You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Қара жерге кіргенде ғана сынақтан құтыласың (2021.11.10)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=151

Қара жерге кіргенде ғана сынақтан құтыласың (2021.11.10)

Алла тағала бұл дүниеде өмір сүріп жатқан адамдарға сынақ ретінде сан түрлі адам айтып тауысқысыз нәрселерді жібереді, мұнда ең алдымен алла тағала адам бойына жақсы және жаман мінез-қылық деген нәрселерді салды, адамдар бойындағы бұл қасиеттерін меңгеріп жақсы жаққа қарай өзгерте білсе, олардың мақам-дәрежесі өседі, ал өзгерте алмаса дәрежесі түсе бермек әрі бұнысы оларға ауыр жүк болып, оның зардабын ақиретте тартатын болады.

Осы дүниедегі адамдар арасында көре алмастық, қызғаныш, күмәнқорлық және басқада толып жатқан кесірлі мінездемелер бар және бұларға шайтанның салатын уәсуасасын яғни сыбыр-күбірін қосыңыз, айтып өткеніміздей бұл дүние әурешілігі көп нәрселермен толған әрі бұлар бұл дүниенің сынақтары үшін берілген. Бұл дүние тынымсыз дүние, тек мәңгілікке көзіңді жұмып қара жердің астына кіргенде ғана бұл дүниенің сынағы бітеді де, арғы дүниеде сынақтың нәтижесін күтесің, ал одан өтсең жәннатқа кетесің, иншалла, Хауд Каусарға яғни Молшылық Дәриясына жетесің, ол - пайғамбарымыздың дәриясы, ол дәрияның суын ұрыттап ішсең болғаны бойыңдағы бүкіл жаман мінез-қылық атаулы жоғалып кететін болады, бойымыздағы бар жаманшылық атаулыдан осы кезде ғана құтыламыз әрі осы тазаланудан соң барып жәннатқа кіреміз, тап-таза болып пейішке енесің. Жәннатта көңілсіздік, жәйсіздік, көре алмастық, ішітарлық, күмәнқорлық деген сияқты жамандық атаулының ешбірі болмайды, бұлардың барлығы Каусар Дәриясымен жуылып тыста қалады да, адамдар жәннатқа тазы болып кіреді, олар онда еш әурешіліктермен мазасыздықтар көрмейді және біреу келіп тағы біреуге жамандық істеу деген болмайды, онда тек қана адам санасы ойлап жетпес ләззатпен рахатты өмірді көрмек.

Аллаға шүкір, бұл дүниеде қаншама көп қиыншылықтарға ұшырасаң, жәннатың үшін соншама көп сауаптарға йе болмақсың. Алла тағала қарсы шықпай, оны қабыл етсең болғаны, тіптіде көп си-сауаптар жазылады, бұл дүниедегі тартқаның ешқашан бос кетпек емес, осы арқылы мәңгілік болған ақиреттік өміріңде әурешіліктерден ада боласың. Адамдар қазір уақытша ғана берілген мына қысқа дүниеде өмір сүріп жатыр, бірақ олар бұнда соншама көп қиындықтармен адам өлімдерін көріп жатсада бір ойланып қоймайды, олар бұл дүниеде бейне ешқашан өлмейтін адам сияқты өмірлерін өткізуде.

Жәннаттың әдемілігі-сұлулығы мәңгілік, онда қиыншылық атаулы болмайды да, титтейде әурешілік көрмейсің, ондағы адамдармен иман келтіргендер алла тағала мадақтар айтып жүреді, бұл туралы құранда «біздегі бүкіл қиындықты кетірген алла тағалаға мадақтаулар болсын.» (құран 35:34) деп алдын ала баян етілген. Жәнната ата-ана, туыс-туған және дос-жаранның өлімі болмайды, онда еш өлім жоқ, олар жәннатқа кіруден бұрын 100 мыңдаған немесе милион жылдар бойы есеп беріп сұралады, соңында Сират Көпіріне келгенде өте үлкен бір қошқар әкелінеді әрі алла тағала осы қошқарды бауыздауға әмір етеді, бұл қошқар не нәрсе? ол - өлім, өлім содан соң жоғалады, ал жәннатқа баратындар жәннат жаққа тозаққа баратындар тозақ жаққа бет түзейді, өлім ғайып болып, адамдарда өлімнен қорқу қорқынышы жоқ болады, олар мәңгілік бақытты өмір сүреді. Бұл айтылғандарды мұсылмандар білуге тиісті болып, бұл олардың мына дүниедегі жүгін жеңілдетеді және олар бұл дүниенің шын мәнін түсініп алла тағалаға басқа түскен қиыншылықтары үшінде разы болмақ, ал келген жақсылықтары үшін алла тағалаға шүкірлік етпек. Алла тағала біздің шүкіршілігімізді арыттырғай және біздері бұл дүниеде сынақтармен сынай көрмегей.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

