You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сабырлы және тұрақты бол (2021.11.29)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=164

Сабырлы және тұрақты бол (2021.11.29)

Құран кәримде «ай иман келтіргендер сабырлы, төзімді және тұрақты болыңдар, алла тағаладан қорқыңдар, сонда жеңіске жетерсіңдер.» (құран 03:200) делінеді. Алла тағала бұнда «сабырлы болыңдар және сабырлылармен бірге болыңдар, сабырлылық алла тағаланың жолында қажетті нәрсе, тұрақтылықта солай, жақсылық істеңдер.» дейді, жақсылық істеген адамдар алла тағаланың қалауымен ең соңында жеңіске жететін болады, бұл алла тағаланың берген уәдесі.

Расында, сабырлылық қажет ақ ... Бұл дүние сан түрлі қиындықтарға толы, дүниенің мәселелері адамдар арасында өзара қайшылықтармен жаңжалдарды жәнеде басқа көптеген мәселелердің туылуына мұрындық болады, адамдар бір-біріне төзімділік ете алмайды, олардың кейбірі басқалардың мал-мүліктеріне йе болады, тіпті олар басқалардың бар нәрсесін тартып алады, сондықтан біз сабырлылықпен бастан аяқ бәріне төзімділік жасай отыра, дүние істерін елемеуіміз керек.

Шайтан болса бүкіл жерде адам біткеннің барлығын алдап жүр, ол адамдарды құрған тұзақтарына баудай түсіруде. Садақа бер, садақа алла тағаланың жанында ешқашан жоғалмайды, егер кейбіреулер жұрытты алдау арқылы пайда тауып жүрмін деп ойласа, онда бұндайлар тек өздерін ғана алдап жүрушілер-дүр, олардың бұндай іс-әрекеттері оларға ешқандай пайда немесе береке алып келмек емес.

Адамдар ұдайы бұнда келіп «бәлен адам мені алдап кетті, менен көп ақша алды, қазір оны қайтарып бермей жатыр, маған дұға етіңіздерші.» деп жатады, онысы көп жағдайда үлкен сандағы ақша болып келеді, олар «осы ақшамды қайтарып ала аламын ба?» дейді. Маулана шайық Назым қазірет үнемі «оның үстіне бір шыны су іш.» деп айтушы еді, ол кісі бұны неге айтып отыр? бұл бір естіген адамға қалжың сияқты көрінеді. Әдетте олар басқаларды алдап ақшасын алса, ол харам болып есептелінеді, ондай ақшада олардың қолында тұрмайды да, оларға еш пайда берместен ағып кетеді. Егер адамдар қолында бар ақшаларын алла тағаланың жолындағы жақсы істерге жұмсайтын болса, алла тағала оны қабыл етер еді, ал олай етпесе, олардың көңіл бөлмес аңғалдықтары себепті, ақшалары әртүрлі жолдармен ұрланбақ немесе біреулердің қолында кетпек.

Сондықтан біз сақ болуымыз керек және елге бір нәрсені берерде жақсы ниет қыл, біреу келіп «мен ананы не мынаны істеп жатыр едім, кедейлерге көмек беремін, дерга немесе мешіт салып жатырмын.» деп сені алдап ақша алып кетеді, бірақ бұдан ол алушыға ешқандай пайда келмек емес, сонымен бірге біреулер тағы біреулердің ақшасын алып бәленбай бизниске қаржы ретінде салып, оны кейін қайтарып беремін деп алдап жатады, ал бұндай жағдайда оларға берген ақшаңды олардан қайтарып ала аламын деп ойлама, себебі сенің бергенің халал, бірақ олар оны харам етіп сенен алдап алды, ал харамда еш берке жоқ екендігі бесенеден белгілі, береке тек халал-адал істе ғана болады.

Осы себептерге байланысты адамдар терең ой жүгірте білуі керек. Егер біреулер «мен басқаларды алдап, олардың бергендерінен пайда көремін.» деп ойласа, онда олар нағыз ақымақтар болғаны, бірақ олар өздерін қу және ақылды санайды. Олардың бұндай жолмен алған ақшаларында еш береке жоқ, олар өз қолымен өздеріне у ішкізгендер. Алла тағала баршамызды қорғасын және алалды риздықтарды нәсіп еткей, алла тағала біздерді ешкімге мұхтаж етпегей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

سابىرلى جانە تۇراقتى بول (2021.11.29)

قۇران كاريمدە «اي يمان كەلتىرگەندەر سابىرلى، ءتوزىمدى جانە تۇراقتى بولىڭدار، اللا تاعالادان قورقىڭدار، سوندا جەڭىسكە جەتەرسىڭدەر.» (قۇران 03:200) دەلىنەدى. اللا تاعالا بۇندا «سابىرلى بولىڭدار جانە سابىرلىلارمەن بىرگە بولىڭدار، سابىرلىلىق اللا تاعالانىڭ جولىندا قاجەتتى نارسە، تۇراقتىلىقتا سولاي، جاقسىلىق ىستەڭدەر.» دەيدى، جاقسىلىق ىستەگەن ادامدار اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن ەڭ سوڭىندا جەڭىسكە جەتەتىن بولادى، بۇل اللا تاعالانىڭ بەرگەن ۋادەسى.

