You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Пайғамбарды өзіңнен артық сүй (2022.02.28)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=237

Пайғамбарды өзіңнен артық сүй (2022.02.28)

«Уа-әллама адама л-асмаға күллаха.» (құран 2:31), саддақа лахұл-әзим, «алла тағала адамға бүкіл іліммен білімді үйретті.» делінеді, кейін періштелер алла тағаладан сұрақ сұраған еді, олар адам баласының бұл дүниедегі іс-мінездерін көрген соң «о құдіретті йем, бұндай жамандықпен әбігер адамды не үшін жараттыңыз, олар өте жаман ғой, басқаларының бәрі жақсы.» деп сұрайды, ал періштелер болса нұрда тұратын әрі тынбай құлшылықта болатын, сондықтан олар адам әлейхисаламның неге жаратылғанын сұрайды. Алла тағала адам әлейхисаламға бүкіл білімді берген еді, ал алла тағала олардың сұрағына жауап бермейді, сол кезде періштелер алла тағала барлығын білуші, біз жаңылсақ керек деп тәубе жасап, олар алла тағалаға сәжде етеді, бұл алла тағаланың адам баласына басқа жаратылыстарына қарағанда көп білім бергендігін білдіреді.

Адамдар бейне мәлім нәрселерді байқап тауып алғандай сөйлейді, алайда әр білімнің уақытымен сағаты болады, сол сағаты жеткенде есік ашылып, сол білім көрінеді, беріледі, ол рухани және заттық екі күйде де туылады. Әулие машайықтар «адам атамызға берілген білімдер біздің қасиетті пайғамбарымызға берілген білімдердің бір тамшысына да жетпейді.» дейді, адам баласының қандай білімді екендігін мөлшерлей бер, алла тағала оларды нығыметтерндіріп, оларға бүкіл жақсы нәрселерді берді, бірақ олар оның қадірін білмеуде. Бүгін айтып өткеніміздей, пайғамбарымыздың әр жағынан дәрежесі өте биік, бұкіл жаратылыс атаулыдан жоғары, періште, жын, адам барлығыңның арасындағы ең жоғарысы, айтқанымыздай ол алла тағаланың құзіретінде болуға ең лайықты болып, алла тағала оған ешкім жете алмайтын дәреже берді.

Пайғамбарымыздың үмбеті болу бізге берілген құрмет, үлкен абырой, онда өте жақсы игіліктер бар, біз алла тағалаға қалай шүкірлік етіп, рақыметімізді айтсақта пайғамбар үмбеті болған бақытымызды бейнелеп беруге жетпейді. Басқа пайғамбарлар біздің пайғамбардың үмбеті болсақ деп дұға жасаған, армандап аңсаған, сондықтан біз пайғамбарымызға бар мүмкіндікпен өте жоғары құрмет білдіруге тиістіміз, иншалла, бірақ мейлі біз оған қалай құрмет білдірсекте, ол үшін алла тағалаға соншама шүкірлік етсекте жетпейді. Біз оны сүйеміз, ерекше құрметейміз, алла тағала бізге пайғамбарымызды онан арман терең сүйуге нәсіп еткей.

Ертең кеште біз қасиетті күш михраж түніне жетеміз, иншалла, сол түні істелген амалдар, дұғалар қабыл болады, бұдан тыс ол түнде қаза еткен намаздарды өтеу керек, одан тәсбих намаз өтеледі, иншалла, сонан соң екі ракат михраж намазы бар, михраж намазынының әр ракатыда 20 рет ықлас сүресі оқылып, біткен соң дұға жасалады, ал бұл құлшылық уәзифаларға алла тағаланың алдында қаншалықты сауаптар берілетіндігі тек бір алланың өзіне ғана аян, сондықтан осы қасиетті кұннің күндізімен түнінде істеген садақалармен амалдарға өте мол сауап игілік жазылады. Ертең михраж, бүгін түн емес, бірақ жексенбіден дүйсенбіге қараған түн болмақ, біз дүйсенбі күні ауыз бекітуіміз керек, осы шағбан айының 27-түні ертең кештен бастап келесі күнгі кешке дейін жалғасады, шағбан айының 27-түні михраж түні, алла тағала бізді онымен берекелендіргей, иншалла.

