You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: іздеп жүргенің алдыңда тұр (2023.09.27 / 1445-хижри 12-Рабиул Ауал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7169
Сұхбат: іздеп жүргенің алдыңда тұр (2023.09.27 / 1445-хижри 12-Рабиул Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Алла Әззә уә-Жәллә «о адам баласы, сендер қалай алданасыңдар? олар сендерді алдағаны соншалықты, сендер Алла Әззә уә-Жәлләны танымайтын болғансыңдар ма?» дейді, сізді Алла Әззә уә-Жәллә жаратты, ең әдемі бейнеде жаратты әрі ең жақсы нәрселерді берді, Ол сізді әрі ең биік мақамда әрі ең жоғары дәрежеде етті, ал берілген бұл игіліктер арқылы адамзат барлығын істей алатын қабілетке ие болды, Жаратушы Ие бүкіл барлығын сіздердің әмірлеріңіздің астында етті, бірақ солай болар тұра сіздер басқалар жағынан алдана бересіздер, өздеріңізді өздеріңіз құртып жатсыздар, міне бұл біздің барлық адамдарға айтар қысқа да нұсқа, бір лездік жақсы кеңесіміз еді.

Адамдар «өз ақылымызбен барлығына жетіп, қызық көреміз, ойын-күлкімен боламыз, ал соңында ештеңе істемей-ақ аман қаламыз» деп ойлайды, оларда Алла Әззә уә-Жәллә хақында немесе Оның құзіретіне баратындығы жәйлі ешбір білімідері жоқ, біз қазір адамзат тәрихындағы ең азғын заманда өмір сүріп жатырмыз, себебі бұрынғының адамдары бір Жаратушының барлығын білуші еді, ал қазіргі адамдардың көбі Алла Жәллә Жәләлухуды жоққа шығарады, олар «не істегің келсе, соны істеп, қызыққа бат, оралыңның барында тек ойнада күл» дейді, бірақ олар бұлай ете алмас, жағдай оған келмейді, бар адам бірдей өзін қызыққа бата алмас, ал сол қызыққа жеткендерге де бұл қызықтар аз уақыт өткен соң оларға ештеңе әкеле алмайтын болады, демек сәлден соң аталмыш қызығы оларға қызық болмай қалады, міне осылай олар тағы да басқа бірдеңені сұрай бастайды, көптеп сұрайды, оны іздейді, адамдар әлі сол ізденіс үстінде жүр, бірақ адамдардың іздеп жүрген бұл нәрсесі олардың көз алдарында тұр еді, алайда олар оны көре алмас, олар істеген жамандықтарымен кесірлері себепті өздерінің алдыларында тұрған аса үлкен нәрсені көре алмайтын болып қалған, бірақ олар онан басқасының барлығын көріп тұр, ал бұнда оларға торалғы болып тұрған бұл нәрсе олардың күпірлігі яғни Алла Жәллә Жәләлухуды жоққа шығарушылығы еді, күпірлік жақсылық емес, имандылық нағыз жақсылық-дүр.

Алла Жәллә Жәләлуху бізді жаратты, ең әдемі бейнеде жаратты, бізге ең жақсы нәрселерді берді, қол-аяқ, көз және ақыл берді, сонымен бірге Ол адам баласының бүкіл өмірінің басынан бастап, ең соңына дейін қандай болу керектігін, не істеу керектігін және қандай істерді істей алатындығының барлығын көрсетті, сондықтан басқа ештеңе керек емес, егер адамзат осы көрсетілген жолмен жүре білсе, олар ештеңені қажет етпейтін болады әрі өмірлері жақсы өтеді, ең маңыздысы, олар ақиретін ұтып алады, демек олар игілікке толы ақиретпен қауышады, әйтпесе олар бұл дүниені босқа айналып, оны серуенмен өткізіп алады да, соңында олар ештеңе бітіре алмай, құр алақан қалар, демек олар барлығынан айырылады, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай.

Алла Жәллә Жәләлуху пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның құрметі үшін Өз махаббатын жүрегімізге салғай, иншалла, мүмин үшін ең ұлы табыс дегеніміз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның махаббаты болмақ, ал пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға зор құрметімізді көрсету Алла Жәллә Жәләлухудың алдында ең қабыл етілген құлшылыққа жатады, Алла Жәллә Жәләлуху ел-жұртты адастырмағай, мұсылман әлемінде алжасып-шатасып жүргендер көп, адамдар арасында жақсы істі жаман іс, ал жаман істі жақсы іс етіп көрсетіп жүргендер де жетіп артылады, ондай адамдар молынан кездеседі, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай.

