You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Жүрегің құлшылықпен тазармайды



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=20

Жүрегің құлшылықпен тазармайды

Сүннет дегеніміз мүбәрак пайғамбарымыздың жолы. Ал оның жолы қайда апарады? "Бұл жол ИЛАХИ (ҚАСИЕТТІ) ҚҰЗЫРҒА апарады, сондықтан біз бұл жолға еруіміз керек.", жауабы осындай тым қарапайым.
Барлық діндарларға қояр сұрағым: "пайғамбар жолы деген не?". Пайғамбар жолы дегеніміз ИЛАХИ ҚҰЗЫРҒА бастайтын жол. Бұдан өзге не жауап айтуымыз керек?
Адамдар ұстанған жолдарын пайғамбар жолынан мүлдем басқаша боп келетін өзгелердің жолына бұра тартып, өзгертіп алды. Қазір, біз осы дүниелік өмір жолындамыз, яғни шайтанның жолындамыз.
Біз өмірдің дәмін ұзағынан көптеп татқан сайын, көптеген бос істердің, көптеген мал-мүліктердің, көптеген ақша-байлықтың және көптеген қызықтың артына түстік. Ал бұның соңы бізді бір-бірімізбен жарыстырып қойды, осылар үшін алыстық, жұлыстық. Біз осы лас тірліктер үшін өзара таласып, бір-бірімізбен күресудеміз.
Жүректеріңді тазарту сыртқы бейне-амалдар арқылы іске аспайды. Жүрегің дәрет алу, намаз оқу немесе сәлделі тұрбан киумен тазармайды. Пайғамбар сүннетіне еру сіздің жүректі тазартады.
- Аулие Маулана Шайық Назым Әділ Әл-Хаққани (Түркия)
* Аулие Маулана Шайық Назым Әділ - нақшыбанды тәриқат сопылық шежіре тізбегінің (сисилия) 40-інші шайқы. Ердоғанның руханй пірі, ұстазы. Қазіргі 41-шайқы маулана шайық Мехмет Әділ әр-раббани (Түркия).
* ИЛАХИ ҚҰЗЫР - Алла тағаланың алды, құзіреті. Аллаға ең жақын қасиетті "орын тұрақ".
جۇرەگىڭ قۇلشىلىقپەن تازارمايدى
سۇننەت دەگەنىمىز مۇباراك پايعامبارىمىزدىڭ جولى. ال ونىڭ جولى قايدا اپارادى؟ "بۇل جول يلاحي (قاسيەتتى) قۇزىرعا اپارادى، سوندىقتان ءبىز بۇل جولعا ەرۋىمىز كەرەك."، جاۋابى وسىنداي تىم قاراپايىم.
بارلىق ءدىندارلارعا قويار سۇراعىم: "پايعامبار جولى دەگەن نە؟". پايعامبار جولى دەگەنىمىز يلاحي قۇزىرعا باستايتىن جول. بۇدان وزگە نە جاۋاپ ايتۋىمىز كەرەك؟
ادامدار ۇستانعان جولدارىن پايعامبار جولىنان مۇلدەم باسقاشا بوپ كەلەتىن وزگەلەردىڭ جولىنا بۇرا تارتىپ، وزگەرتىپ الدى. ءقازىر، ءبىز وسى دۇنيەلىك ءومىر جولىندامىز، ياعني شايتاننىڭ جولىندامىز.
بىز ءومىردىڭ ءدامىن ۇزاعىنان كوپتەپ تاتقان سايىن، كوپتەگەن بوس ىستەردىڭ، كوپتەگەن مال-مۇلىكتەردىڭ، كوپتەگەن اقشا-بايلىقتىڭ جانە كوپتەگەن قىزىقتىڭ ارتىنا تۇستىك. ال بۇنىڭ سوڭى ءبىزدى بىر-بىرىمىزبەن جارىستىرىپ قويدى، وسىلار ءۇشىن الىستىق، جۇلىستىق. ءبىز وسى لاس تىرلىكتەر ءۇشىن ءوزارا تالاسىپ، بىر-بىرىمىزبەن كۇرەسۋدەمىز.
جۇرەكتەرىڭدى تازارتۋ سىرتقى بەينە-امالدار ارقىلى ىسكە اسپايدى. جۇرەگىڭ دارەت الۋ، ناماز وقۋ نەمەسە سالدەلى تۇربان كيۋمەن تازارمايدى. پايعامبار سۇننەتىنە ەرۋ ءسىزدىڭ جۇرەكتى تازارتادى.
- اۋليە ماۋلانا شايىق نازىم ءادىل ءال-حاققاني (تۇركيا)
* اۋليە ماۋلانا شايىق نازىم ءادىل - ناقشىباندى ءتاريقات سوپىلىق شەجىرە تىزبەگىنىڭ (سيسيليا) ء40-ىنشى شايقى. ەردوعاننىڭ رۋحاني ءپىرى، ۇستازى. قازىرگى 41-شايقى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني (تۇركيا).
* يلاحي قۇزىر - اللا تاعالانىڭ الدى، قۇزىرەتى. اللاعا ەڭ جاقىن قاسيەتتى "ورىن تۇراق".

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=20