You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: тәриқат алла тағаланы сүйуді үйретеді (2022.03.10)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=249

Сұхбат: тәриқат алла тағаланы сүйуді үйретеді (2022.03.10)

Әлхамдұлилла, 2 жыл өткен соң біз бұнда тағы келіп, тәриқатпен исламдағы бауырларымызға кездесіп жатырмыз, біздің жүректеріміз ұдайы бірге, біз қайта жолығысқанда бейне бір ұнемі өте жақын жүрген адамдардай сезінеміз, біз физикалық тұрғыда баруырларымызды, мүриттерді және машайықтарды сағынамыз, әлхамдұлилла, алла тағала бізді қайта қауыштырды.

Бұл дүние мәңгілік емес, кейде біз кейбір бауырларымызды бұнда қайта таба алмай қаламыз, бірақ ақирет мәңгілік, біз сонда қайта табысып бірге болатын боламыз. Алла тағала біздің жан-рұхтарымызды жаратқанда бірге еді, пайғамбарымыз «алла тағала жан-рухтарды жаратқан соң, бір жерге жинайды, сонда олардың кейбірі бірін-бірі жақсы көріп сүйсе, кейбірі бірін-бірі жек көріп дұшпан болды, бұл адамзат тәні жаратылудан бұрын болған уақиғалар.» деп айтқан.

Жанымыз сол күні яғни әлмисақта жаратылған, ол кез тән жаратылудан бұрынғы бір замандар еді, сонау әлмисақта бірін-бірі ұнатып сүйген жан-рухтар, бұл дүниеге келген соңда бірін-бірі сүйеді, ұнатады, ал бірін-бірін жек көріп жау болған жан-рухтар, осы дүниеге келген соң тағыда бірін-бірі жек көріп дұшпан болады, біз жан-рухымыздың жақсы адамдарды ұнатып сүйгені үшін қуанамыз, бұл алла тағаладан берілген бір зор нығымет-дүр.

Махаббатты яғни сүйуді ақшаға сатып ала алмайсың, көптеген адамдар жүрттың оларды сүйуі үшін көптеген нәрселерді беріп жатады, мүмкін басқалар оларды сырт көзге қарамаққа сүйгендей көрінер, бірақ берген ақшасы немесе пайдасы таусылғанда олар одан тайып тұрады яғни оған қарамай кетеді, олар осылай бірдемде бір-бірінен бөлінеді. Алла тағалаға арналған махаббат өте маңызды, адамдарға соншама нәрселер берсеңде олардан бұл махаббаты жинай алмайсың, бұл махаббат алла тағаладан келеді.

Сахабалар тіпті өз өмірлерін алламен пайғамбар махаббаты жолына арнады, ал бұндай ерлікті мүшіріктер немесе басқалар істей алмайды, сахабалар жиналғанда аз ғана еді, бірақ олар алла тағала махаббаты үшін барды әрі бұл жолдарын тастап кеткен жоқ, олар не үшін кетіп қалмайды? себебі олар алла тағала олардан не үшін кетіп қалғанын сұрайды ма? әлде нәпсілері үшін кетіп қалуы керек пе? жоқ, оларда махаббат бар, олар лезде қайтып келетін, тіпті өздерін алла тағаланың жолында құрбан ететін, бұл өте маңызды болып, ақылды зерек адамдардың ісі-дүр, ал керісі болса олар бейне хайуан сияқты болып, тек дүниемен дүние пайдасын ғана ойлар еді, нағыз пайда дегеніміз ақирет үшін, біз осыны отбасымызға, әулетімізбен балаларымызға үйретуіміз керек. 

Риздық беруші алла тағала, алла тағала саған риздық жазғаны үшін ғана дүниенің әр жерінде пайдаға кенеліп, керегіңді тауып жүрсің, ешқашан «оны мен өз ісіммен, өз еңбегіммен тауып жүрмін.» деп ойлап қалма, алла тағала риздығыңды қайда жазсса сол жерге барып ішеріңді ішесің, жейтініңді жейсің, бұның барлығы алла тағаладан, бұны ұмытыпағын, әр минот әр сәт сайын алла тағаланы есіңде ұста, жадыңа ал. осылай болғанда әр күні 24 сағат алла тағаланы еске сақтап зікірлеген боласың, сопылық тәриқаттың үйрететіні міне осылар.

