You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: өзіңді құтқаратын істі әдет қыл (2023.09.10 / 1445-хижри 25-Сафар)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7145
Сұхбат: өзіңді құтқаратын істі әдет қыл (2023.09.10 / 1445-хижри 25-Сафар)
Исламбол (Стамбул), Түркия (Италияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Барлығыңызды қызу қарсы аламыз, біз бұл жерде алғаш рет болудамыз әрі бұған қуаныштымыз, әлхамдулилла, жұрт қуанса, біз неге қуанбасқа, не үшін қуанамыз? Алла Жәллә Жәләлухудың махаббаты үшін, әрине. «قُلْ بِفَضْلِ ٱللَّهِ وَبِرَحْمَتِهِۦ فَبِذَٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا۟ هُوَ خَيْرٌ مِّمَّا يَجْمَعُونَ» («Алланың молшылығында және Оның рахымында, олар қуанып шаттансын» деп айт, бұл олардың бар жиғандарынан жақсы) (құран 10:58), садақал-лахул-ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә құранда «сендер Алланың бергеніне риза болыңдар» деп айтуда.

Міне осылар сіздердің жиғандарыңыздан әлдеқайда қайырлы болмақ, жинағаныңыз сізбен бірге болмайды, адам өлгенде онымен ештеңесі бірге кетпес, адамдар үй, машина, асыл, алтын жинайды, олар бұларды өздерімен мәңгі бірге қалатындай нәрсе көріп, тырнаштап жинап бағады, бірақ жағдай олай болмас. Қазір біз бұнда келдік, осыдан 50 жыл бұрын бұл арада басқа адамдар тұрған шығар, мүмкін олардың кейбірі қазір тірі болар, ал осыдан жүз жыл бұрын осы арада үйлері, жерлері және басқа дүниелері бар адамдар тұрған еді, бірақ қазір олардың біреуі де бұнда қалған жоқ.

Егер осы адамдар өлімінен қайта тіріліп келіп, бұнда қараса, олар «о, бұл бейтаныс адамдар кімдер? олар біздің жерде, біздің үйде, біздің орнымызда өмір сүріп отыр ғой, біз оларды танымаймыз» дер еді, ешкім ешкімді танымас, жаңа келгендері көне көздерді, ал көне көздер де жаңа келгендерді танымас, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә келер өмірде сізге жеткілікті болатын нәрселерді әлдеқашан айтқан еді, сондықтан «هُوَ خَيْرٌ مِّمَّا يَجْمَعُونَ» (ол сендердің бар жинағандарыңнан жақсы) (құран 10:58) делінер, демек бұл олардың бар жиған, тапқан және сақтағандарынан қайырлы-дүр.

Біз Алла Әззә уә-Жәлләның хикіметінен ештеңе білмейміз, Оның бір хкіметі сол, Ол адамдарды жаратты әрі олардың әрбірі өздерінің өлетінін бір ойланбас, ал адамдар әр күні өліп жатыр емеспе, мәңгі өмір сүрер ешкім жоқ, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә адамдарды өмірлерінде өлетінін ойламайтын етіп қойды. Көптеген адамдарды көріп жүрміз, олар қатты ауру, ауыр кесел болса да, өлетініне сенбейді, олар «біз мына ем жасаттық, ана ем қылдырдық, дұға еттік» дейді, демек олардың бір аяғы емес, екі аяғы бірдей көрге ілініп тұрса да, олар өлетініне онша сене қоймайды.

