You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: әр түнге даяр бол (2023.04.14, 23 Рамадан 1444)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6698
Сұхбат: әр түнге даяр бол (2023.04.14, 23 Рамадан 1444)
Исламбол (Стамбул), Түркия

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бисмиллахир рахманир рахим, «َإِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ» (расында, біз құранды қадір түнінде жібердік) (құран 97:01), садақаллахул ғазим.

Алла Әззә уә-Жәллә қадір сүресін жіберіп, адамдарға қадір түнінің (ләйлатул қадір) қадірінің, игілігінің және қымбатының соншама жоғары екендігін білдірді, ол түні құран алғаш рет пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға жіберілді, құран түскен түн рамазан айының 27-күні еді, алайда қадір түні сол кезден бастап, әр жылы өзгеріп келеді.

Қадір түні мың айдан да жақсы түн, мың ай 80 жылдай уақыт әрі бұл бір адамның бүкіл ғұмырына шамалас келеді, демек, ол түннің игілігі бір адамның тұтас ғұмырына тең болмақ, ол өте игілікті түн, Алла Әззә уә-Жәллә ол түнді жасырып қойды, сонда адамдар ұдайы тынбастан ол түннің игілігін іздейтін болады.

Жұртта «"жылдың әрбір түнін қадір түні, ал әрбір кісіні қызыр" деп біл» деген сөз бар, Мәуләнә Шайық Назым өзінің ең алғашқы шайқы Шайық Сүлеймен Ерзумуриға барғанда, оның дергасына (зікір қылатын құлшылық үйі) қатты құмар болып қалады, ол заман Түркияда ислам қатты шектелінген заман еді, дерга да шектелінген, ол осы шайыққа білдірмей жасырын барып жүрді, ол кезде ол оқушы болатын, шамамен 17-18 жаста (1940-жылдар), демек, ол оқушы кезінде осы дергаға көп келіп жүрді, ол заманда басқа сәлде тағу, тұрбан киу билік жағынан шектелінгендіктен, ол дергадан шықпай отыратын, ол кейін күпірлік белгілерімен күпірлік істерге араласпау үшін дергадан еш шықпайтын болды, ол жерге елдер келіп зікір ететін, шайық сұхбат жасайтын еді. Мәуләнә сол дергаға келгенде, оның осы алғашқы шайқы оған мына берекелі сөзді айтыпты, ол оған «"әр түнді қадір түні, әр кімді қызыр" деп біл» деген екен, бұл әулие шайық Мәуләнәға екі түрлі белгіні білдіріпті, бірі, Мәуләнә осы әулие шайыққа келген күні қадір түні екен, енді бірі, бұл әулие Мәуләнәның дәрежесін көріп, оның қадір-қымбатын Қызырдың дәрежесіне теңепті.

Осы жақсы сөзді, Мәуләнәның алғашқы әулие шайқы сол жерде айтқан екен, әрине, бұл елдің барлығы үшін бір сабақ-дүр, қасиетті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам қадір түнінің кейде оразаның 27-күні, кейде 23-күні, кейде 24-күні, кейде бүгін, ал кейде жаңбырлы түнде, кейде ашық түнде болатындығын айтады, әрине, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айтқандары хақ-дүр, ол осы жәйлі сұраған сахабаларға, ол сол жылдың қалай болатынын, бұл түн қашан болатынын көрсеткен еді, бірақ ол сөзсіз бүгін болуы шарт емес, оны сіздер іздеулеріңіз керек, сізде бүкіл жылдың әрбір түнінде құлшылық еткенде сондай бір ниет болуы керек, ол ниетіңізде сіз әрбір түнді қадір түніндей көріңіз, сонда Алла Жәллә Жәләлуху сізді оған міндетті түрде жеткізетін болады.

Қадір түні Алла Әззә уә-Жәлләдан пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның үмбетіне берілген аса үлкен бір сый, ол құран жіберілген ораза айының қадір-қымбатын білдіруде, құран 23 жыл бойы жіберілді, бірақ құран әзиму-шан пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жүрегіне дәл қадір түнінде жіберілген еді ол оған және мына дүниеге жіберілді, одан соң құран аз-аздан, қадам-қадам бойынша түсіп, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам оны түгел тамамдады әрі бүкіл дүниені өзгерітті.

