You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: нағыз білім әулиелерде, соны үйрен (2023.05.20, 30 Шаууал 1444)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6815
Сұхбат: нағыз білім әулиелерде, соны үйрен (2023.05.20, 30 Шаууал 1444)
Канада, Исламбол (Стамбул), Түркия

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бисмиллахир рахманир рахим, «فَإِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُتَّقِينَ» (расында, Ол Одан қорқатындарды сүйеді) (құран 03:76). Алла Әззә уә-Жәллә Оған риза болғандарды, Алла Жәллә Жәләлуху жақсы көрмейтін немесе сүймейтін істерді істеуден қорқатындарды сүйеді, міне бұл «Оның мұтақиндарына аса мейірімді» деген сөзінің мәні, себебі олар Алла Жәллә Жәләлухудың құлдары екендігін және Алла Жәллә Жәләлухудың барлығын білуші екендігін біледі, сол үшін, Алла Жәллә Жәләлуху әрдайым Алла Жәллә Жәләлухуды біліп, еске алып жүретін осы адамдарды сүйеді. Зікір дегеніміз еске алу, Алла Жәллә Жәләлухуды еске алып жүру болмақ, Алла Әззә уә-Жәллә мәлім іс қылғанда Алла Жәллә Жәләлуху оның ісін көріп тұрғандығын білетін құлын, жаман-кесірлі істерді істеуден сақсынатын құлын сүйеді.

Алла Әззә уә-Жәллә «إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ ٱلْكَـٰفِرِينَ» (расында, Алла кәпірлерді жақсы көрмейді) (құран 03:32) дейді, демек, Алла Жәллә Жәләлуху капірді ұнатпас, капір дегеніміз не? Алла Жәллә Жәләлухуға сенбейтін әрі Оны қабыл етпейтін, сонымен бірге бар жамандықты істейтін иман келтірмеген адам, кәпірлер кейде көрер көзге жақсы іс қылып жатқандай көрінгенімен, егер олардың ниеттері жақсы болмаса, ең соңында істегендері жамандыққа айналмақ, жақсы болмайды, себебі олардың іс қылудағы ниеттері өз нәпсілері үшін еді.

Әрбір істе ниетіміз Алла Әззә уә-Жәллә үшін, Оның ризалғы үшін болу керек, сопылық тәриқаттың үйрететіні міне осы, әр сиконд, әр минот сайын не істеп жатқан болсаңыз да, ол ісіңіз Алла Жәллә Жәләлуху үшін, Оның ризалығы үшін болу керек, істеген әрбір ісіңізде осылай болуы тиіс, сонда сіздің өміріңіз берекеге, сауапқа, нұрға толатын болады әрі сіз бағы зор тәлейлі жан боласыз, ал тәлейсіз жандар дегеніміз жаман іс істейтін адамдар, олар «біз қызыққа батып жүрміз» деп ойлар, бірақ ақиқатында, олар әр сәтте күнәға батып, хәлдері нашарлауда, тіпті де терең қараңғылықтарға шөгуде, тіпті де көп көңілсіздіктерге кіріптар болуда. Сіз отты бензинмен өшіре алмайсыз, ал сіз отқа бензин құйған сайын, өрт онан арман зорая бермек, тіпті де асқындай бермек, бұл отты өшіру үшін су құйуыңыз керек, демек, су өмір береді, демек, отқа қарсы нәрсені қойып өшіресіз, май құйып өртті онан арман үлкейітпейсіз. Әр жолы сіз күнә немесе жаман іс істегенде, сіздегі қараңғылық онан арман арта бермек, Алла Жәллә Жәләлуху мына дүниеде адам баласын жаман істермен бақыт-қуаныш таба алмайтын етіп қойған, ал бұнда келер өміріміз үшін жақсы істерді істеу тіпті де маңызды болмақ. Мүмкін, мына өмірде сіз мазасыз немесе көңілсіз өтерсіз, бірақ сіз қайтыс болғанда, оның барлығы бітеді, сонан соң нағыз өмір келеді, сондықтан, осыбір келер өмірге жақсы дайындықтар жасап кетуіңіз керек.