Алла Әззә уә-Жәллә құранда «يَا أَيُّهَا الْإِنْسَانُ مَا غَرَّكَ بِرَبِّكَ الْكَرِيمِ ﴿٦﴾ الَّذِي خَلَقَكَ فَسَوَّاكَ فَعَدَلَكَ ﴿٧﴾ فِي أَيِّ صُورَةٍ مَا شَاءَ رَكَّبَكَ» (құран 82:6-8), Алла Әззә уә-Жәллә «о адам баласы, кім сендерді алдады? кім сендерді Раббыңа сендірмей қойды? сендерді жаратқан Алла Әззә уә-Жәллә, Ол сендерге ең жақсы бейне берді, ең жақсы нәрселерді берді, ең жақсы жаратылыс етті, Ол сендерді жаратушы Алла Әззә уә-Жәллә-дүр, ал сендер өздеріңді жаратушыға сенбейсіңдер» дейді.

Алла Жәллә Жәләлуху, әлхамдулилла, Ол бізді ең әдемі бейнемен тұлғада жаратты, кейбір адамдар «бізде төрт аяқ болса, тіпті де тез жүгіретін едік» дейді, қазір адамдар да жүгіретін болған, олар «егер бізде үлкен құлақ болса, тіпті де жақсы еститін едік» немесе «үлкен көзіміз болса, біз ...» дейді, бірақ сіз осы нәрселерді істейтін болсаңыз, түріңіз өзгеріп, тым көрксіз, өте ұсқынсыз құбыжық сияқты болып кетесіз, кейбіреулер «қанатымыз болса» дер, ал қанат тағып алсаңыз да, оның да еш игілігі болмас ... олар өздерінше осындай бірдеңелер жасап көреді, соны қиялдар, олар - ақымақ адамдар, олар тіпті сурет сызғанда да, ондағы суретке қанат қосып қояды, демек олар «елу, алпыс не сексен кило ауырлықтағы адамды алып ұшады» деп кішкентай қанат «тағып» қойған, егер осндай ауырлықты алып ұшуға қанат керек болса, оның қанаты мына үйге де сыймайтын аса үлкен қанат болар еді, демек суретте де олардың бұл қиялдары түкке жарамай тұр, Алла Жәллә Жәләлуху бізді ең әдемі бейнеде және ең жақсы өлшеммен жаратты, Ол бізді абыройлы етті.

Бірақ адамдар сенбейді, не үшін сенбейді? себебі олар басқа адамдар жағынан алданылған, олар былай дер, «жаратушы жоқ, ондай ештеңе жоқ, біз тек осы өмірді сүреміз, онан соң дәнеңе жоқ, ал біз өлген соң, топырақ болып кетеміз» дейді, олар қазір топырақ болғысы да келмес, олар адам өлгенде, олардың денесін өртеп жіберетін болды, олар бір уыс күл болар, сосын олар «міне біттік, "шаруамыз осылай түгеді" деп ойласаң болады» дер, сізді бұл дүниеге әкелуші болған Алла Жәллә Жәләлуху сізден сіздің не болып кеткеніңізді сұрамайды, Ол сізді қайта тірілдіре салады, бұл Оған дәнеңе де емес, сол кезде де Ол сізден бұны сұрамас, бірақ сол уақытта сіз қатты өкініп, өзіңіздің біреулер жағынан оңбай алданғандығыңызды білетін боласыз, бұл орасан зор алданыш, олар сізді алдады, өміріңіздің шаруасы осылай мәңгілікке күйреді.

