندا تۇرعانىنا ەرەكشە قۋانۋلى، ول وندا قۋانىشتان ءبىر سەكىرىپ، ەكى تەبىنەدى، ساسىق سۋدا مالتايدى، سوعان ءماز بولار، ءبىراق ونى تازا جاققا شىعارساڭ، ول وعان قۋانباس، ول ءۇشىن تازا جەر ءمانسىز كورىنەر» دەپ ايتىپ وتىراتىن (لاس ومىرمەن لاس ىستەرگە ەت ۇيرەنىپ قالۋدان ساقتان)، سوندىقتان ءبىز ءاردايىم اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءبىزدى جاقسى ادامدارمەن بىرگە ەتۋىن جانە سوعان ريزا بولدىرۋىن سۇرايمىز، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7181