You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Тәриқат пайғамбарға апаратын ең таза жол (2021.07.04)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=69

Тәриқат пайғамбарға апаратын ең таза жол (2021.07.04)

Аллаға шүкір, біздің сопылық тәриқат (жол) - мүбарак пайғамбарымыздың жолы, біздің бұл жол пайғамбарымызға барып тіреледі. Пайғамбарымыздың істеген әр ісі тариқатымыз үшін міндет болып саналады, тәриқаттың әдебімен ұстанар жолы осы. Тәриқат ішінде біз жасайтын әр күнгі құлшылықтар парыз, уәжіп, сүннет және нәфил құлшылықтардан келген, бұның барлығы пайғамбарымыздың жолында істелінген құлшылықтардан-дүр, аллаға шүкір. Бұл жол имандылықтың нағыз даңғыл жолы, мұсұлмандардың сара жолы, бұл жол екібеткейлердің немесе кәпірлердің жолы емес, не үшін бұлай дейміз? Себебі біз пайғамбарымыз Мұхаммад Мұстафа саллалаху әлейхиссалам істеп кеткен барлық істерді шамамыз келгенше істеуге тырысамыз, біз оның күллі сүннеттеріне еру арқылы оған еліктейміз.

Сондықтанда, бұл жолға ілескен адам еш ұтылмайды, қайта аса бір әдемі асыл жолға түсіп алған болады, бұл жол ақыры жақсылықпен тамамдайтын жол. Біздің әр күнгі құлшылықтарда, тәспихаттарда, киім киіністерде, жеп-ішуде және әр істерімізде мүмкіндігінше мүбарак пайғамбарымызға ұқсауға әрекет жасалынады, шамамыз келгенше пайғамбарымызға еліктеуге барынша құлшынамыз, иншалла. Ешбір міндетіміз пайғамбардың сүннетінен тысқары емес, барлығыда пайғамбарымыздың әдемі жолындағы сүннетпен парыздардан келген әрі хұлафа рашидұддиндардың жолы оның көшірмесі болып табылады. Кімде-кім дәл сол жолды үйренгісі-көшіргісі келсе, біздің тәриқатқа ерсін яғни ол осы нақшыбанды тәриқатына келсін, себебі бұл жол ешқашан адастырмайды, бұл жолдағы әрбір іс-әрекет мүбарак пайғамбарымыздың іс-әрекетімен мүлдем ұқсас. Бұл жолдағы ешнәрсе пайғамбарымыздың ісіне қарсы емес болып, пайғамбарымыздың еткен амалдарымен 100% сәйкес келеді. Тәспихат, әр күнгі амал, нәфил, сүннет бәріде пайғамбарымыздың қадамын дәл басып, оның ізіне еру үшін, оған ұқсау үшін жасалады.

Осы себептерге байланысты ешкімнің тәриқат жолындағы біздері «сендер кәпірсіңдер, бидағатшыларсың» деп айта алмайды, әгараки кімде-кімдер осыны айтса өздері бидағатшы болмақ. Бізді осылай деп атайтындар, ең алдымен пайғамбарымыздың мұсұлмандарды кәпір деп атауды харам еткенін білсін. Мүбарак пайғамбарымыз «кімде-кім мұсұлманды кәпір десе, оның өзі кәпір болады» деп өсиеттейді. Одан соң басқаларды бидағатшы деп айыптаушылар, ең соңында өздері бидағатшы болып шығады. Себебі олар өздерінің діндерін бұзып, иман-сенімдерін бүлдіріп алды. Аллаға шүкіршілік, біздер сенім (ақида) хақында Матуриди немесе Әшғари боламыз да, мазхаб хақында Ханафи, Шафиғи, Мәлики және Ханбалилардан болып келеміз, осы төрт мазхабқа сүйенеміз, бұл мазхабтардың барлығы Ахл-ұс-сұнна уал жамағаға жатады. Кейбір топтар Ханбалиға жатамыз дейді, бірақ Матуридимен Әшғариды қабыл етпей, теріске шығарады, нағыз бидаға жасаушылық дегеніміз осы болмақ, олар өз діндерін осылай бұзып алған, олар бейне төрт мазхабтан жекешеле бөлініп шығып алған бөлекше сынық мазхабқа ұқсап қалған. Кімде-кім айтылған бас имамдарды қабылдамаса, өздері бидағатшы болады, олар өздерінің селкеу сенімі, бұзылған діні бойынша бидағатта өмір сүреді. Олар өздерінің кішкентай ғана шектеулі санасымен аса шексіз ұлық алла тағаланы елестетеді, бұл олардың аса үлкен қателігі. Біз олардың бұл істеріне бола оларды шірік жасады немесе күпірлік етті дей алмаймыз, алайда бұл олардың айнытпай істеп, әбігер болып жүрген тірліктері.