Сондықтан, бұл түн яғни қадір түні жандандырылуы керек, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның «оны жандандыр» дегені мынау еді, әдетте, кей адамдарға бүкіл түні бойы ояу күйде отыру оңай емес, шүкір-Алла, бұған қатысты пайғамбарымыз бір жеңіл жолды бізге көрсетіп кетті. Сіз (әркүні) жатарда дәрет алып, екі ракат намаз (қиямул ләйл) оқыңыз да, сосын дәретпен таза күйде ұйықтаңыз, одан соң тәхәжұт намазға (әрине, таң намазынан бұрын) тұрыңыз, міне осылай етсеңіз сол түніңіз Алла Әззә уә-Жәлләның құзіретінде тірі түн, құлшылыққа толы жандандырылған түн болып есептеледі, демек, сіз түні бойы құлшылық еткен боласыз, осылайша пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айтқан беркелі сөздеріне амал ете отырып, сол түнді тірі ұстаған боласыз әрі сол сауаптарға жетесіз.

Осы түнді, әрине біз дұғамызда әрбір түнді қадір түні есебінде білуіміз керек, бірақ кімде-кім манағы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып өткендей жолмен қадір түнін тапса, ол аса ұлы берекеге жетпек, олар өзі қалаған барлық нәрсеге жететін болады, иншалла, шатасп қалмалық, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам сіздерге мына дұғаны айтуды ескертеді, «اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي» (аллахумма иннәкә ғафуун тухибул ғафуа фағфу ғәнни) (о Алла, Сіз кешіргенді сүйесіз, Сіз бергенді сүйесіз, мені кешіріңіз).

Алла Әззә уә-Жәллә адамдардың күнәларын кешіргенді сүйеді, Алла Әззә уә-Жәллә осы кешірімділікті тым жақсы көреді, Оның құлын кешіргендегі қуанышы мынаған ұқсар, мәселен, бір адам қу шөлде түйесімен келе жатады, кейін ол ұйқтап қалып түйесі жоғалып кетеді, ол оянғанда түйесінің жоқтығын әрі өзімен бірге бір тамшы су да қалмағанын байқайды, демек, оның ештемесі қалмады, барлығы түйесімен кеткен еді, ол шөлде жалғыз қалып, өлермен болып келе жатқанда, түйесі кенеттен алдынан пайда бола кетеді, бұны көрген түйе иесі қандай қуанады десеңізші, демек, ол қуаныштан жарыла сақтайды, ал Алла Әззә уә-Жәллә кешірім сұраған құлының күнәсін кешіргенде осы түйесін тауып алған адамнан да бетер қуанады, Ол «менің құлым ғафу өтінсе, мен қатты қуанамын» дейді.

Сондықтан, осы дұғаны айтыңыз, дұға: «اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي» (аллахумма иннәкә ғафуун тухибул ғафуа фағфу ғәнни) (о Алла, Сіз кешіргенді сүйесіз, Сіз бергенді сүйесіз, мені кешіріңіз). Алла Жәллә Жәләлуху баршамызды панасына алып қорғағай, бізді қадір түніне жеткізгей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw


سۇحبات: ءار تۇنگە دايار بول (2023.04.14، 23 رامادان 1444)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بيسميللاحير راحمانير راحيم، «َإِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ» (راسىندا، ءبىز قۇراندى ءقادىر تۇنىندە جىبەردىك) (قۇران 97:01)، ساداقاللاحۋل عازيم.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءقادىر سۇرەسىن جىبەرىپ، ادامدارعا ءقادىر ءتۇنىنىڭ (ءلايلاتۋل ءقادىر) ءقادىرىنىڭ، يگىلىگىنىڭ جانە قىمباتىنىڭ سونشاما جوعارى ەكەندىگىن ءبىلدىردى، ول ءتۇنى قۇران العاش رەت پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جىبەرىلدى، قۇران تۇسكەن ءتۇن رامازان ايىنىڭ 27-كۇنى ەدى، الايدا ءقادىر ءتۇنى سول كەزدەن باستاپ، ءار جىلى وزگەرىپ كەلەدى.

ءقادىر ءتۇنى مىڭ ايدان دا جاقسى ءتۇن، مىڭ اي 80 جىلداي ۋاقىت ءارى بۇل ءبىر ادامنىڭ بۇكىل عۇمىرىنا شامالاس كەلەدى، دەمەك، ول ءتۇننىڭ يگىلىگى ءبىر ادامنىڭ تۇتاس عۇمىرىنا تەڭ بولماق، ول وتە يگىلىكتى ءتۇن، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ول ءتۇندى جاسىرىپ قويدى، سوندا ادامدار ۇدايى تىنباستان ول ءتۇننىڭ يگىلىگىن ىزدەيتىن بولادى.

