You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Биліктегілерге бірер ауыз сөз (2022.01.16)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=197

Биліктегілерге бірер ауыз сөз (2022.01.16)

«Әрбіреуің өз үйіріне жауапты шопансыңдар.» деген сөз бар, демек әрбір адам өзіне еріп жүргендерге жауапты екендігі айтылған, оларға қарайлау сенің мойныңа артылған міндет. Отбасында ер отағасы отбасына жауапты болса, қала бастығы өзі басқарып тұрған қаласына жауапты болады, бірақ жауапкершілік арқалау оңай шаруа емес, әдетте 4-5 жан отбасына жауапкершілікті алып жүру тым қиын емес болар, адамдар еңбек етіп өзара көмектесіп жатады, бұл жөн іс, алайда үлкен міндет зор жауапкершілік сұраған адамдар ең алдымен арқаламақ болған міндеттің салмағымен өздерінің не сұрап тұрғанын жақсы түсініп алуы тиіс, бұл оңай шаруа емес.

Бұны не үшін айтып жатырмыз? біз қазір шағын ғана ел түркия кипірдеміз және бұнда сайлау болмақшы, сондықтан әр тараптан сан түрлі адамдар келіп осы сайлауға қатынасып өздеріне міндет алғысы келеді, олар парламенітке барып мүше болған соң елге қызмет ете бастайды, ескерерлігі олар парламентке абыроймен атақ алу үшін бармауы керек, егер міндет арқалайды екенсің одан сұралатын боласың, бұнда «мен жұрытты үгіттеу арқылы парламентке кірдім.» деген сөз болмауы керек.

Көптеген адамдар өздерінің қандай рухани міндет арқалап жүргені жайлы бейхабар, олар осы танып жетуі қажет, сонда ғана олардың қызметі қабыл болып, міндеті ада етілмек. Олардың міндеті онда барған соң адамдардың ұқығын қорғау, жұртқа қызмет ету және адамдарға түрлі жолдар арқылы дүнияуи-рухани жақтардан көмек көрсету, егер кімде-кім онда барған соң жалақы ала тұра «ісім дұрыс кезде, онда бармаспын яғни халыққа қызмет қылмай жатармын, ал ісім қате болған кезде үнсіз қалармын, себебі мен жақсы жалақы алып, өмірімді осылай өткізуім керек, атағым да бір басыма жеткілкті ғой.» дейтіндер үлкен ұтылыста-дүр, бұндайлар өздерін ең үлкен мәселеге ұшыратушылар, себебі оларға зор жауапкершілік артылған.

Қиямет күнінде ең үлкен қиындыққа ұшырайтындар басшылар болмақ, бұндағы басшы деп отырғандарымыз қазіргі парламенітте отырғандар, ертеде бір ғана адам билеуші еді, біз бұнда қайсысы жақсы қайсысы нашар деп айтқымыз келіп отырған жоқ, сол кездерде тек бір ғана адам басшы болып, билік жүргізетін, егер ол дұрыс болса, барлығы орнында болатын, ал егер ол қателік қылса, ол өз жауапкершілігімен қоса бірге қателесетін еді, қиямет күнінде осындай адамдар ең жаман күйге ұшырамақ. Алайда қазір оның орнында бір топ адамдар отыр, олар жаңа заңдарды шығарып басқаларға зұлымдық жасайды, ал жұрт болса сендерді осы араға яғни билікке не парламенітке осындай зұлымдықтарды тоқтатуға қойды, онда халыққа пайдасы тиер адам болуға жіберілдіңдер, бірақ онда барған соң бұл міндеттерді істемей тастап қойсаңдар, бұл сендерге абыройда, жақсылықта әкелмес, бірақ бұлар сендерге түскен ауыртпашылық болмақ, алла тағала өзі сақтасын, сендер бұл ауыртпашылықтың азабын ақиретте оңбай тартатын боласыңдар.

Жақсы адамдар шындықты айтады, олар ешкімнен қорықпайды, шындық дегеніміз ақиқат, осылай болса алла тағаланың алдында таза ар-ұжданмен тұрасың, еткен жақсы іс-әрекеттерің үшін алла тағала си-сияпатпен сауап беретін болады әрі бұл дүниеде де абыроймен өмір сүресің де, жұрытта сені қалыпсыз мақлұқ деп айтпас еді, егер керісінше болса бұл дүниеде пайда ала алмайсың әрі ал ақиретте сауаптан жұрдай болмақсың, сонымен бірге өзіңе күнә арқалайсың. Алла тағала бізді панасына алғай, қазір әрбір адам «демократия» деп айғайлап жүр әрі олар «менде парламенітке мүше бола аламын, бұл жай сайлау ғана ғой, олар жаңа партия жасақтапты, олар мені өздеріне алатын болады, содан соң мен мынаны істеймін және ананы қыламын т.б...» деген ой есебінде жүр, адамдар қазір қиял ішінде өмір сүруде.