Алла тағала «алла тағала адамға күллі нәрсенің есімін үйретті.» (құран 2:31) дейді, адам атамызға алла тағала басқа жаратылыстарына үйретпеген білімдерді үйретті, адам әлейхисаламның білімі басқалардан көп еді, сондықтан періштелер адам ата жаралғанда алла тағаладан «адамды жаратуыңыздың астарында не хикімет-даналық бар?» деп сұрады, алла тағала оларға адамның жер бетінде не істейтіндігін алдын ала айтқан, осы себепті олар адамдардың жер бетінде не қылмағы оларға белгілі еді, сондықтан олар «о, жаратушы тәңірім, раббым алла, құдіретті йем, бұнда қандай хикімет бар?» деп ойлайтын, оның үстіне адамдардың көбісі жаман қауымдар болып, бірін-бірі өлтіреді, қалаларды қиратып, жәй адамдарды қырады, алла тағалаға қарсы істер істейді, онымен қоймай бұтқа табынады, осындй келеңсіз істер туылады екен, «сонда алла тағала осы адамдарды неге жаратады екен ә?» деп дүдамал күйде сұрақ ішінде қалады.

Алла тағала адамға білімдерді үйретті, ал басқалары болса бұл білімдер жәйлі хабарсыз еді, олар осы білімдер жәйлі сұралғанда жауап бере алмады, бірақ оларға қазірет адам атамыз жауап береді, сондықтан адамның білімі басқаларынан көп делінеді, онда тіпті періште, жын және басқалардың білімінен де көп білім бар, олардың арасында адам баласы ең білімдісі, бірақ адамның білімі уақытың өтуімен көбейіп жиналды, өз уақыты келгенде алла тағала мәлім білімнің ашылуына рұқсат береді, білім әр жолы осылай ашылып отырған, осылай ашыла бере аз-аздан білімы жиналып топталатын, бірақ адамдар «біз өзіміз үйреніп аштық, біз өйттік, біз сүйттік, біз отты тапқырладық, біз оны-бұны таптық.» деп ойлап қалған, бұл табу-тапқырлау ісі емес, қайта бұл тек өз уақыты келгенде ол білімдерге алла тағала есік ашып, оны адамдардың үйренуіне рұқсат береді, білімді алла тағала осылай адам баласына аз-аздан ашып тұрған, уақыт өткен сайын көптеген білімдер, жаңа нәрселер келіп отырады, келесі жолы немесе жүз жылдан соң тағы жаңа білімдердің ашылуына рұқсат беріп жол ашады, білім мінде осылай уақыттардың өтуімен ашылып жатты, келіп жатты, осы күнге жетті ...

Алла тағаланың қасиетті құзіретінен илаһи білімі барлар кейде осы білімдерін істетеді, бұл жәйлі сүлеймен пайғамбардың әгімесінде былай баяандалған, сүлеимен пайғамбар «йемен сабадағы былқыстың тағын кім алңы келеді?» деп сұрағанда, бір жын «мен оны екі сағат айналасында алып келемін.» дейді, ал тағы бір адам «мен оны сізге көзіңізді ашып-жұмғанша әкелемін.» деп айтады, осыны айтқан адам пендесі еді, бұрын осындай білім болған (қазір бұны ешқандай технология, ештеме істей алмайды, ойлапта жете алмайды!), міне адамда бар білімнен бір мысал, бұл адамның илаһи-қасиетті білімі бар адам болып, немеше мың километір жердегі ауыр тақты көзі ашып-жұмғанша әкеле алады, ойлап көр, бұл бізден немесе мың жыл бұрынғы адамдарда бар білімдер, олар осындай істерді істей алатын болған, оларда білім бар, оларда бүгінгі адамдар сияқты «біз өзіміз үйреніп, өзіміз тапқырлаймыз, біз білеміз.» деп ойлап қалу болмаған, оларда білім бар бірақ ол уақытпен келеді, білімнің ашылып адамдарға білнуі, пайдалануға берілуі үшін уақыт және алла тағаланың рұқсаты керек.

