You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Пайғамбар үмбеті яғни мұсылман болғаныңды мақтан тұт (2021.10.22)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=143

Пайғамбар үмбеті яғни мұсылман болғаныңды мақтан тұт (2021.10.22)

Алла тағала қасиетты құран кәримде «сен ең жоғарғы ахылақ-мөралға йесің.» (құран 68:04) деп пайғамбарымызды мақтайды, ең жақсы мінез, ең жақсы тәбиғат біздың пайғамбарымызға тәуелді әрі бұған ұлы алла тағала өзі куәлік етеді, адамдар үшін көп пайдалылық және мейрімділік беру хақында ешнәрсе немесе ешқандай адам пайғамбарымыздан аса алмайды. Алла тағаланың құзіретінде ең жоғары мақам-дәреже біздің пайғамбарымызға тәуелді, сондықтан оның жолына еру адамдар үшін аса үлкен абырой әрі зор нығмет болмақ, оның еткен әрбір ісімен харекеті сүннет. Кім пайғамбарымыздың сүннетін істесе, ол шын адамға өзгереді, ал сүннетін көп орындаған сайын адамдықта арта бермек.

«Ақырзаманда пайғамбарымыздың осыбір әдемі сүннеттерін орындап жүрген жандарға алла тағала жүздеген шахиттардың сауабын береді.» деп айтады қасиетті пайғамбарымыз. Біз қазір ақырзаман уақытында тұрғандықтан күллі мұсылман үмбеті барышынша шіріктесіп, мүлдем іріп бұзылған, бұл кезде әртүрлі қалыпсыздықтармен сұмдықтар болып тұрады, тіпті ең жақсы деп жүрген адамның өзі қателікпен адасқақтық ішінде жүр. Бұнда адамдардың істеп жүрген ең үлкен қателігі - олардың алла тағаланы ұмыт қалдыруы, егер олар жаратушыны ұмытпаса бұндай қателіктерге ұрынып, осыншама іріп-шірімес еді, жамандықтың шүңетіне шөкпес еді. Пайғамбарымыз біздің кездің яғни ақырзаман дәуірінің оңай уақыт емес екендігін айтады, қазір жеңіл кездер емес, алайда осыншама қиындықтарға толы заманда еткен жақсы ісімізге, жасаған сүннеттерімізге аса мол қыруар сауаптар жазылатыны да мағылұм-дүр, мәселен осы заманда пайғамбарымыздың бір сүннетін істесең жүз шахиттың сауабы берілмек, пайғамбарымыздан «қандай шахиттың?» деп сұралғанда, «сахабалардан болған шахиттердің.» деп жауап берген еді, бұл өте жоғары дәреже.

Пайғамбар жолына ілескендерге алла тағала өте көп си-сауаптарды береді, бұл жәй нәрсе емес, сондықтан біз мүмкімдігіміз келгенінше пайғамбарымыздың сүннеттерін орындауға құлшыналық. Пайғамбарымыздан көптеген сүннеттер қалған, оның кейбірі біз үшін істеуге қиындау келуі мүмкін, ал кейбір сүннеттері өте оңай болып бізді таңғалдырғаны соншалық, ол сүннеттер біз күнделікті өмірде істеп жүрген іс-әрекеттерімізде бар. Сүннеттерді орындағанда оларды пайғамбар сүннетіне ермекке ниет қылдым деп істесең, симен сауапты бірдей алатын боласың әрі бұны істеу қиын емес. Аллаға шүкіршіліктер болсын, біз сондай бір уақыттарда өмір сүріп жатырмыз, оған ренжімеуіміз керек, біздің заман расында қиын заман, бірақ алла тағала біздерге көмек етуде, бізбен бірге.

Біз бұл орынды сұрамадық, қазір маулананың сапарға аттанғанына жеті жыл болды, алла тағала біздерге жәрдем беруде, ешқандай ренжу болмасын. Келіп жатқан бауырларға немесе қонақтарға болсын, иншалла, барлығыда жеңіл болады, бұл біздің істегендеріміздің арқасында емес, бірақ алла тағаланың медет-көмегінен, оның көмегінде ешнәрсе қиын болмақ емес. Біз бұны жақсы білуіміз керек, адамдар алла тағаланы, пайғамбарымызды және әулиелерді (алла тағаланың достары) ұдайы есінде жадында ұстаса істері оңай болмақ, себебі алла тағаланың рұқсатында олардың көмегі, берген медетімен істеп жатқан бар істеріміз оңайласады, олар бізге қуат беріп, сұлулықтар, әдеміліктер силайды. Мына дүниенің жағдайы мейлі қаншалықты қиын болып кетсін, біз оған еш бас қатырмаймыз, дүниені елемейміз, әрине алла тағаланың рұқсатында.

