You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Әулиенің баланы жақсы тәрбиелеу хақында айтқаны (2021.06.23)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=56

Әулиенің баланы жақсы тәрбиелеу хақында айтқаны (2021.06.23)

Ағузубиллахи минашшайтанир ражим, биссимилахир рахманир рахим.
Алла тағала құранда «ٱلۡمَالُ وَٱلۡبَنُونَ زِينَةُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَٱلۡبَٰقِيَٰتُ ٱلصَّٰلِحَٰتُ خَيۡرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَابٗا وَخَيۡرٌ أَمَلٗا» дейді, түсіндірмесі «байлықпен балаларың бұл дүниенің сәндерінен, бұлар бар адам баласы үшін берілген, алайда олар мәңгілік емес. Бұл дүниеде ешнәрсе мәңгілік емес, бірақ ізгі амалдарыңмен жақсы тілектерің мәңгілік әрі ең соңында саған мәңгілік жолдасың болатыныда осылар.» деген мағынада.

Алла тағала бұл дүниеде бізге дәулет бітіріп, балаларды нәсіп етеді, біздің бұларға ие болуымызда тұрған еш ерсілік жоқ. Алайда алланың берген байлығын дұрыс бір жақтылы ете алмай, оны орынсыз шашып, ысрап етсең немесе өзіңе нәсіп болған балаларыңды дұрыс тәрбиелей алмасаң, олардың саған еш пайдасы жоқ болып, түбі жақсылыққа апармайды. Әрине, жақсы ұрпақ тәрбиелеумен байлығыңды жақсы істерге жұмсау өте жақсы амалдардан болып, оның игілігін өзіңмен әулет-туыстарың да осы дүниеде-ақ тата бастайтын болады, ал бұларды алла тағала жолында істей білсең, ол саған тіптіде қайырлы болмақ.

Қазіргі күндерде байлығы көп, бірақ балалы болғысы келмейтін адамдары кездестіреміз, сонымен олар не істейді? Қазір IVF техникасы бар, олар осыны әдісті істету арқылы бала алайық дейді. Бұл техника пайда болғалы 20-25 жылдай болды, яғни, мамандар баланы жасанды түтікше ішінде қалыптастырып, оны өсіру және «тудыру» әдісін ойлап шыққан, ал көптеген жұрыт бұл әдіс ерекше өнімді, барсаң болғаны бірден «бала алуға» болады деп ойлайды. Адамдар онда барып неше мыңдаған лирамен долларларын жұмсайды, бірінші рет бала қалыптаса қоймайды, осылайша олар бірнеше рет сынап көреді, кейде мол ақша төлеп, қанша сынап көрседе бәрі сәтсіз болады, түтікшеде бала қалыптаспай қояды. Енді не істеу керек? Олар енді тіптіде сорақы қадамға бармақ болады. Тәжірибехана олардыкін басқа беймәлім адамдардікімен түтікшеде араластырып, бала өсіріп береді әрі олар мұны жақсы бір іс болды деп ойлайды, алайда бұл жаман жолдардан болып, үлкен қателік әрі харам істерден. Алла тағаланың қалауымен көрсеткен жолы - ең дұрысы, тәңір өзі нәсіп еткен балаларды жақсы тәрбиелеп, оларды толық адам етіп өсіру өзің үшінде өте қайырлы тірліктерден.

