You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: нағыз бақытқа кәміл пірге ерсең ғана жетесің (2023.09.23 / 1445-хижри 08-Рабиул Ауал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7164
Сұхбат: нағыз бақытқа кәміл пірге ерсең ғана жетесің (2023.09.23 / 1445-хижри 08-Рабиул Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Кипірде айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Егер адамдар «мына дүниедегі бақыт не?» деп сұраса, оған «бақыт деген тыныштық» дер едік, тыныштықтағы адам бақытты, ол қайда болса да қуанып шадыман жүрер, бірақ бұл тыныштық тек пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолындағы нағыз тақуа адамдармен, әулиелермен бірге болғандарда болар, біз айтып отырған бұндай тыныштықпен береке Алла Жәллә Жәләлухудың жолында болғандарға берілмек, жүрегінде Алла Жәллә Жәләлухуға, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға, сахабаларға, ахлул бәйіттерге (пайғамбар әулеті) және машайықтарға махаббаты бар жандардың барлығы осы жолда-дүр, кімде-кім осы жолда бола алса, ол тыныш өмірмен нұрлы ақиретке жетеді, әйтпесе олардың ақиретінің нұрлы болуы мүмкін емес.

«Мен өзім-ақ істей аламын, жолды өзім табамын» дейтін адамдар ешқашан жол таба алмас, бұл мүмкін емес, бірақ адамға жол көрсетер мүршит пір бар жерде, олар адаспас, бұндағы «пір» деп отырғанымыз адамдардың алдында жүріп жол бастап, оларды есендікке жеткізетін мүршит яғни ұстаз демекілік еді, бұлай етпейтіндер міндетті түрде адасар, олар бірде бұнда, бірде анда барып сенделер, мың құбылып, жүз өзгерер, соңында жолдан жаңылар, олар осылай дел-сал күйде басы айнала қаңғып жүрер, олар ешқайда бара алмайды, егер сіз «жолды табамын» десеңіз ...

Мұса әлейхис-салам кезінде Мысырдан қашып, Синайдың қағыр даласына келген еді, олар онда теңізді жарып, арғы жағаға өтіп кеткен болатұғын, ал Ферғауынмен оның әскерлері теңізде қырылып, жоқ болды, міне бұл адамдар өз көздерімен көрген өте үлкен мұғжизалардың бірі еді, оның қауымы ол арада көптеген мұғжизаларды көрді, ал манағы мұғжиза дүниедегі ең ірі мұғжиза еді, алайда адамдар теңіздің арғы жағына өтіп алған соң, олар дереу Мұса әлейхис-саламға, Алла Жәллә Жәләлухуға қарсы шыға бастайды, сондықтан олардың басына Алла Әззә уә-Жәлләның қарғысы түсіп, оларға Алла Жәллә Жәләлухудан «бір-біріңді өлтіріңдер» деген әмір келеді, тіпті олар бұны істеп болған соң да, олардың қарсылығы біте қоймайды, олар тағы да бағынбай (Мұсаға) «біз жолды өзіміз-ақ жолды таба аламыз, сен керек емессің» дейді, әсілі ұлул-ғазим яғни аса ұлы пайғамбар Сәйдина Мұса әлейхис-салам әр істе оларға пір-ұстаз болып, жол бастап келе жатқан еді, «бұнда келіңдер, сонда сендер есендікке жетіп, жәйлылықпен тыныштық табасыңдар» делініп, оларға Алла Әззә уә-Жәлләдан әмірлер төтесінен келіп тұратұғын, бірақ олар «жоқ, біз оны қаламаймыз, ол керек емес, ары кет» дер, міне осылайша оларға Алла Жәллә Жәләлухудың қарғысы түсіп, Алла Жәллә Жәләлуху оларға «кетіңдер, шөлде қаңғыңдар» деді, олар «біз қалай адаспақпасыз? шөл мұнда, жол да бұнда тұр, біз оны кесіп өтіп кетеміз, шөлден шығамыз» дер.