جۇرتتا «"جىلدىڭ ءاربىر ءتۇنىن ءقادىر ءتۇنى، ال ءاربىر كىسىنى قىزىر" دەپ ءبىل» دەگەن ءسوز بار، ءماۋلانا شايىق نازىم ءوزىنىڭ ەڭ العاشقى شايقى شايىق سۇلەيمەن ەرزۋمۋريعا بارعاندا، ونىڭ دەرگاسىنا (زىكىر قىلاتىن قۇلشىلىق ءۇيى) قاتتى قۇمار بولىپ قالادى، ول زامان تۇركيادا يسلام قاتتى شەكتەلىنگەن زامان ەدى، دەرگا دا شەكتەلىنگەن، ول وسى شايىققا بىلدىرمەي جاسىرىن بارىپ ءجۇردى، ول كەزدە ول وقۋشى بولاتىن، شامامەن 17-18 جاستا (1940-جىلدار)، دەمەك، ول وقۋشى كەزىندە وسى دەرگاعا كوپ كەلىپ ءجۇردى، ول زاماندا باسقا سالدە تاعۋ، تۇربان كيۋ بيلىك جاعىنان شەكتەلىنگەندىكتەن، ول دەرگادان شىقپاي وتىراتىن، ول كەيىن كۇپىرلىك بەلگىلەرىمەن كۇپىرلىك ىستەرگە ارالاسپاۋ ءۇشىن دەرگادان ەش شىقپايتىن بولدى، ول جەرگە ەلدەر كەلىپ زىكىر ەتەتىن، شايىق سۇحبات جاسايتىن ەدى. ءماۋلانا سول دەرگاعا كەلگەندە، ونىڭ وسى العاشقى شايقى وعان مىنا بەرەكەلى ءسوزدى ايتىپتى، ول وعان «"ءار ءتۇندى ءقادىر ءتۇنى، ءار كىمدى قىزىر" دەپ ءبىل» دەگەن ەكەن، بۇل اۋليە شايىق ءماۋلاناعا ەكى ءتۇرلى بەلگىنى ءبىلدىرىپتى، ءبىرى، ءماۋلانا وسى اۋليە شايىققا كەلگەن كۇنى ءقادىر ءتۇنى ەكەن، ەندى ءبىرى، بۇل اۋليە ءماۋلانانىڭ دارەجەسىن كورىپ، ونىڭ ءقادىر-قىمباتىن قىزىردىڭ دارەجەسىنە تەڭەپتى.

وسى جاقسى ءسوزدى، ءماۋلانانىڭ العاشقى اۋليە شايقى سول جەردە ايتقان ەكەن، ارينە، بۇل ەلدىڭ بارلىعى ءۇشىن ءبىر ساباق-ءدۇر، قاسيەتتى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءقادىر ءتۇنىنىڭ كەيدە ورازانىڭ 27-كۇنى، كەيدە 23-كۇنى، كەيدە 24-كۇنى، كەيدە بۇگىن، ال كەيدە جاڭبىرلى تۇندە، كەيدە اشىق تۇندە بولاتىندىعىن ايتادى، ارينە، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايتقاندارى حاق-ءدۇر، ول وسى ءجايلى سۇراعان ساحابالارعا، ول سول جىلدىڭ قالاي بولاتىنىن، بۇل ءتۇن قاشان بولاتىنىن كورسەتكەن ەدى، ءبىراق ول ءسوزسىز بۇگىن بولۋى شارت ەمەس، ونى سىزدەر ىزدەۋلەرىڭىز كەرەك، سىزدە بۇكىل جىلدىڭ ءاربىر تۇنىندە قۇلشىلىق ەتكەندە سونداي ءبىر نيەت بولۋى كەرەك، ول نيەتىڭىزدە ءسىز ءاربىر ءتۇندى ءقادىر تۇنىندەي كورىڭىز، سوندا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءسىزدى وعان مىندەتتى تۇردە جەتكىزەتىن بولادى.

ءقادىر ءتۇنى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ۇمبەتىنە بەرىلگەن اسا ۇلكەن ءبىر سىي، ول قۇران جىبەرىلگەن ورازا ايىنىڭ ءقادىر-قىمباتىن بىلدىرۋدە، قۇران 23 جىل بويى جىبەرىلدى، ءبىراق قۇران ءازيمۋ-شان پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جۇرەگىنە ءدال ءقادىر تۇنىندە جىبەرىلگەن ەدى ول وعان جانە مىنا دۇنيەگە جىبەرىلدى، ودان سوڭ قۇران از-ازدان، قادام-قادام بويىنشا ءتۇسىپ، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ونى تۇگەل تامامدادى ءارى بۇكىل دۇنيەنى وزگەرىتتى.

