You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: қайтсек өміріміздің құны болмақ? (2023.09.14 / 1445-хижри 29-Сафар)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7150
Сұхбат: қайтсек өміріміздің құны болмақ? (2023.09.14 / 1445-хижри 29-Сафар)
Исламбол (Стамбул), Түркия (Италияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Әлхамдулилла, көптеген адамдарға кездестік, біз бұл жолы бұнда бірінші рет кездесіп отырмыз, бұған Алла Жәллә Жәләлухуға шүкірліктер айтамыз, біздің жиналысымыз, әлхамдулилла, Алла Жәллә Жәләлухумен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам үшін еді, өміріміздегі ең маңызды іс міне осы болмақ.

Әлхамдулилла, Италияда болған бірнеше күннен бері біраз жерлерге бардық, бүгін осы қалаға (Венеция) келдік, жұрт «оны су үстіндегі қала әрі дүниедегі ең бай қала» дейді екен, адамдар жан-жақтан ағылып бұнда келіп жатыр, ал бұл дүниеге не үшін жаралғаны хақында ештеңе білмейтін адамдар осы араға нәпсілерін қанағаттандыру үшін келеді, олар әр түрлі қызықты суреттерге түсіп, бірін-бірі тартып жатыр, олар осындай бос бірдеңелерді істеу арқылы «бақытты боламыз» деп ойлар. Біз Венецияға, Миланоға және басқа жерлерге бардық, онда жүрген және келіп-кетіп жатқан адамдарда ешбір қуанышпен бақыттың белгісі жоқ, бірақ оларда тәкаппарлық бар, олар өздерінің осындай жерлерге барғанын өзгелерге айтса, өздерін «бақытты болатындай» санар, ал бұндай саяхатпен келіп-кетулер оларға ешбір пайда бермейді, бұндайлық тек руханиятқа ғана емес, бүкіл барлығына да пайдасыз болмақ.

Өміріміз Алла Әззә уә-Жәлләдан берілген аса зор сауға, Ол бізді адам етіп жаратты және Ол бізге әр нәрсенің жөнін білерлік ой берді, біз ештеңе білмейтін хайуандарға ұқсамаймыз, біз барлығын білеміз, Алла Жәллә Жәләлуху осы берілген нәрселерді қадірлей білмеген құлдарына риза болмас, мәселен, егер сіз біреуге аса бағалы нәрсе берсеңіз әрі ол оны аялай білмесе, сіз «мен оған бір асылды беріп едім, ол оған жақсы қарамапты» деп, оған ашуланасыз емеспе, міне адамдар нығыметтен осылай айырылар. Біздің өміріміз қаншалықты бағалы? біз оны жақсы асылдай көріп, қалай жоғалытпай сақтай аламыз? бұны қалай істемекпіз? біліңіз, сіздің өміріңіз Алла Жәллә Жәләлухумен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның махаббаты арқылы ғана құнын табады әрі сол арқылы ғана өміріңіз мәнді де сәнді болмақ.

Бұл өмір өте қысқа, ол бейне көзді ашып-жұмғандай сәтке ұқсайды, ол тіпті біздің уақыт өлшемімен айтсақ та, осындай қысқа сәт сияқты болар, сондықтан осыбір қас-қағымдай сәтіміз жақсы күтіліп, жақсы өтуі керек, сонымен бірге бұны істеу адам баласы үшін қиын да емес, демек олар Раббысын, Жаратушы Иесін және Оның әмірлерін қабыл етулері керек, бізді Алла Жәллә Жәләлуху жаратты, мәселен, осы Италияда көптеген машина зауаттары бар әрі адамдар жасалған әрбір машинаны қалай істетілуі жәйлі түсіндірме кітапшалар дайындап қояды, ал Алла Жәллә Жәләлуху да бізді жаратып, біздің қалай жақсы «машина» болуымыз жәйлі түсіндірмелерді көрсетіп қойған, барлығын тәптештеп айтқан, бұнда кешегі ел айтқандай «Леонардо да Винчи (ұшақ жасап) ұшқысы келіпті, бірақ өзі ұшудан қорқып, өзгелерді ұшқызыпты, алайда олардың барлығы жерге бастарымен құлап өліпті, сонан Леонардо да Винчи оларға "кешіріңдерші, тағы да келіңдер, енді оны мына адамдар сынап көрсін"» деп айтыпты деген сияқты әңгіме жоқ.