Осы істен соң, олар шөлден шығып кетпек болып, тәңертең жолға шығады, ұзақ сапар шегеді, бірақ кеште келгенде, олар өздерінің бұрынғы орындарына қайта айналып келгенін байқайды, демек олар таңда кетер, кеште сол баяғы жеріне қайта келер, олар тынбай осылай сапарлайды, бір ай жол жүрді, бір жыл жол жүрді, міне осылай олар 40 жыл сапар шекті, соңында олардың барлығы өліп, олардан еш адам қалған жоқ, олар жол таба алмады, себебі адам кемел кісіге ермей, өз нәпсісіне ерген кезде, ол сөзсіз түрде адасатын болады, Алла Әззә уә-Жәллә осы уақиғаны бізге ғибырат ретінде көрсетіп, тура жолды тек туралық үстіндегі адамдармен бірге жүру керектігін нәсихаттауда, егер сіз қыңыр-бұзық адамдармен бірге болсаңыз, мақсатты жерге жете алмайсыз немесе тура жолдан адасып кетесіз, демек дұрыс жолды да «дұрыс» адамдармен бірге жүріңіз.

Шүкір-Алла, Алла Жәллә Жәләлуху бізді әулие Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің осы жолына салды, ал оның жолы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолы-дүр, ол пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолын сақтап келуші, бізге үйретуші, жол міне осылай жалғасар, біз де бұл жолды сақтаймыз, иншалла, есендікке осылай жетеміз, иншалла, бұл жол Алла Жәллә Жәләлуху жағынан көрсетілген жол, ешбір адам бұл жолда өз қалағаны бойынша жүре бермейді, Алла Жәллә Жәләлуху бізді бұл жолдан адастырып жібермегей, иншалла.

Бұл өмірде бақытты болу, қанағатқа жету қатарлылар адам баласының ең көп іздеп жүрген нәрсесіне жатады, әр жерде, батсытан шығысқа, солтүстіктен өңтүстікке дейін болсын, ондағы адамдардың барлығы бақытты болуға, тыныштықпен қанағатқа жетуге, мазасыздықтан арылуға тырысып-ақ жатыр, бірақ оған қай жол жеткізбек? оның жолы қандай? оған тек бір жол ғана бар, демек жүрегіңізбен және жақсы адамдармен бірге болыңыз әрі өздері мүмин, жүректері Алла Әззә уә-Жәлләмен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға жалғанған игі адамдардың жолына ілесіңіз, міне осы іс жұртқа бақыт, тыныштық және қанағат алып келе алады, басқа ешнәрсе оларға бақыт әкеле алмас.

Дәрі, укіл, ішімдік, шегімдік, сұлу әйел, келісті ер, алтын, ақша, дүние сияқты нәрселердің барлығы сізді бақытты ете алмайды, егер сіз осыларға жетсеңіз, «бұларым тағы да көп болса еді» дейсіз, ал оған жеткен соң, сіз оған тағы да тоймай, «және де көбірек болса» деп айтатын боласыз, міне осылай кете берер, сонда іздеген бақытыңыз қайда қалды? жоқ, ондай ештеңе де жоқ, тіпті мына бүкіл дүние сіздікі болса да, ештеңеге жете алмайсыз, демек бақыттың жолы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламмен Алла Әззә уә-Жәлләға жалғанған игілерге еріп, солармен бірге болуда жатыр, бірақ оған міндетті түрде осы жолды көрсететін жол бастаушы кісі керек, егер ол жолды көрсетпесе, сіздер жолдан жаңылып, адасатын боласыздар, демек сізді тікесінен тура жолда алып жүретін біреу болуы керек, бұл - аса маңызды түйін, ал егер сіз өзіңізбен қалар болсаңыз, лезде жолдан жаңылып, адасатын боласыз, жолдан шығып, шипаңыз бітеді немесе жолдан таясыз немесе өзіңіздің тым үлкен қатер ішінде жүргендігіңізді байқайтын боласыз.