Исламда әр нәрсенің өз жолы бар, егер сол жолдарды таба білсең, алла тағаланың рұхсатында бұл өмірің де, ақиретің де жайлы болмақ. Біздің тек бұл дүниелік пайда үшін еткен тірліктеріміз маңызды емес, себебі мына дүние әпсәтте өте шығады да, олар бізден ғайып болады. Мұнда балаларға жақсы тәрбие бере алмау жақсылықтың нышаны емес, соңында зиян тартатын жәнеде өзің боласың. Баланың жаман болмағы, оларға берілген тәрбиенің дұрыс болмауынан, бұл жағдайда ұтылушы өзіміз болып, еңбегі еш кеткендерден боламыз. Мүбарак пайғамбарымыз балаларыңды тәрбиелегенде, оларға үйрететін ең алғашқы сөз «аллаһ» болсын, әр баланың ең алғашқы тіл ашары осы сөзбен ашылса берекелі болады деп айтқан еді. Алайда адамдар бұл жеңіл тәрбиені балаларына үйретпейді, тіпті бұл олардың ойларына кіріпте көрмеген. Көптеген ата-ана балаларының не айтып не сөйлегенімен еш жұмысы жоқ, олар баланың не айтатыны маңызссыз, сөйлей алса болғаны, сол жеткілікті деп ойлайды. Ал пайғамбарымыз бізге бала тілін «аллаһ» деген сөзбен ашсса балаға көп қайыр әкелетіндігін өсиеттейді. Егер ата-ана балаларына өнегесіз сөздер үйретіп, мәнсіз дүниелерді үлгі еттірсе, кейін ол ата-ана өмір бойы сол мәнсіз дүниелермен абігер болып, сонымен алысып өтетін болады.

Білім беру мәселесінде, барлық ата-ана балаларына нендей білім үйрету туралы көп бас қатырады, мисалы, болашақта қандай мамандық үйрену керек, қайсы балалар мектебіне берсем жөн болар т.б., осылай кете береді. Алайда, олар балаларының ақиреттік өмірі жәйлі еш ойланбайды, әсілінде осы іс ең алдымен ойласуға тиісті өте маңызды түйін еді, сен үшінде, балаң үшінде мәңгілік ең үлкен хайырмен жақсылық осында жатыр. Олар ержеткенде мейлі президент болсын, мейлі маман болсын немесе мейлі көше сыпырушы болсын, барлығыда ұқсас бұл дүниедегі қамшының сабындай қысқа өмірінде өз тірлігін жасайды, бұнда гәп жоқ әрі бұл түйін маңызды да емес. Бұндағы маңыздысы оларға ең керекті нәрселерді үйретуің қажет яғни балаларыңмен отбасыңа алла тағаланың жолымен пайғамбардың жолын көрсетуың керек, сонымен бірге оларды алла тағаланың әміріне бойсынуға және алла тағаланы тануға үйретуің керек, міне осылар ең маңыздысы, ал басқалары ешқандай маңызды нәрселер емес.

Құранда, биссимилахир рахманир рахим, «ٱلۡمَالُ وَٱلۡبَنُونَ زِينَةُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَٱلۡبَٰقِيَٰتُ ٱلصَّٰلِحَٰتُ خَيۡرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَابٗا وَخَيۡرٌ أَمَلٗا» делінеді. Мұнда алла тағала малдарың, байлықтарың, балаларың және басқада берілген барлық дүниелік нығыметтерің бұл дүниенің сәндерімен қызықтарынан екендігін айтады. Бұлар адам баласына бейне көз тоймас әдемі көрніспен таусылмас ләззат секілді болып көрінеді. Алайда, бұл жерде сен үшін ең маңыздысы бұл «қызықтардан» ең соңында ақиретіңе не қалғаны болмақ, ал саған бұларды орынды пайдаланып ақиреттік жақсылықтарды ұтып алуға мүмкіндік берілген. Есіңде болсын, бұнда бізге ең ақырында қалатыны істеген жақсы амалдарымызбен үміт еткен ізгі тілектеріміз болмақ, бұл түйін мұсұлмандар үшін де, барлық бей-мұсұлмандар үшінде өте маңызды.

Әрине мұсұлмандармен мүминдер де бұл дүние қызығын көруіне әбден болады, бұған ешқандай шектеме жоқ, оларда байлық, мал, дүние, сарай, машина және басқада мол нығыметтеге ие болуына, оны пайдалануына және көптеп ұрпақ қалдыруына болады, бұнда тұрған ештеңе жоқ, бұл қалыпты жағдайлардан әрі көп санды адамдар ұнататын істерден. Егер бұл дүниеде істеріңді алла тағала разылығы үшін істесең және барлығын алла тағаламен ақиретті ұмытпаған түрде атқарсаң, онда бұл істерің саған тіптіде пайдалы болар еді, ал ақиретіңе тигізер пайдасы ұшан-теңіз болмақ. Дүниелік абзалдылықтарыңды пайдалана отырып алла тағаланың ризалығы үшін садақа беруіңе болады, олардан пайдаланып өзіңе, әулетіңе, көршіңе, қауымыңа, тіпті адамзатқа жақсылықтар жасауыңа болады. Осы істеген барлық қайырлы амалдарыңда алла тағаланы ұмытпай, оларды сол бір жаратушы үшін ете білсең болғаны, барлығы сен үшін жақсы болмақ, осылайша, сен бұл дүниеніңде, келер мәңгілік ақиреттік өмірдіңде қызығын бірдей көруіңе болады.

