You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Жын соққан жынды емес, нағыз жынды - аллаға қарсылар (2021.12.10)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=170

Жын соққан жынды емес, нағыз жынды - аллаға қарсылар (2021.12.10)
https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/319375290156183
«Кімде кім алла тағалаға, оның періштелеріне, пайғамбарларына және Жебірейілмен Мекайілге дұшпан болса, расында алла тағала осы кәпірлерге дұшпан болмақ.» (құран 02:98) делінеді қасиетті құран кәримде, бұны әркім жақсы білгені жөн, егер біреу алла тағалаға жау болса, бұнда «алла тағала оған жау болмайды.» деген сөз жоқ яғни алла тағалаға жау болсаң, ол да саған жау, алла тағалаға дұшпан болу ешқандай ақылдылық емес, бұл мүлдем барып тұрған топастық, себебі алла тағаланы жеңбек жоқ, бұнда 1-0 емес, 1000000-0 мүмкіндікте жоқ, алла тағалаға қарсы келіп оны жеңген ешкім жоқ, бұндай болмайды да, болуыда мүмкін емес.

Қазір алла тағалаға қарсы болғандықтарын бейне бір шаруа бітіріп жетістікке жеткендей көретін көптеген топас-надан адамдар бар, бұндай қылықтарын жетістік санап, дүйім елге онысымен мақтанатын адам нағыз ақымақ адам болмақ-дүр. Олар өздерін маңызды бір іс тындырғандай көреді, олардың бұнысы ақымақтықтың ең жоғарғы дәрежесінен басқа дәнеңеде емес, тегінде жындыханаларда жатқызылуға тиісті адамдар осындай адамдар, ал жындықаналарда жатқандар бұларға қарағанда мыңдаған есе ақылды, оларға салыстырғанда жындыханадағылар жынды емес, нағыз жындылар осылар.

Мына дүние қазір осындай аурумен ауырған топас адамдарға толып кетті, сонымен бір уақытта адамдар осындай топастардан болуға тәрбиеленуде, олар «аллаға дұшпан бол, сен жеңесің, бізбен және шайтанмен бірге бол, сонда жеңіске жетесің, қызыметпен жан бағысыңнан қам қылма, біз саған қызмет, ішер ас, киер киім береміз.» дейді, ал жұмысты ішер асты адамдарға нәсіп етуші алла тағала емеспе, қызыметіңмен ішер асың болсада соны нәсіп еткен алла тағала, егер алла тағаланы оны нәсіп еткісі келмесе, одан еш пайда алмайсың да, оның бәрі саған берілген уға айналады. Егер алла тағаланың атын айтыпасаң, тамақты бисимилламен жемесең, істі бисимилламен бастамасаң, соңыра ісіңмен ішкен-жегенің саған еш пайда алып келмейтін болады (яғни жұмыс бастағанда, ішіп-жегенде алла атымен бастамаушылықтар соңында біртіндеп адамдардың иманының түсуіне, жүрегінің қарайуына, алланы ұмытыуына және аллаға қарсы болуына әкеліп соғады да, олардың ақиретін күйретіп, тозаққа бастайды, бұндағы бисимилласыз істермен ішіп-жеулер у ішкенмен бірдей деген сөздің ішкі мағанасы-дүр.).

Болып жатқан бұндай уақиғалар біз өмір сүріп жатқан ақырзаманның күй-жағдайларынан, осы істер туылады да қиямет солардың басына орнайды, бұлар туылмай қиямет күні келмейді, алла тағаланың жазуы солай. Балалар, жастар және ересектерде естерін жинап, ақылына келуі тиіс, сендер алла тағалаға қарсы болғандарға ермеулерің керек, қазір мына дүние сондай бір мүшкіл халге түсті, өте көп санды адам алла тағаланы мүлдем ұмытып кетті, тәңірі олардың есінен көтерілді, ал бірақ олардың есіне тәңірі алла тағала түссе, оған қарсы шығады, қысқасы алланы көбісі ұмытты, ұмытпағандары оған қарсы болған сондай сұмдық кез болды, бұл еш жақсылық емес. Кімде кім өзін осындай бәлелердан сақтай алса және өз нәпсісімен айналасындағылардың осындай кері әсерлерінен өзін қорғай алса, ол онда алла тағаланың рұқсатында жеңіске жетуші болмақ.