Алайда қазір адамдар өздерін керемет ақылды санайды, тек қана қызық қуалайды әрі «біз қазір бақыттымыз» дер, бірақ олардың бұл бақыты көпке бармас ... онан соң олар зерігіп, жабыға бастайды, тіпті оларда барлығы бар болса да, олар тағы басқа бірдеңелерді іздей бастайды, өзге нәрсені көксеп, бұл жаққа барар, ол жаққа барар, онан соң одан да жалығып, «мен зерігіп кеттім, біз әнеу жаққа барып көрелік» дер, оған барған соң тағы жалығар, міне осылай олар әйтеу белгісіз бірдеңені тынбай іздей берер, олардан не іздеп жүргені сұралса, олар «көптеген адамдар ұдайы бір ізденісте жүр, олар бірдеңе іздейді, өздеріне жақсы нәрселерді іздеп жүр» дейді, ал Алла Әззә уә-Жәллә олардың алдына оны қойып қойған еді, демек Ол олардың іздегенін олардың алдыларына қойып, «бұнда келіп, бақытты болыңдар, қане қуаныңдар» деп өзіне шақыруда, бірақ олар оны мүлдем көре алмауда яғни олардың көз алдарында асқар таудай нәрсе тұр, бірақ олар оған қарамай, басқа жаққа көз салар, олар осыбір аталмыш басқа жаққа өлімдері жетіп, қаза болғанға дейін қарар, тек өлген соң ғана олар нағыз ақиқатты көрмек.

Алла Жәллә Жәләлуху адамдардың хидаятқа келуіне жәрдем берсін, міне бұл біз адам баласынан көріп отырған нәрселеріміз, оларға хидаят керек, адамзатқа хидаят керек, олар оған мұхтаж, расында оларға хидаят керек, иман керек әрі олар жаратушы Ие Алла Әззә уә-Жәлләдан кешірім сұрауы керек, Алла Жәллә Жәләлуху бізді осы жолда етіп қойды, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолына салды, міне бұл жол Алла Жәллә Жәләлухудың сүйетін жолы, сіз осы жолға түскен кезде ғана бақытты боласыз, онда ешбір өкініш жоқ, міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләдан және пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан берілген анық кепілдік-дүр. Әлхамдулилла, Алла Жәллә Жәләлуху барлық адамдарға хидаят бергей, біз осыны сұрап жатырмыз, біз өзгелерге ренжімейміз, оларға қызғаныш етпейміз, өте көп адамдар исламға келгей, хидаятқа келгей, егер осылай болса, ол көптік етеме? жоқ, Алла Жәллә Жәләлуху ... мүмин кісі дегеніміз өзгелерге де жақсылықты қалайтын жан, ол ешқашан жамандықты қаламайды. Алла Жәллә Жәләлуху ... сондықтан адамдар үшін ең жақсы нәрсе иман-дүр, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху осы иманды баршамызға бергей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




سۇحبات: ىزدەپ جۇرگەنىڭ الدىڭدا تۇر (2023.09.27 / 1445-حيجري 12-رابيۋل اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (كيپىردە ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «و ادام بالاسى، سەندەر قالاي الداناسىڭدار؟ ولار سەندەردى الداعانى سونشالىقتى، سەندەر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى تانىمايتىن بولعانسىڭدار ما؟» دەيدى، ءسىزدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاراتتى، ەڭ ادەمى بەينەدە جاراتتى ءارى ەڭ جاقسى نارسەلەردى بەردى، ول ءسىزدى ءارى ەڭ بيىك ماقامدا ءارى ەڭ جوعارى دارەجەدە ەتتى، ال بەرىلگەن بۇل يگىلىكتەر ارقىلى ادامزات بارلىعىن ىستەي الاتىن قابىلەتكە يە بولدى، جاراتۋشى يە بۇكىل بارلىعىن سىزدەردىڭ امىرلەرىڭىزدىڭ استىندا ەتتى، ءبىراق سولاي بولار تۇرا سىزدەر باسقالار جاعىنان الدانا بەرەسىزدەر، وزدەرىڭىزدى وزدەرىڭىز قۇرتىپ جاتسىزدار، مىنە بۇل ءبىزدىڭ بارلىق ادامدارعا ايتار قىسقا دا نۇسقا، ءبىر لەزدىك جاقسى كەڭەسىمىز ەدى.