Ал Алла Жәллә Жәләлуху барлығын біледі, Ол баршасынан хабардар, біз Оның білімін біздің білімге салыстыра алмаймыз, «салыстыру» деп айтпай-ақ қоялық, бұл жақсы сөз емес, ғапу еткей, астағфируаллаһ, біз бұны айттық, бүкіл әлемдегі білімді жиып келсе де, бір тамшы түгілі, бір атом да бола алмас, біз бұлай айтсақ та Алла Жәллә Жәләлухудың біліміне шек қойған боламыз, алайда Оның ешбір шет-шегі жоқ. Алла Жәллә Жәләлуху рахымымен сізге осындай құн берді әрі сізге ненің жақсы екендігін айтты, бірақ сіз «жоқ, мен бұны істеймін, маған осы жақсы» дейсіз, сондықтан қазіргі мына дүние үлкен қалаймақандықтарға, зор бақытсыздықтарға, ірі тоқырауларға ұшырап отыр, адамдар «біз бүкіл дүниені меңгеріп отырмыз» деп ойлайтындықтан барлығы насырға шауып, жамандық қаптады, бағы зор тәлейлі жан дегеніміз Алла Жәллә Жәләлухуға жақсы құл болудың жолын тапқан жан, ол пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға ғашық жан, міне осылар - тәлейлі жандар.

Бұзық адамдар өзге адамдарға әсер етті де, өзгелер де өздерін «бірдеңе» санап, ойлайтын болып алды, сондықтан біз Алла Әззә уә-Жәлләдан баршамыз үшін, әсіресе бала-шағаларымыз үшін пана сұраймыз, себебі бұл бұзық адамдар балаларды нысана етуде, олар оларға хайуаннан бетер жабайылықпен шабуыл жасауда, егер сіз бірдеңе айтар болсаңыз, олар «сендер жақсы ата-ана емессіңдер» дер, тіпті олар балаларыңызды сізден тартып, алып кетпек.

Иншалла, біз балаларымызға, жақындарымызға және кезкелген мұсылманға пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның махаббатын үйретуіміз керек, ал бей-мұсылмандар болса пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам хақында өте жаман нәрселер үйретуде, себебі ол үмбеті үшін ең мейірімді жан еді, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам әрдайым өз үмбеті үшін тынбастан Алла Әззә уә-Жәлләдан кешірім сұрайтұғын.

Әлхамдулилла, ертең сафар айының соңғы күні, сонымен сенбі күні Рабиул-Ауал айының бірінші күні болмақ, ол пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның туылған айы болып, бұл айда біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға көптеп салауат айтуымыз керек әрі одан өзіміз үшін, ата-бабаларымыз үшін, бала-шағаларымыз үшін, қорғанда болуымыз үшін және бізбен балаларымыздың оған деген махаббатының артуы үшін шапағат сұрауымыз керек. Алла Жәллә Жәләлуху осыбір қасиетті ай үшін әржердегі мұсылман үмбетіне және барша адамдарға жәрдем еткей, оларға жол көрсеткей, туралықтың жолын, бақыттың жолын нұсқағай.

Себебі қазір адамзат барлығынан шаршап бітті, олар коминизимнан, сотсиялизимнан, капитализимнан және тағы басқа сондай көптеген «изим»-дардан шаршады, әбден жалықты, олар осылардың барлығын сынап көрді, бірақ онысынан түк өнбеді, еш жәрдемі болмады, ал адамзат үшін ең хауіпсіз жол пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолы болмақ, соған ермек керек, соңында Алла Әззә уә-Жәллә бүкіл дүниенің мұсылман болатындығына уәде берген еді, иншалла, күллі адамзат пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды қабыл ететін болады, сол кезде ғана бүкіл дүниежүзінде бейбітшілік орнар, әйтпесе дүниеде ешбір тыныштық болмас. Жалғыз жол ғана бар, ол салам-ислам, демек тыныштықтың жолы ислам, Алла Жәллә Жәләлуху сол күндерді тезірек келдіріп, бүкіл дүниені мына сұмдықтардан құтқарғай.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