Міне бұл Алла Жәллә Жәләлухудың хикіметінен, Ол адамдарға бұл ойды оларды сынау үшін берді, Алла Жәллә Жәләлуху дүниеге әр күні екі үлкен періште жібереді, ал олар «لِدُوا لِلمَوتِ وَ ابنُوا لِلخَرَابِ» (олар тек өлмек үшін туылады, олар тек құлатылмақ үшін салынады) деп айғайлап, жар салады, бұның мағынасы «(адам) өлмек үшін туылады, (үй-сарай) құлатылмақ үшін салынады» демекілік еді, сіз туылған соң, өлім сізге қарай жүре бастайды. Бұл ғибырат-мысалдардың Италияда туылғанын көруге болады, машалла, бұл жұрт өте көне елдер, байырғы жерлер еді, онда адамдар үлкен-үлкен үй-сарайлар салып қойған болатұғын, онан соң олар құлатылып жоғалған, бұл үрдіс тағы қайталануда, қазір де адамдар тынбай ғимараттар салады әрі олар да «бұл үйлер мәңгілікке» деп ойлар, жоқ, олар да қирап жоғалатын болады.

Сондықтан кімде ақыл болса, ол осы сөздерге құлақ салар, «біз не істеуіміз керек? иә, естіп отырмыз, бірақ не істесек жөн болмақ? біз өледі екенбіз, енді не істейміз?», иә, біз өлеміз, енді ол хақында не істесек болар? бұл мәселе емес, онсыз да Алла Жәллә Жәләлуху «сен өлесің» деп қадап тұрып, айтып қойған, ал біз өзімізді шынайы өмірде яғни мәңгілік болатын өмірде қалай құтқаруымыз керек? бұл өте қиын іс емес, мәселен, біз әр күні тамақ жейміз, су ішеміз, шығамыз, келеміз, жүреміз дегендей, міне осылар біздің күнделікті әдетіміз, бұл адам баласының да немесе өзге жаратылыстардың да әдеті-дүр, біздің тәніміз үшін осылар маңызды, ал сіз толық адам болуыңыз үшін істеуге тиісті тағы бір әдет бар, ол іс руханиятымызбен тәніміз үшін де маңызды болмақ, ол Алла Жәллә Жәләлухудың әмірлеріне бойұсынып, Оның қаламаған істерін істемеуіңіз еді, әр күні бес уақ намаз оқи аласыз, оны көптеген адамдар «қиын» дер, жөн делік, бірақ сіз оны аз-аздан бастауыңызға болады емеспе, ал ол әдет болып кеткен соң, сіз оны тастай алмайтын боласыз, ол сізге рухани күш береді, тәнімізге де солай қуат берер. Айтуға тиісті тағы бір іс, ораза еді, ол да Алла Жәллә Жәләлухудың әмірінен болып, бұл құлшылық жанға қуаныш сыйлап, тәніңізге қуат береді, руханиятқа да дем береді.

Сіз осыларды істеген кезіңізде, сәніңіз кіріп, өміріңіз мәнді бола түседі, «бұл дүниеде не үшін жүрмін?» деп ойланыңыз, көптеген адамдар Алла Жәллә Жәләлуху оларды не үшін жаратқанын білмейді, егер жаратылу себебіңізді білсеңіз, сіз қуанып, Жаратушыға рахмет айтатын боласыз, ал білмесеңіз, еш қуана алмай, бастан ақыр бұл дүниеде не істеп жүргеніңізді біле алмай дал боласыз, ол кезде, мүмкін сіз көптеген істерді істерсіз, бірақ ол сізге де, өзгелерге де пайдасыз болып шықпақ, ал сіз оны (Алла Жәллә Жәләлухудың әмірлерін) істей бастағанда, сіздің айналаңызға нұр келетін болады, иншалла, бұл нұр Алла Әззә уә-Жәлләдан келер, Алла Жәллә Жәләлуху оны тек мүминдерге ғана береді, алайда мүмин болмағандарда бұл нұр жоқ. Тіпті осы арадағы көптеген шіркеу, собор немесе басқа жерлерде болсын, олар (ырымдап болса да) қасиетті адамдарға арнайы жарық шырақ қойып қояды екен, сондықтан бұл тек қиял ғана емес, ол шын нәрсе, егер кім иман келтіруші болмаса, ол тек қараңғылыққа ғана дөп келмек.

