You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Еліктесең жақсыға елікте (2021.10.01)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=124

Еліктесең жақсыға елікте (2021.10.01)

Қасиетті пайғамбарымыз «адам кімдерге еліктесе, ол солардың қатарынан.» дейді яғни егер біреу мәлім топтағы адамдардан болуды жақсы көрсе немесе солардай болғысы келсе, ол осы топтағы адамдардың бірінен болады демекілік, сондықтан жақсылардан болуды арманда, жақсыларға елікте, сенде солардың сапынан табыларсың, алланың достары әулиелерді жақсы көр, сонда ғана рухани амандыққа жетіп, пайдаға кенелетін боласың, егер олай етпей жаман біреулерге еліктесең немесе оларды жақсы көрсең, сенде сол жамандардың қатарындағылардан болып саналасың әрі ақырың жақсылықпен бітпес.

Киім киісте де солай болсын, бірақ мұнда ең маңыздысы ішкі жан дүние жақтан жақсылармен ұқсас болмағың-дүр, себебі адамдар киіммен яғни сыртқы көрніспен оңай алданады, үстіңе жұбба, басыңа сәлделі тұрбан киерсің, жұртта саған сенер, ал содан соң сен ойыңа келгенді істеп, лағып жүрсең не болмақ. Бұл еліктеу емес, бұл мұнафиқтық, егер жақсылардай болғың келсе, ең алдымен олардың іс-әрекет, мінез-құлқына елікте, әдеп-ибасын өзіңе ал, міне бұл еліктеудегі ең маңызды түйін, әйтпесе басқалар ішің шайтан болып жүрседе, бірақ киміңе қарап сені әулие екен деп қалады ғой! бұндайда сенің шайтаннан және екі жүзді мұнафиқтардан еш парқың қалмайды. Бұнда өте назар салуға тиісті мәселе әдебіңнің қасиетті пайғамбарымыздың, сахабалардың және әулие машайықтардың әдебіне ұқсауы болмақ, сыртыңмен ішің бірдей болу керек, ішкі жан дүниеңнің жақсы болуы аса қажетті түйін, әр адамның ішкі дүниесінің қалай болмағы оның сыртқы дүниесінің қалай болмағынан маңызды болмақ.

Жақсылардың әдемі әдеп-ибаларымен сұлу мінездеріне еліктеу, оларға ұқсау біз үшін ең пайдалы іс-дүр, олардың бар ісіне еліктей алмасаңда, бірақ оны істеуге құлшын және сынап көр, сонда барып аз болсада адамдар өтірік айтумен алдамшылық істеуден өздерін тартатын болады. Жақсыларға еліктемесең, соңында еш керексіз кеселді адамдар сияқты боласың, ал бұндай адамға айналған соң, саған келер жаза олардыкінен де ауыр болмақ, себебі сен басыңа сәлделі тұрбан кие тұра, шайтанның тірлігін істеп жүрсің, бұндайда сен жұбба киіп, сәлделі тұрбан киуге еш хақың жоқ, оған сай емессің, бұндай мұнафиқтықтарың басқа адамдарға жамандықпен залал алып келетін болады әрі бұл әрекеттерің мұсылмандардың атына дақ түсірмек, бұл аса маңызды іс. Адамдар өздерін тәрбиелеуді үйренуі керек, бұл тәриқат, бұл ислам адамдарды жаман әдет-қылықтарынан құтқарып, жақсылардан болуға үйретеді, иншалла. Алла тағала біздерді нәпсіміздің қолына қалтырмағай, іші-сыртымыз бірдей болуға нәсіп еткей, иншалла, алла тағала өз панасында еткей. Көптеген жұрт «іші жаман, сырты жақсы» адамдардан көп зиян тартты, сондықтан олар әркімге күмәнмен қарауға дағдыланған. Алла тағала баршамызды сақтасын, біз бұдан басқа не дей алармыз? Алла тағала адамдарға хидаят бергей, сонда олар тура жол үстінде болар еді, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

ەلىكتەسەڭ جاقسىعا ەلىكتە (2021.10.01)

قاسيەتتى پايعامبارىمىز «ادام كىمدەرگە ەلىكتەسە، ول سولاردىڭ قاتارىنان.» دەيدى ياعني ەگەر بىرەۋ ءمالىم توپتاعى ادامداردان بولۋدى جاقسى كورسە نەمەسە سولارداي بولعىسى كەلسە، ول وسى توپتاعى ادامداردىڭ بىرىنەن بولادى دەمەكىلىك، سوندىقتان جاقسىلاردان بولۋدى ارماندا، جاقسىلارعا ەلىكتە، سەندە سولاردىڭ ساپىنان تابىلارسىڭ، اللانىڭ دوستارى اۋليەلەردى جاقسى كور، سوندا عانا رۋحاني اماندىققا جەتىپ، پايداعا كەنەلەتىن بولاسىڭ، ەگەر ولاي ەتپەي جامان بىرەۋلەرگە ەلىكتەسەڭ نەمەسە ولاردى جاقسى كورسەڭ، سەندە سول جامانداردىڭ قاتارىنداعىلاردان بولىپ سانالاسىڭ ءارى اقىرىڭ جاقسىلىقپەن بىتپەس.