Себебі бұл іс соншама мұғжизалар көріп өскен Мұса әлейхис-салам қауымының басына келген іс болатұғын, оның қауымы өте көп мұғжиза көрді, мүмкін басқа ешбір қауым олар сияқты мұғжиза көрмеген болар, олар оны тым көп көрді, ал олардың ішінде ең үлкені олардың теңізді жарып, жол жасап, теңізден аман-есен өтуі, тыныштыққа жетуі еді, олар қарсы жаққа жеткенде, Ферғауынмен оның әскерлері суға батып қырылды, бірақ екінші бір мекенге келгенде, олар бұның барлығын лезде ұмытып кетті де, Сәйдина Мұса әлейхис-саламнан көптеген нәрселер сұрай бастады, олар барған сол жерлерде де көптеген мұғжизалар болды, көп істер туылды, Алла Жәллә Жәләлуху оларға қатты ашуланғандықтан Синай тауы олардың үстіне келіп, бүкіл қауымды жәншіп, жоқ қылмақ болады, бірақ Алла Жәллә Жәләлуху оларды құтқарып, бір-бірлерін өлтіруге (бұзауға шоқынбағандар бұзауға шоқынғандарды өлтіруге) әмір етті.

Көптеген мұғжизалар туылды, Алла Жәллә Жәләлухудан Мұса әлейхис-саламға «мына қалаға барып, оның ішінде кіріңдер, оған тыныштықпен кіріңдер, алаң болмаңдар» деген әмір келді, олар тіпті осы әмірге де сенбей қасарысты, сонан соң Алла Жәллә Жәләлуху оларға «онда осы шөлде адасып, қаңғып жүріңдер» дейді, ал олар «жоқ, шөлде жол бар, басқа жер бар, кешке дейін біз барар жерімізге жетіп аламыз, алаңдау еш қажетсіз» дейді, бірақ олар тәңертеңнен кешке дейін жүріп, сапар шеккен соң, олар өздерінің сол баяғы орындарына айналып келді, олар осылай тынбай әр күні жол іздеп сапар шекті, бірақ ертесі де, келер аптасы да, келер жылы да сол баяғы орындарына қайта айналып, келіп отырды, олар еш тоқтаған жоқ, ештеңе де болмады, олар бұрынғы жерлеріне қайта-қайта келе берді, міне осылай туп-тура 40 жыл өтті, соңында олардың барлығы өліп, олардың балалары ғана шөлден әзер шықты, себебі Алла Әззә уә-Жәллә оларға әмір бергенде, олардың кәрілері оған құлақ асқан жоқ.

Алла Жәллә Жәләлуху Сәйдина Мұса әлейхис-саламмен Сәйдина Харун әлейхис-саламға әмірге құлақ аспайтын манағы қауымнан алыс болуды, олармен бірге жүрмеуді әмір қылды, сондықтан олар пірсіз, жол көрсетер мүршитсіз қалды, ал Мұса әлейхис-салам пайғамбар осы кері-ағар қыңыр адамдардың барлығы өліп таусылғанға дейін оларға барған жоқ, олардың балаларынан соң Сәйдина Юша әлейхис-салам оларды ертіп, аталмыш қалаға кірді, әрине олар оған Сәйдина Юша әлейхис-саламның жол көрсетуімен ғана кіре алды.

Сондықтан, әлхамдулилла, біз қуанып бақытты жүруіміз керек, біздің піріміз (Мәуләнә Шайық Назым әулие), әлхамдулилла, рухани және тән-қан жағынан болсын, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның асл тегінен-дүр, ол бізді осы жолға ертіп, бастап жүрді, әлхамдулилла, бұл аса үлкен нығымет, зор бақыт болмақ, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху бізді осы жолда бекем еткей, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху әрқашан олардың мақамын көтеріп, берекелерін арттыра бергей, анығы сол, көптеген жаңа келген адамдар, мүмкін олардың жартысынан көбі оның кереметімен осы жолға келді, оның келуімен, түске кіруімен немесе басқа жолдармен, адам жіберуімен немесе шақыруымен осында әкелінді, ал біз бұған аса қуаныштымыз. Міне бұл әулиенің кереметінен болмақ яғни караматул-әулиядан болды, бұл нәрселер хақ және әр мүминдер жағынан қабыл етілген істер, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw


سۇحبات: ناعىز باقىتقا كامىل پىرگە ەرسەڭ عانا جەتەسىڭ (2023.09.23 / 1445-حيجري 08-رابيۋل اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (كيپىردە ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ەگەر ادامدار «مىنا دۇنيەدەگى باقىت نە؟» دەپ سۇراسا، وعان «باقىت دەگەن تىنىشتىق» دەر ەدىك، تىنىشتىقتاعى ادام باقىتتى، ول قايدا بولسا دا قۋانىپ شادىمان جۇرەر، ءبىراق بۇل تىنىشتىق تەك پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىنداعى ناعىز تاقۋا ادامدارمەن، اۋليەلەرمەن بىرگە بولعانداردا بولار، ءبىز ايتىپ وتىرعان بۇنداي تىنىشتىقپەن بەرەكە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا بولعاندارعا بەرىلمەك، جۇرەگىندە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا، ساحابالارعا، احلۋل بايىتتەرگە (پايعامبار اۋلەتى) جانە ماشايىقتارعا ماحابباتى بار جانداردىڭ بارلىعى وسى جولدا-ءدۇر، كىمدە-كىم وسى جولدا بولا السا، ول تىنىش ومىرمەن نۇرلى اقيرەتكە جەتەدى، ايتپەسە ولاردىڭ اقيرەتىنىڭ نۇرلى بولۋى مۇمكىن ەمەس.

«مەن ءوزىم-اق ىستەي الامىن، جولدى ءوزىم تابامىن» دەيتىن ادامدار ەشقاشان جول تابا الماس، بۇل مۇمكىن ەمەس، ءبىراق ادامعا جول كورسەتەر ءمۇرشيت ءپىر بار جەردە، ولار اداسپاس، بۇنداعى «ءپىر» دەپ وتىرعانىمىز ادامداردىڭ الدىندا ءجۇرىپ جول باستاپ، ولاردى ەسەندىككە جەتكىزەتىن ءمۇرشيت ياعني ۇستاز دەمەكىلىك ەدى، بۇلاي ەتپەيتىندەر مىندەتتى تۇردە اداسار، ولار بىردە بۇندا، بىردە اندا بارىپ سەندەلەر، مىڭ قۇبىلىپ، ءجۇز وزگەرەر، سوڭىندا جولدان جاڭىلار، ولار وسىلاي دەل-سال كۇيدە باسى اينالا قاڭعىپ جۇرەر، ولار ەشقايدا بارا المايدى، ەگەر ءسىز «جولدى تابامىن» دەسەڭىز ...

مۇسا الەيحيس-سالام كەزىندە مىسىردان قاشىپ، سينايدىڭ قاعىر دالاسىنا كەلگەن ەدى، ولار وندا تەڭىزدى جارىپ، ارعى جاعاعا ءوتىپ كەتكەن بولاتۇعىن، ال فەرعاۋىنمەن ونىڭ اسكەرلەرى تەڭىزدە قىرىلىپ، جوق بولدى، مىنە بۇل ادامدار ءوز كوزدەرىمەن كورگەن وتە ۇلكەن مۇعجيزالاردىڭ ءبىرى ەدى، ونىڭ قاۋىمى ول ارادا كوپتەگەن مۇعجيزالاردى كوردى، ال ماناعى مۇعجيزا دۇنيەدەگى ەڭ ءىرى مۇعجيزا ەدى، الايدا ادامدار تەڭىزدىڭ ارعى جاعىنا ءوتىپ العان سوڭ، ولار دەرەۋ مۇسا الەيحيس-سالامعا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا قارسى شىعا باستايدى، سوندىقتان ولاردىڭ باسىنا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قارعىسى ءتۇسىپ، ولارعا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان «ءبىر-ءبىرىڭدى ولتىرىڭدەر» دەگەن ءامىر كەلەدى، ءتىپتى ولار بۇنى ىستەپ بولعان سوڭ دا، ولاردىڭ قارسىلىعى بىتە قويمايدى، ولار تاعى دا باعىنباي (مۇساعا) «ءبىز جولدى ءوزىمىز-اق جولدى تابا الامىز، سەن كەرەك ەمەسسىڭ» دەيدى، ءاسىلى ۇلۋل-عازيم ياعني اسا ۇلى پايعامبار ءسايدينا مۇسا الەيحيس-سالام ءار ىستە ولارعا ءپىر-ۇستاز بولىپ، جول باستاپ كەلە جاتقان ەدى، «بۇندا كەلىڭدەر، سوندا سەندەر ەسەندىككە جەتىپ، جايلىلىقپەن تىنىشتىق تاباسىڭدار» دەلىنىپ، ولارعا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان امىرلەر توتەسىنەن كەلىپ تۇراتۇعىن، ءبىراق ولار «جوق، ءبىز ونى قالامايمىز، ول كەرەك ەمەس، ارى كەت» دەر، مىنە وسىلايشا ولارعا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قارعىسى ءتۇسىپ، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا «كەتىڭدەر، شولدە قاڭعىڭدار» دەدى، ولار «ءبىز قالاي اداسپاقپاسىز؟ ءشول مۇندا، جول دا بۇندا تۇر، ءبىز ونى كەسىپ ءوتىپ كەتەمىز، شولدەن شىعامىز» دەر.