ادامدار «ءوز اقىلىمىزبەن بارلىعىنا جەتىپ، قىزىق كورەمىز، ويىن-كۇلكىمەن بولامىز، ال سوڭىندا ەشتەڭە ىستەمەي-اق امان قالامىز» دەپ ويلايدى، ولاردا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا حاقىندا نەمەسە ونىڭ قۇزىرەتىنە باراتىندىعى ءجايلى ەشبىر بىلىمىدەرى جوق، ءبىز ءقازىر ادامزات ءتاريحىنداعى ەڭ ازعىن زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، سەبەبى بۇرىنعىنىڭ ادامدارى ءبىر جاراتۋشىنىڭ بارلىعىن ءبىلۋشى ەدى، ال قازىرگى ادامداردىڭ كوبى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى جوققا شىعارادى، ولار «نە ىستەگىڭ كەلسە، سونى ىستەپ، قىزىققا بات، ورالىڭنىڭ بارىندا تەك وينادا كۇل» دەيدى، ءبىراق ولار بۇلاي ەتە الماس، جاعداي وعان كەلمەيدى، بار ادام بىردەي ءوزىن قىزىققا باتا الماس، ال سول قىزىققا جەتكەندەرگە دە بۇل قىزىقتار از ۋاقىت وتكەن سوڭ ولارعا ەشتەڭە اكەلە المايتىن بولادى، دەمەك سالدەن سوڭ اتالمىش قىزىعى ولارعا قىزىق بولماي قالادى، مىنە وسىلاي ولار تاعى دا باسقا بىردەڭەنى سۇراي باستايدى، كوپتەپ سۇرايدى، ونى ىزدەيدى، ادامدار ءالى سول ىزدەنىس ۇستىندە ءجۇر، ءبىراق ادامداردىڭ ىزدەپ جۇرگەن بۇل نارسەسى ولاردىڭ كوز الدارىندا تۇر ەدى، الايدا ولار ونى كورە الماس، ولار ىستەگەن جاماندىقتارىمەن كەسىرلەرى سەبەپتى وزدەرىنىڭ الدىلارىندا تۇرعان اسا ۇلكەن نارسەنى كورە المايتىن بولىپ قالعان، ءبىراق ولار ونان باسقاسىنىڭ بارلىعىن كورىپ تۇر، ال بۇندا ولارعا تورالعى بولىپ تۇرعان بۇل نارسە ولاردىڭ كۇپىرلىگى ياعني اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى جوققا شىعارۋشىلىعى ەدى، كۇپىرلىك جاقسىلىق ەمەس، يماندىلىق ناعىز جاقسىلىق-ءدۇر.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى جاراتتى، ەڭ ادەمى بەينەدە جاراتتى، بىزگە ەڭ جاقسى نارسەلەردى بەردى، قول-اياق، كوز جانە اقىل بەردى، سونىمەن بىرگە ول ادام بالاسىنىڭ بۇكىل ءومىرىنىڭ باسىنان باستاپ، ەڭ سوڭىنا دەيىن قانداي بولۋ كەرەكتىگىن، نە ىستەۋ كەرەكتىگىن جانە قانداي ىستەردى ىستەي الاتىندىعىنىڭ بارلىعىن كورسەتتى، سوندىقتان باسقا ەشتەڭە كەرەك ەمەس، ەگەر ادامزات وسى كورسەتىلگەن جولمەن جۇرە بىلسە، ولار ەشتەڭەنى قاجەت ەتپەيتىن بولادى ءارى ومىرلەرى جاقسى وتەدى، ەڭ ماڭىزدىسى، ولار اقيرەتىن ۇتىپ الادى، دەمەك ولار يگىلىككە تولى اقيرەتپەن قاۋىشادى، ايتپەسە ولار بۇل دۇنيەنى بوسقا اينالىپ، ونى سەرۋەنمەن وتكىزىپ الادى دا، سوڭىندا ولار ەشتەڭە بىتىرە الماي، قۇر الاقان قالار، دەمەك ولار بارلىعىنان ايىرىلادى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ءوز ماحابباتىن جۇرەگىمىزگە سالعاي، ينشاللا، ءمۇمين ءۇشىن ەڭ ۇلى تابىس دەگەنىمىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ماحابباتى بولماق، ال پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا زور قۇرمەتىمىزدى كورسەتۋ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ الدىندا ەڭ قابىل ەتىلگەن قۇلشىلىققا جاتادى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ەل-جۇرتتى اداستىرماعاي، مۇسىلمان الەمىندە الجاسىپ-شاتاسىپ جۇرگەندەر كوپ، ادامدار اراسىندا جاقسى ءىستى جامان ءىس، ال جامان ءىستى جاقسى ءىس ەتىپ كورسەتىپ جۇرگەندەر دە جەتىپ ارتىلادى، ونداي ادامدار مولىنان كەزدەسەدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇراندا «يَا أَيُّهَا الْإِنْسَانُ مَا غَرَّكَ بِرَبِّكَ الْكَرِيمِ ﴿٦﴾ الَّذِي خَلَقَكَ فَسَوَّاكَ فَعَدَلَكَ ﴿٧﴾ فِي أَيِّ صُورَةٍ مَا ءشَاَ رَكَّبَكَ» (قۇران 82:6-8)، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «و ادام بالاسى، كىم سەندەردى الدادى؟ كىم سەندەردى راببىڭا سەندىرمەي قويدى؟ سەندەردى جاراتقان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، ول سەندەرگە ەڭ جاقسى بەينە بەردى، ەڭ جاقسى نارسەلەردى بەردى، ەڭ جاقسى جاراتىلىس ەتتى، ول سەندەردى جاراتۋشى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا-ءدۇر، ال سەندەر وزدەرىڭدى جاراتۋشىعا سەنبەيسىڭدەر» دەيدى.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ، ءالحامدۋليللا، ول ءبىزدى ەڭ ادەمى بەينەمەن تۇلعادا جاراتتى، كەيبىر ادامدار «بىزدە ءتورت اياق بولسا، ءتىپتى دە تەز جۇگىرەتىن ەدىك» دەيدى، ءقازىر ادامدار دا جۇگىرەتىن بولعان، ولار «ەگەر بىزدە ۇلكەن قۇلاق بولسا، ءتىپتى دە جاقسى ەستيتىن ەدىك» نەمەسە «ۇلكەن كوزىمىز بولسا، ءبىز ...» دەيدى، ءبىراق ءسىز وسى نارسەلەردى ىستەيتىن بولساڭىز، ءتۇرىڭىز وزگەرىپ، تىم كوركسىز، وتە ۇسقىنسىز قۇبىجىق سياقتى بولىپ كەتەسىز، كەيبىرەۋلەر «قاناتىمىز بولسا» دەر، ال قانات تاعىپ الساڭىز دا، ونىڭ دا ەش يگىلىگى بولماس ... ولار وزدەرىنشە وسىنداي بىردەڭەلەر جاساپ كورەدى، سونى قيالدار، ولار - اقىماق ادامدار، ولار ءتىپتى سۋرەت سىزعاندا دا، ونداعى سۋرەتكە قانات قوسىپ قويادى، دەمەك ولار «ەلۋ، الپىس نە سەكسەن كيلو اۋىرلىقتاعى ادامدى الىپ ۇشادى» دەپ كىشكەنتاي قانات «تاعىپ» قويعان، ەگەر وسنداي اۋىرلىقتى الىپ ۇشۋعا قانات كەرەك بولسا، ونىڭ قاناتى مىنا ۇيگە دە سىيمايتىن اسا ۇلكەن قانات بولار ەدى، دەمەك سۋرەتتە دە ولاردىڭ بۇل قيالدارى تۇككە جاراماي تۇر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ەڭ ادەمى بەينەدە جانە ەڭ جاقسى ولشەممەن جاراتتى، ول ءبىزدى ابىرويلى ەتتى.

