You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

УӘСИЛАМЕН ДҰҒА, НАМАЗ, ЗІКІР ОҢАЙ ҚАБЫЛ БОЛАДЫ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6801
УӘСИЛАМЕН ДҰҒА, НАМАЗ, ЗІКІР ОҢАЙ ҚАБЫЛ БОЛАДЫ

Аллаға тіке тілек айтып, дұға жасауға болады, ол күнә емес, бірақ ол дұғаның тез қабыл болуы үшін жаныңыз бұлақтай мөлдір, жүрегіңіз гауһардай кіршіксіз болуы керек, демек, сіз пайғамбар сияқты тым таза, таңдаулы жан болуыңыз керек, сондықтан, ондай дұға шанда бір қабыл болады, көбінде қабыл болмас, ол дұғаны пайғамбарлар жасайды, олар Алламен тіке байланысады, төте сөйлесе де береді, сондықтан, олардың дұғасы дереу жемісін бермек, пайғамбарды Алла өзі таңдар әрі еткен дұғасын тез қабыл етер, ал біз пайғамбар емеспіз, ондай тазалық бізде жоқ, сол үшін, біз пайғамбарымызды және Алла достары әулиені "араға салып" яғни уәсила етіп, салауат қосып, "пайғамбарымызбен бәлен әулие әруағының құрметі үшін, сәбидің құрметі үшін" деп дұға жасаймыз, оларға құранмен салауат бағыштап, одан дұға етеміз, Аллаға тіке дұға ету пайғамбарлармен әулиелер сипатына жатады, ол жәй адам сипатынан емес, Адам ғ.с жәннаттан қуылғанда "о Алла, Мұхаммад ғ.с-ның құрметі үшін мені кешір" дегенде, Алла оның тілегін де тәубесін де қабыл еткен, демек, тіке дұғамен сіз өзіңізді пайғамбар орнына қойып аласыз, бірақ сіз пайғамбар емессіз! "уәсила"-ның неге керек екенін білген боларсыз, дұға ғана емес, зікір я намаз істеп болып, оны пайғамбарымызбен әулиелерге жолдаса, намаз Алла алдына тазарып, жақсы барады, кем-кетіктері толықтанып, сауабы жоғары боп, оңай қабыл етіледі, сондықтан нақышбанд тәриқатында намаз оқып боп, ең соңында оны пайғамбарымызбен әулиелерге, олардың әруағына жолдайды.

ۋاسيلامەن دۇعا، ناماز، زىكىر وڭاي قابىل بولادى

اللاعا تىكە تىلەك ايتىپ، دۇعا جاساۋعا بولادى، ول كۇنا ەمەس، ءبىراق ول دۇعانىڭ تەز قابىل بولۋى ءۇشىن جانىڭىز بۇلاقتاي ءمولدىر، جۇرەگىڭىز گاۋھارداي كىرشىكسىز بولۋى كەرەك، دەمەك، ءسىز پايعامبار سياقتى تىم تازا، تاڭداۋلى جان بولۋىڭىز كەرەك، سوندىقتان، ونداي دۇعا شاندا ءبىر قابىل بولادى، كوبىندە قابىل بولماس، ول دۇعانى پايعامبارلار جاسايدى، ولار اللامەن تىكە بايلانىسادى، توتە سويلەسە دە بەرەدى، سوندىقتان، ولاردىڭ دۇعاسى دەرەۋ جەمىسىن بەرمەك، پايعامباردى اللا ءوزى تاڭدار ءارى ەتكەن دۇعاسىن تەز قابىل ەتەر، ال ءبىز پايعامبار ەمەسپىز، ونداي تازالىق بىزدە جوق، سول ءۇشىن، ءبىز پايعامبارىمىزدى جانە اللا دوستارى اۋليەنى "اراعا سالىپ" ياعني ءۋاسيلا ەتىپ، سالاۋات قوسىپ، "پايعامبارىمىزبەن بالەن اۋليە ءارۋاعىنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن، ءسابيدىڭ قۇرمەتى ءۇشىن" دەپ دۇعا جاسايمىز، ولارعا قۇرانمەن سالاۋات باعىشتاپ، ودان دۇعا ەتەمىز، اللاعا تىكە دۇعا ەتۋ پايعامبارلارمەن اۋليەلەر سيپاتىنا جاتادى، ول ءجاي ادام سيپاتىنان ەمەس، ادام ع.س ءجانناتتان قۋىلعاندا "و اللا، مۇحامماد ع.س-نىڭ قۇرمەتى ءۇشىن مەنى كەشىر" دەگەندە، اللا ونىڭ تىلەگىن دە تاۋبەسىن دە قابىل ەتكەن، دەمەك، تىكە دۇعامەن ءسىز ءوزىڭىزدى پايعامبار ورنىنا قويىپ الاسىز، ءبىراق ءسىز پايعامبار ەمەسسىز! "ءۋاسيلا"-نىڭ نەگە كەرەك ەكەنىن بىلگەن بولارسىز، دۇعا عانا ەمەس، زىكىر يا ناماز ىستەپ بولىپ، ونى پايعامبارىمىزبەن اۋليەلەرگە جولداسا، ناماز اللا الدىنا تازارىپ، جاقسى بارادى، كەم-كەتىكتەرى تولىقتانىپ، ساۋابى جوعارى بوپ، وڭاي قابىل ەتىلەدى، سوندىقتان ناقىشباند ءتاريقاتىندا ناماز وقىپ بوپ، ەڭ سوڭىندا ونى پايعامبارىمىزبەن اۋليەلەرگە، ولاردىڭ ءارۋاعىنا جولدايدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6801