Түріктерде «дүние күйіп кетседе елеме.» деген аталы сөз бар, Ибрахим әлейхисалам пайғамбар қазіретіміз лаулап жатқан өріттің ортасында ештеме болмай қорғалып, жалынның қақ ортасында жәннат сияқты жайға йе болды, бұл аталы сөздың айтпағыда осы іспеттес әңгіме еді, иншалла.

Алла тағала өзі пайғамбарымызды қасиетті құранның қалам сүресінде «ең жақсы қасиет, ең жақсы әдеп сенде.» (құран 64:08) деп мадақтайды, бұл әлемде ең жоғары дәреже қасиетті пайғамбарымыз Сәйдина Мұхаммад Мұстафа саллалаху әлейхисаламға берілген, бар әдемілік, бар сұлулық, бар жақсы әдеп-иба сол мүбәрак елшімізде, ол алла тағала жағынан мадақталған, ал біз болсақ оның үмбетіміз, оның қауымымыз, біз бұны мақтан тұтуымыз керек, оның ұмбеті болғанымыз үшін мақтаналық, асқақ сезімге бөленелік.

Кімде кім пайғамбарымыздың үмбеті екендігін мақтан тұтса, пайғамбарымыз сонымен бірге, пайғамбарымыз бір ұлытпен, бір нәсілмен немесе басқа нәрселермен бірге емес, бірақ өзін сүйгендермен бірге, себебі көптеген топтар бар, олар пайғамбар үмбеті бола тұра пайғамбарымызға іш тарлық етіп, оны құрметтемейді, сондай ұлық қасиетті жанды өздері сияқты жәй біреу ғана деп ойлайды, оған құрметі жоқ, алайда алхамдулилла, біз пайғамбарымызды құрметтейміз, оның үмбеті болғанымыз үшін, оның табан астында болғанымыз үшін мақтанамыз, бұл біз үшін өте үлкен абырой. Оның істеп кеткен істері, көрсеткен әдептері, тек мұсылманға ғана емес, бұккіл адамзат үшін ұлгі, тәлім-тәрбие мектебі. Пайғамбарымыздың мейрімділігі, әдептілігі, әділдігі сияқты қасиеттері ең жоғарғы дәрежеге йе болып, әрбір білім қуып, жол іздеушіге тұнып тұрған мүлтіксіз өнеге, ол бар адам баласына ашық, ешқандай жасырын нәрсе жоқ, сондықтанда біз осы мұбәрак пайғамбарымызға ілесеміз, ереміз.

Пайғамбарымыз «кім менің сүннетімді яғни мен істегендерді үмбетіме қиын уақыттар келгенде істей білсе, алла тағала оған жүз шахиттың сауабын береді.» деген еді, ал біз болсақ дәл сондай қиын уақыттарда өмір сүріп жатырмыз, қазір барлығы мидай араласып былыққан, адамдарда қасиет тұтарлық еш нәрсе қалмады, әдептері мүлдем жоғалған, қасиет-киесі ғайып болған, олар жақсы амалдар істеуді ұмытты, әр жақсы істі елеусіз қалдырды, олардың бар істейтіні сол өздерімен өз нәпсілерінің артынан жүгіру, басқалардың нәпсілеріне қызмет қылып, құл болу ғана, олардың нәпсілері тым жаман, бірақ тағы бір сұмдығы олар нәпсіде өздерінен бетер жаман адамдарға қарауда және соларға ілесуде.

