You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Жақсы және шыншыл адамдармен бірге бол (2021.09.12)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=117

Жақсы және шыншыл адамдармен бірге бол (2021.09.12)

«Әй иман келтіргендер алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар.» делінеді қасиетті құран кәрим әзиму-шанда, бұл алла тағаланың бұйрықтарынан болып, алла тағаладан қорық және шыншылдармен бірге бол демекілік еді. Жақсылар жақсы адамдармен бірге болғаны, ал жаман адамдардан аулақ тұрған жөн, алла тағаладан қорық дегеніміз алла тағала жақсы көрмейтін істерді істемеу деген сөз. Алла тағала кешірімді, мейрімді және аса рахымды, біз бұны күнә істеуден сақтану деп қана емес, бірақ күнә істеуден қорқуымыз да қажет деп түсінуіміз керек, алла тағаламен күнәкар хәлде кездесу жақсы емес, бұл басқа тақырып, алайда бұндағы маңыздысы игі-жақсы адамдармен және шыншыл адамдармен бірге болу алла тағаланың бұйрығы екендігін білуіміз болмақ.

Жақсылармен бірге бол, басқаларға қиыншылық әкелме және ешкімді алдама, мұнафиқтармен яғни екі беткейлермен, зұлымдармен және өтірікші суайыттармен де бірге болма, тек олардың нәпсісін тәрбиелеу үшін болса олармен бірге болуға болады, ал басқа жағдайда олардан бойды аулақ ұстаған жақсырақ. Бұнда алла тағаланың хикімет парасаты бар, көптеген адамдар жолдан тайқып, нәпсілерінің артына түсіп кетеді, сонан соң олар нәпсілерін қанағаттандыру үшін әртүрлі істің бәрін істеп-татып көреді, олар ненің рухсат етілгенін (халал) ненің рухсат етілмегенін (харам) екендігін білмейді. Олар барлығын істеп бағады, сүйте тұра тіпті залалға да ұшырамайды, алайда алла тағала бұнда ӨЗІНЕН қорқу керектігін айтуда. Алла тағаламен бұндай сипаттарыңмен жолығып қалма, алла тағаладан ұял, ісіңнен қымсын, жақсымен бірге бол.

Адамдар «бір жүзімнің түсі қасында тұрған жүзімдердің түсіне тартады.» деп тәмсілдейді, жақсы адам жақсы адамдармен бірге болса, ол онан арман жақсы адамға айналады, ал біреу жаман адамдармен бірге болса, қазіргінің адамдары айтқандай «ол істеді, ал мен неге істей алмаймын? істеген жөн ау.» деп сол жаман адамдардың істегенін үйренетін және істейтін болады. Ол осындай нашар адамдармен бірге бола бастағаннан бастап, ол да солардың қылығын істей бастамақ, сондықтан жаман жерлерден және жаман адамдардан алыс аулақ жүр, ұдайы жақсылармен бірге бол. Алла тағала құранда «жақсылармен жақсылар бірге.» (Құран 24:36) дейді, үйленуде солай, жақсылары жақсылармен, жамандары жамандармен үйленеді. Алла тағала баршамызды нәпсіміздың жамандығынан кесірінен сақтағай, нәпсі әрқашан да жақсы істі емес жаман істі істеуді ұнатып тұрады, жақсы іс нәпсі үшін тым қиын, сондықтан да алла тағала біздерді өз панасында еткей және нәпсіміге бой ұрудан сақтағай, әрдайым игі-жақсылармен бір етіп, жамандардан жырақ еткізгей, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Ыстанбұл, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

جاقسى جانە شىنشىل ادامدارمەن بىرگە بول (2021.09.12)

«ءاي يمان كەلتىرگەندەر اللادان قورقىڭدار جانە شىنشىلدارمەن بىرگە بولىڭدار.» دەلىنەدى قاسيەتتى قۇران كاريم ءازيمۋ-شاندا، بۇل اللا تاعالانىڭ بۇيرىقتارىنان بولىپ، اللا تاعالادان قورىق جانە شىنشىلدارمەن بىرگە بول دەمەكىلىك ەدى. جاقسىلار جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولعانى، ال جامان ادامداردان اۋلاق تۇرعان ءجون، اللا تاعالادان قورىق دەگەنىمىز اللا تاعالا جاقسى كورمەيتىن ىستەردى ىستەمەۋ دەگەن ءسوز. اللا تاعالا كەشىرىمدى، مەيرىمدى جانە اسا راحىمدى، ءبىز بۇنى كۇنا ىستەۋدەن ساقتانۋ دەپ قانا ەمەس، بىراق كۇنا ىستەۋدەن قورقۋىمىز دا قاجەت دەپ ءتۇسىنۋىمىز كەرەك، اللا تاعالامەن كۇناكار حالدە كەزدەسۋ جاقسى ەمەس، بۇل باسقا تاقىرىپ، الايدا بۇنداعى ماڭىزدىسى يگى-جاقسى ادامدارمەن جانە شىنشىل ادامدارمەن بىرگە بولۋ اللا تاعالانىڭ بۇيرىعى ەكەندىگىن ءبىلۋىمىز بولماق.

