You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Көріксіздікті әдемілік екен деп қалма (2021.09.28)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=120

Көріксіздікті әдемілік екен деп қалма (2021.09.28)

Қасиетті пайғамбарымыз «алла тағала өте әдемі, ОЛ сұлулықты сүйеді.» дейді, ал шайтан болса тым көріксіз және ол көріксіздікті жиркенішті ұнатады. Алла тағала адамдарға, мұсылмандарға және мүминдерге сұлулықты және әдемі жүруді бұйырады, алла тағала әр нәрсені өте сұлу және мүлтіксіз етіп жаратты әрі адамдардың сол сұлулықтарын сақтауы үшін, оларға бұйрық заңдарын қоса жіберді. Мұнда көптеген істелуге тиісті және істелуге тиісті емес істер бар, адамдар кейбір істерді істеуіме болады деп ойлайды да, оны істейді, осылайша білместікпен бұрыс істерді қылады, олар «бұдан не залал келер дейсің? бұл бір әдемі іс қой, оны істеуім керек, ол еш күнә емес.» дейді, бірақ шынтуайтында бұл істеп жатқан істері әрі күнә әрі зиян әрі көріксіз істер болатұғын.

Көптеген балалар, жастар, әйелдермен ерлер мәлім бір істі істейді де, маңызды бір жұмыс тындырып жібергендей сезінеді, мәселен олар өздерінің денесіне әртүрлі үлгідегі жазу-сызу, ою-өрнектерді салдырып шектіреді, өрнектерінің кейбірі кішкене, кейбірі үлкен болып, кәдімгі дүние қаритасы дерсің, олар бұны татто (татуировкасы) яғни «денеге салынған өрнек» деп атайды, арап тілінде «уасхм» дейді. Денеге бұндай белгі өрнектер салу күнә әрі шектелінген іс, оны денеге бастыру жақсылықтың нышаны емес. Біздің бала күнімізде Дамашықта жүргенімізде, ондағы жабайы арап тайпалары осындай өрнектерді денелеріне бастырып алып жүретін, адамдар оларды ұнатпайтын әрі оларды тым көріксіз жиркенішті санайтын, алайда шайтан денеге бұндай өрнек салуды оларға үйретті және оны сұлу-әдемі іс етіп көрсетті, шындығында бұл іс тым көріксіз іс еді. Бұндай жазу-өрнектерді денеңе салдырған соң, оны жуып кетіре алмайсың, ойың дұрыс қалыпқа түсіп, енді оны кетірмек болсаңда, ол өрнектер кетпейді.

Сондықтан бұндай нәрселерді денеге сыздырмау керек, ол күнә әрі саған залалды іс, алла тағала бір нәрсені харам етсе, оны біздің пайдамыз үшін солай қылды, ал біз оған қарсылық етсек, оның бізге тиер зиянын көретін боламыз. Олар «зияны тисе өзіме ғой.» деп мықтысынады, жарайды онда сол залалыңды көре бер. Біреу бұндай өрнектерді денесіне білмей салса, алла тағала кешірім етерде, ол бұл ісінен құтылар, алайда оның күнә екендігін білген соң, ол туралы ойлапта қойма, мейлі ол кіші немесе үлкен жазу-өрнек болсын, барлығыда күнә әрі тым жиркенішті көріксіз істерден болмақ.

Адамдар оны әдемі нәрсе деп ойлайды, бірақ оны кетіре алмайсың, шашыңмен мұртыңды қисаң, олар қайта шығады, бірақ бұл нәрсе өлімің келседе өшпейді, алла тағала қияметте қайта тірілген күніңде сол бір жиркенішті белгілермен көрінуден сақтасын, не істеріңды білмей дал боларлық жағдай сол кезде болады. Алайда, тәубеге келіп, бұл істеріңе өкінсең, алла тағала кешіретін болады, иншалла, бұл маңызды іс. Шайтан осындай көріксіз істерді адамдарға әдемі етіп, ал жаман істерді жақсы істер етіп көрсетеді, адамдардың көбі бұндай ұсқынсыз істерге жас кезінде ұрынады, бірақ қазіргі кезде адамдар онан арман надан болып кеткен де, жасы келген кәрі адамдарда бұндай жазу-өрнектерді денесіне ұдайы шектіріп жүр. Алла тағала харам еткен бұндай істерде үлкен хикімет даналық бар, оларды істесе адамдарға әртүрлі ауру-кеселдер келуі мүмкін, анығын алла тағала өзі біледі, алла тағала біздері панасына алғай.

