You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Әрбір шопан өз үйіріне жауапты (2021.10.28)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=149

Әрбір шопан өз үйіріне жауапты (2021.10.28)

Мүбәрак пайғамбарымыз «әрбірің шопансыңдар әрі өз үйірлеріңе жауаптысыңдар.» дейді, әрбір адам өз отбасына жауапкершілік арқалайды, ал басқалардың үстінен қарайтын министір, қала бастығы сияқты адамдардың да өз жауапкершілігі бар, олар берілген міндеттерін өз үстіне алса, оны орындауы керек. Әдетте бұл міндеттердің өз шарыттарымен өтеуге тиісты қызметтері болады, олар осы айтылғандарды іске асыруы керек, оны қабыл ете отырып, жақсы істеуі қажет.

алайда қазіргі кездегі адамдар міндеттерін өзінің жеке басындық пайда тұрғысынан ойлайды, олар оны бас пайдасына айналдырып алғысы келеді. Әрбір адам өз іс-әрекетінен сұралмақ, егер олар жақсылық істеген болса жақсылыққа қауышады, ал жамандық істеген болса жамандыққа дұшар болады. Адамдар жауапкершілік арқалағанда, онда олардың да жеке пайдасы ойласылған, оларға да пайда яғни ақысы беріледі, оларға осындай ақылар берілген соң, енді жұрыт алдында оның хақысын өтеп, пайдасын халыққа қайтара білуі тиіс. Олар оны жақсы қызмет өтеу формасында қайтарады, сонда ғана басқаларда олармен бірге игілікке кенелмек. Егер олар алдамкөстік істеп, жұрытқа пайда әкеле алмаса, онда өздеріне де еш пайда әкеле алмайтын болады. Бұрынғы адамдар жауапкершіліктерін жақсы білетін, олар істе деп тапсырылған міндеттерін істейтін де, тыныштық ішінде өмір сүретін, бірақ қазіргілер болса өздеріне міндеттемелер алғысы келіп тұрады, міндет арқалаған соң оның сөзсіз орындауға тиісті жауапкершіліктері болады, ал олар болса оны алған соң жалқаулыққа салынып орындамай қалтырып қояды. Олар міндетті тапсырып алып, бірақ оны істемей қойса, олар аманақта қиянат жасаған болып есептелінеді, ал бұндай қылықтар айтып өткеніміздей олардың өздеріне де жақсылықпен пайда алып келмейді, міндет алғың келеме, онда оның жауапкершілігін арқалап, оны жақсы істеуің керек.

Алла тағала қамқорлармен еңбекшілерді сүйеді, қасиетті пайғамбарымызда солай. Алла тағала «"істеңдер, алла тағала сендердің іс-әрекеттеріңді көретін болады." деп айыт.» (құран 09:105) дейді қасиетті құран кәримде, еңбек ет, алла тағала оны көретіні сөзсіз, ол көруші, алла тағала бізге біздің күре тамырымыздан да жақын тұрады, біз осыны білуіміз керек, адамдарға осы сенім тым қажетті. Егер адамдар осы сенім бойынша әрекет жасаса, олар ешқандай жамандық істемейтін болады, ал оларда бұндай сеніммен иман болмаса, міндетті түрде, олар ойына не келсе соны істейді де, бар сұмдыққа қолы баратын болады, олар осылай істей тұра өздерін жақсы шаруалар тындырып жүрмін деп ойлайды, бірақ жамандық істеушілер ешқашанда ақылды адамдардан бола алмақ емес, ал ақылды адам дегеніміз жақсы іс қылатын адамдар, ол жайылы құранда «тағыда түснбейсіңдер ме?» (құран 37:138) дейді, «сонда да түсінбейсіңдер?», ақылды адам ұдайы садақа беріп, жақсылық істеп жүретін адамдар, міне солар ақылдылар. Алайда түсіну түйсігі болмаған жерде, адамдар жаман іспен мәлім пайдаларға жетемін деп ойлайды, бірақ шындығында, олар өздерін алдағаннан басқа ештеңе тындырып жүрген жоқ, мұндай адамдар өз арқаларына өздері зор зиянды арқалап алушылар. Алла тағала біздері өз панасында етсін.