Бұл күндері адамдарда көп нәрселер бар әрі бұл білімдер рұқсат (ижаза) және уақытпен келеді, олар өз уақыты келгенде ашылады, бірақ қазіргі адамдардың бұл білімдері (ғылым-техника, технологиялары) ештеңе емес, түккеде татымайды, тіпті адам атамыздың білім пайғамбарымыздың біліміне салыстырғанда теңіздегі бір тамшыда болмай қалады, ал енді пайғамбарымызда қандай білімдер бар, соны ақылыңа салып ойлап көр, сонымен бірге бізге осы пайғамбарымыздың үмбеті болу бақыты бұйырды, біз алла тағалаға қалай шүкірлік етіп рақымет айтсақта жетпейді, себебі алла тағала өзнің илаһи-қасиетті құзіретінде пайғамбарымызға сонау әлемнің басынан ақырына дейінгі білімнің барлығын берді. Қазір әр елу жылда жаңа бір нәрселер шығып, адамдар ойлап жетпейтіндей өзгерістер туылуда, бірақ бұл нәрселер пайғамбарымыздың білімінің алдына ештеңеге татымайды, біз бұнда алла тағаланың біліміне деп айтқан жоқпыз, ал алла тағаланың білімі шексіз, оны ойлауға келмейді, ол ақыл аясынан тыс дүниелер.

Сондықтан, алхамдулилла, осылар үшін алла тағалаға шүкірлік етеміз, ол бізді пайғамбарымыздың үмбеті етті, себебі көптеген басқа пайғамбарлар біздің пайғамбарымызға үмбет болуды аңсаған, олар тіпті пайғамбар болмай-ақ қоялық, бірақ оның үмбеті етші деп армандап кеткен, олар пайғамбарымыздың үмбеті болудың нарқы қанша екендігін жақсы білертіндер әрі онымен бірге болудың қандай нығымет екенін жете тұсінетіндер. Алхамдұлилла, біз болсақ осы үшін алла тағалаға шүкірліктер айтамыз және алла тағала жолында жақсы бір игілікті іс істегіміз келеді, соған құлшынамыз, қалай рақымет айтсақта жеткізе алмаймыз, бірақ бізде бары пайғамбарымызға деген махаббат бар, бүкіл біздің барымыз да осы, иншалла, бұнымызда көп жақсылық бар, алла тағала біздің жүрегімізге махабатты көптеп бере бергей, иншалла.

Иншалла, ертең михраж түні, бұл түнгі сапарда пайғамбарымыз құдысқа, йерусалимге, ондан көкке, одан алла тағаланың илаһи-қасиетті құзіретіне көтерілді, бұл құзірет хақында ешкім ештеңе дей алмайды, біз алла тағала пайғамбарымызға қалай сөйледі, ол жәйлі хабарсызбыз, онда ... онда уақытпен кеңестік-мекен дегендер жоқ еді, ол біздің сана-ақылымздан тыс болып, оған ой жетпейді, ал бұнда біздің білетініміз сол, алла тағала пайғамбарымызды өте биікке көтерді, сонда қойды, тым биік дәрежеге жеткізді.

Ертең ақшамнан бастап бүрсүкүнгі ақшамға дейін яғни осы жексенбі ақшамнан дүйсенбі ақшамға дейінгі уақыт михраж, сол күнгі түн михраж түні болмақ. Бұл жолы шағбан айының 27-күні дүйсенбі күні болып, қасиетті күн, ол күні ауыз бекітіп, садақа берген абзал әрі қолдан келетін жақсы амалдарды істеу керек, ертең кеште шамаң келгенше намаз оқы, дұға жасап құлшылық ет, бәріміз істелік, иншалла. Бұнда алдымен тәсбих намаз өтелінеді, одан соң екі ракат михраж намазы бар болып, оның әр ракатында 20 рет ықылас сүресі оқылады, осылар біткен соң дұға жасаймыз, алла тағала қабыл етеді, иншалла. Алла тағала бізге пайғамбарымызды көптеп сүйе беруге нәсіп еткей және фитна-бүліктен, шайтаннан сақтағай, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw



پايعامباردى وزىڭنەن ارتىق ءسۇي (2022.02.28)

«ۋا-ءاللاما اداما ل-اسماعا كۇللاحا.» (قۇران 2:31)، سادداقا لاحۇل-ءازيم، «اللا تاعالا ادامعا بۇكىل ىلىممەن ءبىلىمدى ۇيرەتتى.» دەلىنەدى، كەيىن پەرىشتەلەر اللا تاعالادان سۇراق سۇراعان ەدى، ولار ادام بالاسىنىڭ بۇل دۇنيەدەگى ءىس-مىنەزدەرىن كورگەن سوڭ «و قۇدىرەتتى يەم، بۇنداي جاماندىقپەن ابىگەر ادامدى نە ءۇشىن جاراتتىڭىز، ولار وتە جامان عوي، باسقالارىنىڭ ءبارى جاقسى.» دەپ سۇرايدى، ال پەرىشتەلەر بولسا نۇردا تۇراتىن ءارى تىنباي قۇلشىلىقتا بولاتىن، سوندىقتان ولار ادام الەيحيسالامنىڭ نەگە جاراتىلعانىن سۇرايدى. اللا تاعالا ادام الەيحيسالامعا بۇكىل ءبىلىمدى بەرگەن ەدى، ال اللا تاعالا ولاردىڭ سۇراعىنا جاۋاپ بەرمەيدى، سول كەزدە پەرىشتەلەر اللا تاعالا بارلىعىن ءبىلۋشى، ءبىز جاڭىلساق كەرەك دەپ تاۋبە جاساپ، ولار اللا تاعالاعا ساجدە ەتەدى، بۇل اللا تاعالانىڭ ادام بالاسىنا باسقا جاراتىلىستارىنا قاراعاندا كوپ ءبىلىم بەرگەندىگىن بىلدىرەدى.

ادامدار بەينە ءمالىم نارسەلەردى بايقاپ تاۋىپ العانداي سويلەيدى، الايدا ءار ءبىلىمنىڭ ۋاقىتىمەن ساعاتى بولادى، سول ساعاتى جەتكەندە ەسىك اشىلىپ، سول ءبىلىم كورىنەدى، بەرىلەدى، ول رۋحاني جانە زاتتىق ەكى كۇيدە دە تۋىلادى. اۋليە ماشايىقتار «ادام اتامىزعا بەرىلگەن بىلىمدەر ءبىزدىڭ قاسيەتتى پايعامبارىمىزعا بەرىلگەن بىلىمدەردىڭ ءبىر تامشىسىنا دا جەتپەيدى.» دەيدى، ادام بالاسىنىڭ قانداي ءبىلىمدى ەكەندىگىن مولشەرلەي بەر، اللا تاعالا ولاردى نىعىمەتتەرندىرىپ، ولارعا بۇكىل جاقسى نارسەلەردى بەردى، بىراق ولار ونىڭ قادىرىن بىلمەۋدە. بۇگىن ايتىپ وتكەنىمىزدەي، پايعامبارىمىزدىڭ ءار جاعىنان دارەجەسى وتە بيىك، بۇكىل جاراتىلىس اتاۋلىدان جوعارى، پەرىشتە، جىن، ادام بارلىعىڭنىڭ اراسىنداعى ەڭ جوعارىسى، ايتقانىمىزداي ول اللا تاعالانىڭ قۇزىرەتىندە بولۋعا ەڭ لايىقتى بولىپ، اللا تاعالا وعان ەشكىم جەتە المايتىن دارەجە بەردى.

پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتى بولۋ بىزگە بەرىلگەن قۇرمەت، ۇلكەن ابىروي، وندا وتە جاقسى يگىلىكتەر بار، ءبىز اللا تاعالاعا قالاي شۇكىرلىك ەتىپ، راقىمەتىمىزدى ايتساقتا پايعامبار ۇمبەتى بولعان باقىتىمىزدى بەينەلەپ بەرۋگە جەتپەيدى. باسقا پايعامبارلار ءبىزدىڭ پايعامباردىڭ ۇمبەتى بولساق دەپ دۇعا جاساعان، ارمانداپ اڭساعان، سوندىقتان ءبىز پايعامبارىمىزعا بار مۇمكىندىكپەن وتە جوعارى قۇرمەت بىلدىرۋگە ءتيىستىمىز، ينشاللا، بىراق مەيلى ءبىز وعان قالاي قۇرمەت بىلدىرسەكتە، ول ءۇشىن اللا تاعالاعا سونشاما شۇكىرلىك ەتسەكتە جەتپەيدى. ءبىز ونى سۇيەمىز، ەرەكشە قۇرمەتەيمىز، اللا تاعالا بىزگە پايعامبارىمىزدى ونان ارمان تەرەڭ سۇيۋگە ءناسىپ ەتكەي.

ەرتەڭ كەشتە ءبىز قاسيەتتى كۇش ميحراج تۇنىنە جەتەمىز، ينشاللا، سول ءتۇنى ىستەلگەن امالدار، دۇعالار قابىل بولادى، بۇدان تىس ول تۇندە قازا ەتكەن نامازداردى وتەۋ كەرەك، ودان ءتاسبيح ناماز وتەلەدى، ينشاللا، سونان سوڭ ەكى راكات ميحراج نامازى بار، ميحراج نامازىنىنىڭ ءار راكاتىدا 20 رەت ىقلاس سۇرەسى وقىلىپ، بىتكەن سوڭ دۇعا جاسالادى، ال بۇل قۇلشىلىق ۋازيفالارعا اللا تاعالانىڭ الدىندا قانشالىقتى ساۋاپتار بەرىلەتىندىگى تەك ءبىر اللانىڭ وزىنە عانا ايان، سوندىقتان وسى قاسيەتتى كۇننىڭ كۇندىزىمەن تۇنىندە ىستەگەن ساداقالارمەن امالدارعا وتە مول ساۋاپ يگىلىك جازىلادى. ەرتەڭ ميحراج، بۇگىن ءتۇن ەمەس، بىراق جەكسەنبىدەن دۇيسەنبىگە قاراعان ءتۇن بولماق، ءبىز دۇيسەنبى كۇنى اۋىز بەكىتۋىمىز كەرەك، وسى شاعبان ايىنىڭ 27-ءتۇنى ەرتەڭ كەشتەن باستاپ كەلەسى كۇنگى كەشكە دەيىن جالعاسادى، شاعبان ايىنىڭ 27-ءتۇنى ميحراج ءتۇنى، اللا تاعالا ءبىزدى ونىمەن بەرەكەلەندىرگەي، ينشاللا.

اللا تاعالا «اللا تاعالا ادامعا كۇللى نارسەنىڭ ەسىمىن ۇيرەتتى.» (قۇران 2:31) دەيدى، ادام اتامىزعا اللا تاعالا باسقا جاراتىلىستارىنا ۇيرەتپەگەن بىلىمدەردى ۇيرەتتى، ادام الەيحيسالامنىڭ ءبىلىمى باسقالاردان كوپ ەدى، سوندىقتان پەرىشتەلەر ادام اتا جارالعاندا اللا تاعالادان «ادامدى جاراتۋىڭىزدىڭ استارىندا نە حيكىمەت-دانالىق بار؟» دەپ سۇرادى، اللا تاعالا ولارعا ادامنىڭ جەر بەتىندە نە ىستەيتىندىگىن الدىن الا ايتقان، وسى سەبەپتى ولار ادامداردىڭ جەر بەتىندە نە قىلماعى ولارعا بەلگىلى ەدى، سوندىقتان ولار «و، جاراتۋشى ءتاڭىرىم، راببىم اللا، قۇدىرەتتى يەم، بۇندا قانداي حيكىمەت بار؟» دەپ ويلايتىن، ونىڭ ۇستىنە ادامداردىڭ كوبىسى جامان قاۋىمدار بولىپ، ءبىرىن-ءبىرى ولتىرەدى، قالالاردى قيراتىپ، ءجاي ادامداردى قىرادى، اللا تاعالاعا قارسى ىستەر ىستەيدى، ونىمەن قويماي بۇتقا تابىنادى، وسىندي كەلەڭسىز ىستەر تۋىلادى ەكەن، «سوندا اللا تاعالا وسى ادامداردى نەگە جاراتادى ەكەن ءا؟» دەپ ءدۇدامال كۇيدە سۇراق ىشىندە قالادى.