Жоғарыда айтылған аяттың екінші бөлімі де өте маңызды, бұл аят келе жатқан мәңгілік өмір ақиретке жақсы амалдарыңды сақтап қойуыңды ескертеді. Бұл өмір бейне түс сияқты, оны мүмкін бір тәтті түс дерсің, бірақ түсің бітіп, оянар кезде келеді яғни өлген соң шын оянасың. Егер бұл өмірде жақсы амалдар істеп қалдырмаған болсаң, бұл түсіңнен оянғанда шошынған күйде қорқынышты жерде өзіңді табатын боласың. Ал өмір деген бұл тәтті түсің бітіп ұйқыңнан шын оянғанда, өзіңді жанға тым жайлы, өте тамаша жерде тапсаң, сенің онан арман қуанып, бақтты күй кешетінің еш күмәнсіз. Барлық адам баласы айтылған бұл барыстарды бастан кешіретін болады яғни олардың түсінен оянуы хақ-дүр. Алайда, қазіргі кезде тұтас адам баласы бар өмірлерін тек дүние, дүние және тағыда көбірек дүние табуға, мол ақша, мол байлық, зор дәулетке кенелуге, бала-шағаға, жоғары мәнсап атақ-абыройға жетуге ғана ысрап етуде ... Көбі осылай, таңғаларлық жағдай, сүбханалла ...

Алла тағала адамзатқа перзентті болуды нәсіп еткен, алайда қазір батыс елдері жүктілікпен бала туғысы келмейді, ал сәбиді өсіруге тіптіде құлықсыз. Олар баланың «жасалынып» даяр болып тұруын аңсайды немесе басқа мемлекеттерден бала асырап алғысы келеді, тіпті басқалардың балаларын тартып алады, мәселен өз елдерінде өмір сүріп жатқан мұсұлмандардың балаларын. Жергілікті орындар ондағы мұсұлмандарға «сендер сәбилеріңмен балаларыңа жақсы қарамадыңдар, сондықтан бұл балаларыңды алып, осындағы балалы бола алмайтын зайыптыларға береміз» дейді. Ал не үшін өздері балалы бола алмайды? Себебі бұл зайытылар ұқсас текті «ерекше некелі» адамдар еді, олардың істері өмір заңдылығына керағар болып, олардың балалы болуы мүмкін емес-ті. Алайда осылай бола тұра оларда баланы керек етеді, көріп отырғандай, алла тағала әрқандай пендесіне баласы болу, бала сүйу қасиетін олардың тәбиғатына салған, тіпті айтылып отырған «ерекше некелі» адамдарда баласы болғанды ұнатып отыр. Өздері бала ала алмайтындықтан, басқалардың балаларын бағып алады. Баланы жақсы көру - алла тағала адамдарға жазған тәбиғи қасиет.

Мұндағы маңызды бір іс - мұсұлмандар басқаларға еліктемеу керек, себебі алла тағала сендер еліктемек болған кейбір бұл топтарға балалы болуды да нәсіп етпеген. Құранда «وَيَجۡعَلُ مَن يَشَآ» (Құран 42:50) делінеді яғни егер алла тағала сендерге бала бергісі келмесе, балалы бола алмайсыңдар.