قارا جەرگە كىرگەندە عانا سىناقتان قۇتىلاسىڭ (2021.11.10)

اللا تاعالا بۇل دۇنيەدە ءومىر ءسۇرىپ جاتقان ادامدارعا سىناق رەتىندە سان ءتۇرلى ادام ايتىپ تاۋىسقىسىز نارسەلەردى جىبەرەدى، مۇندا ەڭ الدىمەن اللا تاعالا ادام بويىنا جاقسى جانە جامان مىنەز-قىلىق دەگەن نارسەلەردى سالدى، ادامدار بويىنداعى بۇل قاسيەتتەرىن مەڭگەرىپ جاقسى جاققا قاراي وزگەرتە بىلسە، ولاردىڭ ماقام-دارەجەسى وسەدى، ال وزگەرتە الماسا دارەجەسى تۇسە بەرمەك ءارى بۇنىسى ولارعا اۋىر جۇك بولىپ، ونىڭ زاردابىن اقيرەتتە تارتاتىن بولادى.

وسى دۇنيەدەگى ادامدار اراسىندا كورە الماستىق، قىزعانىش، كۇمانقورلىق جانە باسقادا تولىپ جاتقان كەسىرلى مىنەزدەمەلەر بار جانە بۇلارعا شايتاننىڭ سالاتىن ءۋاسۋاساسىن ياعني سىبىر-كۇبىرىن قوسىڭىز، ايتىپ وتكەنىمىزدەي بۇل دۇنيە اۋرەشىلىگى كوپ نارسەلەرمەن تولعان ءارى بۇلار بۇل دۇنيەنىڭ سىناقتارى ءۇشىن بەرىلگەن. بۇل دۇنيە تىنىمسىز دۇنيە، تەك ماڭگىلىككە كوزىڭدى جۇمىپ قارا جەردىڭ استىنا كىرگەندە عانا بۇل دۇنيەنىڭ سىناعى بىتەدى دە، ارعى دۇنيەدە سىناقتىڭ ناتيجەسىن كۇتەسىڭ، ال ودان وتسەڭ جانناتقا كەتەسىڭ، ينشاللا، حاۋد كاۋسارعا ياعني مولشىلىق ءدارياسىنا جەتەسىڭ، ول - پايعامبارىمىزدىڭ ءدارياسى، ول ءداريانىڭ سۋىن ۇرىتتاپ ىشسەڭ بولعانى بويىڭداعى بۇكىل جامان مىنەز-قىلىق اتاۋلى جوعالىپ كەتەتىن بولادى، بويىمىزداعى بار جامانشىلىق اتاۋلىدان وسى كەزدە عانا قۇتىلامىز ءارى وسى تازالانۋدان سوڭ بارىپ جانناتقا كىرەمىز، تاپ-تازا بولىپ پەيىشكە ەنەسىڭ. ءجانناتتا كوڭىلسىزدىك، جايسىزدىك، كورە الماستىق، ىشىتارلىق، كۇمانقورلىق دەگەن سياقتى جاماندىق اتاۋلىنىڭ ەشبىرى بولمايدى، بۇلاردىڭ بارلىعى كاۋسار دارياسىمەن جۋىلىپ تىستا قالادى دا، ادامدار جانناتقا تازى بولىپ كىرەدى، ولار وندا ەش اۋرەشىلىكتەرمەن مازاسىزدىقتار كورمەيدى جانە بىرەۋ كەلىپ تاعى بىرەۋگە جاماندىق ىستەۋ دەگەن بولمايدى، وندا تەك قانا ادام ساناسى ويلاپ جەتپەس لاززاتپەن راحاتتى ءومىردى كورمەك.