اللا تاعالا ادامعا بىلىمدەردى ۇيرەتتى، ال باسقالارى بولسا بۇل بىلىمدەر ءجايلى حابارسىز ەدى، ولار وسى بىلىمدەر ءجايلى سۇرالعاندا جاۋاپ بەرە المادى، بىراق ولارعا قازىرەت ادام اتامىز جاۋاپ بەرەدى، سوندىقتان ادامنىڭ ءبىلىمى باسقالارىنان كوپ دەلىنەدى، وندا ءتىپتى پەرىشتە، جىن جانە باسقالاردىڭ بىلىمىنەن دە كوپ ءبىلىم بار، ولاردىڭ اراسىندا ادام بالاسى ەڭ ءبىلىمدىسى، بىراق ادامنىڭ ءبىلىمى ۋاقىتىڭ وتۋىمەن كوبەيىپ جينالدى، ءوز ۋاقىتى كەلگەندە اللا تاعالا ءمالىم ءبىلىمنىڭ اشىلۋىنا رۇقسات بەرەدى، ءبىلىم ءار جولى وسىلاي اشىلىپ وتىرعان، وسىلاي اشىلا بەرە از-ازدان ءبىلىمى جينالىپ توپتالاتىن، بىراق ادامدار «ءبىز ءوزىمىز ۇيرەنىپ اشتىق، ءبىز ويتتىك، ءبىز سۇيتتىك، ءبىز وتتى تاپقىرلادىق، ءبىز ونى-بۇنى تاپتىق.» دەپ ويلاپ قالعان، بۇل تابۋ-تاپقىرلاۋ ءىسى ەمەس، قايتا بۇل تەك ءوز ۋاقىتى كەلگەندە ول بىلىمدەرگە اللا تاعالا ەسىك اشىپ، ونى ادامداردىڭ ۇيرەنۋىنە رۇقسات بەرەدى، ءبىلىمدى اللا تاعالا وسىلاي ادام بالاسىنا از-ازدان اشىپ تۇرعان، ۋاقىت وتكەن سايىن كوپتەگەن بىلىمدەر، جاڭا نارسەلەر كەلىپ وتىرادى، كەلەسى جولى نەمەسە ءجۇز جىلدان سوڭ تاعى جاڭا بىلىمدەردىڭ اشىلۋىنا رۇقسات بەرىپ جول اشادى، ءبىلىم مىندە وسىلاي ۋاقىتتاردىڭ وتۋىمەن اشىلىپ جاتتى، كەلىپ جاتتى، وسى كۇنگە جەتتى ...