سوندىقتان، بۇل ءتۇن ياعني ءقادىر ءتۇنى جانداندىرىلۋى كەرەك، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ «ونى جانداندىر» دەگەنى مىناۋ ەدى، ادەتتە، كەي ادامدارعا بۇكىل ءتۇنى بويى وياۋ كۇيدە وتىرۋ وڭاي ەمەس، شۇكىر-اللا، بۇعان قاتىستى پايعامبارىمىز ءبىر جەڭىل جولدى بىزگە كورسەتىپ كەتتى. ءسىز (اركۇنى) جاتاردا دارەت الىپ، ەكى راكات ناماز (قيامۋل ءلايل) وقىڭىز دا، سوسىن دارەتپەن تازا كۇيدە ۇيىقتاڭىز، ودان سوڭ ءتاحاجۇت نامازعا (ارينە، تاڭ نامازىنان بۇرىن) تۇرىڭىز، مىنە وسىلاي ەتسەڭىز سول ءتۇنىڭىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇزىرەتىندە ءتىرى ءتۇن، قۇلشىلىققا تولى جانداندىرىلعان ءتۇن بولىپ ەسەپتەلەدى، دەمەك، ءسىز ءتۇنى بويى قۇلشىلىق ەتكەن بولاسىز، وسىلايشا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايتقان بەركەلى سوزدەرىنە امال ەتە وتىرىپ، سول ءتۇندى ءتىرى ۇستاعان بولاسىز ءارى سول ساۋاپتارعا جەتەسىز.

وسى ءتۇندى، ارينە ءبىز دۇعامىزدا ءاربىر ءتۇندى ءقادىر ءتۇنى ەسەبىندە ءبىلۋىمىز كەرەك، ءبىراق كىمدە-كىم ماناعى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ وتكەندەي جولمەن ءقادىر ءتۇنىن تاپسا، ول اسا ۇلى بەرەكەگە جەتپەك، ولار ءوزى قالاعان بارلىق نارسەگە جەتەتىن بولادى، ينشاللا، شاتاسپ قالمالىق، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام سىزدەرگە مىنا دۇعانى ايتۋدى ەسكەرتەدى، «اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي» (اللاحۋمما ينناكا عافۋۋن تۋحيبۋل عافۋا فاعفۋ ءعانني) (و اللا، ءسىز كەشىرگەندى سۇيەسىز، ءسىز بەرگەندى سۇيەسىز، مەنى كەشىرىڭىز).

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادامداردىڭ كۇنالارىن كەشىرگەندى سۇيەدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسى كەشىرىمدىلىكتى تىم جاقسى كورەدى، ونىڭ قۇلىن كەشىرگەندەگى قۋانىشى مىناعان ۇقسار، ماسەلەن، ءبىر ادام قۋ شولدە تۇيەسىمەن كەلە جاتادى، كەيىن ول ۇيقتاپ قالىپ تۇيەسى جوعالىپ كەتەدى، ول ويانعاندا تۇيەسىنىڭ جوقتىعىن ءارى وزىمەن بىرگە ءبىر تامشى سۋ دا قالماعانىن بايقايدى، دەمەك، ونىڭ ەشتەمەسى قالمادى، بارلىعى تۇيەسىمەن كەتكەن ەدى، ول شولدە جالعىز قالىپ، ولەرمەن بولىپ كەلە جاتقاندا، تۇيەسى كەنەتتەن الدىنان پايدا بولا كەتەدى، بۇنى كورگەن تۇيە يەسى قانداي قۋانادى دەسەڭىزشى، دەمەك، ول قۋانىشتان جارىلا ساقتايدى، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا كەشىرىم سۇراعان قۇلىنىڭ كۇناسىن كەشىرگەندە وسى تۇيەسىن تاۋىپ العان ادامنان دا بەتەر قۋانادى، ول «مەنىڭ قۇلىم عافۋ وتىنسە، مەن قاتتى قۋانامىن» دەيدى.

سوندىقتان، وسى دۇعانى ايتىڭىز، دۇعا: «اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي» (اللاحۋمما ينناكا عافۋۋن تۋحيبۋل عافۋا فاعفۋ ءعانني) (و اللا، ءسىز كەشىرگەندى سۇيەسىز، ءسىز بەرگەندى سۇيەسىز، مەنى كەشىرىڭىز). اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بارشامىزدى پاناسىنا الىپ قورعاعاي، ءبىزدى ءقادىر تۇنىنە جەتكىزگەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6698