Біздің мүбарак пайғамбарымыз алла тағаланың өзі жайында ой жүгіртуды үмбеттеріне харам еткен, шектеген. Ал олар Христандар немесе басқа сенімдегілердің істеп жүргендері сияқты істерді дәл аудырмай істеуге дейін батылдық етті, олар осыларға еліктеді, ұқсап бақты. Құдіретті алла тағаланы еш қорықпастан өз ойларындағыдай етіп көрсете салудан титтейде именбеді, ал осы айтылған нәрселер олардың өздері жар сала дүрілдетіп жүрген аталмыш аса үлкен бидағаттары болатұғын. Әйтпесе біздің мазхабымыз анық, ақидамыз анық, барлығыда мүбарак пайғамбарымыздың сап таза асыл жолы, біз сахабалармен хұлафа рашиддиндармен ұқсас жолдамыз, бұл жолды жалғасты ұстануда аса мол игілік жатыр, ол адамдарға көптеген берекелерді әкеледі. 

Алла тағала біздерді мүбарак жолдан еш таймай, оны берік ұстануымызға нәсіп етсін, иншалла, әрі алла тағала баршамызды адастырмасын. Басқа адасқандар адасты, сонымен бірге бұл адасқандар басқада көптеген адамдарды артына ертіп алып, оларды да өздерімен қоса адастырды және тура жолда жүргендерді де адастыруда. Олар бейне шайтан секілді, олар тіпті дұп-дұрыс жолмен келе жатқан бейбақтарды ақылды тәсілдерін жұмсап, екі-ақ минотта алжастырып жібереді, себебі олар шайтан.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.07.04, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

تاريقات پايعامبارعا اپاراتىن ەڭ تازا جول

اللاعا شۇكىر، ءبىزدىڭ سوپىلىق تاريقات (جول) - مۇباراك پايعامبارىمىزدىڭ جولى، ءبىزدىڭ بۇل جول پايعامبارىمىزعا بارىپ تىرەلەدى. پايعامبارىمىزدىڭ ىستەگەن ءار ءىسى تاريقاتىمىز ءۇشىن مىندەت بولىپ سانالادى، تاريقاتتىڭ ادەبىمەن ۇستانار جولى وسى. تاريقات ىشىندە ءبىز جاسايتىن ءار كۇنگى قۇلشىلىقتار پارىز، ءۋاجىپ، سۇننەت جانە ءنافيل قۇلشىلىقتاردان كەلگەن، بۇنىڭ بارلىعى پايعامبارىمىزدىڭ جولىندا ىستەلىنگەن قۇلشىلىقتاردان-ءدۇر، اللاعا شۇكىر. بۇل جول يماندىلىقتىڭ ناعىز داڭعىل جولى، مۇسۇلمانداردىڭ سارا جولى، بۇل جول ەكىبەتكەيلەردىڭ نەمەسە كاپىرلەردىڭ جولى ەمەس، نە ءۇشىن بۇلاي دەيمىز؟ سەبەبى ءبىز پايعامبارىمىز مۇحامماد مۇستافا ساللالاحۋ الەيحيسسالام ىستەپ كەتكەن بارلىق ىستەردى شامامىز كەلگەنشە ىستەۋگە تىرىسامىز، ءبىز ونىڭ كۇللى سۇننەتتەرىنە ەرۋ ارقىلى وعان ەلىكتەيمىز.

