You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: ақыл-кеңес сұрау пайғамбар сүннеті (2022.03.04)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=240

Сұхбат: ақыл-кеңес сұрау пайғамбар сүннеті (2022.03.04)

«Араларында шаруаларын өзара ақылдасатындар.» (құран 42:38), адамдар өзара ақылдасуы әрі жақсы нәрселер үйренуі керек, кеңесу - сүннет, жұмыс істемекші болсаңдар ақылдасып, кеңес сұрау, сұрастыру сүннет болып табылады. Әсіресе шаруа жекенің емес, бірақ көптің шараусы болып, басқа адамдардың да жауапкершілігі болған кезде, міндетті түрде көппен бірге ненің дұрыс ненің бұрыс болатындығы жәйлі ақылдасуы керек.

Кейде адамдар мәлім бір істі дұрыс атқарып жатырмыз деп ойлайды, алайда ол осы ісін көппен ақылдасып кеңескен соң, ол өз ойынан да жақсы жолдың бар екенін байқайды немесе өздерінің дұрыс деп ойлаған ісінің қате екендігін аңғарады, міне осылай олар жаза басып, қателікке ұрынудан сақтанады. Ақылдасу-кеңесу оларға да, өзіне де пайда алып келеді, ал тек өз нәпсілеріне сүйеніп алғандар «мен бәрін білемін.» дейді,  кейде мәлім біреу ісін біліп тұрсада, ешкіммен ақылдаспай іс қылып, соңында қателікке бой алдырады.

Кеңесу сүннеті мейлі жоғарыда мейлі төменде жүрген адамдардың бәріне үйлеседі, әрине жоғарыда немесе биік мәнсапта жүрген адамдардың кеңесшілері болады, себебі оларға жүктелген міндеттер өте үлкен. Мойнына арқалаған міндеттерді жеңілдету үшін көппен кеңес, әйтпесе істі қате істеп қойсаң оның жауапкершілігі саған артылып, барлығы сенің қателігің болады, бірақ басқаларымен кеңесе отырып іс атқарсаң әрі ол соңында дұрыс болмай шықса, ол сенің қателігің болып есептелмейді, себебі сен іске қатысты көппен ақылдастың әрі істегеніміз дұрыс болар дедің, егер соңында нәтижесі дұрыс болмай шықсада ол маңызды емес, алайда істі ешкіммен ақылдаспай істесең әрі нәтижесі қате болып шықса, онда барлығы сенің қателігің болып есептелінеді.

Бұл маңызды істерден, себебі айтып өткеніміздей бұл іскеде нәпсің араласып «мен бәрін білемін, мен ешкімнен ешбір нәрсені сұрауымның қажеті жоқ.» дейді, сондықтан кеңесу алла тағаланың әмірлерінен, «араларында шаруаларын өзара ақылдасатындар.» (құран 42:38) және «шаруаңды олармен ақылдас.» (құран 03:159) дейді құран кәримде, тіпті пайғамбарымыз пайғамбар бола тұрсада, оған кеңесу әмір етілген, ал сен жәй біреусің, барлығын білуің мүмкінбе? барлығын білетін пайғамбарымыздың өзі істі кеңесіп бітіруге бұйырылған.

Пайғамбарымыз қандай жағдайда болмасын кеңесіп іс қылушы еді, тіпті бәдір шайқасында ол жұртпен кеңеседі, өз ойы бойынша іс етпестен оны көппен ақылдасты әрі кеңесте көрсетілген жерді ең қолайлы жер ретінде таңдап, қатсты орналастыруларды жасады, сонда барды, «осылай айттым.» демеді. Кеңесу жақсы іс-дүр, ертеде жұрт арасында «ақыл сұрап, кеңес алудың құны бір түйе.» деген тәмсіл сөз бар еді, алайда қазір ешкім кеңес сұрағысы келмейді, әсіресе осы кездегілер, олар барлығы тек өздерінің ойлары бойынша істегісі келеді, алла тағала оларға тура жолды көрсеткей, иншалла, баршамыз әрқашан тура жолда болалық, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw


سۇحبات: اقىل-كەڭەس سۇراۋ پايعامبار سۇننەتى (2022.03.04)

«ارالارىندا شارۋالارىن ءوزارا اقىلداساتىندار.» (قۇران 42:38)، ادامدار ءوزارا اقىلداسۋى ءارى جاقسى نارسەلەر ۇيرەنۋى كەرەك، كەڭەسۋ - سۇننەت، جۇمىس ىستەمەكشى بولساڭدار اقىلداسىپ، كەڭەس سۇراۋ، سۇراستىرۋ سۇننەت بولىپ تابىلادى. اسىرەسە شارۋا جەكەنىڭ ەمەس، بىراق كوپتىڭ شاراۋسى بولىپ، باسقا ادامداردىڭ دا جاۋاپكەرشىلىگى بولعان كەزدە، مىندەتتى تۇردە كوپپەن بىرگە نەنىڭ دۇرىس نەنىڭ بۇرىس بولاتىندىعى ءجايلى اقىلداسۋى كەرەك.