Бүгін біз бір мүзейге бардық, Торонтодағы сарайларды айналып көрдік, ол сарайлар 200 не 300 жыл алдында салынған болуы мүмкін, онда тұрғандар, мүмкін, генерал, әскер, үкімет басшысы, ханзада, ханша, піремер министірлер болар, бірақ олардың барлығы осы өмірге келді де, кетіп қалды, ал сонда олар не тапты? ештеңе тапқан жоқ, бар болғаны сонда ілінген олардың суреттері ғана қалды, тағы басқа бір мүзейге бардық, онда жануарлар бар екен, олар «мына жануар осыдан бәлем милион жыл бұрын жасаған» дейді, Алла Әззә уә-Жәллә жаратушы-дүр, Ол не жаратады, сіздер оны өз ой-қиялдарыңызбен біле алмайсыздар, Оның білімімен хикіметі шексіз, тіпті біз Алла Жәллә Жәләлухудың білімі хақында «шексіз» деген сөзді қолданудың өзі аздық етеді, себебі сіз «шексіз» десеңіз де, Оған шектілік қойған боласыз.

Сүбхан-Алла, олар «біз милиондаған жылдың алдындағы жануарды тауып алдық» дейді. «عَلَّمَ ٱلْإِنسَـٰنَ مَا لَمْ يَعْلَمْ» (адамға ол білмейтін білім үйреттік) (құран 96:05), Алла Жәллә Жәләлуху адамдарға өткен-кеткенді білдіру үшін білім береді, кейбір адамдар «бұл жануар рас бар болған» десе, кейбірі «ол болмаған» дейді, бірақ бұнда маңыздысы ондағы хикімет болмақ, себебі Алла Әззә уә-Жәллә мекен және уақытты жаратты, алайда Алла Әззә уә-Жәллә үшін мекен және уақыт болмайды, ал адамдар үшін бұл милиондаған жылдар Алла Жәллә Жәләлухудың құдіретін көрсетеді. Біздің өміріміз Адам әлейхис-салам атадан бастап қазірге дейін жалғасып келеді, ол бірнеше мың (7000~8000 жыл айналасы) жыл ғана, ал ол милион жылға салыстырғанда түкке тұрмайды, біздің өмір Адам әлейхис-саламнан бүгінгі күнге дейін ғана, осылай бола тұра, адамдар өздерін бірдеңе тындырып жүргендей көреді, жоқ, олай емес.

Одан соң, біз олар Мысырдан алып келген адамдардың денесін көрдік, олар осында қойылыпты, ал барған ел-жұрт оларға тесіле қарап тұр, бірақ олар оған қызық үшін немесе жәй саяхат үшін қарап кетіп қана қалмай, одан бірдеңе үйреніп қайтуы керек, сіз бір жерге барсаңыз, одан хикімет алыңыз, білім алыңыз, бұл өлі адамдар да кезінде біз сияқты адам болған, олар өмірге келді, барлығын істеді, одан соң кетіп қалды, ал қазір кейінгі адамдар олардың өлігін бұнда көргізбеге қойып, жұртқа көрсетіп жатыр. Бұнда маңыздысы Алла Жәллә Жәләлухумен бірге болу болмақ, себебі ешбір адам өзімен ештеңені алып кете алмайды, әнеу Ферғауын да сол, адамдар олардың қабырын қазып, оның өлігін ел-жұрттың қарап көрулері үшін көргізбеге қойып қойды.

Сондықтан, бұндағы маңыздысы өміріңізді жоғалтып алмау болмақ, егер сіздің өміріңіз жақсы істерге толы болса, Алла Жәллә Жәләлуху сізге риза болады, ал керісінше болса, сіз осы көргізбеге қойылған адамдар сияқты болып қаласыз, бұндайда сіз өзіңізге де, өзгеге де пайдасы жоқ біреу болмақсыз, Алла Жәллә Жәләлуху барлық нәрселерден бізге хикіметтерін көрсетіп жатыр. Бисмиллахир рахманир рахим, «يُؤْتِى ٱلْحِكْمَةَ مَن يَشَآءُ ۚ وَمَن يُؤْتَ ٱلْحِكْمَةَ فَقَدْ أُوتِىَ خَيْرًا كَثِيرً» (Ол қалағанына хикімет береді, ал кімге хикімет берілсе, расында, оған көп жақсылық берілген болмақ) (құран 02:269) делінеді, Алла Әззә уә-Жәллә кімге қаласа, оған хикімет береді, ал бұл хикіметке кім ие болса, оған Алла Жәллә Жәләлухудан зор нығыметке ие болады әрі жақсылыққа жетпек.