Алла Жәллә Жәләлухудың үшінші әмірі зекет беру болмақ, ол ақшаңызбен бар дүниелеріңізді тазартады, оны бере білуіңіз де Алла Жәллә Жәләлухудың рахымынан-дүр, егер әр адам зекет берсе, байлығы тазарар, біз қазір бей-мұсылман мемлекетте жүрміз, оларды айтпағанда, егер барлық мұсылмандар зекетін беретін болса, ол бүкіл жер жүзіндегі кедей адамдарға жеткілікті еді, бірақ олар бермей жатыр, ал зекет аз ғана сан, әр жылы өзіңізде бар нәрсенің 2.5% бөлігін зекетке шығарасыз, егер олар осылай берсе, ол барлық кедейлерге жетер еді. Осы елде (Италия) немесе Франсия немесе Европа елдерінде не басқа жерлерде болсын, алман-салық төлейтін түзім бар, кейде олар 50%, 70% салық төлейді, естісем кейбір жерлерде салық 80% екен, олар адамдардан осыншама көп алман-салық алады, бірақ оның ештеңеге пайдасы тимейді, не үшін? себебі олардың бұнысы Алла Жәллә Жәләлухудың әмірінен емес, Алла Жәллә Жәләлухудың әмірі 2.5%, осы жеткілікті болмақ, демек оның берекесі барлық адамға тиеді, міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләның адамдарға арнаған бір сыр, бір хикіметі, онда «Маған аздаған істерде бағынсаң болғаны, олар саған жеткілікті болмақ» деген даналық жатыр, алайда адамдар иман келтірушілерден болмағандықтан, бұған мүлдем құлақ аспайды.

Тағы бір іс қажылық болмақ, ол да Алла Жәллә Жәләлухудан иман келтірушілердің өздерін тазартулары үшін берілген зор сый, кімде-кім шын ықласпен қажылыққа барса, Алла Әззә уә-Жәллә «Мен оларды жаңа туылған сәбидей қабыл етіп кешіремін» дейді, ол қиын іс емес, бірақ сіз оны істеген кезде, шайтан оны қарамаққа қиын іс етіп көрсетуі мүмкін, ал оны атқарып болған соң, оның пайдасын көретін боласыз ...

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




سۇحبات: ءوزىڭدى قۇتقاراتىن ءىستى ادەت قىل (2023.09.10 / 1445-حيجري 25-سافار)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا (يتاليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بارلىعىڭىزدى قىزۋ قارسى الامىز، ءبىز بۇل جەردە العاش رەت بولۋدامىز ءارى بۇعان قۋانىشتىمىز، ءالحامدۋليللا، جۇرت قۋانسا، ءبىز نەگە قۋانباسقا، نە ءۇشىن قۋانامىز؟ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ماحابباتى ءۇشىن، ارينە. «قُلْ بِفَضْلِ ٱللَّهِ وَبِرَحْمَتِهِۦ فَبِذَٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا۟ هُوَ خَيْرٌ مِّمَّا يَجْمَعُونَ» («اللانىڭ مولشىلىعىندا جانە ونىڭ راحىمىندا، ولار قۋانىپ شاتتانسىن» دەپ ايت، بۇل ولاردىڭ بار جيعاندارىنان جاقسى) (قۇران 10:58)، ساداقال-لاحۋل-عازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇراندا «سەندەر اللانىڭ بەرگەنىنە ريزا بولىڭدار» دەپ ايتۋدا.

مىنە وسىلار سىزدەردىڭ جيعاندارىڭىزدان الدەقايدا قايىرلى بولماق، جيناعانىڭىز سىزبەن بىرگە بولمايدى، ادام ولگەندە ونىمەن ەشتەڭەسى بىرگە كەتپەس، ادامدار ءۇي، ماشينا، اسىل، التىن جينايدى، ولار بۇلاردى وزدەرىمەن ماڭگى بىرگە قالاتىنداي نارسە كورىپ، تىرناشتاپ جيناپ باعادى، ءبىراق جاعداي ولاي بولماس. ءقازىر ءبىز بۇندا كەلدىك، وسىدان 50 جىل بۇرىن بۇل ارادا باسقا ادامدار تۇرعان شىعار، مۇمكىن ولاردىڭ كەيبىرى ءقازىر ءتىرى بولار، ال وسىدان ءجۇز جىل بۇرىن وسى ارادا ۇيلەرى، جەرلەرى جانە باسقا دۇنيەلەرى بار ادامدار تۇرعان ەدى، ءبىراق ءقازىر ولاردىڭ بىرەۋى دە بۇندا قالعان جوق.

