You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұра, бірақ алдымен Алладан не сұрайтыныңді біл



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=25

Сұра, бірақ алдымен Алладан не сұрайтыныңді біл

Бұккіл әлемнің раббысы болған аса құдіретті Алла тағала сен одан әлдебір нәрселерді тіленіп сұрап жатқаныңда ОЛ саған қарап тұрады, алайда өте көп санды пенденің сұрайтыны сол еш құны жоқ ақымақтыққа толы нәрселер болып келеді.

Көптеген адамдар маған келіп «ертең менде емтиқан бар еді, менің одан өтіп кетуіме бата етсеңіз» немесе «мен мектеп біртіргелі жатырмын, менің диплом алып кетуіме дұға жасасаңыз» дейді. Әр күні соншама кісілерде ат басын бұрып «ох шайық, менің дүкеніме бата жасап жіберсеңіз, әлі ешкім келмей жатыр ...» десе, біреулері «маған жақсы жұмыс тауып алуға тілек етсеңіз, мен жұмыссыз жүрмін ...» немесе «о, шайық, аллаға маған көп ақша беруге дұға жасасаңыз!» дейді.

Мұндағы бір бауыр әр күні келіп «о шайық, мен төрт аяқты болғым келеді, соған бата жасап берсеңіз» деп, күндізден бастап тұнгі жатар уақыт болғанға дейін сұрады, төрт аяқты болсам дегені оның үйленсем дегені еді. 

Осы аса көптің менен келіп сұрайтыны осындай мынаған немесе анаған жетуіме дұға етсеңіз деген секілді барлығыда салмағы жоқ, қу қулқын дүниелік мәнсіз нәрселер. Олардың ешқайсысы «ох шайық, мені Алла тағаланың қасиетті құзырында қабыл етілген сүйікті пендесі болуға бата етіңізші ...» деп сұрап көрген жоқ. 

«Сәлем, шайық, маған дұға етіп жіберсеңіз, себебі алда сайлау келе жатыр. Менде сайлауға түстім, дұға етіп жіберсеңіз адамдардың жүрегі маған бұрылып мені қолдап маған көп сайлау белетін тастар... о шайық ...» дейді көп саясаткердің бірі. Ешбір адам келіп «ох шайық, мені Алла тағаланың ең сүйікті пендесі Мұхаммад Мұстафа саллаху ғаликсаламға жақын болуға, пайғамбармен жәннатта көрші болуға бата етіңізші ...» немесе «я шайық, мен Алла тағалаға жақын пенде болғым келеді, соған дұға жасаңызшы ... » деген жоқ.

Сұрауың керек, бірақ нені сұрау керек екенін нені тілеу керек екенін білуің керек, кімге келіп одан не сұрап жатқаныңды біл. Сен бір ауылға барсаң ондағылардан атыма бір бау шөп керек еді деп сұрауыңа болады, онда бұл лайықты іс болмақ, алайда ол бір бау шөпті хан-сұлтанның сарайына барып ханнан немесе сұлтаннан сұрағаның жөн болмайды ғой, сол іспеттес іс. Егер сен ақылыңды жақсы істетсең ол саған ненің шындық екенін көрсетіп бере алады. Егер сен жүрегіңді істетсең, жүрегің «ой, әттеген ай, сен бүккіл әлемнің раббысынан не сұрап жүрсің, сенің сұрағандарың үшін мен қатты ұялып, кірерге тесік таппадым, сұрағандарың қандай құнсыз нәрселер еді, тілегендерің ОНЫҢ алдында масаның қанатындай құны бар ма өзі...» деп саған налыр еді.

О жарандар, сендер бұл пленатадағы өмірдің не өмір екенін біліңдер де және келе жатқан ақыры жоқ мәңгілік ақирет өмірі жайлыда өте жақсы біліңдер. Алла тағала пенделерінің өзінен мәңгілік нәрселер сұрағанын жақсы көреді.

- Әулие Маулана Шайық Назым

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды


سۇرا، ءبىراق الدىمەن اللادان نە ءسۇرايتىنىڭدى ءبىل

بۇككىل الەمنىڭ راببىسى بولعان اسا قۇدىرەتتى اللا تاعالا سەن ودان الدەبىر نارسەلەردى تىلەنىپ سۇراپ جاتقانىڭدا ول ساعان قاراپ تۇرادى، الايدا وتە كوپ ساندى پەندەنىڭ سۇرايتىنى سول ەش قۇنى جوق اقىماقتىققا تولى نارسەلەر بولىپ كەلەدى.