Алла тағаланы ұдайы еске ал яғни зікірле, бұл құлшылық жасап, зекет берумен басқаларға зұлымдық етпеудей істермен бірдей іс, тәриқат осыны үйретеді, осылай етсең әр іс-әрекет қозғалысыңа дейін сауапқа толы болмақ әрі бұл үшін алла тағала өміріңді жоғары етіп көтереді, нұрға толтырады, алла тағала бізге осыларды әрдайым істеп жүруге нәсіп еткей, иншалла. Әлхамдулиллах, әулие машайықтардың берекесімен алла тағаланың арқасында біз бұнда келдік, бұндағылар уирос-кесел жәйлі көп айтып жатыр, бірақ біз бұның барлығы алла тағаладан келген іс екендігін білгеніміз жөн, ал одан өлгендерді алла тағала білмей қалған жоқ, олар алла тағаланың білімінің сыртында емес, кім өлер, кім қайтыс болар бәрі бір алла тағаланың даргайындағы істер.

Алла тағала баршамызды панасына алғай, иманымызды сақтап қорғағай, ешкім бұл өмірде мәңгілік тұра алмақ емес, алла тағала бәріңе иманмен исламға толған ұзақ өмір бергей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф



سۇحبات: تاريقات اللا تاعالانى ءسۇيۋدى ۇيرەتەدى (2022.03.10)

ءالحامدۇليللا، 2 جىل وتكەن سوڭ ءبىز بۇندا تاعى كەلىپ، تاريقاتپەن يسلامداعى باۋىرلارىمىزعا كەزدەسىپ جاتىرمىز، ءبىزدىڭ جۇرەكتەرىمىز ۇدايى بىرگە، ءبىز قايتا جولىعىسقاندا بەينە ءبىر ۇنەمى وتە جاقىن جۇرگەن ادامدارداي سەزىنەمىز، ءبىز فيزيكالىق تۇرعىدا بارۋىرلارىمىزدى، مۇريتتەردى جانە ماشايىقتاردى ساعىنامىز، ءالحامدۇليللا، اللا تاعالا ءبىزدى قايتا قاۋىشتىردى.

بۇل دۇنيە ماڭگىلىك ەمەس، كەيدە ءبىز كەيبىر باۋىرلارىمىزدى بۇندا قايتا تابا الماي قالامىز، بىراق اقيرەت ماڭگىلىك، ءبىز سوندا قايتا تابىسىپ بىرگە بولاتىن بولامىز. اللا تاعالا ءبىزدىڭ جان-رۇحتارىمىزدى جاراتقاندا بىرگە ەدى، پايعامبارىمىز «اللا تاعالا جان-رۋحتاردى جاراتقان سوڭ، ءبىر جەرگە جينايدى، سوندا ولاردىڭ كەيبىرى ءبىرىن-ءبىرى جاقسى كورىپ سۇيسە، كەيبىرى ءبىرىن-ءبىرى جەك كورىپ دۇشپان بولدى، بۇل ادامزات ءتانى جاراتىلۋدان بۇرىن بولعان ۋاقيعالار.» دەپ ايتقان.

جانىمىز سول كۇنى ياعني الميساقتا جاراتىلعان، ول كەز ءتان جاراتىلۋدان بۇرىنعى ءبىر زاماندار ەدى، سوناۋ الميساقتا ءبىرىن-ءبىرى ۇناتىپ سۇيگەن جان-رۋحتار، بۇل دۇنيەگە كەلگەن سوڭدا ءبىرىن-ءبىرى سۇيەدى، ۇناتادى، ال ءبىرىن-ءبىرىن جەك كورىپ جاۋ بولعان جان-رۋحتار، وسى دۇنيەگە كەلگەن سوڭ تاعىدا ءبىرىن-ءبىرى جەك كورىپ دۇشپان بولادى، ءبىز جان-رۋحىمىزدىڭ جاقسى ادامداردى ۇناتىپ سۇيگەنى ءۇشىن قۋانامىز، بۇل اللا تاعالادان بەرىلگەن ءبىر زور نىعىمەت-ءدۇر.

ماحابباتتى ياعني ءسۇيۋدى اقشاعا ساتىپ الا المايسىڭ، كوپتەگەن ادامدار ءجۇرتتىڭ ولاردى ءسۇيۋى ءۇشىن كوپتەگەن نارسەلەردى بەرىپ جاتادى، مۇمكىن باسقالار ولاردى سىرت كوزگە قاراماققا سۇيگەندەي كورىنەر، بىراق بەرگەن اقشاسى نەمەسە پايداسى تاۋسىلعاندا ولار ودان تايىپ تۇرادى ياعني وعان قاراماي كەتەدى، ولار وسىلاي بىردەمدە ءبىر-بىرىنەن بولىنەدى. اللا تاعالاعا ارنالعان ماحاببات وتە ماڭىزدى، ادامدارعا سونشاما نارسەلەر بەرسەڭدە ولاردان بۇل ماحابباتى جيناي المايسىڭ، بۇل ماحاببات اللا تاعالادان كەلەدى.