Қазір адамдар жаңа жүйелер жасауда, онда олар жүктілікті жасанды түтікешеде қалыптастырып, баланы түтікшеде өсіруге құлшынуда, бұл шамамен 25-30 жыл алдында пайда бола бастаған еді. Жәй кісілер бұл әдіс арқылы баланы лезде алуға болатын көрінеді деп ойлады, алайда шындық басқаша еді, бірталай адамдар оған жүгінген, бірақ еш нәтиже болмаған, олар «біз бес рет сынадың, әр сынағына мың да екі мың доллар төлейміз, алайда бала ала алмадық» дейді, бірақ бұлда алла тағаланың қалауларынан. Егер алла тағала оған өмір бергісі келсе, оған берер еді, егер алла тағала қаламаса, рухсат етпесе мамандар қолынан бар келетінін істеседе, онысынан ештеңе өнбек емес.

Бұндағы басты мәселе бала алу немесе алмау мәселесі болмастан, бірақ бар балаларыңды қалай тәрбиелеп өсіру мәселесі болып отыр. Бұл жайлы пайғамбарымыз Мұхаммад Мұстафа саллаллаху әлеихиссалам ең алдымен не істеу керектігінен бастап үйретіп кеткен, біз соған қарауымыз керек. Алдымен туылған балаға азан шақырып ат қоямыз, жаңа дүниеге келген нәрестеге істелінетін басқада көптеген жоралғылар бар. Ол бес-алты айлық кезінде тілімен былдырлай бастағанда, оны «Аллаһ» деп айытуға шабыттандыруымыз керек, алла тағаланың бұл есімі әрбір нәрестенің тіліне жеңіл, айтуына оңай. Пайғамбарымыз «сәбидің бірінші сөзі "алла" болса, ол берекетті құтты адам болады, иншалла.» деген, бірақ көптеген адамдар бұл жайлы еш ойланып қоймайды, оған самарқау қарайды, олардың санасында балаларының тілін қайсы сөзбен ашуы маңызды емес, не айтса соған мәз. Мұнда ең алдымен сәбиге осылар үйретілуы лазым, онан соң балаларға жақсы ақылақпен әдеп-иба, жақсы амал-әрекеттер үйретілуы керек.

Қазіргі ата-аналардың бар ойлайтыны балаларын жақсы оқыту, оларға мамандандырылған жоғары білімдер беру сынды істер ғана болып, ал оларға жақсы әдеп-ибамен жақсы ақылақ үйрету жайлы ойланбайды. Олар қайсы мектеп, қайсы бала бақша жақсы, қайсысы жақсы ... тек осыларға ғана көңіл бөледі, басқасы санасына кірмейды. Одан соң олар балам не мамандық оқыса болар, қоғамда не жұмыс істеуі керек т.б., осы секілді тек дүниелік істерді ойлап, сонымен сарсаң болады. Олар балаларының бар жастық өмірін тек оқуға сарып еткіздіреді әрі өздері оларды қалай оқыту ісіне бар күшін салады. Олар тағы ойлайды жәнеде ойланады, осылайша ойлана-ойлана олар дүниелік өмірдің шүңетіне бата бермек. Олардың бар ойлағандары тек қана көз алдағы бұл дүниенің заттық-мәтериялдық нәрселері ғана болып, бірақ балаларының рухани-имани өміріне еш көңіл бөлмейді. Олар өздері бұл өмірден өткен соң балалары қандай адам болуы керек, балалары мәңгілік болатын ақиреттік өмірде қалай бақытқа жетуі керек туралы еш ойланбайды. Ата-аналар балаларына барлығын үйретуге, барлығын беруге пейіл де, бірақ оларға ислам жайлы жақсы білім үйретуге еш пейілсіз, көбісі осылай.

Балаларыңның болашақта президент болуы, жұмышшы болуы, егінші болуы немесе басқа болуы маңызды емес, бұл тым бас қатырып, дегбірсізденетін немесе мазаланатын істерден емес. Ата-аналар тек «балам кім болады, не маман болады, не болуы керек?» секілді жалаң ойлармен ғана әбігер. Мұнда ата-аналар үшін балаларыңның жақсы адам болуы, сәлйқалы кісі болуы, берекетті-құтты жан болуы ең маңызды іс, ал басқасы еш маңызсыз, бас қатыратын мәселелер емес, себебі сен соншама аңсап қуған дүниеңмен құйрығынан ұстап жеткен дүниеңнің барлығыда осы дүниеге ғана тәуелды, олар осы дүниеде қалады. Балаларың ақиретке барғанда, онда тағыда президент немесе жұмысшы болып жүре бермейді ғой, бұның бәрі осы дүниедегі нәрселер ғана, осында қалады, ал ақиретіңе қалатыны не нәрселер? Ақиретіңе керегі тек қана осы пәни өмірде алла жолында істеп кеткен жақсылықтарың, иншалла.