وسى ىستەن سوڭ، ولار شولدەن شىعىپ كەتپەك بولىپ، تاڭەرتەڭ جولعا شىعادى، ۇزاق ساپار شەگەدى، ءبىراق كەشتە كەلگەندە، ولار وزدەرىنىڭ بۇرىنعى ورىندارىنا قايتا اينالىپ كەلگەنىن بايقايدى، دەمەك ولار تاڭدا كەتەر، كەشتە سول باياعى جەرىنە قايتا كەلەر، ولار تىنباي وسىلاي ساپارلايدى، ءبىر اي جول ءجۇردى، ءبىر جىل جول ءجۇردى، مىنە وسىلاي ولار 40 جىل ساپار شەكتى، سوڭىندا ولاردىڭ بارلىعى ءولىپ، ولاردان ەش ادام قالعان جوق، ولار جول تابا المادى، سەبەبى ادام كەمەل كىسىگە ەرمەي، ءوز ناپسىسىنە ەرگەن كەزدە، ول ءسوزسىز تۇردە اداساتىن بولادى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسى ۋاقيعانى بىزگە عيبىرات رەتىندە كورسەتىپ، تۋرا جولدى تەك تۋرالىق ۇستىندەگى ادامدارمەن بىرگە ءجۇرۋ كەرەكتىگىن ءناسيحاتتاۋدا، ەگەر ءسىز قىڭىر-بۇزىق ادامدارمەن بىرگە بولساڭىز، ماقساتتى جەرگە جەتە المايسىز نەمەسە تۋرا جولدان اداسىپ كەتەسىز، دەمەك دۇرىس جولدى دا «دۇرىس» ادامدارمەن بىرگە ءجۇرىڭىز.

شۇكىر-اللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى اۋليە ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ وسى جولىنا سالدى، ال ونىڭ جولى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولى-ءدۇر، ول پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىن ساقتاپ كەلۋشى، بىزگە ۇيرەتۋشى، جول مىنە وسىلاي جالعاسار، ءبىز دە بۇل جولدى ساقتايمىز، ينشاللا، ەسەندىككە وسىلاي جەتەمىز، ينشاللا، بۇل جول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ جاعىنان كورسەتىلگەن جول، ەشبىر ادام بۇل جولدا ءوز قالاعانى بويىنشا جۇرە بەرمەيدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى بۇل جولدان اداستىرىپ جىبەرمەگەي، ينشاللا.

بۇل ومىردە باقىتتى بولۋ، قاناعاتقا جەتۋ قاتارلىلار ادام بالاسىنىڭ ەڭ كوپ ىزدەپ جۇرگەن نارسەسىنە جاتادى، ءار جەردە، باتسىتان شىعىسقا، سولتۇستىكتەن وڭتۇستىككە دەيىن بولسىن، ونداعى ادامداردىڭ بارلىعى باقىتتى بولۋعا، تىنىشتىقپەن قاناعاتقا جەتۋگە، مازاسىزدىقتان ارىلۋعا تىرىسىپ-اق جاتىر، ءبىراق وعان قاي جول جەتكىزبەك؟ ونىڭ جولى قانداي؟ وعان تەك ءبىر جول عانا بار، دەمەك جۇرەگىڭىزبەن جانە جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولىڭىز ءارى وزدەرى ءمۇمين، جۇرەكتەرى اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جالعانعان يگى ادامداردىڭ جولىنا ىلەسىڭىز، مىنە وسى ءىس جۇرتقا باقىت، تىنىشتىق جانە قاناعات الىپ كەلە الادى، باسقا ەشنارسە ولارعا باقىت اكەلە الماس.