اللا تاعالانىڭ قاسيەتتى قۇزىرەتىنەن يلاھي ءبىلىمى بارلار كەيدە وسى بىلىمدەرىن ىستەتەدى، بۇل ءجايلى سۇلەيمەن پايعامباردىڭ اگىمەسىندە بىلاي بايااندالعان، سۇلەيمەن پايعامبار «يەمەن ساباداعى بىلقىستىڭ تاعىن كىم الڭى كەلەدى؟» دەپ سۇراعاندا، ءبىر جىن «مەن ونى ەكى ساعات اينالاسىندا الىپ كەلەمىن.» دەيدى، ال تاعى ءبىر ادام «مەن ونى سىزگە كوزىڭىزدى اشىپ-جۇمعانشا اكەلەمىن.» دەپ ايتادى، وسىنى ايتقان ادام پەندەسى ەدى، بۇرىن وسىنداي ءبىلىم بولعان (قازىر بۇنى ەشقانداي تەحنولوگيا، ەشتەمە ىستەي المايدى، ويلاپتا جەتە المايدى!)، مىنە ادامدا بار بىلىمنەن ءبىر مىسال، بۇل ادامنىڭ يلاھي-قاسيەتتى ءبىلىمى بار ادام بولىپ، نەمەشە مىڭ كيلومەتىر جەردەگى اۋىر تاقتى كوزى اشىپ-جۇمعانشا اكەلە الادى، ويلاپ كور، بۇل بىزدەن نەمەسە مىڭ جىل بۇرىنعى ادامداردا بار بىلىمدەر، ولار وسىنداي ىستەردى ىستەي الاتىن بولعان، ولاردا ءبىلىم بار، ولاردا بۇگىنگى ادامدار سياقتى «ءبىز ءوزىمىز ۇيرەنىپ، ءوزىمىز تاپقىرلايمىز، ءبىز بىلەمىز.» دەپ ويلاپ قالۋ بولماعان، ولاردا ءبىلىم بار بىراق ول ۋاقىتپەن كەلەدى، ءبىلىمنىڭ اشىلىپ ادامدارعا ءبىلنۋى، پايدالانۋعا بەرىلۋى ءۇشىن ۋاقىت جانە اللا تاعالانىڭ رۇقساتى كەرەك.

بۇل كۇندەرى ادامداردا كوپ نارسەلەر بار ءارى بۇل بىلىمدەر رۇقسات (يجازا) جانە ۋاقىتپەن كەلەدى، ولار ءوز ۋاقىتى كەلگەندە اشىلادى، بىراق قازىرگى ادامداردىڭ بۇل بىلىمدەرى (عىلىم-تەحنيكا، تەحنولوگيالارى) ەشتەڭە ەمەس، تۇككەدە تاتىمايدى، ءتىپتى ادام اتامىزدىڭ ءبىلىم پايعامبارىمىزدىڭ بىلىمىنە سالىستىرعاندا تەڭىزدەگى ءبىر تامشىدا بولماي قالادى، ال ەندى پايعامبارىمىزدا قانداي بىلىمدەر بار، سونى اقىلىڭا سالىپ ويلاپ كور، سونىمەن بىرگە بىزگە وسى پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتى بولۋ باقىتى بۇيىردى، ءبىز اللا تاعالاعا قالاي شۇكىرلىك ەتىپ راقىمەت ايتساقتا جەتپەيدى، سەبەبى اللا تاعالا ءوزنىڭ يلاھي-قاسيەتتى قۇزىرەتىندە پايعامبارىمىزعا سوناۋ الەمنىڭ باسىنان اقىرىنا دەيىنگى ءبىلىمنىڭ بارلىعىن بەردى. قازىر ءار ەلۋ جىلدا جاڭا ءبىر نارسەلەر شىعىپ، ادامدار ويلاپ جەتپەيتىندەي وزگەرىستەر تۋىلۋدا، بىراق بۇل نارسەلەر پايعامبارىمىزدىڭ ءبىلىمىنىڭ الدىنا ەشتەڭەگە تاتىمايدى، ءبىز بۇندا اللا تاعالانىڭ بىلىمىنە دەپ ايتقان جوقپىز، ال اللا تاعالانىڭ ءبىلىمى شەكسىز، ونى ويلاۋعا كەلمەيدى، ول اقىل اياسىنان تىس دۇنيەلەر.