Алла тағала бізді, әулеттерімізді, балаларымызды, мұсұлмандардың балаларын, мүминдерді аманшылықта қылғай. Үйткені қазір бәріміздің балаларымыз шындығында қиыншылығы аса ауыр, сұмдығы көп қиын дәуірде өмір сүруде, ал біздің бала күнде қоғам бұндай емес еді, қазіргі кезбен мүлдем ұқсамайды, қазір кезкелген жамандыққа адамдардың қолы екі секонд немесе бірер секондтта-ақ жетеді, бұрынғы кезде ондай «мүмкіндіктер» жоқ болатұғын, қазір расында ауыр кез, әсіресе балалар үшін тым қиын. Алла тағала ұрпақтарымызды шайтанмен оның ерушілерінен сақтасын, оларды қорғасын.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.06.23

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани (Нақшыбанды Тәриқатының 41-Әулиесі)

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

اۋليەنىڭ بالانى جاقسى تاربيەلەۋ حاقىندا ايتقانى

اعۋزۋبيللاحي ميناششايتانير راجيم، بيسسيميلاحير راحمانير راحيم.
اللا تاعالا قۇراندا «ٱلۡمَالُ وَٱلۡبَنُونَ زِينَةُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَٱلۡبَٰقِيَٰتُ ٱلصَّٰلِحَٰتُ خَيۡرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَابٗا وَخَيۡرٌ أَمَلٗا» دەيدى، تۇسىندىرمەسى «بايلىقپەن بالالارىڭ بۇل دۇنيەنىڭ ساندەرىنەن، بۇلار بار ادام بالاسى ءۇشىن بەرىلگەن، الايدا ولار ماڭگىلىك ەمەس. بۇل دۇنيەدە ەشنارسە ماڭگىلىك ەمەس، بىراق ىزگى امالدارىڭمەن جاقسى تىلەكتەرىڭ ماڭگىلىك ءارى ەڭ سوڭىندا ساعان ماڭگىلىك جولداسىڭ بولاتىنىدا وسىلار.» دەگەن ماعىنادا.

اللا تاعالا بۇل دۇنيەدە بىزگە داۋلەت ءبىتىرىپ، بالالاردى ءناسىپ ەتەدى، ءبىزدىڭ بۇلارعا يە بولۋىمىزدا تۇرعان ەش ەرسىلىك جوق. الايدا اللانىڭ بەرگەن بايلىعىن دۇرىس ءبىر جاقتىلى ەتە الماي، ونى ورىنسىز شاشىپ، ىسراپ ەتسەڭ نەمەسە وزىڭە ءناسىپ بولعان بالالارىڭدى دۇرىس تاربيەلەي الماساڭ، ولاردىڭ ساعان ەش پايداسى جوق بولىپ، ءتۇبى جاقسىلىققا اپارمايدى. ارينە، جاقسى ۇرپاق تاربيەلەۋمەن بايلىعىڭدى جاقسى ىستەرگە جۇمساۋ وتە جاقسى امالداردان بولىپ، ونىڭ يگىلىگىن وزىڭمەن اۋلەت-تۋىستارىڭ دا وسى دۇنيەدە-اق تاتا باستايتىن بولادى، ال بۇلاردى اللا تاعالا جولىندا ىستەي بىلسەڭ، ول ساعان تىپتىدە قايىرلى بولماق.