Біз осындай заманда жасап жатырмыз, алайда, алхамдулилла, біз пайғамбарымыздың берекесімен иншалла аса үлкен сауап-пайдаларды жинайтын кезде яғни «аса мол өнім орып алатын» шақтарда тұрмыз. Білесіңдер, соғыс уақыттарында ақылды адамдар орайдан пайдаланып үлкен олжаларға қол жеткізеді де, мол байлық жиып алады, сол сияқты, біз ақырзаманда яғни былққан кезде тұрмыз, ол бейне соғыс уақытына ұқсайды, санамызды ісетіп ақылды болалық та, дүние үшін емес, бірақ ақиретіміз үшін аса үлкен олжаларды қанжығамызға байлалық, бұл кез нағыз өнім жинайтын кез, бұныңа ақиретте қуанатын боласың. Біздің бұл кезге өкпеміз жоқ, шындығында қиын заман, бірақ мейлі оған ренжі немесе ренжіме бәрі бір болып, ештеңе өзгермек емес, бұнда сенің істейтін бір ғана өте маңызды жұмысың бар, ол - алла тағаламен бірге болу.

Маулана бұл орынға бізді қойғалы жеті жылдай болды, алхамдулилла, оңай емес, бірақ алхамдулилла, олардың медет-көмегімен бәріде жеңіл ... біз ештеңе бітіре алмадық, бірақ мүбәрак жандардың медетімен, бергенімен мұндағы әрбірімізде қуаныштымыз, иншалла, олар олардың бергеніне риза, біздің бергендігімізден емес, олардың береке құтымен солай, игілік солардан, бізде ештеңе жоқ, бізден дей алмаймыз, алхамдулилла, осылайша олардың берген құт-берекесі жалғасты төгіле берсін. Біз бұнда іздеп келген кісілерге және қонақтарға ризамыз, алла тағала бұл химмалары үшін оларға мол сауап берсін, оларға тіптіде көп қуанышпен бақыт силай берсін, иншалла.

Біз мына дүниеде болып жатқан істерді елемейміз, Түріктер «дүние күйіп жатсада, оған қарамаған адам - жынды адам.» депте қояды, бірақ алхамдулилла, бәрімізде оттың ортасында күйіп жатырмыз, бірақ біздің жағдайымыз иншалла Сәйдина Ибрахим әлейхисаламның жағдайымен ұқсас болмақ. «Әй от, Ибрахимға (алейхисаламға) салқын әрі залалсыз бол дедік» (құран 21:69) деп айтылады құранда, иншалла бізгеде, мына дүние өртеніп жатсада, иншалла пайғамбарымызбен әулие машайықтардың берекесі үшін залалсыз болмақ, иншалла, олар әулиелермен бірге. Біз бұл айтуға тиісты нәрсе және осыныі біз есімізде жақсы ұсталық, егер сен алла тағаланы, пайғамбарымызды, әулиелерді және салихиндарды ұмытпай жадыңда ұстасаң, оттың ішінде қалмайсың, ал бұндай етпесең, соншама байлық-дүниең болсада, оттың күйдіруінен аулақ бола алмайсың, одан аман емессің. Алла тағаламен бірге бола білсең, онда «бардан уа-саламан (амандықта)» (құран 21:69) боласың, иншалла.

Алла тағала біздерді аман етсін және осы айдың құрметіне әрдайым пайғамбарымызбен әулие-машайықтардың құт-берекесінен сыбаға силағай, иншалла,я алла тағала дұға-тілектерімізді қабыл айла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

پايعامبار ۇمبەتى ياعني مۇسىلمان بولعانىڭدى ماقتان تۇت (2021.10.22)

اللا تاعالا قاسيەتتى قۇران كاريمدە «سەن ەڭ جوعارعى احىلاق-مورالعا يەسىڭ.» (قۇران 68:04) دەپ پايعامبارىمىزدى ماقتايدى، ەڭ جاقسى مىنەز، ەڭ جاقسى تابيعات ءبىزدىڭ پايعامبارىمىزعا تاۋەلدى ءارى بۇعان ۇلى اللا تاعالا ءوزى كۋالىك ەتەدى، ادامدار ءۇشىن كوپ پايدالىلىق جانە مەيرىمدىلىك بەرۋ حاقىندا ەشنارسە نەمەسە ەشقانداي ادام پايعامبارىمىزدان اسا المايدى. اللا تاعالانىڭ قۇزىرەتىندە ەڭ جوعارى ماقام-دارەجە ءبىزدىڭ پايعامبارىمىزعا تاۋەلدى، سوندىقتان ونىڭ جولىنا ەرۋ ادامدار ءۇشىن اسا ۇلكەن ابىروي ءارى زور نىعمەت بولماق، ونىڭ ەتكەن ءاربىر ىسىمەن حارەكەتى سۇننەت. كىم پايعامبارىمىزدىڭ سۇننەتىن ىستەسە، ول شىن ادامعا وزگەرەدى، ال سۇننەتىن كوپ ورىنداعان سايىن ادامدىقتا ارتا بەرمەك.