Егер әрбір адам өзіне жүктелген міндеттермен арқалаған жауапкершіліктерін жақсы ада ете алса, мына дүние бейне бір жәннат секілді болар еді, жер жүзі сұлулыққа толар еді, бірақ олар өздеріне жүктелгендерін жақсы ада етпегендіктен әр жер былықпен бүлікке батқан, ал адамдар болса қысыммен торығу ішінде өмір сүруде, аралары түсінбестікке, дау-дамаймен ұрыс-керістерге толы. Алла тағала баршамызға жәдем еткей, ақылымыз өз орнында болғай, иншалла, себебі айтып өткеніміздей, есінен айырылған ақылсыз адамдар дегеніміз жауапкерсіз адамдар.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

ءاربىر شوپان ءوز ۇيىرىنە جاۋاپتى (2021.10.28)

مۇباراك پايعامبارىمىز «ءاربىرىڭ شوپانسىڭدار ءارى ءوز ۇيىرلەرىڭە جاۋاپتىسىڭدار.» دەيدى، ءاربىر ادام ءوز وتباسىنا جاۋاپكەرشىلىك ارقالايدى، ال باسقالاردىڭ ۇستىنەن قارايتىن ءمينيستىر، قالا باستىعى سياقتى ادامداردىڭ دا ءوز جاۋاپكەرشىلىگى بار، ولار بەرىلگەن مىندەتتەرىن ءوز ۇستىنە السا، ونى ورىنداۋى كەرەك. ادەتتە بۇل مىندەتتەردىڭ ءوز شارىتتارىمەن وتەۋگە ءتيىستى قىزمەتتەرى بولادى، ولار وسى ايتىلعانداردى ىسكە اسىرۋى كەرەك، ونى قابىل ەتە وتىرىپ، جاقسى ىستەۋى قاجەت.

الايدا قازىرگى كەزدەگى ادامدار مىندەتتەرىن ءوزىنىڭ جەكە باسىندىق پايدا تۇرعىسىنان ويلايدى، ولار ونى باس پايداسىنا اينالدىرىپ العىسى كەلەدى. ءاربىر ادام ءوز ءىس-ارەكەتىنەن سۇرالماق، ەگەر ولار جاقسىلىق ىستەگەن بولسا جاقسىلىققا قاۋىشادى، ال جاماندىق ىستەگەن بولسا جاماندىققا دۇشار بولادى. ادامدار جاۋاپكەرشىلىك ارقالاعاندا، وندا ولاردىڭ دا جەكە پايداسى ويلاسىلعان، ولارعا دا پايدا ياعني اقىسى بەرىلەدى، ولارعا وسىنداي اقىلار بەرىلگەن سوڭ، ەندى جۇرىت الدىندا ونىڭ حاقىسىن وتەپ، پايداسىن حالىققا قايتارا ءبىلۋى ءتيىس. ولار ونى جاقسى قىزمەت وتەۋ فورماسىندا قايتارادى، سوندا عانا باسقالاردا ولارمەن بىرگە يگىلىككە كەنەلمەك. ەگەر ولار الدامكوستىك ىستەپ، جۇرىتقا پايدا اكەلە الماسا، وندا وزدەرىنە دە ەش پايدا اكەلە المايتىن بولادى. بۇرىنعى ادامدار جاۋاپكەرشىلىكتەرىن جاقسى بىلەتىن، ولار ىستە دەپ تاپسىرىلعان مىندەتتەرىن ىستەيتىن دە، تىنىشتىق ىشىندە ءومىر سۇرەتىن، بىراق قازىرگىلەر بولسا وزدەرىنە مىندەتتەمەلەر العىسى كەلىپ تۇرادى، مىندەت ارقالاعان سوڭ ونىڭ ءسوزسىز ورىنداۋعا ءتيىستى جاۋاپكەرشىلىكتەرى بولادى، ال ولار بولسا ونى العان سوڭ جالقاۋلىققا سالىنىپ ورىنداماي قالتىرىپ قويادى. ولار مىندەتتى تاپسىرىپ الىپ، بىراق ونى ىستەمەي قويسا، ولار اماناقتا قيانات جاساعان بولىپ ەسەپتەلىنەدى، ال بۇنداي قىلىقتار ايتىپ وتكەنىمىزدەي ولاردىڭ وزدەرىنە دە جاقسىلىقپەن پايدا الىپ كەلمەيدى، مىندەت العىڭ كەلەمە، وندا ونىڭ جاۋاپكەرشىلىگىن ارقالاپ، ونى جاقسى ىستەۋىڭ كەرەك.