ەگەر وسى ادامدار ولىمىنەن قايتا ءتىرىلىپ كەلىپ، بۇندا قاراسا، ولار «و، بۇل بەيتانىس ادامدار كىمدەر؟ ولار ءبىزدىڭ جەردە، ءبىزدىڭ ۇيدە، ءبىزدىڭ ورنىمىزدا ءومىر ءسۇرىپ وتىر عوي، ءبىز ولاردى تانىمايمىز» دەر ەدى، ەشكىم ەشكىمدى تانىماس، جاڭا كەلگەندەرى كونە كوزدەردى، ال كونە كوزدەر دە جاڭا كەلگەندەردى تانىماس، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا كەلەر ومىردە سىزگە جەتكىلىكتى بولاتىن نارسەلەردى الدەقاشان ايتقان ەدى، سوندىقتان «هُوَ خَيْرٌ مِّمَّا يَجْمَعُونَ» (ول سەندەردىڭ بار جيناعاندارىڭنان جاقسى) (قۇران 10:58) دەلىنەر، دەمەك بۇل ولاردىڭ بار جيعان، تاپقان جانە ساقتاعاندارىنان قايىرلى-ءدۇر.

ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ حيكىمەتىنەن ەشتەڭە بىلمەيمىز، ونىڭ ءبىر حكىمەتى سول، ول ادامداردى جاراتتى ءارى ولاردىڭ ءاربىرى وزدەرىنىڭ ولەتىنىن ءبىر ويلانباس، ال ادامدار ءار كۇنى ءولىپ جاتىر ەمەسپە، ماڭگى ءومىر سۇرەر ەشكىم جوق، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادامداردى ومىرلەرىندە ولەتىنىن ويلامايتىن ەتىپ قويدى. كوپتەگەن ادامداردى كورىپ ءجۇرمىز، ولار قاتتى اۋرۋ، اۋىر كەسەل بولسا دا، ولەتىنىنە سەنبەيدى، ولار «ءبىز مىنا ەم جاساتتىق، انا ەم قىلدىردىق، دۇعا ەتتىك» دەيدى، دەمەك ولاردىڭ ءبىر اياعى ەمەس، ەكى اياعى بىردەي كورگە ءىلىنىپ تۇرسا دا، ولار ولەتىنىنە ونشا سەنە قويمايدى.

مىنە بۇل اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ حيكىمەتىنەن، ول ادامدارعا بۇل ويدى ولاردى سىناۋ ءۇشىن بەردى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ دۇنيەگە ءار كۇنى ەكى ۇلكەن پەرىشتە جىبەرەدى، ال ولار «لِدُوا لِلمَوتِ وَ ابنُوا لِلخَرَابِ» (ولار تەك ولمەك ءۇشىن تۋىلادى، ولار تەك قۇلاتىلماق ءۇشىن سالىنادى) دەپ ايعايلاپ، جار سالادى، بۇنىڭ ماعىناسى «(ادام) ولمەك ءۇشىن تۋىلادى، (ءۇي-ساراي) قۇلاتىلماق ءۇشىن سالىنادى» دەمەكىلىك ەدى، ءسىز تۋىلعان سوڭ، ءولىم سىزگە قاراي جۇرە باستايدى. بۇل عيبىرات-مىسالداردىڭ يتاليادا تۋىلعانىن كورۋگە بولادى، ماشاللا، بۇل جۇرت وتە كونە ەلدەر، بايىرعى جەرلەر ەدى، وندا ادامدار ۇلكەن-ۇلكەن ءۇي-سارايلار سالىپ قويعان بولاتۇعىن، ونان سوڭ ولار قۇلاتىلىپ جوعالعان، بۇل ءۇردىس تاعى قايتالانۋدا، ءقازىر دە ادامدار تىنباي عيماراتتار سالادى ءارى ولار دا «بۇل ۇيلەر ماڭگىلىككە» دەپ ويلار، جوق، ولار دا قيراپ جوعالاتىن بولادى.