جاقسىلارمەن بىرگە بول، باسقالارعا قيىنشىلىق اكەلمە جانە ەشكىمدى الداما، مۇنافيقتارمەن ياعني ەكى بەتكەيلەرمەن، زۇلىمدارمەن جانە وتىرىكشى سۋايىتتارمەن دە بىرگە بولما، تەك ولاردىڭ ءناپسىسىن تاربيەلەۋ ءۇشىن بولسا ولارمەن بىرگە بولۋعا بولادى، ال باسقا جاعدايدا ولاردان بويدى اۋلاق ۇستاعان جاقسىراق. بۇندا اللا تاعالانىڭ حيكىمەت پاراساتى بار، كوپتەگەن ادامدار جولدان تايقىپ، ناپسىلەرىنىڭ ارتىنا ءتۇسىپ كەتەدى، سونان سوڭ ولار ناپسىلەرىن قاناعاتتاندىرۋ ءۇشىن ءارتۇرلى ءىستىڭ ءبارىن ىستەپ-تاتىپ كورەدى، ولار نەنىڭ رۋحسات ەتىلگەنىن (حالال) نەنىڭ رۋحسات ەتىلمەگەنىن (حارام) ەكەندىگىن بىلمەيدى. ولار بارلىعىن ىستەپ باعادى، سۇيتە تۇرا ءتىپتى زالالعا دا ۇشىرامايدى، الايدا اللا تاعالا بۇندا وزىنەن قورقۋ كەرەكتىگىن ايتۋدا. اللا تاعالامەن بۇنداي سيپاتتارىڭمەن جولىعىپ قالما، اللا تاعالادان ۇيال، ىسىڭنەن قىمسىن، جاقسىمەن بىرگە بول.

ادامدار «ءبىر ءجۇزىمنىڭ ءتۇسى قاسىندا تۇرعان جۇزىمدەردىڭ تۇسىنە تارتادى.» دەپ تامسىلدەيدى، جاقسى ادام جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولسا، ول ونان ارمان جاقسى ادامعا اينالادى، ال بىرەۋ جامان ادامدارمەن بىرگە بولسا، قازىرگىنىڭ ادامدارى ايتقانداي «ول ىستەدى، ال مەن نەگە ىستەي المايمىن؟ ىستەگەن ءجون اۋ.» دەپ سول جامان ادامداردىڭ ىستەگەنىن ۇيرەنەتىن جانە ىستەيتىن بولادى. ول وسىنداي ناشار ادامدارمەن بىرگە بولا باستاعاننان باستاپ، ول دا سولاردىڭ قىلىعىن ىستەي باستاماق، سوندىقتان جامان جەرلەردەن جانە جامان ادامداردان الىس اۋلاق ءجۇر، ۇدايى جاقسىلارمەن بىرگە بول. اللا تاعالا قۇراندا «جاقسىلارمەن جاقسىلار بىرگە.» (قۇران 24:36) دەيدى، ۇيلەنۋدە سولاي، جاقسىلارى جاقسىلارمەن، جاماندارى جاماندارمەن ۇيلەنەدى. اللا تاعالا بارشامىزدى ءناپسىمىزدىڭ جاماندىعىنان كەسىرىنەن ساقتاعاي، ءناپسى ارقاشان دا جاقسى ءىستى ەمەس جامان ءىستى ىستەۋدى ۇناتىپ تۇرادى، جاقسى ءىس ءناپسى ءۇشىن تىم قيىن، سوندىقتان دا اللا تاعالا بىزدەردى ءوز پاناسىندا ەتكەي جانە ناپسىمىگە بوي ۇرۋدان ساقتاعاي، ءاردايىم يگى-جاقسىلارمەن ءبىر ەتىپ، جامانداردان جىراق ەتكىزگەي، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
ىستانبۇل، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=117