اللا تاعالا قامقورلارمەن ەڭبەكشىلەردى سۇيەدى، قاسيەتتى پايعامبارىمىزدا سولاي. اللا تاعالا «"ىستەڭدەر، اللا تاعالا سەندەردىڭ ءىس-ارەكەتتەرىڭدى كورەتىن بولادى." دەپ ايىت.» (قۇران 09:105) دەيدى قاسيەتتى قۇران كاريمدە، ەڭبەك ەت، اللا تاعالا ونى كورەتىنى ءسوزسىز، ول كورۋشى، اللا تاعالا بىزگە ءبىزدىڭ كۇرە تامىرىمىزدان دا جاقىن تۇرادى، ءبىز وسىنى ءبىلۋىمىز كەرەك، ادامدارعا وسى سەنىم تىم قاجەتتى. ەگەر ادامدار وسى سەنىم بويىنشا ارەكەت جاساسا، ولار ەشقانداي جاماندىق ىستەمەيتىن بولادى، ال ولاردا بۇنداي سەنىممەن يمان بولماسا، مىندەتتى تۇردە، ولار ويىنا نە كەلسە سونى ىستەيدى دە، بار سۇمدىققا قولى باراتىن بولادى، ولار وسىلاي ىستەي تۇرا وزدەرىن جاقسى شارۋالار تىندىرىپ ءجۇرمىن دەپ ويلايدى، بىراق جاماندىق ىستەۋشىلەر ەشقاشاندا اقىلدى ادامداردان بولا الماق ەمەس، ال اقىلدى ادام دەگەنىمىز جاقسى ءىس قىلاتىن ادامدار، ول جايىلى قۇراندا «تاعىدا تۇسنبەيسىڭدەر مە؟» (قۇران 37:138) دەيدى، «سوندا دا تۇسىنبەيسىڭدەر؟»، اقىلدى ادام ۇدايى ساداقا بەرىپ، جاقسىلىق ىستەپ جۇرەتىن ادامدار، مىنە سولار اقىلدىلار. الايدا ءتۇسىنۋ تۇيسىگى بولماعان جەردە، ادامدار جامان ىسپەن ءمالىم پايدالارعا جەتەمىن دەپ ويلايدى، بىراق شىندىعىندا، ولار وزدەرىن الداعاننان باسقا ەشتەڭە تىندىرىپ جۇرگەن جوق، مۇنداي ادامدار ءوز ارقالارىنا وزدەرى زور زياندى ارقالاپ الۋشىلار. اللا تاعالا بىزدەرى ءوز پاناسىندا ەتسىن.

ەگەر ءاربىر ادام وزىنە جۇكتەلگەن مىندەتتەرمەن ارقالاعان جاۋاپكەرشىلىكتەرىن جاقسى ادا ەتە السا، مىنا دۇنيە بەينە ءبىر ءجاننات سەكىلدى بولار ەدى، جەر ءجۇزى سۇلۋلىققا تولار ەدى، بىراق ولار وزدەرىنە جۇكتەلگەندەرىن جاقسى ادا ەتپەگەندىكتەن ءار جەر بىلىقپەن بۇلىككە باتقان، ال ادامدار بولسا قىسىممەن تورىعۋ ىشىندە ءومىر سۇرۋدە، ارالارى تۇسىنبەستىككە، داۋ-دامايمەن ۇرىس-كەرىستەرگە تولى. اللا تاعالا بارشامىزعا جادەم ەتكەي، اقىلىمىز ءوز ورنىندا بولعاي، ينشاللا، سەبەبى ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ەسىنەن ايىرىلعان اقىلسىز ادامدار دەگەنىمىز جاۋاپكەرسىز ادامدار.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=149