سوندىقتاندا، بۇل جولعا ىلەسكەن ادام ەش ۇتىلمايدى، قايتا اسا ءبىر ادەمى اسىل جولعا ءتۇسىپ العان بولادى، بۇل جول اقىرى جاقسىلىقپەن تامامدايتىن جول. ءبىزدىڭ ءار كۇنگى قۇلشىلىقتاردا، ءتاسپيحاتتاردا، كيىم كيىنىستەردە، جەپ-ىشۋدە جانە ءار ىستەرىمىزدە مۇمكىندىگىنشە مۇباراك پايعامبارىمىزعا ۇقساۋعا ارەكەت جاسالىنادى، شامامىز كەلگەنشە پايعامبارىمىزعا ەلىكتەۋگە بارىنشا قۇلشىنامىز، ينشاللا. ەشبىر مىندەتىمىز پايعامباردىڭ سۇننەتىنەن تىسقارى ەمەس، بارلىعىدا پايعامبارىمىزدىڭ ادەمى جولىنداعى سۇننەتپەن پارىزداردان كەلگەن ءارى حۇلافا راشيدۇددينداردىڭ جولى ونىڭ كوشىرمەسى بولىپ تابىلادى. كىمدە-كىم ءدال سول جولدى ۇيرەنگىسى-كوشىرگىسى كەلسە، ءبىزدىڭ تاريقاتقا ەرسىن ياعني ول وسى ناقشىباندى تاريقاتىنا كەلسىن، سەبەبى بۇل جول ەشقاشان اداستىرمايدى، بۇل جولداعى ءاربىر ءىس-ارەكەت مۇباراك پايعامبارىمىزدىڭ ءىس-ارەكەتىمەن مۇلدەم ۇقساس. بۇل جولداعى ەشنارسە پايعامبارىمىزدىڭ ىسىنە قارسى ەمەس بولىپ، پايعامبارىمىزدىڭ ەتكەن امالدارىمەن 100% سايكەس كەلەدى. ءتاسپيحات، ءار كۇنگى امال، ءنافيل، سۇننەت بارىدە پايعامبارىمىزدىڭ قادامىن ءدال باسىپ، ونىڭ ىزىنە ەرۋ ءۇشىن، وعان ۇقساۋ ءۇشىن جاسالادى.

وسى سەبەپتەرگە بايلانىستى ەشكىمنىڭ تاريقات جولىنداعى بىزدەرى «سەندەر كاپىرسىڭدەر، بيداعاتشىلارسىڭ» دەپ ايتا المايدى، اگاراكي كىمدە-كىمدەر وسىنى ايتسا وزدەرى بيداعاتشى بولماق. ءبىزدى وسىلاي دەپ اتايتىندار، ەڭ الدىمەن پايعامبارىمىزدىڭ مۇسۇلمانداردى كاپىر دەپ اتاۋدى حارام ەتكەنىن ءبىلسىن. مۇباراك پايعامبارىمىز «كىمدە-كىم مۇسۇلماندى كاپىر دەسە، ونىڭ ءوزى كاپىر بولادى» دەپ وسيەتتەيدى. ودان سوڭ باسقالاردى بيداعاتشى دەپ ايىپتاۋشىلار، ەڭ سوڭىندا وزدەرى بيداعاتشى بولىپ شىعادى. سەبەبى ولار وزدەرىنىڭ دىندەرىن بۇزىپ، يمان-سەنىمدەرىن ءبۇلدىرىپ الدى. اللاعا شۇكىرشىلىك، بىزدەر سەنىم (اقيدا) حاقىندا ماتۋريدي نەمەسە اشعاري بولامىز دا، مازحاب حاقىندا حانافي، شافيعي، ماليكي جانە حانباليلاردان بولىپ كەلەمىز، وسى ءتورت مازحابقا سۇيەنەمىز، بۇل مازحابتاردىڭ بارلىعى احل-ۇس-سۇننا ۋال جاماعاعا جاتادى. كەيبىر توپتار حانباليعا جاتامىز دەيدى، بىراق ماتۋريديمەن اشعاريدى قابىل ەتپەي، تەرىسكە شىعارادى، ناعىز بيداعا جاساۋشىلىق دەگەنىمىز وسى بولماق، ولار ءوز دىندەرىن وسىلاي بۇزىپ العان، ولار بەينە ءتورت مازحابتان جەكەشەلە ءبولىنىپ شىعىپ العان بولەكشە سىنىق مازحابقا ۇقساپ قالعان. كىمدە-كىم ايتىلعان باس يمامداردى قابىلداماسا، وزدەرى بيداعاتشى بولادى، ولار وزدەرىنىڭ سەلكەۋ سەنىمى، بۇزىلعان ءدىنى بويىنشا بيداعاتتا ءومىر سۇرەدى. ولار وزدەرىنىڭ كىشكەنتاي عانا شەكتەۋلى ساناسىمەن اسا شەكسىز ۇلىق اللا تاعالانى ەلەستەتەدى، بۇل ولاردىڭ اسا ۇلكەن قاتەلىگى. ءبىز ولاردىڭ بۇل ىستەرىنە بولا ولاردى شىرىك جاسادى نەمەسە كۇپىرلىك ەتتى دەي المايمىز، الايدا بۇل ولاردىڭ اينىتپاي ىستەپ، ابىگەر بولىپ جۇرگەن تىرلىكتەرى.