«اقىرزاماندا پايعامبارىمىزدىڭ ءوسىبىر ادەمى سۇننەتتەرىن ورىنداپ جۇرگەن جاندارعا اللا تاعالا جۇزدەگەن شاحيتتاردىڭ ساۋابىن بەرەدى.» دەپ ايتادى قاسيەتتى پايعامبارىمىز. ءبىز قازىر اقىرزامان ۋاقىتىندا تۇرعاندىقتان كۇللى مۇسىلمان ۇمبەتى بارىشىنشا شىرىكتەسىپ، مۇلدەم ءىرىپ بۇزىلعان، بۇل كەزدە ءارتۇرلى قالىپسىزدىقتارمەن سۇمدىقتار بولىپ تۇرادى، ءتىپتى ەڭ جاقسى دەپ جۇرگەن ادامنىڭ ءوزى قاتەلىكپەن اداسقاقتىق ىشىندە ءجۇر. بۇندا ادامداردىڭ ىستەپ جۇرگەن ەڭ ۇلكەن قاتەلىگى - ولاردىڭ اللا تاعالانى ۇمىت قالدىرۋى، ەگەر ولار جاراتۋشىنى ۇمىتپاسا بۇنداي قاتەلىكتەرگە ۇرىنىپ، وسىنشاما ءىرىپ-شىرىمەس ەدى، جاماندىقتىڭ شۇڭەتىنە شوكپەس ەدى. پايعامبارىمىز ءبىزدىڭ كەزدىڭ ياعني اقىرزامان ءداۋىرىنىڭ وڭاي ۋاقىت ەمەس ەكەندىگىن ايتادى، قازىر جەڭىل كەزدەر ەمەس، الايدا وسىنشاما قيىندىقتارعا تولى زاماندا ەتكەن جاقسى ىسىمىزگە، جاساعان سۇننەتتەرىمىزگە اسا مول قىرۋار ساۋاپتار جازىلاتىنى دا ماعىلۇم-ءدۇر، ماسەلەن وسى زاماندا پايعامبارىمىزدىڭ ءبىر سۇننەتىن ىستەسەڭ ءجۇز شاحيتتىڭ ساۋابى بەرىلمەك، پايعامبارىمىزدان «قانداي شاحيتتىڭ؟» دەپ سۇرالعاندا، «ساحابالاردان بولعان شاحيتتەردىڭ.» دەپ جاۋاپ بەرگەن ەدى، بۇل وتە جوعارى دارەجە.

پايعامبار جولىنا ىلەسكەندەرگە اللا تاعالا وتە كوپ سي-ساۋاپتاردى بەرەدى، بۇل ءجاي نارسە ەمەس، سوندىقتان ءبىز مۇمكىمدىگىمىز كەلگەنىنشە پايعامبارىمىزدىڭ سۇننەتتەرىن ورىنداۋعا قۇلشىنالىق. پايعامبارىمىزدان كوپتەگەن سۇننەتتەر قالعان، ونىڭ كەيبىرى ءبىز ءۇشىن ىستەۋگە قيىنداۋ كەلۋى مۇمكىن، ال كەيبىر سۇننەتتەرى وتە وڭاي بولىپ ءبىزدى تاڭعالدىرعانى سونشالىق، ول سۇننەتتەر ءبىز كۇندەلىكتى ومىردە ىستەپ جۇرگەن ءىس-ارەكەتتەرىمىزدە بار. سۇننەتتەردى ورىنداعاندا ولاردى پايعامبار سۇننەتىنە ەرمەككە نيەت قىلدىم دەپ ىستەسەڭ، سيمەن ساۋاپتى بىردەي الاتىن بولاسىڭ ءارى بۇنى ىستەۋ قيىن ەمەس. اللاعا شۇكىرشىلىكتەر بولسىن، ءبىز سونداي ءبىر ۋاقىتتاردا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، وعان رەنجىمەۋىمىز كەرەك، ءبىزدىڭ زامان راسىندا قيىن زامان، بىراق اللا تاعالا بىزدەرگە كومەك ەتۋدە، بىزبەن بىرگە.