Сондықтан бұндағы ең маңыздысы қызмет өтеу, дұрыстықпен іс қылып ақиқатпен бірге болу, егер сен ақиқатпен бірге болмасаң бүкіл дүниенің билеушісі болсаңда ақиіретте бір тиындық құның болмайды, алайда ештеңең жоқ болсада бірақ ақиқатпен бірге болсаң сен ұдайы игілікпен пайдаға кенелу жолында болмақсың. Алла тағала бізге жәрдемші болғай, иншалла, айтылған адамдарымыз ақиқатпен бірге болғай, бұл ең алдымен олар үшін қайырлы-дүр, әрқашан ақиқатпен бірге бола алсақ бұл еліміздегі әр нәрсеге береке кіретін болады, мейлі олар қаншалықты құлшынсын, бірақ ақиқатсыз береке келмейді. Алла тағала көмек еткей және оларға сергектік бергей, олар әрдайым ақиқатпен бірге болғай, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

بيلىكتەگىلەرگە بىرەر اۋىز ءسوز (2022.01.16)

«اربىرەۋىڭ ءوز ۇيىرىنە جاۋاپتى شوپانسىڭدار.» دەگەن ءسوز بار، دەمەك ءاربىر ادام وزىنە ەرىپ جۇرگەندەرگە جاۋاپتى ەكەندىگى ايتىلعان، ولارعا قارايلاۋ سەنىڭ موينىڭا ارتىلعان مىندەت. وتباسىندا ەر وتاعاسى وتباسىنا جاۋاپتى بولسا، قالا باستىعى ءوزى باسقارىپ تۇرعان قالاسىنا جاۋاپتى بولادى، بىراق جاۋاپكەرشىلىك ارقالاۋ وڭاي شارۋا ەمەس، ادەتتە 4-5 جان وتباسىنا جاۋاپكەرشىلىكتى الىپ ءجۇرۋ تىم قيىن ەمەس بولار، ادامدار ەڭبەك ەتىپ ءوزارا كومەكتەسىپ جاتادى، بۇل ءجون ءىس، الايدا ۇلكەن مىندەت زور جاۋاپكەرشىلىك سۇراعان ادامدار ەڭ الدىمەن ارقالاماق بولعان مىندەتتىڭ سالماعىمەن وزدەرىنىڭ نە سۇراپ تۇرعانىن جاقسى ءتۇسىنىپ الۋى ءتيىس، بۇل وڭاي شارۋا ەمەس.

بۇنى نە ءۇشىن ايتىپ جاتىرمىز؟ ءبىز قازىر شاعىن عانا ەل تۇركيا كيپىردەمىز جانە بۇندا سايلاۋ بولماقشى، سوندىقتان ءار تاراپتان سان ءتۇرلى ادامدار كەلىپ وسى سايلاۋعا قاتىناسىپ وزدەرىنە مىندەت العىسى كەلەدى، ولار پارلامەنىتكە بارىپ مۇشە بولعان سوڭ ەلگە قىزمەت ەتە باستايدى، ەسكەرەرلىگى ولار پارلامەنتكە ابىرويمەن اتاق الۋ ءۇشىن بارماۋى كەرەك، ەگەر مىندەت ارقالايدى ەكەنسىڭ ودان سۇرالاتىن بولاسىڭ، بۇندا «مەن جۇرىتتى ۇگىتتەۋ ارقىلى پارلامەنتكە كىردىم.» دەگەن ءسوز بولماۋى كەرەك.

كوپتەگەن ادامدار وزدەرىنىڭ قانداي رۋحاني مىندەت ارقالاپ جۇرگەنى جايلى بەيحابار، ولار وسى تانىپ جەتۋى قاجەت، سوندا عانا ولاردىڭ قىزمەتى قابىل بولىپ، مىندەتى ادا ەتىلمەك. ولاردىڭ مىندەتى وندا بارعان سوڭ ادامداردىڭ ۇقىعىن قورعاۋ، جۇرتقا قىزمەت ەتۋ جانە ادامدارعا ءتۇرلى جولدار ارقىلى ءدۇنياۋي-رۋحاني جاقتاردان كومەك كورسەتۋ، ەگەر كىمدە-كىم وندا بارعان سوڭ جالاقى الا تۇرا «ءىسىم دۇرىس كەزدە، وندا بارماسپىن ياعني حالىققا قىزمەت قىلماي جاتارمىن، ال ءىسىم قاتە بولعان كەزدە ءۇنسىز قالارمىن، سەبەبى مەن جاقسى جالاقى الىپ، ءومىرىمدى وسىلاي وتكىزۋىم كەرەك، اتاعىم دا ءبىر باسىما جەتكىلكتى عوي.» دەيتىندەر ۇلكەن ۇتىلىستا-ءدۇر، بۇندايلار وزدەرىن ەڭ ۇلكەن ماسەلەگە ۇشىراتۋشىلار، سەبەبى ولارعا زور جاۋاپكەرشىلىك ارتىلعان.