Әрқашан бізге әдемі істерді әдемі қалпында, ұсқынсыз іс-қылықтарды ұсқынсыз қалпында көруге жазғай, ұсқынсыз істерді әдемілік көріп қалудан сақтағай, иншалла. Алла тағала санамызды өз орнында еткей, есті адамдар кей істі істеуден аулақ жүреді, олар «бұл істі істесем, оның соңы не болмақ? егер мен ойымды өзгертіп оны кетірмек болсам, оны кетіре аламын ба?» деп ойлайды, егер адамдар осы құрлы ойлай білсе, олар әуелден ақ оны салдырмас еді. Алла тағала адамдарға тура жолды көрсеткей, алла тағала біздерді шайтанмен өзіміздің нәпсіміздің жамандық кесірлерінен қорғағай.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Ыстанбұл, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

كورىكسىزدىكتى ادەمىلىك ەكەن دەپ قالما (2021.09.28)

قاسيەتتى پايعامبارىمىز «اللا تاعالا وتە ادەمى، ول سۇلۋلىقتى سۇيەدى.» دەيدى، ال شايتان بولسا تىم كورىكسىز جانە ول كورىكسىزدىكتى جيركەنىشتى ۇناتادى. اللا تاعالا ادامدارعا، مۇسىلماندارعا جانە مۇميندەرگە سۇلۋلىقتى جانە ادەمى ءجۇرۋدى بۇيىرادى، اللا تاعالا ءار نارسەنى وتە سۇلۋ جانە مۇلتىكسىز ەتىپ جاراتتى ءارى ادامداردىڭ سول سۇلۋلىقتارىن ساقتاۋى ءۇشىن، ولارعا بۇيرىق زاڭدارىن قوسا جىبەردى. مۇندا كوپتەگەن ىستەلۋگە ءتيىستى جانە ىستەلۋگە ءتيىستى ەمەس ىستەر بار، ادامدار كەيبىر ىستەردى ىستەۋىمە بولادى دەپ ويلايدى دا، ونى ىستەيدى، وسىلايشا بىلمەستىكپەن بۇرىس ىستەردى قىلادى، ولار «بۇدان نە زالال كەلەر دەيسىڭ؟ بۇل ءبىر ادەمى ءىس قوي، ونى ىستەۋىم كەرەك، ول ەش كۇنا ەمەس.» دەيدى، بىراق شىنتۋايتىندا بۇل ىستەپ جاتقان ىستەرى ءارى كۇنا ءارى زيان ءارى كورىكسىز ىستەر بولاتۇعىن.

كوپتەگەن بالالار، جاستار، ايەلدەرمەن ەرلەر ءمالىم ءبىر ءىستى ىستەيدى دە، ماڭىزدى ءبىر جۇمىس تىندىرىپ جىبەرگەندەي سەزىنەدى، ماسەلەن ولار وزدەرىنىڭ دەنەسىنە ءارتۇرلى ۇلگىدەگى جازۋ-سىزۋ، ويۋ-ورنەكتەردى سالدىرىپ شەكتىرەدى، ورنەكتەرىنىڭ كەيبىرى كىشكەنە، كەيبىرى ۇلكەن بولىپ، كادىمگى دۇنيە قاريتاسى دەرسىڭ، ولار بۇنى تاتتو (تاتۋيروۆكاسى) ياعني «دەنەگە سالىنعان ورنەك» دەپ اتايدى، اراپ تىلىندە «ۋاسحم» دەيدى. دەنەگە بۇنداي بەلگى ورنەكتەر سالۋ كۇنا ءارى شەكتەلىنگەن ءىس، ونى دەنەگە باستىرۋ جاقسىلىقتىڭ نىشانى ەمەس. ءبىزدىڭ بالا كۇنىمىزدە داماشىقتا جۇرگەنىمىزدە، ونداعى جابايى اراپ تايپالارى وسىنداي ورنەكتەردى دەنەلەرىنە باستىرىپ الىپ جۇرەتىن، ادامدار ولاردى ۇناتپايتىن ءارى ولاردى تىم كورىكسىز جيركەنىشتى سانايتىن، الايدا شايتان دەنەگە بۇنداي ورنەك سالۋدى ولارعا ۇيرەتتى جانە ونى سۇلۋ-ادەمى ءىس ەتىپ كورسەتتى، شىندىعىندا بۇل ءىس تىم كورىكسىز ءىس ەدى. بۇنداي جازۋ-ورنەكتەردى دەنەڭە سالدىرعان سوڭ، ونى جۋىپ كەتىرە المايسىڭ، ويىڭ دۇرىس قالىپقا ءتۇسىپ، ەندى ونى كەتىرمەك بولساڭدا، ول ورنەكتەر كەتپەيدى.