ءبىز بۇل ورىندى سۇرامادىق، قازىر ماۋلانانىڭ ساپارعا اتتانعانىنا جەتى جىل بولدى، اللا تاعالا بىزدەرگە جاردەم بەرۋدە، ەشقانداي رەنجۋ بولماسىن. كەلىپ جاتقان باۋىرلارعا نەمەسە قوناقتارعا بولسىن، ينشاللا، بارلىعىدا جەڭىل بولادى، بۇل ءبىزدىڭ ىستەگەندەرىمىزدىڭ ارقاسىندا ەمەس، بىراق اللا تاعالانىڭ مەدەت-كومەگىنەن، ونىڭ كومەگىندە ەشنارسە قيىن بولماق ەمەس. ءبىز بۇنى جاقسى ءبىلۋىمىز كەرەك، ادامدار اللا تاعالانى، پايعامبارىمىزدى جانە اۋليەلەردى (اللا تاعالانىڭ دوستارى) ۇدايى ەسىندە جادىندا ۇستاسا ىستەرى وڭاي بولماق، سەبەبى اللا تاعالانىڭ رۇقساتىندا ولاردىڭ كومەگى، بەرگەن مەدەتىمەن ىستەپ جاتقان بار ىستەرىمىز وڭايلاسادى، ولار بىزگە قۋات بەرىپ، سۇلۋلىقتار، ادەمىلىكتەر سيلايدى. مىنا دۇنيەنىڭ جاعدايى مەيلى قانشالىقتى قيىن بولىپ كەتسىن، ءبىز وعان ەش باس قاتىرمايمىز، دۇنيەنى ەلەمەيمىز، ارينە اللا تاعالانىڭ رۇقساتىندا.

تۇرىكتەردە «دۇنيە كۇيىپ كەتسەدە ەلەمە.» دەگەن اتالى ءسوز بار، يبراحيم الەيحيسالام پايعامبار قازىرەتىمىز لاۋلاپ جاتقان ءورىتتىڭ ورتاسىندا ەشتەمە بولماي قورعالىپ، جالىننىڭ قاق ورتاسىندا ءجاننات سياقتى جايعا يە بولدى، بۇل اتالى ءسوزدىڭ ايتپاعىدا وسى ىسپەتتەس اڭگىمە ەدى، ينشاللا.

اللا تاعالا ءوزى پايعامبارىمىزدى قاسيەتتى قۇراننىڭ قالام سۇرەسىندە «ەڭ جاقسى قاسيەت، ەڭ جاقسى ادەپ سەندە.» (قۇران 64:08) دەپ ماداقتايدى، بۇل الەمدە ەڭ جوعارى دارەجە قاسيەتتى پايعامبارىمىز ءسايدينا مۇحامماد مۇستافا ساللالاحۋ الەيحيسالامعا بەرىلگەن، بار ادەمىلىك، بار سۇلۋلىق، بار جاقسى ادەپ-يبا سول مۇباراك ەلشىمىزدە، ول اللا تاعالا جاعىنان ماداقتالعان، ال ءبىز بولساق ونىڭ ۇمبەتىمىز، ونىڭ قاۋىمىمىز، ءبىز بۇنى ماقتان تۇتۋىمىز كەرەك، ونىڭ ۇمبەتى بولعانىمىز ءۇشىن ماقتانالىق، اسقاق سەزىمگە بولەنەلىك.