سوندىقتان كىمدە اقىل بولسا، ول وسى سوزدەرگە قۇلاق سالار، «ءبىز نە ىستەۋىمىز كەرەك؟ ءيا، ەستىپ وتىرمىز، ءبىراق نە ىستەسەك ءجون بولماق؟ ءبىز ولەدى ەكەنبىز، ەندى نە ىستەيمىز؟»، ءيا، ءبىز ولەمىز، ەندى ول حاقىندا نە ىستەسەك بولار؟ بۇل ماسەلە ەمەس، ونسىز دا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ «سەن ولەسىڭ» دەپ قاداپ تۇرىپ، ايتىپ قويعان، ال ءبىز ءوزىمىزدى شىنايى ومىردە ياعني ماڭگىلىك بولاتىن ومىردە قالاي قۇتقارۋىمىز كەرەك؟ بۇل وتە قيىن ءىس ەمەس، ماسەلەن، ءبىز ءار كۇنى تاماق جەيمىز، سۋ ىشەمىز، شىعامىز، كەلەمىز، جۇرەمىز دەگەندەي، مىنە وسىلار ءبىزدىڭ كۇندەلىكتى ادەتىمىز، بۇل ادام بالاسىنىڭ دا نەمەسە وزگە جاراتىلىستاردىڭ دا ادەتى-ءدۇر، ءبىزدىڭ ءتانىمىز ءۇشىن وسىلار ماڭىزدى، ال ءسىز تولىق ادام بولۋىڭىز ءۇشىن ىستەۋگە ءتيىستى تاعى ءبىر ادەت بار، ول ءىس رۋحانياتىمىزبەن ءتانىمىز ءۇشىن دە ماڭىزدى بولماق، ول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ امىرلەرىنە بويۇسىنىپ، ونىڭ قالاماعان ىستەرىن ىستەمەۋىڭىز ەدى، ءار كۇنى بەس ۋاق ناماز وقي الاسىز، ونى كوپتەگەن ادامدار «قيىن» دەر، ءجون دەلىك، ءبىراق ءسىز ونى از-ازدان باستاۋىڭىزعا بولادى ەمەسپە، ال ول ادەت بولىپ كەتكەن سوڭ، ءسىز ونى تاستاي المايتىن بولاسىز، ول سىزگە رۋحاني كۇش بەرەدى، تانىمىزگە دە سولاي قۋات بەرەر. ايتۋعا ءتيىستى تاعى ءبىر ءىس، ورازا ەدى، ول دا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ امىرىنەن بولىپ، بۇل قۇلشىلىق جانعا قۋانىش سىيلاپ، تانىڭىزگە قۋات بەرەدى، رۋحانياتقا دا دەم بەرەدى.