سوندىقتان بۇنداي نارسەلەردى دەنەگە سىزدىرماۋ كەرەك، ول كۇنا ءارى ساعان زالالدى ءىس، اللا تاعالا ءبىر نارسەنى حارام ەتسە، ونى ءبىزدىڭ پايدامىز ءۇشىن سولاي قىلدى، ال ءبىز وعان قارسىلىق ەتسەك، ونىڭ بىزگە تيەر زيانىن كورەتىن بولامىز. ولار «زيانى تيسە وزىمە عوي.» دەپ مىقتىسىنادى، جارايدى وندا سول زالالىڭدى كورە بەر. بىرەۋ بۇنداي ورنەكتەردى دەنەسىنە بىلمەي سالسا، اللا تاعالا كەشىرىم ەتەردە، ول بۇل ىسىنەن قۇتىلار، الايدا ونىڭ كۇنا ەكەندىگىن بىلگەن سوڭ، ول تۋرالى ويلاپتا قويما، مەيلى ول كىشى نەمەسە ۇلكەن جازۋ-ورنەك بولسىن، بارلىعىدا كۇنا ءارى تىم جيركەنىشتى كورىكسىز ىستەردەن بولماق.

ادامدار ونى ادەمى نارسە دەپ ويلايدى، بىراق ونى كەتىرە المايسىڭ، شاشىڭمەن مۇرتىڭدى قيساڭ، ولار قايتا شىعادى، بىراق بۇل نارسە ءولىمىڭ كەلسەدە وشپەيدى، اللا تاعالا قيامەتتە قايتا تىرىلگەن كۇنىڭدە سول ءبىر جيركەنىشتى بەلگىلەرمەن كورىنۋدەن ساقتاسىن، نە ىستەرىڭدى بىلمەي دال بولارلىق جاعداي سول كەزدە بولادى. الايدا، تاۋبەگە كەلىپ، بۇل ىستەرىڭە وكىنسەڭ، اللا تاعالا كەشىرەتىن بولادى، ينشاللا، بۇل ماڭىزدى ءىس. شايتان وسىنداي كورىكسىز ىستەردى ادامدارعا ادەمى ەتىپ، ال جامان ىستەردى جاقسى ىستەر ەتىپ كورسەتەدى، ادامداردىڭ كوبى بۇنداي ۇسقىنسىز ىستەرگە جاس كەزىندە ۇرىنادى، بىراق قازىرگى كەزدە ادامدار ونان ارمان نادان بولىپ كەتكەن دە، جاسى كەلگەن كارى ادامداردا بۇنداي جازۋ-ورنەكتەردى دەنەسىنە ۇدايى شەكتىرىپ ءجۇر. اللا تاعالا حارام ەتكەن بۇنداي ىستەردە ۇلكەن حيكىمەت دانالىق بار، ولاردى ىستەسە ادامدارعا ءارتۇرلى اۋرۋ-كەسەلدەر كەلۋى مۇمكىن، انىعىن اللا تاعالا ءوزى بىلەدى، اللا تاعالا بىزدەرى پاناسىنا العاي.

ارقاشان بىزگە ادەمى ىستەردى ادەمى قالپىندا، ۇسقىنسىز ءىس-قىلىقتاردى ۇسقىنسىز قالپىندا كورۋگە جازعاي، ۇسقىنسىز ىستەردى ادەمىلىك كورىپ قالۋدان ساقتاعاي، ينشاللا. اللا تاعالا سانامىزدى ءوز ورنىندا ەتكەي، ەستى ادامدار كەي ءىستى ىستەۋدەن اۋلاق جۇرەدى، ولار «بۇل ءىستى ىستەسەم، ونىڭ سوڭى نە بولماق؟ ەگەر مەن ويىمدى وزگەرتىپ ونى كەتىرمەك بولسام، ونى كەتىرە الامىن با؟» دەپ ويلايدى، ەگەر ادامدار وسى قۇرلى ويلاي بىلسە، ولار اۋەلدەن اق ونى سالدىرماس ەدى. اللا تاعالا ادامدارعا تۋرا جولدى كورسەتكەي، اللا تاعالا بىزدەردى شايتانمەن ءوزىمىزدىڭ ءناپسىمىزدىڭ جاماندىق كەسىرلەرىنەن قورعاعاي.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
ىستانبۇل، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=120