سۇحبات: قايتسەك ءومىرىمىزدىڭ قۇنى بولماق؟ (2023.09.14 / 1445-حيجري 29-سافار)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا (يتاليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ءالحامدۋليللا، كوپتەگەن ادامدارعا كەزدەستىك، ءبىز بۇل جولى بۇندا ءبىرىنشى رەت كەزدەسىپ وتىرمىز، بۇعان اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا شۇكىرلىكتەر ايتامىز، ءبىزدىڭ جينالىسىمىز، ءالحامدۋليللا، اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءۇشىن ەدى، ومىرىمىزدەگى ەڭ ماڭىزدى ءىس مىنە وسى بولماق.

ءالحامدۋليللا، يتاليادا بولعان بىرنەشە كۇننەن بەرى ءبىراز جەرلەرگە باردىق، بۇگىن وسى قالاعا (ۆەنەتسيا) كەلدىك، جۇرت «ونى سۋ ۇستىندەگى قالا ءارى دۇنيەدەگى ەڭ باي قالا» دەيدى ەكەن، ادامدار جان-جاقتان اعىلىپ بۇندا كەلىپ جاتىر، ال بۇل دۇنيەگە نە ءۇشىن جارالعانى حاقىندا ەشتەڭە بىلمەيتىن ادامدار وسى اراعا ناپسىلەرىن قاناعاتتاندىرۋ ءۇشىن كەلەدى، ولار ءار ءتۇرلى قىزىقتى سۋرەتتەرگە ءتۇسىپ، ءبىرىن-ءبىرى تارتىپ جاتىر، ولار وسىنداي بوس بىردەڭەلەردى ىستەۋ ارقىلى «باقىتتى بولامىز» دەپ ويلار. ءبىز ۆەنەتسياعا، ميلانوعا جانە باسقا جەرلەرگە باردىق، وندا جۇرگەن جانە كەلىپ-كەتىپ جاتقان ادامداردا ەشبىر قۋانىشپەن باقىتتىڭ بەلگىسى جوق، ءبىراق ولاردا تاكاپپارلىق بار، ولار وزدەرىنىڭ وسىنداي جەرلەرگە بارعانىن وزگەلەرگە ايتسا، وزدەرىن «باقىتتى بولاتىنداي» سانار، ال بۇنداي ساياحاتپەن كەلىپ-كەتۋلەر ولارعا ەشبىر پايدا بەرمەيدى، بۇندايلىق تەك رۋحانياتقا عانا ەمەس، بۇكىل بارلىعىنا دا پايداسىز بولماق.

ءومىرىمىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بەرىلگەن اسا زور ساۋعا، ول ءبىزدى ادام ەتىپ جاراتتى جانە ول بىزگە ءار نارسەنىڭ ءجونىن بىلەرلىك وي بەردى، ءبىز ەشتەڭە بىلمەيتىن حايۋاندارعا ۇقسامايمىز، ءبىز بارلىعىن بىلەمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وسى بەرىلگەن نارسەلەردى قادىرلەي بىلمەگەن قۇلدارىنا ريزا بولماس، ماسەلەن، ەگەر ءسىز بىرەۋگە اسا باعالى نارسە بەرسەڭىز ءارى ول ونى ايالاي بىلمەسە، ءسىز «مەن وعان ءبىر اسىلدى بەرىپ ەدىم، ول وعان جاقسى قاراماپتى» دەپ، وعان اشۋلاناسىز ەمەسپە، مىنە ادامدار نىعىمەتتەن وسىلاي ايىرىلار. ءبىزدىڭ ءومىرىمىز قانشالىقتى باعالى؟ ءبىز ونى جاقسى اسىلداي كورىپ، قالاي جوعالىتپاي ساقتاي الامىز؟ بۇنى قالاي ىستەمەكپىز؟ ءبىلىڭىز، ءسىزدىڭ ءومىرىڭىز اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ماحابباتى ارقىلى عانا قۇنىن تابادى ءارى سول ارقىلى عانا ءومىرىڭىز ءماندى دە ءساندى بولماق.