ءبىراق ادامدار سەنبەيدى، نە ءۇشىن سەنبەيدى؟ سەبەبى ولار باسقا ادامدار جاعىنان الدانىلعان، ولار بىلاي دەر، «جاراتۋشى جوق، ونداي ەشتەڭە جوق، ءبىز تەك وسى ءومىردى سۇرەمىز، ونان سوڭ دانەڭە جوق، ال ءبىز ولگەن سوڭ، توپىراق بولىپ كەتەمىز» دەيدى، ولار ءقازىر توپىراق بولعىسى دا كەلمەس، ولار ادام ولگەندە، ولاردىڭ دەنەسىن ورتەپ جىبەرەتىن بولدى، ولار ءبىر ۋىس كۇل بولار، سوسىن ولار «مىنە بىتتىك، "شارۋامىز وسىلاي تۇگەدى" دەپ ويلاساڭ بولادى» دەر، ءسىزدى بۇل دۇنيەگە اكەلۋشى بولعان اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزدەن ءسىزدىڭ نە بولىپ كەتكەنىڭىزدى سۇرامايدى، ول ءسىزدى قايتا تىرىلدىرە سالادى، بۇل وعان دانەڭە دە ەمەس، سول كەزدە دە ول سىزدەن بۇنى سۇراماس، ءبىراق سول ۋاقىتتا ءسىز قاتتى وكىنىپ، ءوزىڭىزدىڭ بىرەۋلەر جاعىنان وڭباي الدانعاندىعىڭىزدى بىلەتىن بولاسىز، بۇل وراسان زور الدانىش، ولار ءسىزدى الدادى، ءومىرىڭىزدىڭ شارۋاسى وسىلاي ماڭگىلىككە كۇيرەدى.