كىمدە كىم پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتى ەكەندىگىن ماقتان تۇتسا، پايعامبارىمىز سونىمەن بىرگە، پايعامبارىمىز ءبىر ۇلىتپەن، ءبىر ناسىلمەن نەمەسە باسقا نارسەلەرمەن بىرگە ەمەس، بىراق ءوزىن سۇيگەندەرمەن بىرگە، سەبەبى كوپتەگەن توپتار بار، ولار پايعامبار ۇمبەتى بولا تۇرا پايعامبارىمىزعا ءىش تارلىق ەتىپ، ونى قۇرمەتتەمەيدى، سونداي ۇلىق قاسيەتتى جاندى وزدەرى سياقتى ءجاي بىرەۋ عانا دەپ ويلايدى، وعان قۇرمەتى جوق، الايدا الحامدۋليللا، ءبىز پايعامبارىمىزدى قۇرمەتتەيمىز، ونىڭ ۇمبەتى بولعانىمىز ءۇشىن، ونىڭ تابان استىندا بولعانىمىز ءۇشىن ماقتانامىز، بۇل ءبىز ءۇشىن وتە ۇلكەن ابىروي. ونىڭ ىستەپ كەتكەن ىستەرى، كورسەتكەن ادەپتەرى، تەك مۇسىلمانعا عانا ەمەس، بۇككىل ادامزات ءۇشىن ۇلگى، ءتالىم-تاربيە مەكتەبى. پايعامبارىمىزدىڭ مەيرىمدىلىگى، ادەپتىلىگى، ادىلدىگى سياقتى قاسيەتتەرى ەڭ جوعارعى دارەجەگە يە بولىپ، ءاربىر ءبىلىم قۋىپ، جول ىزدەۋشىگە تۇنىپ تۇرعان مۇلتىكسىز ونەگە، ول بار ادام بالاسىنا اشىق، ەشقانداي جاسىرىن نارسە جوق، سوندىقتاندا ءبىز وسى مۇباراك پايعامبارىمىزعا ىلەسەمىز، ەرەمىز.

پايعامبارىمىز «كىم مەنىڭ سۇننەتىمدى ياعني مەن ىستەگەندەردى ۇمبەتىمە قيىن ۋاقىتتار كەلگەندە ىستەي بىلسە، اللا تاعالا وعان ءجۇز شاحيتتىڭ ساۋابىن بەرەدى.» دەگەن ەدى، ال ءبىز بولساق ءدال سونداي قيىن ۋاقىتتاردا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، قازىر بارلىعى ميداي ارالاسىپ بىلىققان، ادامداردا قاسيەت تۇتارلىق ەش نارسە قالمادى، ادەپتەرى مۇلدەم جوعالعان، قاسيەت-كيەسى عايىپ بولعان، ولار جاقسى امالدار ىستەۋدى ۇمىتتى، ءار جاقسى ءىستى ەلەۋسىز قالدىردى، ولاردىڭ بار ىستەيتىنى سول وزدەرىمەن ءوز ناپسىلەرىنىڭ ارتىنان جۇگىرۋ، باسقالاردىڭ ناپسىلەرىنە قىزمەت قىلىپ، قۇل بولۋ عانا، ولاردىڭ ناپسىلەرى تىم جامان، بىراق تاعى ءبىر سۇمدىعى ولار ناپسىدە وزدەرىنەن بەتەر جامان ادامدارعا قاراۋدا جانە سولارعا ىلەسۋدە.

ءبىز وسىنداي زاماندا جاساپ جاتىرمىز، الايدا، الحامدۋليللا، ءبىز پايعامبارىمىزدىڭ بەرەكەسىمەن ينشاللا اسا ۇلكەن ساۋاپ-پايدالاردى جينايتىن كەزدە ياعني «اسا مول ءونىم ورىپ الاتىن» شاقتاردا تۇرمىز. بىلەسىڭدەر، سوعىس ۋاقىتتارىندا اقىلدى ادامدار ورايدان پايدالانىپ ۇلكەن ولجالارعا قول جەتكىزەدى دە، مول بايلىق جيىپ الادى، سول سياقتى، ءبىز اقىرزاماندا ياعني بىلققان كەزدە تۇرمىز، ول بەينە سوعىس ۋاقىتىنا ۇقسايدى، سانامىزدى ىسەتىپ اقىلدى بولالىق تا، دۇنيە ءۇشىن ەمەس، بىراق اقيرەتىمىز ءۇشىن اسا ۇلكەن ولجالاردى قانجىعامىزعا بايلالىق، بۇل كەز ناعىز ءونىم جينايتىن كەز، بۇنىڭا اقيرەتتە قۋاناتىن بولاسىڭ. ءبىزدىڭ بۇل كەزگە وكپەمىز جوق، شىندىعىندا قيىن زامان، بىراق مەيلى وعان رەنجى نەمەسە رەنجىمە ءبارى ءبىر بولىپ، ەشتەڭە وزگەرمەك ەمەس، بۇندا سەنىڭ ىستەيتىن ءبىر عانا وتە ماڭىزدى جۇمىسىڭ بار، ول - اللا تاعالامەن بىرگە بولۋ.