قازىرگى كۇندەردە بايلىعى كوپ، بىراق بالالى بولعىسى كەلمەيتىن ادامدارى كەزدەستىرەمىز، سونىمەن ولار نە ىستەيدى؟ قازىر IVF تەحنيكاسى بار، ولار وسىنى ءادىستى ىستەتۋ ارقىلى بالا الايىق دەيدى. بۇل تەحنيكا پايدا بولعالى 20-25 جىلداي بولدى، ياعني، ماماندار بالانى جاساندى تۇتىكشە ىشىندە قالىپتاستىرىپ، ونى ءوسىرۋ جانە «تۋدىرۋ» ءادىسىن ويلاپ شىققان، ال كوپتەگەن جۇرىت بۇل ءادىس ەرەكشە ءونىمدى، بارساڭ بولعانى بىردەن «بالا الۋعا» بولادى دەپ ويلايدى. ادامدار وندا بارىپ نەشە مىڭداعان ليرامەن دوللارلارىن جۇمسايدى، ءبىرىنشى رەت بالا قالىپتاسا قويمايدى، وسىلايشا ولار بىرنەشە رەت سىناپ كورەدى، كەيدە مول اقشا تولەپ، قانشا سىناپ كورسەدە ءبارى ءساتسىز بولادى، تۇتىكشەدە بالا قالىپتاسپاي قويادى. ەندى نە ىستەۋ كەرەك؟ ولار ەندى تىپتىدە سوراقى قادامعا بارماق بولادى. تاجىريبەحانا ولاردىكىن باسقا بەيمالىم ادامداردىكىمەن تۇتىكشەدە ارالاستىرىپ، بالا ءوسىرىپ بەرەدى ءارى ولار مۇنى جاقسى ءبىر ءىس بولدى دەپ ويلايدى، الايدا بۇل جامان جولداردان بولىپ، ۇلكەن قاتەلىك ءارى حارام ىستەردەن. اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن كورسەتكەن جولى - ەڭ دۇرىسى، ءتاڭىر ءوزى ءناسىپ ەتكەن بالالاردى جاقسى تاربيەلەپ، ولاردى تولىق ادام ەتىپ ءوسىرۋ ءوزىڭ ۇشىندە وتە قايىرلى تىرلىكتەردەن.

يسلامدا ءار نارسەنىڭ ءوز جولى بار، ەگەر سول جولداردى تابا بىلسەڭ، اللا تاعالانىڭ رۇحساتىندا بۇل ءومىرىڭ دە، اقيرەتىڭ دە جايلى بولماق. ءبىزدىڭ تەك بۇل دۇنيەلىك پايدا ءۇشىن ەتكەن تىرلىكتەرىمىز ماڭىزدى ەمەس، سەبەبى مىنا دۇنيە اپساتتە وتە شىعادى دا، ولار بىزدەن عايىپ بولادى. مۇندا بالالارعا جاقسى تاربيە بەرە الماۋ جاقسىلىقتىڭ نىشانى ەمەس، سوڭىندا زيان تارتاتىن جانەدە ءوزىڭ بولاسىڭ. بالانىڭ جامان بولماعى، ولارعا بەرىلگەن تاربيەنىڭ دۇرىس بولماۋىنان، بۇل جاعدايدا ۇتىلۋشى ءوزىمىز بولىپ، ەڭبەگى ەش كەتكەندەردەن بولامىز. مۇباراك پايعامبارىمىز بالالارىڭدى تاربيەلەگەندە، ولارعا ۇيرەتەتىن ەڭ العاشقى ءسوز «اللاھ» بولسىن، ءار بالانىڭ ەڭ العاشقى ءتىل اشارى وسى سوزبەن اشىلسا بەرەكەلى بولادى دەپ ايتقان ەدى. الايدا ادامدار بۇل جەڭىل تاربيەنى بالالارىنا ۇيرەتپەيدى، ءتىپتى بۇل ولاردىڭ ويلارىنا كىرىپتە كورمەگەن. كوپتەگەن اتا-انا بالالارىنىڭ نە ايتىپ نە سويلەگەنىمەن ەش جۇمىسى جوق، ولار بالانىڭ نە ايتاتىنى ماڭىزسسىز، سويلەي السا بولعانى، سول جەتكىلىكتى دەپ ويلايدى. ال پايعامبارىمىز بىزگە بالا ءتىلىن «اللاھ» دەگەن سوزبەن اشسسا بالاعا كوپ قايىر اكەلەتىندىگىن وسيەتتەيدى. ەگەر اتا-انا بالالارىنا ونەگەسىز سوزدەر ۇيرەتىپ، ءمانسىز دۇنيەلەردى ۇلگى ەتتىرسە، كەيىن ول اتا-انا ءومىر بويى سول ءمانسىز دۇنيەلەرمەن ابىگەر بولىپ، سونىمەن الىسىپ وتەتىن بولادى.

