You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

АҚЫМАҚТЫҚ - ЗОР ДЕРТ, ОЛ АҚИРЕТІҢДІ БҮЛДІРЕР



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6755
АҚЫМАҚТЫҚ - ЗОР ДЕРТ, ОЛ АҚИРЕТІҢДІ БҮЛДІРЕР

Жас кісі ел алдаса, күнәкәр болар, қарт кісі ел алдаса, шайтан болар.

Надан қасындағы жақсыға сенбей, алыстағы қыңырға сенеді, оған бірдеңе түсіндірем деп шаршамай-ақ қой.

Ақымаққа жақсы түйеңді беріп, жақсы болып жүрген кезіңде, біреу оған ақсақ есек берсе, ол сенімен жаман бола қалады.

Ақымақтық аса хауіпті, ол құлшылықты өртеп, жоқ етеді, ғибадатты орнына жеткізбейді, қасықтап жиған жақсылықты, шелектеп төгеді, ақымақтар шайтанға оңай алданады, исламның бір міндеті адамды ақымақтықпен ғәфілеттен (немқұрайдылық) құтқару, адам намаз өтеп, құран оқып, ғалым болып жүріп те асқан ақымақ бола береді, ақымақтықтан көп кітап, көп мектеп оқып құтыла алмайсың, одан құтылуың үшін хикіметтілермен бірге бол, олардан хикмет үйренгін.

- СОПЫЛАР ТАҒЫЛЫМЫ

اقىماقتىق - زور دەرت، ول اقيرەتىڭدى بۇلدىرەر

جاس كىسى ەل الداسا، كۇناكار بولار، قارت كىسى ەل الداسا، شايتان بولار.

نادان قاسىنداعى جاقسىعا سەنبەي، الىستاعى قىڭىرعا سەنەدى، وعان بىردەڭە تۇسىندىرەم دەپ شارشاماي-اق قوي.

اقىماققا جاقسى تۇيەڭدى بەرىپ، جاقسى بولىپ جۇرگەن كەزىڭدە، بىرەۋ وعان اقساق ەسەك بەرسە، ول سەنىمەن جامان بولا قالادى.

اقىماقتىق اسا ءحاۋىپتى، ول قۇلشىلىقتى ورتەپ، جوق ەتەدى، عيباداتتى ورنىنا جەتكىزبەيدى، قاسىقتاپ جيعان جاقسىلىقتى، شەلەكتەپ توگەدى، اقىماقتار شايتانعا وڭاي الدانادى، يسلامنىڭ ءبىر مىندەتى ادامدى اقىماقتىقپەن عافىلەتتەن (نەمقۇرايدىلىق) قۇتقارۋ، ادام ناماز وتەپ، قۇران وقىپ، عالىم بولىپ ءجۇرىپ تە اسقان اقىماق بولا بەرەدى، اقىماقتىقتان كوپ كىتاپ، كوپ مەكتەپ وقىپ قۇتىلا المايسىڭ، ودان قۇتىلۋىڭ ءۇشىن حيكىمەتتىلەرمەن بىرگە بول، ولاردان حيكمەت ۇيرەنگىن.

- سوپىلار تاعىلىمى

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6755