Алла тағала мұсылмандарды және олардың ұрпақтарын өз панасына алғай, олардың иман-сеніміне бүкіл әлем болып шабуыл жасалуда, нәтижесінде олар дінін тастап, нәпсілерінің соңынан кетуде, тіпті олар бұнысын тәп бір жетістікке жеткендей көретінді шығарды, бұл жетістік емес, бұл басыңа тауып алған ең үлкен алапат-бәле болмақ, адамдар үшін иманын жоғалтып алудан өткен зор бәле жоқ, одан өткен сұмдық жоқ. Алла тағала біздерді қорғағай, осы жұма күнінің құрметі үшін алла тағала біздің иманымызды күшейіткей және мұсылмандарды тура жолға бағыттағай, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

جىن سوققان جىندى ەمەس، ناعىز جىندى - اللاعا قارسىلار (2021.12.10)

«كىمدە كىم اللا تاعالاعا، ونىڭ پەرىشتەلەرىنە، پايعامبارلارىنا جانە جەبىرەيىلمەن مەكايىلگە دۇشپان بولسا، راسىندا اللا تاعالا وسى كاپىرلەرگە دۇشپان بولماق.» (قۇران 02:98) دەلىنەدى قاسيەتتى قۇران كاريمدە، بۇنى اركىم جاقسى بىلگەنى ءجون، ەگەر بىرەۋ اللا تاعالاعا جاۋ بولسا، بۇندا «اللا تاعالا وعان جاۋ بولمايدى.» دەگەن ءسوز جوق ياعني اللا تاعالاعا جاۋ بولساڭ، ول دا ساعان جاۋ، اللا تاعالاعا دۇشپان بولۋ ەشقانداي اقىلدىلىق ەمەس، بۇل مۇلدەم بارىپ تۇرعان توپاستىق، سەبەبى اللا تاعالانى جەڭبەك جوق، بۇندا 1-0 ەمەس، 1000000-0 مۇمكىندىكتە جوق، اللا تاعالاعا قارسى كەلىپ ونى جەڭگەن ەشكىم جوق، بۇنداي بولمايدى دا، بولۋىدا مۇمكىن ەمەس.

قازىر اللا تاعالاعا قارسى بولعاندىقتارىن بەينە ءبىر شارۋا ءبىتىرىپ جەتىستىككە جەتكەندەي كورەتىن كوپتەگەن توپاس-نادان ادامدار بار، بۇنداي قىلىقتارىن جەتىستىك ساناپ، ءدۇيىم ەلگە ونىسىمەن ماقتاناتىن ادام ناعىز اقىماق ادام بولماق-ءدۇر. ولار وزدەرىن ماڭىزدى ءبىر ءىس تىندىرعانداي كورەدى، ولاردىڭ بۇنىسى اقىماقتىقتىڭ ەڭ جوعارعى دارەجەسىنەن باسقا دانەڭەدە ەمەس، تەگىندە جىندىحانالاردا جاتقىزىلۋعا ءتيىستى ادامدار وسىنداي ادامدار، ال جىندىقانالاردا جاتقاندار بۇلارعا قاراعاندا مىڭداعان ەسە اقىلدى، ولارعا سالىستىرعاندا جىندىحاناداعىلار جىندى ەمەس، ناعىز جىندىلار وسىلار.