Біз қиын кезде өмір сүріп жатырмыз, әр жерде адамдар бұрын ешкім істеп көрмеген күнәларды істеп жатыр, 20 жыл бұрын олар оны істей алмаушы еді, 30, 40 жыл бұрын бұларды істеу өте қиын болатұғын, бірақ қазір біз Алла Әззә уә-Жәллә жақсы көрмейтін істі істеу өте оңай заманда өмір сүріп жатырмыз. Біз Алла Әззә уә-Жәллә мүмкіндігінше бойұсынуымыз керек, себебі игі істің істелуі қиындаған сайын оған Алла Әззә уә-Жәлләдан берілетін сауапта мол бола бермек.

Қазіргі заман сауда жасайтын заман, бірақ дүние үшін емес, ақиретіңіз үшін сауда жасайсыз, өз қалаулары немесе нәпсі қалаулары бойынша фатуа беретін адамдарға құлақ салмаңыз да, шын мүршит, нағыз пір кісі іздеңіз. Егер сіз Мәуләнә Шайық Назымды көрген болсаңыз, әлхамдулилла болсын, бірақ сіз Мәуләнәға кездеспеген болсаңыз да, оның оқу-білімдері, сұхбаттары бүкіл жерде бар, әлхамдулилла. Бұрын олар кітаптарда жазылған болатын, ол кітаптар батысқа, шығысқа кеңінен тарап, көптеген адамдарды исламға, хидаятқа әкелді, ал қазір оның сабақ-сұхбаттары интернетте жүр, сіз оған еруіңізге болады, себебі ол нағыз білім беріп жатыр, ол ақиқатты беруде, адамдарға бір-бірін жек көрмеуді үйретуде, жоқ, оның сұхбаттарында ең әуелі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды, оның әулетін (ахлул бәйттер), сахабаларды және әулиелерді құрметтеумен сүйуді үйретеді, ол ешқашан жек көрісуді үйретпеген, себебі көптеген адамдар «біз тәриқатқа ереміз» дер, бірақ дұрыс болмаған нәрселерді айтады, олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам, сахабалар, ахлул байіт немесе әулиелер жәйлі қате сөздер айтып жүр.

Сондықтан, Мәуләнәның үйреткендері аса маңызды, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам әр заманда да үмбетін үйретіп келеді, ол адамдарға бір-бірін сүйуді үйретуде, ал Алла Әззә уә-Жәллә да құран әзму-шанда «لَوْ أَنفَقْتَ مَا فِى ٱلْأَرْضِ جَمِيعًا مَّآ أَلَّفْتَ بَيْنَ قُلُوبِهِمْ» (егер сен жер жүзіндегі барлық нәрселерді жұмсасаң да, олардың жүректерін бір қыла алмайсың) (құран 08:63) дейді, демек, сіз бүкіл ақшамен алтынды осы адамдарға берсеңіз де, оларды бір ете алмайсыз, ол мүмкін емес, бірақ Алла Жәллә Жәләлуху оларға бір-бірін сүйдіре алады, одан соң пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам оларға риза болмақ, бір-бірін сүйгендер бір-бірін жек көрмейді, бірақ кейбір адамдар мұсылмандарды ұқсатпай, бөліп жарып, оларды өзара өштестіруде, ал бұл Мәуләнәның үйреткені емес, әрине, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам ондай нәрсе үйретпеген.

Машайықтармен бірге болғандар, олардың үйреткендеріне еруі керек және олардың айтқанын қабыл етуі керек, әрине, олардың айтқанына кейде ере алмайсыз, бірақ бұнда пайғамбарымыздың сахабаларын, әхлул бәйіттерді, әсіресе, мұсылман үмбетінің имамдарын, тәриқат имамдарын сүйу керек, біз олардың барлығына қарсы келуімізге болмайды, бұл аса маңызды тақырып болмақ.

Ел-жұрт Мәуләнәдан пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан кейін сахабалар арасында болған іс-уақиғалар жәйлі көп сұраушы еді, бірақ ол бұндай сұрақты естігісі келмейін, оған риза емес-ті, осындай кезде ол «олар арыстан болғандықтан, бір-бірімен алысқан, ал біз ит сияқтымыз, олардың арасындағы істе не шаруамыз бар!» деп, ондай тақырыпты дереу жауып тастайтын, ол хақында Алла Әззә уә-Жәлләмен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам барлығын біледі, демек, сіз өзіңізге қарауыңыз керек, әмір етілмеген іске бас сұғып, көңіл салмаңыз, себебі, сіз ол тақырыпты түсініп бола алмайсыз, бұндай тақырыпты қоя тұралық, бұнда сіздің өзіңізге қатсысты істеуге тиісті тақырыптар толып жатыр, ал сіз осы өз тақырыптарыңызды істеп, әбігер болсаңыз, өзіңіздің қателік ішінде жүргендігіңізді байқайтын боласыз әрі сол үшін Алла Жәллә Жәләлухудан ғапу-кешірім сұрайтын боласыз, иншалла.