كەيدە ادامدار ءمالىم ءبىر ءىستى دۇرىس اتقارىپ جاتىرمىز دەپ ويلايدى، الايدا ول وسى ءىسىن كوپپەن اقىلداسىپ كەڭەسكەن سوڭ، ول ءوز ويىنان دا جاقسى جولدىڭ بار ەكەنىن بايقايدى نەمەسە وزدەرىنىڭ دۇرىس دەپ ويلاعان ءىسىنىڭ قاتە ەكەندىگىن اڭعارادى، مىنە وسىلاي ولار جازا باسىپ، قاتەلىككە ۇرىنۋدان ساقتانادى. اقىلداسۋ-كەڭەسۋ ولارعا دا، وزىنە دە پايدا الىپ كەلەدى، ال تەك ءوز ناپسىلەرىنە سۇيەنىپ العاندار «مەن ءبارىن بىلەمىن.» دەيدى، كەيدە ءمالىم بىرەۋ ءىسىن ءبىلىپ تۇرسادا، ەشكىممەن اقىلداسپاي ءىس قىلىپ، سوڭىندا قاتەلىككە بوي الدىرادى.

كەڭەسۋ سۇننەتى مەيلى جوعارىدا مەيلى تومەندە جۇرگەن ادامداردىڭ بارىنە ۇيلەسەدى، ارينە جوعارىدا نەمەسە بيىك ءمانساپتا جۇرگەن ادامداردىڭ كەڭەسشىلەرى بولادى، سەبەبى ولارعا جۇكتەلگەن مىندەتتەر وتە ۇلكەن. موينىنا ارقالاعان مىندەتتەردى جەڭىلدەتۋ ءۇشىن كوپپەن كەڭەس، ايتپەسە ءىستى قاتە ىستەپ قويساڭ ونىڭ جاۋاپكەرشىلىگى ساعان ارتىلىپ، بارلىعى سەنىڭ قاتەلىگىڭ بولادى، بىراق باسقالارىمەن كەڭەسە وتىرىپ ءىس اتقارساڭ ءارى ول سوڭىندا دۇرىس بولماي شىقسا، ول سەنىڭ قاتەلىگىڭ بولىپ ەسەپتەلمەيدى، سەبەبى سەن ىسكە قاتىستى كوپپەن اقىلداستىڭ ءارى ىستەگەنىمىز دۇرىس بولار دەدىڭ، ەگەر سوڭىندا ناتيجەسى دۇرىس بولماي شىقسادا ول ماڭىزدى ەمەس، الايدا ءىستى ەشكىممەن اقىلداسپاي ىستەسەڭ ءارى ناتيجەسى قاتە بولىپ شىقسا، وندا بارلىعى سەنىڭ قاتەلىگىڭ بولىپ ەسەپتەلىنەدى.

بۇل ماڭىزدى ىستەردەن، سەبەبى ايتىپ وتكەنىمىزدەي بۇل ىسكەدە ءناپسىڭ ارالاسىپ «مەن ءبارىن بىلەمىن، مەن ەشكىمنەن ەشبىر نارسەنى سۇراۋىمنىڭ قاجەتى جوق.» دەيدى، سوندىقتان كەڭەسۋ اللا تاعالانىڭ امىرلەرىنەن، «ارالارىندا شارۋالارىن ءوزارا اقىلداساتىندار.» (قۇران 42:38) جانە «شارۋاڭدى ولارمەن اقىلداس.» (قۇران 03:159) دەيدى قۇران كاريمدە، ءتىپتى پايعامبارىمىز پايعامبار بولا تۇرسادا، وعان كەڭەسۋ ءامىر ەتىلگەن، ال سەن ءجاي بىرەۋسىڭ، بارلىعىن ءبىلۋىڭ مۇمكىنبە؟ بارلىعىن بىلەتىن پايعامبارىمىزدىڭ ءوزى ءىستى كەڭەسىپ بىتىرۋگە بۇيىرىلعان.

پايعامبارىمىز قانداي جاعدايدا بولماسىن كەڭەسىپ ءىس قىلۋشى ەدى، ءتىپتى ءبادىر شايقاسىندا ول جۇرتپەن كەڭەسەدى، ءوز ويى بويىنشا ءىس ەتپەستەن ونى كوپپەن اقىلداستى ءارى كەڭەستە كورسەتىلگەن جەردى ەڭ قولايلى جەر رەتىندە تاڭداپ، قاتستى ورنالاستىرۋلاردى جاسادى، سوندا باردى، «وسىلاي ايتتىم.» دەمەدى. كەڭەسۋ جاقسى ءىس-ءدۇر، ەرتەدە جۇرت اراسىندا «اقىل سۇراپ، كەڭەس الۋدىڭ قۇنى ءبىر تۇيە.» دەگەن ءتامسىل ءسوز بار ەدى، الايدا قازىر ەشكىم كەڭەس سۇراعىسى كەلمەيدى، اسىرەسە وسى كەزدەگىلەر، ولار بارلىعى تەك وزدەرىنىڭ ويلارى بويىنشا ىستەگىسى كەلەدى، اللا تاعالا ولارعا تۋرا جولدى كورسەتكەي، ينشاللا، بارشامىز ارقاشان تۋرا جولدا بولالىق، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=240