ساحابالار ءتىپتى ءوز ومىرلەرىن اللامەن پايعامبار ماحابباتى جولىنا ارنادى، ال بۇنداي ەرلىكتى مۇشىرىكتەر نەمەسە باسقالار ىستەي المايدى، ساحابالار جينالعاندا از عانا ەدى، بىراق ولار اللا تاعالا ماحابباتى ءۇشىن باردى ءارى بۇل جولدارىن تاستاپ كەتكەن جوق، ولار نە ءۇشىن كەتىپ قالمايدى؟ سەبەبى ولار اللا تاعالا ولاردان نە ءۇشىن كەتىپ قالعانىن سۇرايدى ما؟ الدە ناپسىلەرى ءۇشىن كەتىپ قالۋى كەرەك پە؟ جوق، ولاردا ماحاببات بار، ولار لەزدە قايتىپ كەلەتىن، ءتىپتى وزدەرىن اللا تاعالانىڭ جولىندا قۇربان ەتەتىن، بۇل وتە ماڭىزدى بولىپ، اقىلدى زەرەك ادامداردىڭ ءىسى-ءدۇر، ال كەرىسى بولسا ولار بەينە حايۋان سياقتى بولىپ، تەك دۇنيەمەن دۇنيە پايداسىن عانا ويلار ەدى، ناعىز پايدا دەگەنىمىز اقيرەت ءۇشىن، ءبىز وسىنى وتباسىمىزعا، اۋلەتىمىزبەن بالالارىمىزعا ۇيرەتۋىمىز كەرەك.

ريزدىق بەرۋشى اللا تاعالا، اللا تاعالا ساعان ريزدىق جازعانى ءۇشىن عانا دۇنيەنىڭ ءار جەرىندە پايداعا كەنەلىپ، كەرەگىڭدى تاۋىپ ءجۇرسىڭ، ەشقاشان «ونى مەن ءوز ىسىممەن، ءوز ەڭبەگىممەن تاۋىپ ءجۇرمىن.» دەپ ويلاپ قالما، اللا تاعالا ريزدىعىڭدى قايدا جازسسا سول جەرگە بارىپ ىشەرىڭدى ىشەسىڭ، جەيتىنىڭدى جەيسىڭ، بۇنىڭ بارلىعى اللا تاعالادان، بۇنى ۇمىتىپاعىن، ءار مينوت ءار ءسات سايىن اللا تاعالانى ەسىڭدە ۇستا، جادىڭا ال. وسىلاي بولعاندا ءار كۇنى 24 ساعات اللا تاعالانى ەسكە ساقتاپ زىكىرلەگەن بولاسىڭ، سوپىلىق تاريقاتتىڭ ۇيرەتەتىنى مىنە وسىلار.

اللا تاعالانى ۇدايى ەسكە ال ياعني زىكىرلە، بۇل قۇلشىلىق جاساپ، زەكەت بەرۋمەن باسقالارعا زۇلىمدىق ەتپەۋدەي ىستەرمەن بىردەي ءىس، تاريقات وسىنى ۇيرەتەدى، وسىلاي ەتسەڭ ءار ءىس-ارەكەت قوزعالىسىڭا دەيىن ساۋاپقا تولى بولماق ءارى بۇل ءۇشىن اللا تاعالا ءومىرىڭدى جوعارى ەتىپ كوتەرەدى، نۇرعا تولتىرادى، اللا تاعالا بىزگە وسىلاردى ءاردايىم ىستەپ جۇرۋگە ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا. ءالحامدۋليللاح، اۋليە ماشايىقتاردىڭ بەرەكەسىمەن اللا تاعالانىڭ ارقاسىندا ءبىز بۇندا كەلدىك، بۇنداعىلار ۋيروس-كەسەل ءجايلى كوپ ايتىپ جاتىر، بىراق ءبىز بۇنىڭ بارلىعى اللا تاعالادان كەلگەن ءىس ەكەندىگىن بىلگەنىمىز ءجون، ال ودان ولگەندەردى اللا تاعالا بىلمەي قالعان جوق، ولار اللا تاعالانىڭ ءبىلىمىنىڭ سىرتىندا ەمەس، كىم ولەر، كىم قايتىس بولار ءبارى ءبىر اللا تاعالانىڭ دارگايىنداعى ىستەر.

اللا تاعالا بارشامىزدى پاناسىنا العاي، يمانىمىزدى ساقتاپ قورعاعاي، ەشكىم بۇل ومىردە ماڭگىلىك تۇرا الماق ەمەس، اللا تاعالا بارىڭە يمانمەن يسلامعا تولعان ۇزاق ءومىر بەرگەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=249