Алла Жәллә Жәләлуху бізді кешіргей, барлығымызды кешіргей, Ол бізді Өзі сүйгендей, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам сүйгендей, Мәуләнә сүйгендей жандардан еткей. Әлхамдулилла, Мәуләнәның кереметі үздіксіз жалғасып келеді, бұл жақты білмедім, көптеген адамдар Мәуләнәны түстерінде көргенін айтар, біз осындай кісілерге көп жолықтық, олардың кейбірі бей-мұсылман еді, соңыра олар мұсылман болды, Мәуләнә оларға (түсінде) «бар, шәхада айт» деп айтқан, ал кейбір адамдарға «дергаға бар, тәриқатқа кір» деп айтыпты, бұлар бізге қалыпты іс болып кеткен, егер мәлім адам бұндай сөзді айтса, біз оған еш таңданбаймыз.

Біз Мәуләнәның оларды бізге жібергенін білеміз, сондықтан, біз оның берген медетіне, химмасына және кереметіне рахмет айтамыз, себебі біз ештеңе де емеспіз, осы адамдардың барлығы оның берекесімен келген, егер бұнда әулиелердің берекесі болмаса, біз бір адамды да хидаятқа әкеле алмаймыз, иман бере алмаймыз, Алла Жәллә Жәләлуху Мәуләнәны әрдайым қасымызда, басымызда еткей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw



سۇحبات: ناعىز ءبىلىم اۋليەلەردە، سونى ۇيرەن (2023.05.20، 30 شاۋۋال 1444)
كانادا، يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بيسميللاحير راحمانير راحيم، «فَإِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُتَّقِينَ» (راسىندا، ول ودان قورقاتىنداردى سۇيەدى) (قۇران 03:76). اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وعان ريزا بولعانداردى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ جاقسى كورمەيتىن نەمەسە سۇيمەيتىن ىستەردى ىستەۋدەن قورقاتىنداردى سۇيەدى، مىنە بۇل «ونىڭ مۇتاقيندارىنا اسا مەيىرىمدى» دەگەن ءسوزىنىڭ ءمانى، سەبەبى ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قۇلدارى ەكەندىگىن جانە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ بارلىعىن ءبىلۋشى ەكەندىگىن بىلەدى، سول ءۇشىن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءاردايىم اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى ءبىلىپ، ەسكە الىپ جۇرەتىن وسى ادامداردى سۇيەدى. زىكىر دەگەنىمىز ەسكە الۋ، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى ەسكە الىپ ءجۇرۋ بولماق، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءمالىم ءىس قىلعاندا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ونىڭ ءىسىن كورىپ تۇرعاندىعىن بىلەتىن قۇلىن، جامان-كەسىرلى ىستەردى ىستەۋدەن ساقسىناتىن قۇلىن سۇيەدى.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ ٱلْكَـٰفِرِينَ» (راسىندا، اللا كاپىرلەردى جاقسى كورمەيدى) (قۇران 03:32) دەيدى، دەمەك، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ كاپىردى ۇناتپاس، كاپىر دەگەنىمىز نە؟ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا سەنبەيتىن ءارى ونى قابىل ەتپەيتىن، سونىمەن بىرگە بار جاماندىقتى ىستەيتىن يمان كەلتىرمەگەن ادام، كاپىرلەر كەيدە كورەر كوزگە جاقسى ءىس قىلىپ جاتقانداي كورىنگەنىمەن، ەگەر ولاردىڭ نيەتتەرى جاقسى بولماسا، ەڭ سوڭىندا ىستەگەندەرى جاماندىققا اينالماق، جاقسى بولمايدى، سەبەبى ولاردىڭ ءىس قىلۋداعى نيەتتەرى ءوز ناپسىلەرى ءۇشىن ەدى.