سوندىقتان، الحامدۋليللا، وسىلار ءۇشىن اللا تاعالاعا شۇكىرلىك ەتەمىز، ول ءبىزدى پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتى ەتتى، سەبەبى كوپتەگەن باسقا پايعامبارلار ءبىزدىڭ پايعامبارىمىزعا ۇمبەت بولۋدى اڭساعان، ولار ءتىپتى پايعامبار بولماي-اق قويالىق، بىراق ونىڭ ۇمبەتى ەتشى دەپ ارمانداپ كەتكەن، ولار پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتى بولۋدىڭ نارقى قانشا ەكەندىگىن جاقسى بىلەرتىندەر ءارى ونىمەن بىرگە بولۋدىڭ قانداي نىعىمەت ەكەنىن جەتە تۇسىنەتىندەر. الحامدۇليللا، ءبىز بولساق وسى ءۇشىن اللا تاعالاعا شۇكىرلىكتەر ايتامىز جانە اللا تاعالا جولىندا جاقسى ءبىر يگىلىكتى ءىس ىستەگىمىز كەلەدى، سوعان قۇلشىنامىز، قالاي راقىمەت ايتساقتا جەتكىزە المايمىز، بىراق بىزدە بارى پايعامبارىمىزعا دەگەن ماحاببات بار، بۇكىل ءبىزدىڭ بارىمىز دا وسى، ينشاللا، بۇنىمىزدا كوپ جاقسىلىق بار، اللا تاعالا ءبىزدىڭ جۇرەگىمىزگە ماحاباتتى كوپتەپ بەرە بەرگەي، ينشاللا.

ينشاللا، ەرتەڭ ميحراج ءتۇنى، بۇل تۇنگى ساپاردا پايعامبارىمىز قۇدىسقا، يەرۋساليمگە، وندان كوككە، ودان اللا تاعالانىڭ يلاھي-قاسيەتتى قۇزىرەتىنە كوتەرىلدى، بۇل قۇزىرەت حاقىندا ەشكىم ەشتەڭە دەي المايدى، ءبىز اللا تاعالا پايعامبارىمىزعا قالاي سويلەدى، ول ءجايلى حابارسىزبىز، وندا ... وندا ۋاقىتپەن كەڭەستىك-مەكەن دەگەندەر جوق ەدى، ول ءبىزدىڭ سانا-اقىلىمزدان تىس بولىپ، وعان وي جەتپەيدى، ال بۇندا ءبىزدىڭ بىلەتىنىمىز سول، اللا تاعالا پايعامبارىمىزدى وتە بيىككە كوتەردى، سوندا قويدى، تىم بيىك دارەجەگە جەتكىزدى.

ەرتەڭ اقشامنان باستاپ بۇرسۇكۇنگى اقشامعا دەيىن ياعني وسى جەكسەنبى اقشامنان دۇيسەنبى اقشامعا دەيىنگى ۋاقىت ميحراج، سول كۇنگى ءتۇن ميحراج ءتۇنى بولماق. بۇل جولى شاعبان ايىنىڭ 27-كۇنى دۇيسەنبى كۇنى بولىپ، قاسيەتتى كۇن، ول كۇنى اۋىز بەكىتىپ، ساداقا بەرگەن ابزال ءارى قولدان كەلەتىن جاقسى امالداردى ىستەۋ كەرەك، ەرتەڭ كەشتە شاماڭ كەلگەنشە ناماز وقى، دۇعا جاساپ قۇلشىلىق ەت، ءبارىمىز ىستەلىك، ينشاللا. بۇندا الدىمەن ءتاسبيح ناماز وتەلىنەدى، ودان سوڭ ەكى راكات ميحراج نامازى بار بولىپ، ونىڭ ءار راكاتىندا 20 رەت ىقىلاس سۇرەسى وقىلادى، وسىلار بىتكەن سوڭ دۇعا جاسايمىز، اللا تاعالا قابىل ەتەدى، ينشاللا. اللا تاعالا بىزگە پايعامبارىمىزدى كوپتەپ سۇيە بەرۋگە ءناسىپ ەتكەي جانە فيتنا-بۇلىكتەن، شايتاننان ساقتاعاي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=237