راسىندا، سابىرلىلىق قاجەت اق ... بۇل دۇنيە سان ءتۇرلى قيىندىقتارعا تولى، دۇنيەنىڭ ماسەلەلەرى ادامدار اراسىندا ءوزارا قايشىلىقتارمەن جاڭجالداردى جانەدە باسقا كوپتەگەن ماسەلەلەردىڭ تۋىلۋىنا مۇرىندىق بولادى، ادامدار ءبىر-بىرىنە توزىمدىلىك ەتە المايدى، ولاردىڭ كەيبىرى باسقالاردىڭ مال-مۇلىكتەرىنە يە بولادى، ءتىپتى ولار باسقالاردىڭ بار نارسەسىن تارتىپ الادى، سوندىقتان ءبىز سابىرلىلىقپەن باستان اياق بارىنە توزىمدىلىك جاساي وتىرا، دۇنيە ىستەرىن ەلەمەۋىمىز كەرەك.

شايتان بولسا بۇكىل جەردە ادام بىتكەننىڭ بارلىعىن الداپ ءجۇر، ول ادامداردى قۇرعان تۇزاقتارىنا باۋداي تۇسىرۋدە. ساداقا بەر، ساداقا اللا تاعالانىڭ جانىندا ەشقاشان جوعالمايدى، ەگەر كەيبىرەۋلەر جۇرىتتى الداۋ ارقىلى پايدا تاۋىپ ءجۇرمىن دەپ ويلاسا، وندا بۇندايلار تەك وزدەرىن عانا الداپ جۇرۋشىلەر-ءدۇر، ولاردىڭ بۇنداي ءىس-ارەكەتتەرى ولارعا ەشقانداي پايدا نەمەسە بەرەكە الىپ كەلمەك ەمەس.

ادامدار ۇدايى بۇندا كەلىپ «بالەن ادام مەنى الداپ كەتتى، مەنەن كوپ اقشا الدى، قازىر ونى قايتارىپ بەرمەي جاتىر، ماعان دۇعا ەتىڭىزدەرشى.» دەپ جاتادى، ونىسى كوپ جاعدايدا ۇلكەن سانداعى اقشا بولىپ كەلەدى، ولار «وسى اقشامدى قايتارىپ الا الامىن با؟» دەيدى. ماۋلانا شايىق نازىم قازىرەت ۇنەمى «ونىڭ ۇستىنە ءبىر شىنى سۋ ءىش.» دەپ ايتۋشى ەدى، ول كىسى بۇنى نەگە ايتىپ وتىر؟ بۇل ءبىر ەستىگەن ادامعا قالجىڭ سياقتى كورىنەدى. ادەتتە ولار باسقالاردى الداپ اقشاسىن السا، ول حارام بولىپ ەسەپتەلىنەدى، ونداي اقشادا ولاردىڭ قولىندا تۇرمايدى دا، ولارعا ەش پايدا بەرمەستەن اعىپ كەتەدى. ەگەر ادامدار قولىندا بار اقشالارىن اللا تاعالانىڭ جولىنداعى جاقسى ىستەرگە جۇمسايتىن بولسا، اللا تاعالا ونى قابىل ەتەر ەدى، ال ولاي ەتپەسە، ولاردىڭ كوڭىل بولمەس اڭعالدىقتارى سەبەپتى، اقشالارى ءارتۇرلى جولدارمەن ۇرلانباق نەمەسە بىرەۋلەردىڭ قولىندا كەتپەك.

سوندىقتان ءبىز ساق بولۋىمىز كەرەك جانە ەلگە ءبىر نارسەنى بەرەردە جاقسى نيەت قىل، بىرەۋ كەلىپ «مەن انانى نە مىنانى ىستەپ جاتىر ەدىم، كەدەيلەرگە كومەك بەرەمىن، دەرگا نەمەسە مەشىت سالىپ جاتىرمىن.» دەپ سەنى الداپ اقشا الىپ كەتەدى، بىراق بۇدان ول الۋشىعا ەشقانداي پايدا كەلمەك ەمەس، سونىمەن بىرگە بىرەۋلەر تاعى بىرەۋلەردىڭ اقشاسىن الىپ بالەنباي بيزنيسكە قارجى رەتىندە سالىپ، ونى كەيىن قايتارىپ بەرەمىن دەپ الداپ جاتادى، ال بۇنداي جاعدايدا ولارعا بەرگەن اقشاڭدى ولاردان قايتارىپ الا الامىن دەپ ويلاما، سەبەبى سەنىڭ بەرگەنىڭ حالال، بىراق ولار ونى حارام ەتىپ سەنەن الداپ الدى، ال حارامدا ەش بەركە جوق ەكەندىگى بەسەنەدەن بەلگىلى، بەرەكە تەك حالال-ادال ىستە عانا بولادى.

وسى سەبەپتەرگە بايلانىستى ادامدار تەرەڭ وي جۇگىرتە ءبىلۋى كەرەك. ەگەر بىرەۋلەر «مەن باسقالاردى الداپ، ولاردىڭ بەرگەندەرىنەن پايدا كورەمىن.» دەپ ويلاسا، وندا ولار ناعىز اقىماقتار بولعانى، بىراق ولار وزدەرىن قۋ جانە اقىلدى سانايدى. ولاردىڭ بۇنداي جولمەن العان اقشالارىندا ەش بەرەكە جوق، ولار ءوز قولىمەن وزدەرىنە ۋ ىشكىزگەندەر. اللا تاعالا بارشامىزدى قورعاسىن جانە الالدى ريزدىقتاردى ءناسىپ ەتكەي، اللا تاعالا بىزدەردى ەشكىمگە مۇحتاج ەتپەگەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=164