قيامەت كۇنىندە ەڭ ۇلكەن قيىندىققا ۇشىرايتىندار باسشىلار بولماق، بۇنداعى باسشى دەپ وتىرعاندارىمىز قازىرگى پارلامەنىتتە وتىرعاندار، ەرتەدە ءبىر عانا ادام بيلەۋشى ەدى، ءبىز بۇندا قايسىسى جاقسى قايسىسى ناشار دەپ ايتقىمىز كەلىپ وتىرعان جوق، سول كەزدەردە تەك ءبىر عانا ادام باسشى بولىپ، بيلىك جۇرگىزەتىن، ەگەر ول دۇرىس بولسا، بارلىعى ورنىندا بولاتىن، ال ەگەر ول قاتەلىك قىلسا، ول ءوز جاۋاپكەرشىلىگىمەن قوسا بىرگە قاتەلەسەتىن ەدى، قيامەت كۇنىندە وسىنداي ادامدار ەڭ جامان كۇيگە ۇشىراماق. الايدا قازىر ونىڭ ورنىندا ءبىر توپ ادامدار وتىر، ولار جاڭا زاڭداردى شىعارىپ باسقالارعا زۇلىمدىق جاسايدى، ال جۇرت بولسا سەندەردى وسى اراعا ياعني بيلىككە نە پارلامەنىتكە وسىنداي زۇلىمدىقتاردى توقتاتۋعا قويدى، وندا حالىققا پايداسى تيەر ادام بولۋعا جىبەرىلدىڭدەر، بىراق وندا بارعان سوڭ بۇل مىندەتتەردى ىستەمەي تاستاپ قويساڭدار، بۇل سەندەرگە ابىرويدا، جاقسىلىقتا اكەلمەس، بىراق بۇلار سەندەرگە تۇسكەن اۋىرتپاشىلىق بولماق، اللا تاعالا ءوزى ساقتاسىن، سەندەر بۇل اۋىرتپاشىلىقتىڭ ازابىن اقيرەتتە وڭباي تارتاتىن بولاسىڭدار.

جاقسى ادامدار شىندىقتى ايتادى، ولار ەشكىمنەن قورىقپايدى، شىندىق دەگەنىمىز اقيقات، وسىلاي بولسا اللا تاعالانىڭ الدىندا تازا ار-ۇجدانمەن تۇراسىڭ، ەتكەن جاقسى ءىس-ارەكەتتەرىڭ ءۇشىن اللا تاعالا سي-سياپاتپەن ساۋاپ بەرەتىن بولادى ءارى بۇل دۇنيەدە دە ابىرويمەن ءومىر سۇرەسىڭ دە، جۇرىتتا سەنى قالىپسىز ماقلۇق دەپ ايتپاس ەدى، ەگەر كەرىسىنشە بولسا بۇل دۇنيەدە پايدا الا المايسىڭ ءارى ال اقيرەتتە ساۋاپتان جۇرداي بولماقسىڭ، سونىمەن بىرگە وزىڭە كۇنا ارقالايسىڭ. اللا تاعالا ءبىزدى پاناسىنا العاي، قازىر ءاربىر ادام «دەموكراتيا» دەپ ايعايلاپ ءجۇر ءارى ولار «مەندە پارلامەنىتكە مۇشە بولا الامىن، بۇل جاي سايلاۋ عانا عوي، ولار جاڭا پارتيا جاساقتاپتى، ولار مەنى وزدەرىنە الاتىن بولادى، سودان سوڭ مەن مىنانى ىستەيمىن جانە انانى قىلامىن ت.ب...» دەگەن وي ەسەبىندە ءجۇر، ادامدار قازىر قيال ىشىندە ءومىر سۇرۋدە.

سوندىقتان بۇنداعى ەڭ ماڭىزدىسى قىزمەت وتەۋ، دۇرىستىقپەن ءىس قىلىپ اقيقاتپەن بىرگە بولۋ، ەگەر سەن اقيقاتپەن بىرگە بولماساڭ بۇكىل دۇنيەنىڭ بيلەۋشىسى بولساڭدا اقيىرەتتە ءبىر تيىندىق قۇنىڭ بولمايدى، الايدا ەشتەڭەڭ جوق بولسادا بىراق اقيقاتپەن بىرگە بولساڭ سەن ۇدايى يگىلىكپەن پايداعا كەنەلۋ جولىندا بولماقسىڭ. اللا تاعالا بىزگە جاردەمشى بولعاي، ينشاللا، ايتىلعان ادامدارىمىز اقيقاتپەن بىرگە بولعاي، بۇل ەڭ الدىمەن ولار ءۇشىن قايىرلى-ءدۇر، ارقاشان اقيقاتپەن بىرگە بولا الساق بۇل ەلىمىزدەگى ءار نارسەگە بەرەكە كىرەتىن بولادى، مەيلى ولار قانشالىقتى قۇلشىنسىن، بىراق اقيقاتسىز بەرەكە كەلمەيدى. اللا تاعالا كومەك ەتكەي جانە ولارعا سەرگەكتىك بەرگەي، ولار ءاردايىم اقيقاتپەن بىرگە بولعاي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=197