You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Маулид айы хақында (2021.10.14)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=134

Маулид айы хақында (2021.10.14)

Раби әл-Ауал айының яғни қасиетті пайғамбарымыз дүниеге келген осы айдың берекесімен адамдарға және науқас кісілерге шипалық келгей, иншалла. Біз қазір жүріліп жатқан зұлымдықтар кетіріліп, ислам күнінің көтерілуын үміт етеміз, иншалла, үмітіміз осылай, алла тағалаға шүкірліктер болсын, ол бізді пайғамбарымыздың сұлу үмбеттерінен етіп жаратты, бұл аса үлкен нығмет, кімде-кім оны бағалап, құнын түсіне білсе, ол бұл дүниеде де, ақиретте де нығметтендірілгендерден болмақ, ал кімде-кім оның құнын түсіне білмесе, ол тәлейсіз біреу болып, бұл дүниеде де ақиреттеде пайдаға жетпес әрі екі дүниеде де зиянға ұшырамақ. Кімде-кім қасиетті пайғамбарымызбен бірге бола алса, олар ең үлкен нығметтермен іззет-құрметтерден игіліктенуге лайықты болмақ.

Алла тағала «бұлар алла тағаланың берген сыйы, алла тағала оны қалағанына береді» (құран 62:04) дейді, алла тағала бұл іззетті нығметтерді кімге қаласа соған береді, ал сен бұндай ізеттерге йе бола білсең, онда сен алла тағаланың бағы зор пенделерінен болғаның, алла тағаланың сүйген адамдарының арасынан болғаның. Ешқашан алла тағаланың заңына қарсы шыға алмаймыз, қүдіретті жаратушыдан «не үшін? неге олай?» деп сұруға болмайды, адамдар бұндай сұрақтарды сұраудан аулақ болуы керек. Мұсылмандар бұндай әдепті білетұғын, бірақ кәпірлер оларды жолдан тайдырып өздері секілді адасқан қауым еткісі келеді, капірлер күллі адам баласына жаман жолдарды көрсетіп, оған жұртты үйретуде, олар «нәпсілеріңе еріңдер де, онда жатқан соншама еркіндіктің қызығын көріңдер.» дейді. Олардың аталмыш еркіндігі жамандықты істеуге берілген еркіндіктер (әсте жақсылықты істеуге және таратуға берілген еркіндіктер емес), олар жаман іс-әрекет істеуге шексіз еркіндік береді де, ал жақсылықты немесе жақсы нәрселерді шектейді, оның болуын тосады, жақсылықты болғызбау үшін олар бар қарым-қайратын шығарып, кедергілік жасап бағады, олар орайға ілінбегендер, егер орайға ілінген болса еді, олар бұл жолда яғни алла тағаланың жолында, демек қасиетті пайғамбарымыздың осы аса сұлу жолында болған болар еді.

Біздер осындай рахым-мейрімдердің бізге түскеніне өте қуаныштымыз және осы маулид айындағы өтіп жатқан дүние-өмірімізге де дән ризамыз, біз пайғамбарымыздың маулид күнін құттықтаймыз, бұл күн сондай бір қасиетті берекелі күн, ол Османлы сұлтаны Сәйдина Сүлеймен Шылбы (1377 – 1411) қазірет «мәулид күн бейне қадір түні сияқты қадірлі» деп айтқандай қасйетті бір уақыттар еді, ол қадір түнімен ұқсас дәрежедегі күн, оған кім ерсе, ол қуанышқа толы бақытты шақтардан игіліктенбек. Алла тағалаға шүкірліктер болсын, осындай қасиетті күннің құрметі үшін біздерге сондай бір химма-нығметтер келмек және осы күннің құрметі үшін пайғамбар үмбеті шайтанның жамандығымен кесірлерінен қорғалмақ. Алла тағала біздерге Сахибты (йегерлік етуші) осы күннің құрметі үшін жібереді, иншалла, алла тағала ауру-сырқауға ем бергей және біздерді мүмкін болған әрбір кесірлермен жамандықтардан қорғағай, иншалла, алла тағала біздерге жақсылықпен мәміле жасап, жақсылықтарды бұйырғай.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

ماۋليد ايى حاقىندا (2021.10.14)

رابي ءال-اۋال ايىنىڭ ياعني قاسيەتتى پايعامبارىمىز دۇنيەگە كەلگەن وسى ايدىڭ بەرەكەسىمەن ادامدارعا جانە ناۋقاس كىسىلەرگە شيپالىق كەلگەي، ينشاللا. ءبىز قازىر ءجۇرىلىپ جاتقان زۇلىمدىقتار كەتىرىلىپ، يسلام كۇنىنىڭ كوتەرىلۋىن ءۇمىت ەتەمىز، ينشاللا، ءۇمىتىمىز وسىلاي، اللا تاعالاعا شۇكىرلىكتەر بولسىن، ول ءبىزدى پايعامبارىمىزدىڭ سۇلۋ ۇمبەتتەرىنەن ەتىپ جاراتتى، بۇل اسا ۇلكەن نىعمەت، كىمدە-كىم ونى باعالاپ، قۇنىن تۇسىنە بىلسە، ول بۇل دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە نىعمەتتەندىرىلگەندەردەن بولماق، ال كىمدە-كىم ونىڭ قۇنىن تۇسىنە بىلمەسە، ول تالەيسىز بىرەۋ بولىپ، بۇل دۇنيەدە دە اقيرەتتەدە پايداعا جەتپەس ءارى ەكى دۇنيەدە دە زيانعا ۇشىراماق. كىمدە-كىم قاسيەتتى پايعامبارىمىزبەن بىرگە بولا السا، ولار ەڭ ۇلكەن نىعمەتتەرمەن ىززەت-قۇرمەتتەردەن يگىلىكتەنۋگە لايىقتى بولماق.