الايدا ءقازىر ادامدار وزدەرىن كەرەمەت اقىلدى سانايدى، تەك قانا قىزىق قۋالايدى ءارى «ءبىز ءقازىر باقىتتىمىز» دەر، ءبىراق ولاردىڭ بۇل باقىتى كوپكە بارماس ... ونان سوڭ ولار زەرىگىپ، جابىعا باستايدى، ءتىپتى ولاردا بارلىعى بار بولسا دا، ولار تاعى باسقا بىردەڭەلەردى ىزدەي باستايدى، وزگە نارسەنى كوكسەپ، بۇل جاققا بارار، ول جاققا بارار، ونان سوڭ ودان دا جالىعىپ، «مەن زەرىگىپ كەتتىم، ءبىز انەۋ جاققا بارىپ كورەلىك» دەر، وعان بارعان سوڭ تاعى جالىعار، مىنە وسىلاي ولار ايتەۋ بەلگىسىز بىردەڭەنى تىنباي ىزدەي بەرەر، ولاردان نە ىزدەپ جۇرگەنى سۇرالسا، ولار «كوپتەگەن ادامدار ۇدايى ءبىر ىزدەنىستە ءجۇر، ولار بىردەڭە ىزدەيدى، وزدەرىنە جاقسى نارسەلەردى ىزدەپ ءجۇر» دەيدى، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردىڭ الدىنا ونى قويىپ قويعان ەدى، دەمەك ول ولاردىڭ ىزدەگەنىن ولاردىڭ الدىلارىنا قويىپ، «بۇندا كەلىپ، باقىتتى بولىڭدار، قانە قۋانىڭدار» دەپ وزىنە شاقىرۋدا، ءبىراق ولار ونى مۇلدەم كورە الماۋدا ياعني ولاردىڭ كوز الدارىندا اسقار تاۋداي نارسە تۇر، ءبىراق ولار وعان قاراماي، باسقا جاققا كوز سالار، ولار ءوسىبىر اتالمىش باسقا جاققا ولىمدەرى جەتىپ، قازا بولعانعا دەيىن قارار، تەك ولگەن سوڭ عانا ولار ناعىز اقيقاتتى كورمەك.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ادامداردىڭ حيداياتقا كەلۋىنە جاردەم بەرسىن، مىنە بۇل ءبىز ادام بالاسىنان كورىپ وتىرعان نارسەلەرىمىز، ولارعا حيدايات كەرەك، ادامزاتقا حيدايات كەرەك، ولار وعان مۇحتاج، راسىندا ولارعا حيدايات كەرەك، يمان كەرەك ءارى ولار جاراتۋشى يە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەشىرىم سۇراۋى كەرەك، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى وسى جولدا ەتىپ قويدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىنا سالدى، مىنە بۇل جول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ سۇيەتىن جولى، ءسىز وسى جولعا تۇسكەن كەزدە عانا باقىتتى بولاسىز، وندا ەشبىر وكىنىش جوق، مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان جانە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان بەرىلگەن انىق كەپىلدىك-ءدۇر. ءالحامدۋليللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بارلىق ادامدارعا حيدايات بەرگەي، ءبىز وسىنى سۇراپ جاتىرمىز، ءبىز وزگەلەرگە رەنجىمەيمىز، ولارعا قىزعانىش ەتپەيمىز، وتە كوپ ادامدار يسلامعا كەلگەي، حيداياتقا كەلگەي، ەگەر وسىلاي بولسا، ول كوپتىك ەتەمە؟ جوق، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ... ءمۇمين كىسى دەگەنىمىز وزگەلەرگە دە جاقسىلىقتى قالايتىن جان، ول ەشقاشان جاماندىقتى قالامايدى. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ... سوندىقتان ادامدار ءۇشىن ەڭ جاقسى نارسە يمان-ءدۇر، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وسى يماندى بارشامىزعا بەرگەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7169