ءبىلىم بەرۋ ماسەلەسىندە، بارلىق اتا-انا بالالارىنا نەندەي ءبىلىم ۇيرەتۋ تۋرالى كوپ باس قاتىرادى، ميسالى، بولاشاقتا قانداي ماماندىق ۇيرەنۋ كەرەك، قايسى بالالار مەكتەبىنە بەرسەم ءجون بولار ت.ب.، وسىلاي كەتە بەرەدى. الايدا، ولار بالالارىنىڭ اقيرەتتىك ءومىرى ءجايلى ەش ويلانبايدى، اسىلىندە وسى ءىس ەڭ الدىمەن ويلاسۋعا ءتيىستى وتە ماڭىزدى ءتۇيىن ەدى، سەن ۇشىندە، بالاڭ ۇشىندە ماڭگىلىك ەڭ ۇلكەن حايىرمەن جاقسىلىق وسىندا جاتىر. ولار ەرجەتكەندە مەيلى پرەزيدەنت بولسىن، مەيلى مامان بولسىن نەمەسە مەيلى كوشە سىپىرۋشى بولسىن، بارلىعىدا ۇقساس بۇل دۇنيەدەگى قامشىنىڭ سابىنداي قىسقا ومىرىندە ءوز تىرلىگىن جاسايدى، بۇندا گاپ جوق ءارى بۇل ءتۇيىن ماڭىزدى دا ەمەس. بۇنداعى ماڭىزدىسى ولارعا ەڭ كەرەكتى نارسەلەردى ۇيرەتۋىڭ قاجەت ياعني بالالارىڭمەن وتباسىڭا اللا تاعالانىڭ جولىمەن پايعامباردىڭ جولىن كورسەتۋىڭ كەرەك، سونىمەن بىرگە ولاردى اللا تاعالانىڭ امىرىنە بويسىنۋعا جانە اللا تاعالانى تانۋعا ۇيرەتۋىڭ كەرەك، مىنە وسىلار ەڭ ماڭىزدىسى، ال باسقالارى ەشقانداي ماڭىزدى نارسەلەر ەمەس.

قۇراندا، بيسسيميلاحير راحمانير راحيم، «ٱلۡمَالُ وَٱلۡبَنُونَ زِينَةُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۖ وَٱلۡبَٰقِيَٰتُ ٱلصَّٰلِحَٰتُ خَيۡرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَابٗا وَخَيۡرٌ أَمَلٗا» دەلىنەدى. مۇندا اللا تاعالا مالدارىڭ، بايلىقتارىڭ، بالالارىڭ جانە باسقادا بەرىلگەن بارلىق دۇنيەلىك نىعىمەتتەرىڭ بۇل دۇنيەنىڭ ساندەرىمەن قىزىقتارىنان ەكەندىگىن ايتادى. بۇلار ادام بالاسىنا بەينە كوز تويماس ادەمى كورنىسپەن تاۋسىلماس ءلاززات سەكىلدى بولىپ كورىنەدى. الايدا، بۇل جەردە سەن ءۇشىن ەڭ ماڭىزدىسى بۇل «قىزىقتاردان» ەڭ سوڭىندا اقيرەتىڭە نە قالعانى بولماق، ال ساعان بۇلاردى ورىندى پايدالانىپ اقيرەتتىك جاقسىلىقتاردى ۇتىپ الۋعا مۇمكىندىك بەرىلگەن. ەسىڭدە بولسىن، بۇندا بىزگە ەڭ اقىرىندا قالاتىنى ىستەگەن جاقسى امالدارىمىزبەن ءۇمىت ەتكەن ىزگى تىلەكتەرىمىز بولماق، بۇل ءتۇيىن مۇسۇلماندار ءۇشىن دە، بارلىق بەي-مۇسۇلماندار ۇشىندە وتە ماڭىزدى.