ءسىز وسىلاردى ىستەگەن كەزىڭىزدە، ءسانىڭىز كىرىپ، ءومىرىڭىز ءماندى بولا تۇسەدى، «بۇل دۇنيەدە نە ءۇشىن ءجۇرمىن؟» دەپ ويلانىڭىز، كوپتەگەن ادامدار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردى نە ءۇشىن جاراتقانىن بىلمەيدى، ەگەر جاراتىلۋ سەبەبىڭىزدى بىلسەڭىز، ءسىز قۋانىپ، جاراتۋشىعا راحمەت ايتاتىن بولاسىز، ال بىلمەسەڭىز، ەش قۋانا الماي، باستان اقىر بۇل دۇنيەدە نە ىستەپ جۇرگەنىڭىزدى بىلە الماي دال بولاسىز، ول كەزدە، مۇمكىن ءسىز كوپتەگەن ىستەردى ىستەرسىز، ءبىراق ول سىزگە دە، وزگەلەرگە دە پايداسىز بولىپ شىقپاق، ال ءسىز ونى (اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ امىرلەرىن) ىستەي باستاعاندا، ءسىزدىڭ اينالاڭىزعا نۇر كەلەتىن بولادى، ينشاللا، بۇل نۇر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلەر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ونى تەك مۇميندەرگە عانا بەرەدى، الايدا ءمۇمين بولماعانداردا بۇل نۇر جوق. ءتىپتى وسى اراداعى كوپتەگەن شىركەۋ، سوبور نەمەسە باسقا جەرلەردە بولسىن، ولار (ىرىمداپ بولسا دا) قاسيەتتى ادامدارعا ارنايى جارىق شىراق قويىپ قويادى ەكەن، سوندىقتان بۇل تەك قيال عانا ەمەس، ول شىن نارسە، ەگەر كىم يمان كەلتىرۋشى بولماسا، ول تەك قاراڭعىلىققا عانا ءدوپ كەلمەك.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءۇشىنشى ءامىرى زەكەت بەرۋ بولماق، ول اقشاڭىزبەن بار دۇنيەلەرىڭىزدى تازارتادى، ونى بەرە ءبىلۋىڭىز دە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ راحىمىنان-ءدۇر، ەگەر ءار ادام زەكەت بەرسە، بايلىعى تازارار، ءبىز ءقازىر بەي-مۇسىلمان مەملەكەتتە ءجۇرمىز، ولاردى ايتپاعاندا، ەگەر بارلىق مۇسىلماندار زەكەتىن بەرەتىن بولسا، ول بۇكىل جەر جۇزىندەگى كەدەي ادامدارعا جەتكىلىكتى ەدى، ءبىراق ولار بەرمەي جاتىر، ال زەكەت از عانا سان، ءار جىلى وزىڭىزدە بار نارسەنىڭ 2.5% بولىگىن زەكەتكە شىعاراسىز، ەگەر ولار وسىلاي بەرسە، ول بارلىق كەدەيلەرگە جەتەر ەدى. وسى ەلدە (يتاليا) نەمەسە فرانسيا نەمەسە ەۆروپا ەلدەرىندە نە باسقا جەرلەردە بولسىن، المان-سالىق تولەيتىن ءتۇزىم بار، كەيدە ولار 50%، 70% سالىق تولەيدى، ەستىسەم كەيبىر جەرلەردە سالىق 80% ەكەن، ولار ادامداردان وسىنشاما كوپ المان-سالىق الادى، ءبىراق ونىڭ ەشتەڭەگە پايداسى تيمەيدى، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ولاردىڭ بۇنىسى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ امىرىنەن ەمەس، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءامىرى 2.5%، وسى جەتكىلىكتى بولماق، دەمەك ونىڭ بەرەكەسى بارلىق ادامعا تيەدى، مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ادامدارعا ارناعان ءبىر سىر، ءبىر حيكىمەتى، وندا «ماعان ازداعان ىستەردە باعىنساڭ بولعانى، ولار ساعان جەتكىلىكتى بولماق» دەگەن دانالىق جاتىر، الايدا ادامدار يمان كەلتىرۋشىلەردەن بولماعاندىقتان، بۇعان مۇلدەم قۇلاق اسپايدى.

تاعى ءبىر ءىس قاجىلىق بولماق، ول دا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان يمان كەلتىرۋشىلەردىڭ وزدەرىن تازارتۋلارى ءۇشىن بەرىلگەن زور سىي، كىمدە-كىم شىن ىقلاسپەن قاجىلىققا بارسا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «مەن ولاردى جاڭا تۋىلعان سابيدەي قابىل ەتىپ كەشىرەمىن» دەيدى، ول قيىن ءىس ەمەس، ءبىراق ءسىز ونى ىستەگەن كەزدە، شايتان ونى قاراماققا قيىن ءىس ەتىپ كورسەتۋى مۇمكىن، ال ونى اتقارىپ بولعان سوڭ، ونىڭ پايداسىن كورەتىن بولاسىز ...

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7145