You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Маулид кезі - берекелі түн (2021.10.17)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=137

Маулид кезі - берекелі түн (2021.10.17)

Пайғамбарымыздың маулидіне жеткендігіміз үшін алла тағалаға тағы да шүкірліктер болсын, иншалла, бүгін түн қасиетті пайғамбарымыздың бұл дүниеге келген құрметіне арналған, сол үшін де алла тағала біздерге берекелермен рахымын жаудырады, иншалла. Пайғамбарымызбен қатысты әр нәрсе берекеге толы, онда береке бар, оның құрметі үшін жақсылықтар сұрау біз істей алатын ең жақсы істер болмақ, себебі ақиретте оның шапағаты тиеді, аллаға шүкір, алла тағала оның үмбеттерін осы жақсы хабармен шүйіншілейді, алла тағала пайғамбарымызды шапағат етуші етті, кімде-кім оның шапағатын сұраса одан игіліктенетін болады, ал оны қабыл етпейтіндер өзімен ғана қалмақ.

Сондықтан, оның құрметі үшін біз мына дүниеде әр нәрсені сұраймыз, біз ол сүйгенді сүйеміз, оның істегенін істеуге құлшынамыз, шұкірлилла. Мәлім дүниелік істерде, мәселен үйлену және бүгінгідей маулид күні немесе пайғамбарымыздың айы сияқтылардың барлығыда берекеге толы кездер ретінде саналады. Аллаға шүкір, бүгін (маулид күні) таңертең тым аз болсада пайғамбарымыздың құрметі үшін тамшылап жаңбыр жауды, иншалла бұлда береке, иншалла бұл осы жылдың (ислам календары бойынша) берекелі болатынын білдіретін белгілерден, иншалла, пайғамбарымыздың құрметі үшін бұл жыл жақсы болмақ. Адамдар қазір құрғақшылық болып жатыр дейді, ал біздер пайғамбарымыздың құрметі үшін жаңбыр және алла рахымын сұраймыз, береке сұраймыз, иншалла, алла тағала оның құрметі үшін қорғаныш және денсаулық бермек. Алла тағала әулиелердің құрметі хақында былай тіл қатады, алла тағала «олардың (әулиелердің) құрметі үшін сендерге риздық беремін.» дейді, алла тағала олардың құрметі үшін жаңбыр жаудырады және олардың құрметімен жеңіске жетесің. Әулиелерге берілген құрмет осылай болғанда, қасиетті пайғамбарымызға берілген құрмет қандай болмақ? алла тағала рұқсатында пайғамбарымыздың құрметі үшін әрқандай істің тіптіде оңай қабыл болатынын білмек керек.

Сол үшін біз пайғамбарымызды қаншалықты жақсы құрметтеген сайын, ол бізге соншалықты қайырлы болмақ, бұдан ешқандай зиян келмейді, бірақ оған деген бұл құрметімізге тек қана шайтан және онымен бірге тұрғандар ғана ренжиді, ашуланады. Біздің пайғамбарымызды құрметтеуіміз күллі мұсылмандармен иманы барларға қуаныш алып келеді, бірақ оған шайтанмен бір саптағылар ғана ашуланады, бұдан басқа жол болуы мүмкін емес, көптеген ақымақ адамдарда бар болып, олар күмән үстінде жүр, олар «пайғамбарымызды сүйу, ерекше құрметтеу және оған бойсыну - шірік, сендер алла тағалаға серік қосып жатсыңдар.» дейді, бұны айтқандар шектен шыққан ақымақтық жасап жүрген тобырлардан басқа түкте емес, себебі, айтып өткеніміздей, сен алла тағаламен немесе шайтанмен бірге тұрасың, бұл өмірде осы екі ақ талғам бар, үшінші талғам жоқ, ал бұнда алла тағала және пайғамбарымызбен бірге болуың керек. Пайғамбарымызды құрметтеу алла тағаланың бұйрықтарынан болып, оны істеу бізге міндет етілген, сондықтан пайғамбарымызға көрсеткен құрметтеріміз жақсылықпен берекеге апарар жол-дүр, иншалла. Пайғамбарымызға деген махаббатымыз арта бергей, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

ماۋليد كەزى - بەرەكەلى ءتۇن (2021.10.17)

پايعامبارىمىزدىڭ ماۋليدىنە جەتكەندىگىمىز ءۇشىن اللا تاعالاعا تاعى دا شۇكىرلىكتەر بولسىن، ينشاللا، بۇگىن ءتۇن قاسيەتتى پايعامبارىمىزدىڭ بۇل دۇنيەگە كەلگەن قۇرمەتىنە ارنالعان، سول ءۇشىن دە اللا تاعالا بىزدەرگە بەرەكەلەرمەن راحىمىن جاۋدىرادى، ينشاللا. پايعامبارىمىزبەن قاتىستى ءار نارسە بەرەكەگە تولى، وندا بەرەكە بار، ونىڭ قۇرمەتى ءۇشىن جاقسىلىقتار سۇراۋ ءبىز ىستەي الاتىن ەڭ جاقسى ىستەر بولماق، سەبەبى اقيرەتتە ونىڭ شاپاعاتى تيەدى، اللاعا شۇكىر، اللا تاعالا ونىڭ ۇمبەتتەرىن وسى جاقسى حابارمەن شۇيىنشىلەيدى، اللا تاعالا پايعامبارىمىزدى شاپاعات ەتۋشى ەتتى، كىمدە-كىم ونىڭ شاپاعاتىن سۇراسا ودان يگىلىكتەنەتىن بولادى، ال ونى قابىل ەتپەيتىندەر وزىمەن عانا قالماق.