ماۋلانا بۇل ورىنعا ءبىزدى قويعالى جەتى جىلداي بولدى، الحامدۋليللا، وڭاي ەمەس، بىراق الحامدۋليللا، ولاردىڭ مەدەت-كومەگىمەن بارىدە جەڭىل ... ءبىز ەشتەڭە بىتىرە المادىق، بىراق مۇباراك جانداردىڭ مەدەتىمەن، بەرگەنىمەن مۇنداعى اربىرىمىزدە قۋانىشتىمىز، ينشاللا، ولار ولاردىڭ بەرگەنىنە ريزا، ءبىزدىڭ بەرگەندىگىمىزدەن ەمەس، ولاردىڭ بەرەكە قۇتىمەن سولاي، يگىلىك سولاردان، بىزدە ەشتەڭە جوق، بىزدەن دەي المايمىز، الحامدۋليللا، وسىلايشا ولاردىڭ بەرگەن قۇت-بەرەكەسى جالعاستى توگىلە بەرسىن. ءبىز بۇندا ىزدەپ كەلگەن كىسىلەرگە جانە قوناقتارعا ريزامىز، اللا تاعالا بۇل حيممالارى ءۇشىن ولارعا مول ساۋاپ بەرسىن، ولارعا تىپتىدە كوپ قۋانىشپەن باقىت سيلاي بەرسىن، ينشاللا.

ءبىز مىنا دۇنيەدە بولىپ جاتقان ىستەردى ەلەمەيمىز، تۇرىكتەر «دۇنيە كۇيىپ جاتسادا، وعان قاراماعان ادام - جىندى ادام.» دەپتە قويادى، بىراق الحامدۋليللا، بارىمىزدە وتتىڭ ورتاسىندا كۇيىپ جاتىرمىز، بىراق ءبىزدىڭ جاعدايىمىز ينشاللا ءسايدينا يبراحيم الەيحيسالامنىڭ جاعدايىمەن ۇقساس بولماق. «ءاي وت، يبراحيمعا (الەيحيسالامعا) سالقىن ءارى زالالسىز بول دەدىك» (قۇران 21:69) دەپ ايتىلادى قۇراندا، ينشاللا بىزگەدە، مىنا دۇنيە ورتەنىپ جاتسادا، ينشاللا پايعامبارىمىزبەن اۋليە ماشايىقتاردىڭ بەرەكەسى ءۇشىن زالالسىز بولماق، ينشاللا، ولار اۋليەلەرمەن بىرگە. ءبىز بۇل ايتۋعا ءتيىستى نارسە جانە ءوسىنىى ءبىز ەسىمىزدە جاقسى ۇستالىق، ەگەر سەن اللا تاعالانى، پايعامبارىمىزدى، اۋليەلەردى جانە ساليحينداردى ۇمىتپاي جادىڭدا ۇستاساڭ، وتتىڭ ىشىندە قالمايسىڭ، ال بۇنداي ەتپەسەڭ، سونشاما بايلىق-دۇنيەڭ بولسادا، وتتىڭ كۇيدىرۋىنەن اۋلاق بولا المايسىڭ، ودان امان ەمەسسىڭ. اللا تاعالامەن بىرگە بولا بىلسەڭ، وندا «باردان ۋا-سالامان (اماندىقتا)» (قۇران 21:69) بولاسىڭ، ينشاللا.

اللا تاعالا بىزدەردى امان ەتسىن جانە وسى ايدىڭ قۇرمەتىنە ءاردايىم پايعامبارىمىزبەن اۋليە-ماشايىقتاردىڭ قۇت-بەرەكەسىنەن سىباعا سيلاعاي، ينشاللا،يا اللا تاعالا دۇعا-تىلەكتەرىمىزدى قابىل ايلا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=143