ءاربىر ىستە نيەتىمىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن، ونىڭ ريزالعى ءۇشىن بولۋ كەرەك، سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ ۇيرەتەتىنى مىنە وسى، ءار سيكوند، ءار مينوت سايىن نە ىستەپ جاتقان بولساڭىز دا، ول ءىسىڭىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن، ونىڭ ريزالىعى ءۇشىن بولۋ كەرەك، ىستەگەن ءاربىر ىسىڭىزدە وسىلاي بولۋى ءتيىس، سوندا ءسىزدىڭ ءومىرىڭىز بەرەكەگە، ساۋاپقا، نۇرعا تولاتىن بولادى ءارى ءسىز باعى زور تالەيلى جان بولاسىز، ال تالەيسىز جاندار دەگەنىمىز جامان ءىس ىستەيتىن ادامدار، ولار «ءبىز قىزىققا باتىپ ءجۇرمىز» دەپ ويلار، ءبىراق اقيقاتىندا، ولار ءار ساتتە كۇناعا باتىپ، حالدەرى ناشارلاۋدا، ءتىپتى دە تەرەڭ قاراڭعىلىقتارعا شوگۋدە، ءتىپتى دە كوپ كوڭىلسىزدىكتەرگە كىرىپتار بولۋدا. ءسىز وتتى بەنزينمەن وشىرە المايسىز، ال ءسىز وتقا بەنزين قۇيعان سايىن، ءورت ونان ارمان زورايا بەرمەك، ءتىپتى دە اسقىنداي بەرمەك، بۇل وتتى ءوشىرۋ ءۇشىن سۋ قۇيۋىڭىز كەرەك، دەمەك، سۋ ءومىر بەرەدى، دەمەك، وتقا قارسى نارسەنى قويىپ وشىرەسىز، ماي قۇيىپ ءورتتى ونان ارمان ۇلكەيىتپەيسىز. ءار جولى ءسىز كۇنا نەمەسە جامان ءىس ىستەگەندە، سىزدەگى قاراڭعىلىق ونان ارمان ارتا بەرمەك، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ مىنا دۇنيەدە ادام بالاسىن جامان ىستەرمەن باقىت-قۋانىش تابا المايتىن ەتىپ قويعان، ال بۇندا كەلەر ءومىرىمىز ءۇشىن جاقسى ىستەردى ىستەۋ ءتىپتى دە ماڭىزدى بولماق. مۇمكىن، مىنا ومىردە ءسىز مازاسىز نەمەسە كوڭىلسىز وتەرسىز، ءبىراق ءسىز قايتىس بولعاندا، ونىڭ بارلىعى بىتەدى، سونان سوڭ ناعىز ءومىر كەلەدى، سوندىقتان، ءوسىبىر كەلەر ومىرگە جاقسى دايىندىقتار جاساپ كەتۋىڭىز كەرەك.

بۇگىن ءبىز ءبىر مۇزەيگە باردىق، تورونتوداعى سارايلاردى اينالىپ كوردىك، ول سارايلار 200 نە 300 جىل الدىندا سالىنعان بولۋى مۇمكىن، وندا تۇرعاندار، مۇمكىن، گەنەرال، اسكەر، ۇكىمەت باسشىسى، حانزادا، حانشا، پىرەمەر مينيستىرلەر بولار، ءبىراق ولاردىڭ بارلىعى وسى ومىرگە كەلدى دە، كەتىپ قالدى، ال سوندا ولار نە تاپتى؟ ەشتەڭە تاپقان جوق، بار بولعانى سوندا ىلىنگەن ولاردىڭ سۋرەتتەرى عانا قالدى، تاعى باسقا ءبىر مۇزەيگە باردىق، وندا جانۋارلار بار ەكەن، ولار «مىنا جانۋار وسىدان بالەم ميليون جىل بۇرىن جاساعان» دەيدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاراتۋشى-ءدۇر، ول نە جاراتادى، سىزدەر ونى ءوز وي-قيالدارىڭىزبەن بىلە المايسىزدار، ونىڭ بىلىمىمەن حيكىمەتى شەكسىز، ءتىپتى ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءبىلىمى حاقىندا «شەكسىز» دەگەن ءسوزدى قولدانۋدىڭ ءوزى ازدىق ەتەدى، سەبەبى ءسىز «شەكسىز» دەسەڭىز دە، وعان شەكتىلىك قويعان بولاسىز.