بۇل ءومىر وتە قىسقا، ول بەينە كوزدى اشىپ-جۇمعانداي ساتكە ۇقسايدى، ول ءتىپتى ءبىزدىڭ ۋاقىت ولشەمىمەن ايتساق تا، وسىنداي قىسقا ءسات سياقتى بولار، سوندىقتان ءوسىبىر قاس-قاعىمداي ءساتىمىز جاقسى كۇتىلىپ، جاقسى ءوتۋى كەرەك، سونىمەن بىرگە بۇنى ىستەۋ ادام بالاسى ءۇشىن قيىن دا ەمەس، دەمەك ولار راببىسىن، جاراتۋشى يەسىن جانە ونىڭ امىرلەرىن قابىل ەتۋلەرى كەرەك، ءبىزدى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ جاراتتى، ماسەلەن، وسى يتاليادا كوپتەگەن ماشينا زاۋاتتارى بار ءارى ادامدار جاسالعان ءاربىر ماشينانى قالاي ىستەتىلۋى ءجايلى تۇسىندىرمە كىتاپشالار دايىنداپ قويادى، ال اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ دا ءبىزدى جاراتىپ، ءبىزدىڭ قالاي جاقسى «ماشينا» بولۋىمىز ءجايلى تۇسىندىرمەلەردى كورسەتىپ قويعان، بارلىعىن تاپتەشتەپ ايتقان، بۇندا كەشەگى ەل ايتقانداي «لەوناردو دا ۆينچي (ۇشاق جاساپ) ۇشقىسى كەلىپتى، ءبىراق ءوزى ۇشۋدان قورقىپ، وزگەلەردى ۇشقىزىپتى، الايدا ولاردىڭ بارلىعى جەرگە باستارىمەن قۇلاپ ءولىپتى، سونان لەوناردو دا ۆينچي ولارعا "كەشىرىڭدەرشى، تاعى دا كەلىڭدەر، ەندى ونى مىنا ادامدار سىناپ كورسىن"» دەپ ايتىپتى دەگەن سياقتى اڭگىمە جوق.

ال اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بارلىعىن بىلەدى، ول بارشاسىنان حاباردار، ءبىز ونىڭ ءبىلىمىن ءبىزدىڭ بىلىمگە سالىستىرا المايمىز، «سالىستىرۋ» دەپ ايتپاي-اق قويالىق، بۇل جاقسى ءسوز ەمەس، عاپۋ ەتكەي، استاعفيرۋاللاھ، ءبىز بۇنى ايتتىق، بۇكىل الەمدەگى ءبىلىمدى جيىپ كەلسە دە، ءبىر تامشى تۇگىلى، ءبىر اتوم دا بولا الماس، ءبىز بۇلاي ايتساق تا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ بىلىمىنە شەك قويعان بولامىز، الايدا ونىڭ ەشبىر شەت-شەگى جوق. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ راحىمىمەن سىزگە وسىنداي قۇن بەردى ءارى سىزگە نەنىڭ جاقسى ەكەندىگىن ايتتى، ءبىراق ءسىز «جوق، مەن بۇنى ىستەيمىن، ماعان وسى جاقسى» دەيسىز، سوندىقتان قازىرگى مىنا دۇنيە ۇلكەن قالايماقاندىقتارعا، زور باقىتسىزدىقتارعا، ءىرى توقىراۋلارعا ۇشىراپ وتىر، ادامدار «ءبىز بۇكىل دۇنيەنى مەڭگەرىپ وتىرمىز» دەپ ويلايتىندىقتان بارلىعى ناسىرعا شاۋىپ، جاماندىق قاپتادى، باعى زور تالەيلى جان دەگەنىمىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا جاقسى قۇل بولۋدىڭ جولىن تاپقان جان، ول پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا عاشىق جان، مىنە وسىلار - تالەيلى جاندار.

