ШЫҢҒЫС ҰРПАҒЫ ТҰҒЫЛЫҚ ТЕМІРДІ ИСЛАМҒА КІРГІЗГЕН СОПЫ МӘУЛӘНӘ ӘРШИДИН
https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7048
ШЫҢҒЫС ҰРПАҒЫ ТҰҒЫЛЫҚ ТЕМІРДІ ИСЛАМҒА КІРГІЗГЕН СОПЫ МӘУЛӘНӘ ӘРШИДИН
Тұғылық Темір Хан (1312-1363) (Шыңғысхан Шағатайдың 7- ұрпағы) жігіт кезінде әулие сопы Мәуләнә Әршидиннен ислам қабыл еткен соң, бүкіл моғылстан еліне ислам қабылдауды әмір етті, ол заманда қазіргі қытайдағы Құлжа өңірі (Іле Қазақ аймағы, қазірі қытайдағы Қазақтың жартысы сонда) шағатай, моғылстан елінің орталығы әрі жайлауы болған, Тұғылық Темір, Уәйіс Хандар қабыры да сол арада, Тұғылықтың ұлы атасы Барақхан 100 жыл бұрын Бұхарада ислам қабылдаған еді, Тұғылық Темір кезінде 160 мың моғол әскері шәшін алдырып, мұсылман болды, онан соң Тұғылық Құлжадан Бұхараға әскер аттандырып, онда сайрандап жүрген Әмір Темірді оңдырмай жеңеді, Әмір Темір Тұғылық Темірге бағынып, оның қол астына өтті, бұл Әмір Темірге орай жаратты, Тұғылық өлген соң Әмір Темір оның баласы Ілияс Қожаны аударып, билікке шықты, Темір Империясын құрды, Өзбектегі Жәнібекханмен Керейхан сол кездегі Өзбек ханы Әбілхайырханға қарсы боп, бір топ елді ертіп, Қазақ атанып бөлініп шыққанда, жер беріп, көмек еткен Есенбұқа осы Тұғылық Темірдің 6-ұрпағы еді, моғылстан әлсірегенде Қазақтар олардың біраз жерін басып алды, Тұғылық Темірдің мазары қазіргі қытай шыңжаңдағы Іле-Құлжа Қорғас ауданы Алмалы Қазақ ауылында, оның Уәйіс Хан, Алаш хан, Мәнсұр, Сейтхан сияқты ұрпақтары ислам дінін сібірмен тибет даласына дейін алып барды, Тұғылық Темірдің ұрпақтары қытайдағы Құмылда 1930-жылы ең соңғы рет хандық тақтарынан айырылды, олардың қытайдағы Құмыл хандығы билігін тоқтатты.
شىڭعىس ۇرپاعى تۇعىلىق تەمىردى يسلامعا كىرگىزگەن سوپى ءماۋلانا ءارشيدين
تۇعىلىق تەمىر حان (1312-1363) (شىڭعىسحان شاعاتايدىڭ 7- ۇرپاعى) جىگىت كەزىندە اۋليە سوپى ءماۋلانا ارشيديننەن يسلام قابىل ەتكەن سوڭ، بۇكىل موعىلستان ەلىنە يسلام قابىلداۋدى ءامىر ەتتى، ول زاماندا قازىرگى قىتايداعى قۇلجا ءوڭىرى (ىلە قازاق ايماعى، ءقازىرى قىتايداعى قازاقتىڭ جارتىسى سوندا) شاعاتاي، موعىلستان ەلىنىڭ ورتالىعى ءارى جايلاۋى بولعان، تۇعىلىق تەمىر، ءۋايىس حاندار قابىرى دا سول ارادا، تۇعىلىقتىڭ ۇلى اتاسى باراقحان 100 جىل بۇرىن بۇحارادا يسلام قابىلداعان ەدى، تۇعىلىق تەمىر كەزىندە 160 مىڭ موعول اسكەرى ءشاشىن الدىرىپ، مۇسىلمان بولدى، ونان سوڭ تۇعىلىق قۇلجادان بۇحاراعا اسكەر اتتاندىرىپ، وندا سايرانداپ جۇرگەن ءامىر تەمىردى وڭدىرماي جەڭەدى، ءامىر تەمىر تۇعىلىق تەمىرگە باعىنىپ، ونىڭ قول استىنا ءوتتى، بۇل ءامىر تەمىرگە وراي جاراتتى، تۇعىلىق ولگەن سوڭ ءامىر تەمىر ونىڭ بالاسى ءىلياس قوجانى اۋدارىپ، بيلىككە شىقتى، تەمىر يمپەرياسىن قۇردى، وزبەكتەگى جانىبەكحانمەن كەرەيحان سول كەزدەگى وزبەك حانى ءابىلحايىرحانعا قارسى بوپ، ءبىر توپ ەلدى ەرتىپ، قازاق اتانىپ ءبولىنىپ شىققاندا، جەر بەرىپ، كومەك ەتكەن ەسەنبۇقا وسى تۇعىلىق تەمىردىڭ 6-ۇرپاعى ەدى، موعىلستان السىرەگەندە قازاقتار ولاردىڭ ءبىراز جەرىن باسىپ الدى، تۇعىلىق تەمىردىڭ مازارى قازىرگى قىتاي شىڭجاڭداعى ىلە-قۇلجا قورعاس اۋدانى المالى قازاق اۋىلىندا، ونىڭ ءۋايىس حان، الاش حان، ءمانسۇر، سەيتحان سياقتى ۇرپاقتارى يسلام ءدىنىن سىبىرمەن تيبەت دالاسىنا دەيىن الىپ باردى، تۇعىلىق تەمىردىڭ ۇرپاقتارى قىتايداعى قۇمىلدا 1930-جىلى ەڭ سوڭعى رەت حاندىق تاقتارىنان ايىرىلدى، ولاردىڭ قىتايداعى قۇمىل حاندىعى بيلىگىن توقتاتتى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7048