اللاعا شۇكىر، بۇل دۇنيەدە قانشاما كوپ قيىنشىلىقتارعا ۇشىراساڭ، ءجانناتىڭ ءۇشىن سونشاما كوپ ساۋاپتارعا يە بولماقسىڭ. اللا تاعالا قارسى شىقپاي، ونى قابىل ەتسەڭ بولعانى، تىپتىدە كوپ سي-ساۋاپتار جازىلادى، بۇل دۇنيەدەگى تارتقانىڭ ەشقاشان بوس كەتپەك ەمەس، وسى ارقىلى ماڭگىلىك بولعان اقيرەتتىك ومىرىڭدە اۋرەشىلىكتەردەن ادا بولاسىڭ. ادامدار قازىر ۋاقىتشا عانا بەرىلگەن مىنا قىسقا دۇنيەدە ءومىر ءسۇرىپ جاتىر، بىراق ولار بۇندا سونشاما كوپ قيىندىقتارمەن ادام ولىمدەرىن كورىپ جاتسادا ءبىر ويلانىپ قويمايدى، ولار بۇل دۇنيەدە بەينە ەشقاشان ولمەيتىن ادام سياقتى ومىرلەرىن وتكىزۋدە.

ءجانناتتىڭ ادەمىلىگى-سۇلۋلىعى ماڭگىلىك، وندا قيىنشىلىق اتاۋلى بولمايدى دا، تيتتەيدە اۋرەشىلىك كورمەيسىڭ، ونداعى ادامدارمەن يمان كەلتىرگەندەر اللا تاعالا ماداقتار ايتىپ جۇرەدى، بۇل تۋرالى قۇراندا «بىزدەگى بۇكىل قيىندىقتى كەتىرگەن اللا تاعالاعا ماداقتاۋلار بولسىن.» (قۇران 35:34) دەپ الدىن الا بايان ەتىلگەن. ءجانناتا اتا-انا، تۋىس-تۋعان جانە دوس-جاراننىڭ ءولىمى بولمايدى، وندا ەش ءولىم جوق، ولار جانناتقا كىرۋدەن بۇرىن 100 مىڭداعان نەمەسە ميليون جىلدار بويى ەسەپ بەرىپ سۇرالادى، سوڭىندا سيرات كوپىرىنە كەلگەندە وتە ۇلكەن ءبىر قوشقار اكەلىنەدى ءارى اللا تاعالا وسى قوشقاردى باۋىزداۋعا ءامىر ەتەدى، بۇل قوشقار نە نارسە؟ ول - ءولىم، ءولىم سودان سوڭ جوعالادى، ال جانناتقا باراتىندار ءجاننات جاققا توزاققا باراتىندار توزاق جاققا بەت تۇزەيدى، ءولىم عايىپ بولىپ، ادامداردا ولىمنەن قورقۋ قورقىنىشى جوق بولادى، ولار ماڭگىلىك باقىتتى ءومىر سۇرەدى. بۇل ايتىلعانداردى مۇسىلماندار بىلۋگە ءتيىستى بولىپ، بۇل ولاردىڭ مىنا دۇنيەدەگى جۇگىن جەڭىلدەتەدى جانە ولار بۇل دۇنيەنىڭ شىن ءمانىن ءتۇسىنىپ اللا تاعالاعا باسقا تۇسكەن قيىنشىلىقتارى ۇشىندە رازى بولماق، ال كەلگەن جاقسىلىقتارى ءۇشىن اللا تاعالاعا شۇكىرلىك ەتپەك. اللا تاعالا ءبىزدىڭ شۇكىرشىلىگىمىزدى ارىتتىرعاي جانە بىزدەرى بۇل دۇنيەدە سىناقتارمەن سىناي كورمەگەي.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=151