بۇزىق ادامدار وزگە ادامدارعا اسەر ەتتى دە، وزگەلەر دە وزدەرىن «بىردەڭە» ساناپ، ويلايتىن بولىپ الدى، سوندىقتان ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بارشامىز ءۇشىن، اسىرەسە بالا-شاعالارىمىز ءۇشىن پانا سۇرايمىز، سەبەبى بۇل بۇزىق ادامدار بالالاردى نىسانا ەتۋدە، ولار ولارعا حايۋاننان بەتەر جابايىلىقپەن شابۋىل جاساۋدا، ەگەر ءسىز بىردەڭە ايتار بولساڭىز، ولار «سەندەر جاقسى اتا-انا ەمەسسىڭدەر» دەر، ءتىپتى ولار بالالارىڭىزدى سىزدەن تارتىپ، الىپ كەتپەك.

ينشاللا، ءبىز بالالارىمىزعا، جاقىندارىمىزعا جانە كەزكەلگەن مۇسىلمانعا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ماحابباتىن ۇيرەتۋىمىز كەرەك، ال بەي-مۇسىلماندار بولسا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام حاقىندا وتە جامان نارسەلەر ۇيرەتۋدە، سەبەبى ول ۇمبەتى ءۇشىن ەڭ مەيىرىمدى جان ەدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءاردايىم ءوز ۇمبەتى ءۇشىن تىنباستان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەشىرىم سۇرايتۇعىن.

ءالحامدۋليللا، ەرتەڭ سافار ايىنىڭ سوڭعى كۇنى، سونىمەن سەنبى كۇنى رابيۋل-اۋال ايىنىڭ ءبىرىنشى كۇنى بولماق، ول پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ تۋىلعان ايى بولىپ، بۇل ايدا ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا كوپتەپ سالاۋات ايتۋىمىز كەرەك ءارى ودان ءوزىمىز ءۇشىن، اتا-بابالارىمىز ءۇشىن، بالا-شاعالارىمىز ءۇشىن، قورعاندا بولۋىمىز ءۇشىن جانە بىزبەن بالالارىمىزدىڭ وعان دەگەن ماحابباتىنىڭ ارتۋى ءۇشىن شاپاعات سۇراۋىمىز كەرەك. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءوسىبىر قاسيەتتى اي ءۇشىن ارجەردەگى مۇسىلمان ۇمبەتىنە جانە بارشا ادامدارعا جاردەم ەتكەي، ولارعا جول كورسەتكەي، تۋرالىقتىڭ جولىن، باقىتتىڭ جولىن نۇسقاعاي.

سەبەبى ءقازىر ادامزات بارلىعىنان شارشاپ ءبىتتى، ولار كومينيزيمنان، سوتسياليزيمنان، كاپيتاليزيمنان جانە تاعى باسقا سونداي كوپتەگەن «يزيم»-داردان شارشادى، ابدەن جالىقتى، ولار وسىلاردىڭ بارلىعىن سىناپ كوردى، ءبىراق ونىسىنان تۇك ونبەدى، ەش جاردەمى بولمادى، ال ادامزات ءۇشىن ەڭ ءحاۋىپسىز جول پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولى بولماق، سوعان ەرمەك كەرەك، سوڭىندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇكىل دۇنيەنىڭ مۇسىلمان بولاتىندىعىنا ۋادە بەرگەن ەدى، ينشاللا، كۇللى ادامزات پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى قابىل ەتەتىن بولادى، سول كەزدە عانا بۇكىل دۇنيەجۇزىندە بەيبىتشىلىك ورنار، ايتپەسە دۇنيەدە ەشبىر تىنىشتىق بولماس. جالعىز جول عانا بار، ول سالام-يسلام، دەمەك تىنىشتىقتىڭ جولى يسلام، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سول كۇندەردى تەزىرەك كەلدىرىپ، بۇكىل دۇنيەنى مىنا سۇمدىقتاردان قۇتقارعاي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7150