كوپتەگەن ادامدار ماعان كەلىپ «ەرتەڭ مەندە ەمتيقان بار ەدى، مەنىڭ ودان ءوتىپ كەتۋىمە باتا ەتسەڭىز» نەمەسە «مەن مەكتەپ بىرتىرگەلى جاتىرمىن، مەنىڭ ديپلوم الىپ كەتۋىمە دۇعا جاساساڭىز» دەيدى. ءار كۇنى سونشاما كىسىلەردە ات باسىن بۇرىپ «وح شايىق، مەنىڭ دۇكەنىمە باتا جاساپ جىبەرسەڭىز، ءالى ەشكىم كەلمەي جاتىر ...» دەسە، بىرەۋلەرى «ماعان جاقسى جۇمىس تاۋىپ الۋعا تىلەك ەتسەڭىز، مەن جۇمىسسىز ءجۇرمىن ...» نەمەسە «و، شايىق، اللاعا ماعان كوپ اقشا بەرۋگە دۇعا جاساساڭىز!» دەيدى.

مۇنداعى ءبىر باۋىر ءار كۇنى كەلىپ «و شايىق، مەن ءتورت اياقتى بولعىم كەلەدى، سوعان باتا جاساپ بەرسەڭىز» دەپ، كۇندىزدەن باستاپ تۇنگى جاتار ۋاقىت بولعانعا دەيىن سۇرادى، ءتورت اياقتى بولسام دەگەنى ونىڭ ۇيلەنسەم دەگەنى ەدى. 

وسى اسا كوپتىڭ مەنەن كەلىپ سۇرايتىنى وسىنداي مىناعان نەمەسە اناعان جەتۋىمە دۇعا ەتسەڭىز دەگەن سەكىلدى بارلىعىدا سالماعى جوق، قۋ قۋلقىن دۇنيەلىك ءمانسىز نارسەلەر. ولاردىڭ ەشقايسىسى «وح شايىق، مەنى اللا تاعالانىڭ قاسيەتتى قۇزىرىندا قابىل ەتىلگەن سۇيىكتى پەندەسى بولۋعا باتا ەتىڭىزشى ...» دەپ سۇراپ كورگەن جوق. 

«سالەم، شايىق، ماعان دۇعا ەتىپ جىبەرسەڭىز، سەبەبى الدا سايلاۋ كەلە جاتىر. مەندە سايلاۋعا ءتۇستىم، دۇعا ەتىپ جىبەرسەڭىز ادامداردىڭ جۇرەگى ماعان بۇرىلىپ مەنى قولداپ ماعان كوپ سايلاۋ بەلەتىن تاستار... و شايىق ...» دەيدى كوپ ساياساتكەردىڭ ءبىرى. ەشبىر ادام كەلىپ «وح شايىق، مەنى اللا تاعالانىڭ ەڭ سۇيىكتى پەندەسى مۇحامماد مۇستافا ساللاحۋ عاليكسالامعا جاقىن بولۋعا، پايعامبارمەن ءجانناتتا كورشى بولۋعا باتا ەتىڭىزشى ...» نەمەسە «يا شايىق، مەن اللا تاعالاعا جاقىن پەندە بولعىم كەلەدى، سوعان دۇعا جاساڭىزشى ... » دەگەن جوق.

سۇراۋىڭ كەرەك، ءبىراق نەنى سۇراۋ كەرەك ەكەنىن نەنى تىلەۋ كەرەك ەكەنىن ءبىلۋىڭ كەرەك، كىمگە كەلىپ ودان نە سۇراپ جاتقانىڭدى ءبىل. سەن ءبىر اۋىلعا بارساڭ ونداعىلاردان اتىما ءبىر باۋ ءشوپ كەرەك ەدى دەپ سۇراۋىڭا بولادى، وندا بۇل لايىقتى ءىس بولماق، الايدا ول ءبىر باۋ ءشوپتى حان-سۇلتاننىڭ سارايىنا بارىپ حاننان نەمەسە سۇلتاننان سۇراعانىڭ ءجون بولمايدى عوي، سول ىسپەتتەس ءىس. ەگەر سەن اقىلىڭدى جاقسى ىستەتسەڭ ول ساعان نەنىڭ شىندىق ەكەنىن كورسەتىپ بەرە الادى. ەگەر سەن جۇرەگىڭدى ىستەتسەڭ، جۇرەگىڭ «وي، اتتەگەن اي، سەن بۇككىل الەمنىڭ راببىسىنان نە سۇراپ ءجۇرسىڭ، سەنىڭ سۇراعاندارىڭ ءۇشىن مەن قاتتى ۇيالىپ، كىرەرگە تەسىك تاپپادىم، سۇراعاندارىڭ قانداي قۇنسىز نارسەلەر ەدى، تىلەگەندەرىڭ ونىڭ الدىندا ماسانىڭ قاناتىنداي قۇنى بار ما ءوزى...» دەپ ساعان نالىر ەدى.

و جاراندار، سەندەر بۇل پلەناتاداعى ءومىردىڭ نە ءومىر ەكەنىن بىلىڭدەر دە جانە كەلە جاتقان اقىرى جوق ماڭگىلىك اقيرەت ءومىرى جايلىدا وتە جاقسى بىلىڭدەر. اللا تاعالا پەندەلەرىنىڭ وزىنەن ماڭگىلىك نارسەلەر سۇراعانىن جاقسى كورەدى.


- اۋليە ماۋلانا شايىق نازىم

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق ء#دىن ء#تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=25