ارينە مۇسۇلماندارمەن مۇميندەر دە بۇل دۇنيە قىزىعىن كورۋىنە ابدەن بولادى، بۇعان ەشقانداي شەكتەمە جوق، ولاردا بايلىق، مال، دۇنيە، ساراي، ماشينا جانە باسقادا مول نىعىمەتتەگە يە بولۋىنا، ونى پايدالانۋىنا جانە كوپتەپ ۇرپاق قالدىرۋىنا بولادى، بۇندا تۇرعان ەشتەڭە جوق، بۇل قالىپتى جاعدايلاردان ءارى كوپ ساندى ادامدار ۇناتاتىن ىستەردەن. ەگەر بۇل دۇنيەدە ىستەرىڭدى اللا تاعالا رازىلىعى ءۇشىن ىستەسەڭ جانە بارلىعىن اللا تاعالامەن اقيرەتتى ۇمىتپاعان تۇردە اتقارساڭ، وندا بۇل ىستەرىڭ ساعان تىپتىدە پايدالى بولار ەدى، ال اقيرەتىڭە تيگىزەر پايداسى ۇشان-تەڭىز بولماق. دۇنيەلىك ابزالدىلىقتارىڭدى پايدالانا وتىرىپ اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن ساداقا بەرۋىڭە بولادى، ولاردان پايدالانىپ وزىڭە، اۋلەتىڭە، كورشىڭە، قاۋىمىڭا، ءتىپتى ادامزاتقا جاقسىلىقتار جاساۋىڭا بولادى. وسى ىستەگەن بارلىق قايىرلى امالدارىڭدا اللا تاعالانى ۇمىتپاي، ولاردى سول ءبىر جاراتۋشى ءۇشىن ەتە بىلسەڭ بولعانى، بارلىعى سەن ءۇشىن جاقسى بولماق، وسىلايشا، سەن بۇل دۇنيەنىڭدە، كەلەر ماڭگىلىك اقيرەتتىك ومىردىڭدە قىزىعىن بىردەي كورۋىڭە بولادى.

جوعارىدا ايتىلعان اياتتىڭ ەكىنشى ءبولىمى دە وتە ماڭىزدى، بۇل ايات كەلە جاتقان ماڭگىلىك ءومىر اقيرەتكە جاقسى امالدارىڭدى ساقتاپ قويۋىڭدى ەسكەرتەدى. بۇل ءومىر بەينە ءتۇس سياقتى، ونى مۇمكىن ءبىر ءتاتتى ءتۇس دەرسىڭ، بىراق ءتۇسىڭ ءبىتىپ، ويانار كەزدە كەلەدى ياعني ولگەن سوڭ شىن وياناسىڭ. ەگەر بۇل ومىردە جاقسى امالدار ىستەپ قالدىرماعان بولساڭ، بۇل تۇسىڭنەن ويانعاندا شوشىنعان كۇيدە قورقىنىشتى جەردە ءوزىڭدى تاباتىن بولاسىڭ. ال ءومىر دەگەن بۇل ءتاتتى ءتۇسىڭ ءبىتىپ ۇيقىڭنان شىن ويانعاندا، ءوزىڭدى جانعا تىم جايلى، وتە تاماشا جەردە تاپساڭ، سەنىڭ ونان ارمان قۋانىپ، باقتتى كۇي كەشەتىنىڭ ەش كۇمانسىز. بارلىق ادام بالاسى ايتىلعان بۇل بارىستاردى باستان كەشىرەتىن بولادى ياعني ولاردىڭ تۇسىنەن ويانۋى حاق-ءدۇر. الايدا، قازىرگى كەزدە تۇتاس ادام بالاسى بار ومىرلەرىن تەك دۇنيە، دۇنيە جانە تاعىدا كوبىرەك دۇنيە تابۋعا، مول اقشا، مول بايلىق، زور داۋلەتكە كەنەلۋگە، بالا-شاعاعا، جوعارى ءمانساپ اتاق-ابىرويعا جەتۋگە عانا ىسراپ ەتۋدە ... كوبى وسىلاي، تاڭعالارلىق جاعداي، ءسۇبحاناللا ...


Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=56