اللا تاعالا «بۇلار اللا تاعالانىڭ بەرگەن سىيى، اللا تاعالا ونى قالاعانىنا بەرەدى» (قۇران 62:04) دەيدى، اللا تاعالا بۇل ىززەتتى نىعمەتتەردى كىمگە قالاسا سوعان بەرەدى، ال سەن بۇنداي ىزەتتەرگە يە بولا بىلسەڭ، وندا سەن اللا تاعالانىڭ باعى زور پەندەلەرىنەن بولعانىڭ، اللا تاعالانىڭ سۇيگەن ادامدارىنىڭ اراسىنان بولعانىڭ. ەشقاشان اللا تاعالانىڭ زاڭىنا قارسى شىعا المايمىز، قۇدىرەتتى جاراتۋشىدان «نە ءۇشىن؟ نەگە ولاي؟» دەپ سۇرۋعا بولمايدى، ادامدار بۇنداي سۇراقتاردى سۇراۋدان اۋلاق بولۋى كەرەك. مۇسىلماندار بۇنداي ادەپتى بىلەتۇعىن، بىراق كاپىرلەر ولاردى جولدان تايدىرىپ وزدەرى سەكىلدى اداسقان قاۋىم ەتكىسى كەلەدى، كاپىرلەر كۇللى ادام بالاسىنا جامان جولداردى كورسەتىپ، وعان جۇرتتى ۇيرەتۋدە، ولار «ناپسىلەرىڭە ەرىڭدەر دە، وندا جاتقان سونشاما ەركىندىكتىڭ قىزىعىن كورىڭدەر.» دەيدى. ولاردىڭ اتالمىش ەركىندىگى جاماندىقتى ىستەۋگە بەرىلگەن ەركىندىكتەر (استە جاقسىلىقتى ىستەۋگە جانە تاراتۋعا بەرىلگەن ەركىندىكتەر ەمەس)، ولار جامان ءىس-ارەكەت ىستەۋگە شەكسىز ەركىندىك بەرەدى دە، ال جاقسىلىقتى نەمەسە جاقسى نارسەلەردى شەكتەيدى، ونىڭ بولۋىن توسادى، جاقسىلىقتى بولعىزباۋ ءۇشىن ولار بار قارىم-قايراتىن شىعارىپ، كەدەرگىلىك جاساپ باعادى، ولار ورايعا ىلىنبەگەندەر، ەگەر ورايعا ىلىنگەن بولسا ەدى، ولار بۇل جولدا ياعني اللا تاعالانىڭ جولىندا، دەمەك قاسيەتتى پايعامبارىمىزدىڭ وسى اسا سۇلۋ جولىندا بولعان بولار ەدى.

بىزدەر وسىنداي راحىم-مەيرىمدەردىڭ بىزگە تۇسكەنىنە وتە قۋانىشتىمىز جانە وسى ماۋليد ايىنداعى ءوتىپ جاتقان دۇنيە-ومىرىمىزگە دە ءدان ريزامىز، ءبىز پايعامبارىمىزدىڭ ماۋليد كۇنىن قۇتتىقتايمىز، بۇل كۇن سونداي ءبىر قاسيەتتى بەرەكەلى كۇن، ول وسمانلى سۇلتانى ءسايدينا سۇلەيمەن شىلبى (1377 – 1411) قازىرەت «ءماۋليد كۇن بەينە قادىر ءتۇنى سياقتى قادىرلى» دەپ ايتقانداي قاسيەتتى ءبىر ۋاقىتتار ەدى، ول قادىر تۇنىمەن ۇقساس دارەجەدەگى كۇن، وعان كىم ەرسە، ول قۋانىشقا تولى باقىتتى شاقتاردان يگىلىكتەنبەك. اللا تاعالاعا شۇكىرلىكتەر بولسىن، وسىنداي قاسيەتتى كۇننىڭ قۇرمەتى ءۇشىن بىزدەرگە سونداي ءبىر حيمما-نىعمەتتەر كەلمەك جانە وسى كۇننىڭ قۇرمەتى ءۇشىن پايعامبار ۇمبەتى شايتاننىڭ جاماندىعىمەن كەسىرلەرىنەن قورعالماق. اللا تاعالا بىزدەرگە ساحيبتى (يەگەرلىك ەتۋشى) وسى كۇننىڭ قۇرمەتى ءۇشىن جىبەرەدى، ينشاللا، اللا تاعالا اۋرۋ-سىرقاۋعا ەم بەرگەي جانە بىزدەردى مۇمكىن بولعان ءاربىر كەسىرلەرمەن جاماندىقتاردان قورعاعاي، ينشاللا، اللا تاعالا بىزدەرگە جاقسىلىقپەن مامىلە جاساپ، جاقسىلىقتاردى بۇيىرعاي.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=134