ءدارى، ۋكىل، ىشىمدىك، شەگىمدىك، سۇلۋ ايەل، كەلىستى ەر، التىن، اقشا، دۇنيە سياقتى نارسەلەردىڭ بارلىعى ءسىزدى باقىتتى ەتە المايدى، ەگەر ءسىز وسىلارعا جەتسەڭىز، «بۇلارىم تاعى دا كوپ بولسا ەدى» دەيسىز، ال وعان جەتكەن سوڭ، ءسىز وعان تاعى دا تويماي، «جانە دە كوبىرەك بولسا» دەپ ايتاتىن بولاسىز، مىنە وسىلاي كەتە بەرەر، سوندا ىزدەگەن باقىتىڭىز قايدا قالدى؟ جوق، ونداي ەشتەڭە دە جوق، ءتىپتى مىنا بۇكىل دۇنيە سىزدىكى بولسا دا، ەشتەڭەگە جەتە المايسىز، دەمەك باقىتتىڭ جولى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالاممەن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا جالعانعان يگىلەرگە ەرىپ، سولارمەن بىرگە بولۋدا جاتىر، ءبىراق وعان مىندەتتى تۇردە وسى جولدى كورسەتەتىن جول باستاۋشى كىسى كەرەك، ەگەر ول جولدى كورسەتپەسە، سىزدەر جولدان جاڭىلىپ، اداساتىن بولاسىزدار، دەمەك ءسىزدى تىكەسىنەن تۋرا جولدا الىپ جۇرەتىن بىرەۋ بولۋى كەرەك، بۇل - اسا ماڭىزدى ءتۇيىن، ال ەگەر ءسىز وزىڭىزبەن قالار بولساڭىز، لەزدە جولدان جاڭىلىپ، اداساتىن بولاسىز، جولدان شىعىپ، شيپاڭىز بىتەدى نەمەسە جولدان تاياسىز نەمەسە ءوزىڭىزدىڭ تىم ۇلكەن قاتەر ىشىندە جۇرگەندىگىڭىزدى بايقايتىن بولاسىز.

سەبەبى بۇل ءىس سونشاما مۇعجيزالار كورىپ وسكەن مۇسا الەيحيس-سالام قاۋىمىنىڭ باسىنا كەلگەن ءىس بولاتۇعىن، ونىڭ قاۋىمى وتە كوپ مۇعجيزا كوردى، مۇمكىن باسقا ەشبىر قاۋىم ولار سياقتى مۇعجيزا كورمەگەن بولار، ولار ونى تىم كوپ كوردى، ال ولاردىڭ ىشىندە ەڭ ۇلكەنى ولاردىڭ تەڭىزدى جارىپ، جول جاساپ، تەڭىزدەن امان-ەسەن ءوتۋى، تىنىشتىققا جەتۋى ەدى، ولار قارسى جاققا جەتكەندە، فەرعاۋىنمەن ونىڭ اسكەرلەرى سۋعا باتىپ قىرىلدى، ءبىراق ەكىنشى ءبىر مەكەنگە كەلگەندە، ولار بۇنىڭ بارلىعىن لەزدە ۇمىتىپ كەتتى دە، ءسايدينا مۇسا الەيحيس-سالامنان كوپتەگەن نارسەلەر سۇراي باستادى، ولار بارعان سول جەرلەردە دە كوپتەگەن مۇعجيزالار بولدى، كوپ ىستەر تۋىلدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا قاتتى اشۋلانعاندىقتان سيناي تاۋى ولاردىڭ ۇستىنە كەلىپ، بۇكىل قاۋىمدى ءجانشىپ، جوق قىلماق بولادى، ءبىراق اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردى قۇتقارىپ، ءبىر-بىرلەرىن ولتىرۋگە (بۇزاۋعا شوقىنباعاندار بۇزاۋعا شوقىنعانداردى ولتىرۋگە) ءامىر ەتتى.