ءسۇبحان-اللا، ولار «ءبىز ميليونداعان جىلدىڭ الدىنداعى جانۋاردى تاۋىپ الدىق» دەيدى. «عَلَّمَ ٱلْإِنسَـٰنَ مَا لَمْ يَعْلَمْ» (ادامعا ول بىلمەيتىن ءبىلىم ۇيرەتتىك) (قۇران 96:05)، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ادامدارعا وتكەن-كەتكەندى ءبىلدىرۋ ءۇشىن ءبىلىم بەرەدى، كەيبىر ادامدار «بۇل جانۋار راس بار بولعان» دەسە، كەيبىرى «ول بولماعان» دەيدى، ءبىراق بۇندا ماڭىزدىسى ونداعى حيكىمەت بولماق، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مەكەن جانە ۋاقىتتى جاراتتى، الايدا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن مەكەن جانە ۋاقىت بولمايدى، ال ادامدار ءۇشىن بۇل ميليونداعان جىلدار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قۇدىرەتىن كورسەتەدى. ءبىزدىڭ ءومىرىمىز ادام الەيحيس-سالام اتادان باستاپ قازىرگە دەيىن جالعاسىپ كەلەدى، ول بىرنەشە مىڭ (7000~8000 جىل اينالاسى) جىل عانا، ال ول ميليون جىلعا سالىستىرعاندا تۇككە تۇرمايدى، ءبىزدىڭ ءومىر ادام الەيحيس-سالامنان بۇگىنگى كۇنگە دەيىن عانا، وسىلاي بولا تۇرا، ادامدار وزدەرىن بىردەڭە تىندىرىپ جۇرگەندەي كورەدى، جوق، ولاي ەمەس.

ودان سوڭ، ءبىز ولار مىسىردان الىپ كەلگەن ادامداردىڭ دەنەسىن كوردىك، ولار وسىندا قويىلىپتى، ال بارعان ەل-جۇرت ولارعا تەسىلە قاراپ تۇر، ءبىراق ولار وعان قىزىق ءۇشىن نەمەسە ءجاي ساياحات ءۇشىن قاراپ كەتىپ قانا قالماي، ودان بىردەڭە ۇيرەنىپ قايتۋى كەرەك، ءسىز ءبىر جەرگە بارساڭىز، ودان حيكىمەت الىڭىز، ءبىلىم الىڭىز، بۇل ءولى ادامدار دا كەزىندە ءبىز سياقتى ادام بولعان، ولار ومىرگە كەلدى، بارلىعىن ىستەدى، ودان سوڭ كەتىپ قالدى، ال ءقازىر كەيىنگى ادامدار ولاردىڭ ولىگىن بۇندا كورگىزبەگە قويىپ، جۇرتقا كورسەتىپ جاتىر. بۇندا ماڭىزدىسى اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن بىرگە بولۋ بولماق، سەبەبى ەشبىر ادام وزىمەن ەشتەڭەنى الىپ كەتە المايدى، انەۋ فەرعاۋىن دا سول، ادامدار ولاردىڭ قابىرىن قازىپ، ونىڭ ولىگىن ەل-جۇرتتىڭ قاراپ كورۋلەرى ءۇشىن كورگىزبەگە قويىپ قويدى.

سوندىقتان، بۇنداعى ماڭىزدىسى ءومىرىڭىزدى جوعالتىپ الماۋ بولماق، ەگەر ءسىزدىڭ ءومىرىڭىز جاقسى ىستەرگە تولى بولسا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزگە ريزا بولادى، ال كەرىسىنشە بولسا، ءسىز وسى كورگىزبەگە قويىلعان ادامدار سياقتى بولىپ قالاسىز، بۇندايدا ءسىز وزىڭىزگە دە، وزگەگە دە پايداسى جوق بىرەۋ بولماقسىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بارلىق نارسەلەردەن بىزگە حيكىمەتتەرىن كورسەتىپ جاتىر. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «يُؤْتِى ٱلْحِكْمَةَ مَن ءيَشَآُ ۚ وَمَن يُؤْتَ ٱلْحِكْمَةَ فَقَدْ أُوتِىَ خَيْرًا كَثِيرً» (ول قالاعانىنا حيكىمەت بەرەدى، ال كىمگە حيكىمەت بەرىلسە، راسىندا، وعان كوپ جاقسىلىق بەرىلگەن بولماق) (قۇران 02:269) دەلىنەدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا كىمگە قالاسا، وعان حيكىمەت بەرەدى، ال بۇل حيكىمەتكە كىم يە بولسا، وعان اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان زور نىعىمەتكە يە بولادى ءارى جاقسىلىققا جەتپەك.