كيىم كيىستە دە سولاي بولسىن، بىراق مۇندا ەڭ ماڭىزدىسى ىشكى جان دۇنيە جاقتان جاقسىلارمەن ۇقساس بولماعىڭ-ءدۇر، سەبەبى ادامدار كيىممەن ياعني سىرتقى كورنىسپەن وڭاي الدانادى، ۇستىڭە جۇببا، باسىڭا سالدەلى تۇربان كيەرسىڭ، جۇرتتا ساعان سەنەر، ال سودان سوڭ سەن ويىڭا كەلگەندى ىستەپ، لاعىپ جۇرسەڭ نە بولماق. بۇل ەلىكتەۋ ەمەس، بۇل مۇنافيقتىق، ەگەر جاقسىلارداي بولعىڭ كەلسە، ەڭ الدىمەن ولاردىڭ ءىس-ارەكەت، مىنەز-قۇلقىنا ەلىكتە، ادەپ-يباسىن وزىڭە ال، مىنە بۇل ەلىكتەۋدەگى ەڭ ماڭىزدى ءتۇيىن، ايتپەسە باسقالار ءىشىڭ شايتان بولىپ جۇرسەدە، بىراق كيمىڭە قاراپ سەنى اۋليە ەكەن دەپ قالادى عوي! بۇندايدا سەنىڭ شايتاننان جانە ەكى ءجۇزدى مۇنافيقتاردان ەش پارقىڭ قالمايدى. بۇندا وتە نازار سالۋعا ءتيىستى ماسەلە ادەبىڭنىڭ قاسيەتتى پايعامبارىمىزدىڭ، ساحابالاردىڭ جانە اۋليە ماشايىقتاردىڭ ادەبىنە ۇقساۋى بولماق، سىرتىڭمەن ءىشىڭ بىردەي بولۋ كەرەك، ىشكى جان دۇنيەڭنىڭ جاقسى بولۋى اسا قاجەتتى ءتۇيىن، ءار ادامنىڭ ىشكى دۇنيەسىنىڭ قالاي بولماعى ونىڭ سىرتقى دۇنيەسىنىڭ قالاي بولماعىنان ماڭىزدى بولماق.

جاقسىلاردىڭ ادەمى ادەپ-يبالارىمەن سۇلۋ مىنەزدەرىنە ەلىكتەۋ، ولارعا ۇقساۋ ءبىز ءۇشىن ەڭ پايدالى ءىس-ءدۇر، ولاردىڭ بار ىسىنە ەلىكتەي الماساڭدا، بىراق ونى ىستەۋگە قۇلشىن جانە سىناپ كور، سوندا بارىپ از بولسادا ادامدار وتىرىك ايتۋمەن الدامشىلىق ىستەۋدەن وزدەرىن تارتاتىن بولادى. جاقسىلارعا ەلىكتەمەسەڭ، سوڭىندا ەش كەرەكسىز كەسەلدى ادامدار سياقتى بولاسىڭ، ال بۇنداي ادامعا اينالعان سوڭ، ساعان كەلەر جازا ولاردىكىنەن دە اۋىر بولماق، سەبەبى سەن باسىڭا سالدەلى تۇربان كيە تۇرا، شايتاننىڭ تىرلىگىن ىستەپ ءجۇرسىڭ، بۇندايدا سەن جۇببا كيىپ، سالدەلى تۇربان كيۋگە ەش حاقىڭ جوق، وعان ساي ەمەسسىڭ، بۇنداي مۇنافيقتىقتارىڭ باسقا ادامدارعا جاماندىقپەن زالال الىپ كەلەتىن بولادى ءارى بۇل ارەكەتتەرىڭ مۇسىلمانداردىڭ اتىنا داق تۇسىرمەك، بۇل اسا ماڭىزدى ءىس. ادامدار وزدەرىن تاربيەلەۋدى ۇيرەنۋى كەرەك، بۇل تاريقات، بۇل يسلام ادامداردى جامان ادەت-قىلىقتارىنان قۇتقارىپ، جاقسىلاردان بولۋعا ۇيرەتەدى، ينشاللا. اللا تاعالا بىزدەردى ءناپسىمىزدىڭ قولىنا قالتىرماعاي، ءىشى-سىرتىمىز بىردەي بولۋعا ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا، اللا تاعالا ءوز پاناسىندا ەتكەي. كوپتەگەن جۇرت «ءىشى جامان، سىرتى جاقسى» ادامداردان كوپ زيان تارتتى، سوندىقتان ولار اركىمگە كۇمانمەن قاراۋعا داعدىلانعان. اللا تاعالا بارشامىزدى ساقتاسىن، ءبىز بۇدان باسقا نە دەي الارمىز؟ اللا تاعالا ادامدارعا حيدايات بەرگەي، سوندا ولار تۋرا جول ۇستىندە بولار ەدى، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=124