سوندىقتان، ونىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ءبىز مىنا دۇنيەدە ءار نارسەنى سۇرايمىز، ءبىز ول سۇيگەندى سۇيەمىز، ونىڭ ىستەگەنىن ىستەۋگە قۇلشىنامىز، شۇكىرليللا. ءمالىم دۇنيەلىك ىستەردە، ماسەلەن ۇيلەنۋ جانە بۇگىنگىدەي ماۋليد كۇنى نەمەسە پايعامبارىمىزدىڭ ايى سياقتىلاردىڭ بارلىعىدا بەرەكەگە تولى كەزدەر رەتىندە سانالادى. اللاعا شۇكىر، بۇگىن (ماۋليد كۇنى) تاڭەرتەڭ تىم از بولسادا پايعامبارىمىزدىڭ قۇرمەتى ءۇشىن تامشىلاپ جاڭبىر جاۋدى، ينشاللا بۇلدا بەرەكە، ينشاللا بۇل وسى جىلدىڭ (يسلام كالەندارى بويىنشا) بەرەكەلى بولاتىنىن بىلدىرەتىن بەلگىلەردەن، ينشاللا، پايعامبارىمىزدىڭ قۇرمەتى ءۇشىن بۇل جىل جاقسى بولماق. ادامدار قازىر قۇرعاقشىلىق بولىپ جاتىر دەيدى، ال بىزدەر پايعامبارىمىزدىڭ قۇرمەتى ءۇشىن جاڭبىر جانە اللا راحىمىن سۇرايمىز، بەرەكە سۇرايمىز، ينشاللا، اللا تاعالا ونىڭ قۇرمەتى ءۇشىن قورعانىش جانە دەنساۋلىق بەرمەك. اللا تاعالا اۋليەلەردىڭ قۇرمەتى حاقىندا بىلاي ءتىل قاتادى، اللا تاعالا «ولاردىڭ (اۋليەلەردىڭ) قۇرمەتى ءۇشىن سەندەرگە ريزدىق بەرەمىن.» دەيدى، اللا تاعالا ولاردىڭ قۇرمەتى ءۇشىن جاڭبىر جاۋدىرادى جانە ولاردىڭ قۇرمەتىمەن جەڭىسكە جەتەسىڭ. اۋليەلەرگە بەرىلگەن قۇرمەت وسىلاي بولعاندا، قاسيەتتى پايعامبارىمىزعا بەرىلگەن قۇرمەت قانداي بولماق؟ اللا تاعالا رۇقساتىندا پايعامبارىمىزدىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ارقانداي ءىستىڭ تىپتىدە وڭاي قابىل بولاتىنىن بىلمەك كەرەك.

سول ءۇشىن ءبىز پايعامبارىمىزدى قانشالىقتى جاقسى قۇرمەتتەگەن سايىن، ول بىزگە سونشالىقتى قايىرلى بولماق، بۇدان ەشقانداي زيان كەلمەيدى، بىراق وعان دەگەن بۇل قۇرمەتىمىزگە تەك قانا شايتان جانە ونىمەن بىرگە تۇرعاندار عانا رەنجيدى، اشۋلانادى. ءبىزدىڭ پايعامبارىمىزدى قۇرمەتتەۋىمىز كۇللى مۇسىلماندارمەن يمانى بارلارعا قۋانىش الىپ كەلەدى، بىراق وعان شايتانمەن ءبىر ساپتاعىلار عانا اشۋلانادى، بۇدان باسقا جول بولۋى مۇمكىن ەمەس، كوپتەگەن اقىماق ادامداردا بار بولىپ، ولار كۇمان ۇستىندە ءجۇر، ولار «پايعامبارىمىزدى ءسۇيۋ، ەرەكشە قۇرمەتتەۋ جانە وعان بويسىنۋ - شىرىك، سەندەر اللا تاعالاعا سەرىك قوسىپ جاتسىڭدار.» دەيدى، بۇنى ايتقاندار شەكتەن شىققان اقىماقتىق جاساپ جۇرگەن توبىرلاردان باسقا تۇكتە ەمەس، سەبەبى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، سەن اللا تاعالامەن نەمەسە شايتانمەن بىرگە تۇراسىڭ، بۇل ومىردە وسى ەكى اق تالعام بار، ءۇشىنشى تالعام جوق، ال بۇندا اللا تاعالا جانە پايعامبارىمىزبەن بىرگە بولۋىڭ كەرەك. پايعامبارىمىزدى قۇرمەتتەۋ اللا تاعالانىڭ بۇيرىقتارىنان بولىپ، ونى ىستەۋ بىزگە مىندەت ەتىلگەن، سوندىقتان پايعامبارىمىزعا كورسەتكەن قۇرمەتتەرىمىز جاقسىلىقپەن بەرەكەگە اپارار جول-ءدۇر، ينشاللا. پايعامبارىمىزعا دەگەن ماحابباتىمىز ارتا بەرگەي، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=137