مىنا دۇنيە قازىر وسىنداي اۋرۋمەن اۋىرعان توپاس ادامدارعا تولىپ كەتتى، سونىمەن ءبىر ۋاقىتتا ادامدار وسىنداي توپاستاردان بولۋعا تاربيەلەنۋدە، ولار «اللاعا دۇشپان بول، سەن جەڭەسىڭ، بىزبەن جانە شايتانمەن بىرگە بول، سوندا جەڭىسكە جەتەسىڭ، قىزىمەتپەن جان باعىسىڭنان قام قىلما، ءبىز ساعان قىزمەت، ىشەر اس، كيەر كيىم بەرەمىز.» دەيدى، ال جۇمىستى ىشەر استى ادامدارعا ءناسىپ ەتۋشى اللا تاعالا ەمەسپە، قىزىمەتىڭمەن ىشەر اسىڭ بولسادا سونى ءناسىپ ەتكەن اللا تاعالا، ەگەر اللا تاعالانى ونى ءناسىپ ەتكىسى كەلمەسە، ودان ەش پايدا المايسىڭ دا، ونىڭ ءبارى ساعان بەرىلگەن ۋعا اينالادى. ەگەر اللا تاعالانىڭ اتىن ايتىپاساڭ، تاماقتى بيسيميللامەن جەمەسەڭ، ءىستى بيسيميللامەن باستاماساڭ، سوڭىرا ىسىڭمەن ىشكەن-جەگەنىڭ ساعان ەش پايدا الىپ كەلمەيتىن بولادى (ياعني جۇمىس باستاعاندا، ءىشىپ-جەگەندە اللا اتىمەن باستاماۋشىلىقتار سوڭىندا بىرتىندەپ ادامداردىڭ يمانىنىڭ تۇسۋىنە، جۇرەگىنىڭ قارايۋىنا، اللانى ۇمىتىۋىنا جانە اللاعا قارسى بولۋىنا اكەلىپ سوعادى دا، ولاردىڭ اقيرەتىن كۇيرەتىپ، توزاققا باستايدى، بۇنداعى بيسيميللاسىز ىستەرمەن ءىشىپ-جەۋلەر ۋ ىشكەنمەن بىردەي دەگەن ءسوزدىڭ ىشكى ماعاناسى-ءدۇر.).

بولىپ جاتقان بۇنداي ۋاقيعالار ءبىز ءومىر ءسۇرىپ جاتقان اقىرزاماننىڭ كۇي-جاعدايلارىنان، وسى ىستەر تۋىلادى دا قيامەت سولاردىڭ باسىنا ورنايدى، بۇلار تۋىلماي قيامەت كۇنى كەلمەيدى، اللا تاعالانىڭ جازۋى سولاي. بالالار، جاستار جانە ەرەسەكتەردە ەستەرىن جيناپ، اقىلىنا كەلۋى ءتيىس، سەندەر اللا تاعالاعا قارسى بولعاندارعا ەرمەۋلەرىڭ كەرەك، قازىر مىنا دۇنيە سونداي ءبىر مۇشكىل حالگە ءتۇستى، وتە كوپ ساندى ادام اللا تاعالانى مۇلدەم ۇمىتىپ كەتتى، ءتاڭىرى ولاردىڭ ەسىنەن كوتەرىلدى، ال بىراق ولاردىڭ ەسىنە ءتاڭىرى اللا تاعالا تۇسسە، وعان قارسى شىعادى، قىسقاسى اللانى كوبىسى ۇمىتتى، ۇمىتپاعاندارى وعان قارسى بولعان سونداي سۇمدىق كەز بولدى، بۇل ەش جاقسىلىق ەمەس. كىمدە كىم ءوزىن وسىنداي بالەلەردان ساقتاي السا جانە ءوز ناپسىسىمەن اينالاسىنداعىلاردىڭ وسىنداي كەرى اسەرلەرىنەن ءوزىن قورعاي السا، ول وندا اللا تاعالانىڭ رۇقساتىندا جەڭىسكە جەتۋشى بولماق.

اللا تاعالا مۇسىلمانداردى جانە ولاردىڭ ۇرپاقتارىن ءوز پاناسىنا العاي، ولاردىڭ يمان-سەنىمىنە بۇكىل الەم بولىپ شابۋىل جاسالۋدا، ناتيجەسىندە ولار ءدىنىن تاستاپ، ناپسىلەرىنىڭ سوڭىنان كەتۋدە، ءتىپتى ولار بۇنىسىن ءتاپ ءبىر جەتىستىككە جەتكەندەي كورەتىندى شىعاردى، بۇل جەتىستىك ەمەس، بۇل باسىڭا تاۋىپ العان ەڭ ۇلكەن الاپات-بالە بولماق، ادامدار ءۇشىن يمانىن جوعالتىپ الۋدان وتكەن زور بالە جوق، ودان وتكەن سۇمدىق جوق. اللا تاعالا بىزدەردى قورعاعاي، وسى جۇما كۇنىنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن اللا تاعالا ءبىزدىڭ يمانىمىزدى كۇشەيىتكەي جانە مۇسىلمانداردى تۋرا جولعا باعىتتاعاي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=170