كوپتەگەن مۇعجيزالار تۋىلدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان مۇسا الەيحيس-سالامعا «مىنا قالاعا بارىپ، ونىڭ ىشىندە كىرىڭدەر، وعان تىنىشتىقپەن كىرىڭدەر، الاڭ بولماڭدار» دەگەن ءامىر كەلدى، ولار ءتىپتى وسى امىرگە دە سەنبەي قاسارىستى، سونان سوڭ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا «وندا وسى شولدە اداسىپ، قاڭعىپ جۇرىڭدەر» دەيدى، ال ولار «جوق، شولدە جول بار، باسقا جەر بار، كەشكە دەيىن ءبىز بارار جەرىمىزگە جەتىپ الامىز، الاڭداۋ ەش قاجەتسىز» دەيدى، ءبىراق ولار تاڭەرتەڭنەن كەشكە دەيىن ءجۇرىپ، ساپار شەككەن سوڭ، ولار وزدەرىنىڭ سول باياعى ورىندارىنا اينالىپ كەلدى، ولار وسىلاي تىنباي ءار كۇنى جول ىزدەپ ساپار شەكتى، ءبىراق ەرتەسى دە، كەلەر اپتاسى دا، كەلەر جىلى دا سول باياعى ورىندارىنا قايتا اينالىپ، كەلىپ وتىردى، ولار ەش توقتاعان جوق، ەشتەڭە دە بولمادى، ولار بۇرىنعى جەرلەرىنە قايتا-قايتا كەلە بەردى، مىنە وسىلاي تۋپ-تۋرا 40 جىل ءوتتى، سوڭىندا ولاردىڭ بارلىعى ءولىپ، ولاردىڭ بالالارى عانا شولدەن ازەر شىقتى، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولارعا ءامىر بەرگەندە، ولاردىڭ كارىلەرى وعان قۇلاق اسقان جوق.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءسايدينا مۇسا الەيحيس-سالاممەن ءسايدينا حارۋن الەيحيس-سالامعا امىرگە قۇلاق اسپايتىن ماناعى قاۋىمنان الىس بولۋدى، ولارمەن بىرگە جۇرمەۋدى ءامىر قىلدى، سوندىقتان ولار ءپىرسىز، جول كورسەتەر ءمۇرشيتسىز قالدى، ال مۇسا الەيحيس-سالام پايعامبار وسى كەرى-اعار قىڭىر ادامداردىڭ بارلىعى ءولىپ تاۋسىلعانعا دەيىن ولارعا بارعان جوق، ولاردىڭ بالالارىنان سوڭ ءسايدينا يۋشا الەيحيس-سالام ولاردى ەرتىپ، اتالمىش قالاعا كىردى، ارينە ولار وعان ءسايدينا يۋشا الەيحيس-سالامنىڭ جول كورسەتۋىمەن عانا كىرە الدى.

سوندىقتان، ءالحامدۋليللا، ءبىز قۋانىپ باقىتتى ءجۇرۋىمىز كەرەك، ءبىزدىڭ ءپىرىمىز (ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە)، ءالحامدۋليللا، رۋحاني جانە ءتان-قان جاعىنان بولسىن، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ اسل تەگىنەن-ءدۇر، ول ءبىزدى وسى جولعا ەرتىپ، باستاپ ءجۇردى، ءالحامدۋليللا، بۇل اسا ۇلكەن نىعىمەت، زور باقىت بولماق، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى وسى جولدا بەكەم ەتكەي، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءارقاشان ولاردىڭ ماقامىن كوتەرىپ، بەرەكەلەرىن ارتتىرا بەرگەي، انىعى سول، كوپتەگەن جاڭا كەلگەن ادامدار، مۇمكىن ولاردىڭ جارتىسىنان كوبى ونىڭ كەرەمەتىمەن وسى جولعا كەلدى، ونىڭ كەلۋىمەن، تۇسكە كىرۋىمەن نەمەسە باسقا جولدارمەن، ادام جىبەرۋىمەن نەمەسە شاقىرۋىمەن وسىندا اكەلىندى، ال ءبىز بۇعان اسا قۋانىشتىمىز. مىنە بۇل اۋليەنىڭ كەرەمەتىنەن بولماق ياعني كاراماتۋل-ءاۋليادان بولدى، بۇل نارسەلەر حاق جانە ءار مۇميندەر جاعىنان قابىل ەتىلگەن ىستەر، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7164