ءبىز قيىن كەزدە ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ءار جەردە ادامدار بۇرىن ەشكىم ىستەپ كورمەگەن كۇنالاردى ىستەپ جاتىر، 20 جىل بۇرىن ولار ونى ىستەي الماۋشى ەدى، 30، 40 جىل بۇرىن بۇلاردى ىستەۋ وتە قيىن بولاتۇعىن، ءبىراق ءقازىر ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاقسى كورمەيتىن ءىستى ىستەۋ وتە وڭاي زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز. ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مۇمكىندىگىنشە بويۇسىنۋىمىز كەرەك، سەبەبى يگى ءىستىڭ ىستەلۋى قيىنداعان سايىن وعان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بەرىلەتىن ساۋاپتا مول بولا بەرمەك.

قازىرگى زامان ساۋدا جاسايتىن زامان، ءبىراق دۇنيە ءۇشىن ەمەس، اقيرەتىڭىز ءۇشىن ساۋدا جاسايسىز، ءوز قالاۋلارى نەمەسە ءناپسى قالاۋلارى بويىنشا فاتۋا بەرەتىن ادامدارعا قۇلاق سالماڭىز دا، شىن ءمۇرشيت، ناعىز ءپىر كىسى ىزدەڭىز. ەگەر ءسىز ءماۋلانا شايىق نازىمدى كورگەن بولساڭىز، ءالحامدۋليللا بولسىن، ءبىراق ءسىز ءماۋلاناعا كەزدەسپەگەن بولساڭىز دا، ونىڭ وقۋ-بىلىمدەرى، سۇحباتتارى بۇكىل جەردە بار، ءالحامدۋليللا. بۇرىن ولار كىتاپتاردا جازىلعان بولاتىن، ول كىتاپتار باتىسقا، شىعىسقا كەڭىنەن تاراپ، كوپتەگەن ادامداردى يسلامعا، حيداياتقا اكەلدى، ال ءقازىر ونىڭ ساباق-سۇحباتتارى ينتەرنەتتە ءجۇر، ءسىز وعان ەرۋىڭىزگە بولادى، سەبەبى ول ناعىز ءبىلىم بەرىپ جاتىر، ول اقيقاتتى بەرۋدە، ادامدارعا ءبىر-ءبىرىن جەك كورمەۋدى ۇيرەتۋدە، جوق، ونىڭ سۇحباتتارىندا ەڭ اۋەلى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى، ونىڭ اۋلەتىن (احلۋل بايتتەر)، ساحابالاردى جانە اۋليەلەردى قۇرمەتتەۋمەن ءسۇيۋدى ۇيرەتەدى، ول ەشقاشان جەك كورىسۋدى ۇيرەتپەگەن، سەبەبى كوپتەگەن ادامدار «ءبىز ءتاريقاتقا ەرەمىز» دەر، ءبىراق دۇرىس بولماعان نارسەلەردى ايتادى، ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام، ساحابالار، احلۋل ءبايىت نەمەسە اۋليەلەر ءجايلى قاتە سوزدەر ايتىپ ءجۇر.

سوندىقتان، ءماۋلانانىڭ ۇيرەتكەندەرى اسا ماڭىزدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءار زاماندا دا ۇمبەتىن ۇيرەتىپ كەلەدى، ول ادامدارعا ءبىر-ءبىرىن ءسۇيۋدى ۇيرەتۋدە، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا دا قۇران ءازمۋ-شاندا «لَوْ أَنفَقْتَ مَا فِى ٱلْأَرْضِ جَمِيعًا مَّآ أَلَّفْتَ بَيْنَ قُلُوبِهِمْ» (ەگەر سەن جەر جۇزىندەگى بارلىق نارسەلەردى جۇمساساڭ دا، ولاردىڭ جۇرەكتەرىن ءبىر قىلا المايسىڭ) (قۇران 08:63) دەيدى، دەمەك، ءسىز بۇكىل اقشامەن التىندى وسى ادامدارعا بەرسەڭىز دە، ولاردى ءبىر ەتە المايسىز، ول مۇمكىن ەمەس، ءبىراق اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا ءبىر-ءبىرىن سۇيدىرە الادى، ودان سوڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ولارعا ريزا بولماق، ءبىر-ءبىرىن سۇيگەندەر ءبىر-ءبىرىن جەك كورمەيدى، ءبىراق كەيبىر ادامدار مۇسىلمانداردى ۇقساتپاي، ءبولىپ جارىپ، ولاردى ءوزارا وشتەستىرۋدە، ال بۇل ءماۋلانانىڭ ۇيرەتكەنى ەمەس، ارينە، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ونداي نارسە ۇيرەتپەگەن.