ءبىزدىڭ مۇباراك پايعامبارىمىز اللا تاعالانىڭ ءوزى جايىندا وي جۇگىرتۋدى ۇمبەتتەرىنە حارام ەتكەن، شەكتەگەن. ال ولار حريستاندار نەمەسە باسقا سەنىمدەگىلەردىڭ ىستەپ جۇرگەندەرى سياقتى ىستەردى ءدال اۋدىرماي ىستەۋگە دەيىن باتىلدىق ەتتى، ولار وسىلارعا ەلىكتەدى، ۇقساپ باقتى. قۇدىرەتتى اللا تاعالانى ەش قورىقپاستان ءوز ويلارىنداعىداي ەتىپ كورسەتە سالۋدان تيتتەيدە يمەنبەدى، ال وسى ايتىلعان نارسەلەر ولاردىڭ وزدەرى جار سالا دۇرىلدەتىپ جۇرگەن اتالمىش اسا ۇلكەن بيداعاتتارى بولاتۇعىن. ايتپەسە ءبىزدىڭ مازحابىمىز انىق، اقيدامىز انىق، بارلىعىدا مۇباراك پايعامبارىمىزدىڭ ساپ تازا اسىل جولى، ءبىز ساحابالارمەن حۇلافا راشيدديندارمەن ۇقساس جولدامىز، بۇل جولدى جالعاستى ۇستانۋدا اسا مول يگىلىك جاتىر، ول ادامدارعا كوپتەگەن بەرەكەلەردى اكەلەدى.

اللا تاعالا بىزدەردى مۇباراك جولدان ەش تايماي، ونى بەرىك ۇستانۋىمىزعا ءناسىپ ەتسىن، ينشاللا، ءارى اللا تاعالا بارشامىزدى اداستىرماسىن. باسقا اداسقاندار اداستى، سونىمەن بىرگە بۇل اداسقاندار باسقادا كوپتەگەن ادامداردى ارتىنا ەرتىپ الىپ، ولاردى دا وزدەرىمەن قوسا اداستىردى جانە تۋرا جولدا جۇرگەندەردى دە اداستىرۋدا. ولار بەينە شايتان سەكىلدى، ولار ءتىپتى دۇپ-دۇرىس جولمەن كەلە جاتقان بەيباقتاردى اقىلدى تاسىلدەرىن جۇمساپ، ەكى-اق مينوتتا الجاستىرىپ جىبەرەدى، سەبەبى ولار شايتان.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
2021.07.04، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=69