ماشايىقتارمەن بىرگە بولعاندار، ولاردىڭ ۇيرەتكەندەرىنە ەرۋى كەرەك جانە ولاردىڭ ايتقانىن قابىل ەتۋى كەرەك، ارينە، ولاردىڭ ايتقانىنا كەيدە ەرە المايسىز، ءبىراق بۇندا پايعامبارىمىزدىڭ ساحابالارىن، ءاحلۋل بايىتتەردى، اسىرەسە، مۇسىلمان ۇمبەتىنىڭ يمامدارىن، ءتاريقات يمامدارىن ءسۇيۋ كەرەك، ءبىز ولاردىڭ بارلىعىنا قارسى كەلۋىمىزگە بولمايدى، بۇل اسا ماڭىزدى تاقىرىپ بولماق.

ەل-جۇرت ءماۋلانادان پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان كەيىن ساحابالار اراسىندا بولعان ءىس-ۋاقيعالار ءجايلى كوپ سۇراۋشى ەدى، ءبىراق ول بۇنداي سۇراقتى ەستىگىسى كەلمەيىن، وعان ريزا ەمەس-ءتى، وسىنداي كەزدە ول «ولار ارىستان بولعاندىقتان، ءبىر-بىرىمەن الىسقان، ال ءبىز يت سياقتىمىز، ولاردىڭ اراسىنداعى ىستە نە شارۋامىز بار!» دەپ، ونداي تاقىرىپتى دەرەۋ جاۋىپ تاستايتىن، ول حاقىندا اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بارلىعىن بىلەدى، دەمەك، ءسىز وزىڭىزگە قاراۋىڭىز كەرەك، ءامىر ەتىلمەگەن ىسكە باس سۇعىپ، كوڭىل سالماڭىز، سەبەبى، ءسىز ول تاقىرىپتى ءتۇسىنىپ بولا المايسىز، بۇنداي تاقىرىپتى قويا تۇرالىق، بۇندا ءسىزدىڭ وزىڭىزگە قاتسىستى ىستەۋگە ءتيىستى تاقىرىپتار تولىپ جاتىر، ال ءسىز وسى ءوز تاقىرىپتارىڭىزدى ىستەپ، ابىگەر بولساڭىز، ءوزىڭىزدىڭ قاتەلىك ىشىندە جۇرگەندىگىڭىزدى بايقايتىن بولاسىز ءارى سول ءۇشىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان عاپۋ-كەشىرىم سۇرايتىن بولاسىز، ينشاللا.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى كەشىرگەي، بارلىعىمىزدى كەشىرگەي، ول ءبىزدى ءوزى سۇيگەندەي، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام سۇيگەندەي، ءماۋلانا سۇيگەندەي جانداردان ەتكەي. ءالحامدۋليللا، ءماۋلانانىڭ كەرەمەتى ۇزدىكسىز جالعاسىپ كەلەدى، بۇل جاقتى بىلمەدىم، كوپتەگەن ادامدار ءماۋلانانى تۇستەرىندە كورگەنىن ايتار، ءبىز وسىنداي كىسىلەرگە كوپ جولىقتىق، ولاردىڭ كەيبىرى بەي-مۇسىلمان ەدى، سوڭىرا ولار مۇسىلمان بولدى، ءماۋلانا ولارعا (تۇسىندە) «بار، ءشاحادا ايت» دەپ ايتقان، ال كەيبىر ادامدارعا «دەرگاعا بار، ءتاريقاتقا كىر» دەپ ايتىپتى، بۇلار بىزگە قالىپتى ءىس بولىپ كەتكەن، ەگەر ءمالىم ادام بۇنداي ءسوزدى ايتسا، ءبىز وعان ەش تاڭدانبايمىز.

ءبىز ءماۋلانانىڭ ولاردى بىزگە جىبەرگەنىن بىلەمىز، سوندىقتان، ءبىز ونىڭ بەرگەن مەدەتىنە، حيمماسىنا جانە كەرەمەتىنە راحمەت ايتامىز، سەبەبى ءبىز ەشتەڭە دە ەمەسپىز، وسى ادامداردىڭ بارلىعى ونىڭ بەرەكەسىمەن كەلگەن، ەگەر بۇندا اۋليەلەردىڭ بەرەكەسى بولماسا، ءبىز ءبىر ادامدى دا حيداياتقا اكەلە المايمىز، يمان بەرە المايمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءماۋلانانى ءاردايىم قاسىمىزدا، باسىمىزدا ەتكەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6815