You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Табысқа жетудің құпиясы (2021.09.06)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=112

Табысқа жетудің құпиясы (2021.09.06)

Пайғамбарымыз «бір істі қолға алсаң, оны жақсы істе.» деп өсйеттейді, қолға алған ісіңді аяқсыз қалдырмағын, егер олай етсең, еш пайдаға жетпессің әрі сауапсыз қаларсың. Бір жолға яғни тәриқатқа кіргеніңде, мейлі қандай тәриқат жолы болсын, оны алдын ала жақсылап көргін, сосын оны жақсы ұстан әрі басынан аяғына дейін табанды бол, табыстың кілті табандылықта.

Мәлім бір Сириялық студент жігіт қазірет маулана Назым қ.с.-ға келіп, «мына адам сондай бай, ана адамда тым бай, қайтсем менде солар секілді бола аламын?» деп әлсін әлі сұрай берді, ал бұл студент жігіттің оқу ұлгірімі де тым нашар еді. Қазірет маулана Назым қ.с, АЛЛА тағала ол кісінің мақамын жоғары еткей, бұл жігітке «табанды бол, бір іске мақсат қойған екенсің, ол ісіңе табанды бол, оны тынбай істей бер, ең соңында ол ісіңнен саған бір жақсылық келер.» деп жауап береді.

Қазіргінің адамдары бір істен тағы бір іске жүгіреді, үлкен бір шаруаны бастап алып, оны аяғына шығармастан тастап кете береді. Ешнәрсе бір күнде бола кетпейді ғой, табысқа жету үшін сабырмен тұрақты табандылық керек. Бұл күнде әр нәрсе адамдар үшін қарапайымдастырылып жіберілген, барлығына қашықтықтан басқару жүйесі қосылған, алайда олар оның түймешесін басуға ерінеді, олар барлық істің өздігінен бола қалуын қалайды. Қазіргі кезде адамдар үшін өте көп құралдар дайындалған, алайда олар шаруасының жүргізілуі үшін дін және дүние тұрғысына сайкес түрде өздері жұмыс етіп, тер төгуі керек. Табандылық аса маңызды түйін, адамдар оны түсінбейді, олар лезде «мен бұны жақсы көрмеймін, мен бұны тастап орнына басқасын әкелейін.» дейді. Олар үйленген соң да «мен оны ұнатпаймын, одан кетіп басқа біреу аламын.» дейді, бұл аса үлкен қателік, егер олай етсең, мына дүниеңді былыққа батырып, істеріңді орнына қайта түсіруың тым қиынға соғатын болады.

Алла тағала адамзат баласы үшін жақсымен жаманды бірдей жаратты, ал жақсы нәтижеге қол жеткізуі үшін адамдар өздері құлшынып еңбектенуі және табандылық етуі қажет. Бір шарауны аяқсыз қалдырып қою жақсылық емес, ал пайғамбарымыз қазіреті «не істесеңде, оны жақсы істе.» деп біздерге нәсиқат айтады. Табансыз адам ісін шала-шарпы істейді немесе толық бітірмей тастап қояды да, айналып келіп «мен неге табсқа жете алмадым? менде не кемшілік бар дейсің?» деп сұранады. Бір жерден тағы бір жерге секіріп тұрақсыздықпен шоршаңдайсың да, соңында келіп «шаруа іске аспады.» дейсің, бұлай етсең, әрине қолға алған істерің соңын таппақ емес.

Ертеректегі адамдар сабырлы келуші еді, алла тағала оларға мол сабырлық берді ме, әлде қазіргілер бұзылдыма, әйтеуір қазіргі адамдар әр істің табан астында бола кетуін қалап тұрады, олар сабыр-тақатпен табандылықтарын жоғалытқан, алла тағала біздерге ХАҚТЫҢ жолынан таймай жүрерлік табандылық бергей. Алаида, мұнда анығы сол, ешкім жамандықпен бұзықтықта табандылық жасауына болмайды, ондай жолға мүлдем жоламау керек, жамандықта табандылық ету ешқашанда жақсылыққа жеткізбек емес. Біз хақтың жолында және ақиқат үстінде табанды болуға тиістіміз, жамандық істеуде табанды болғандар жақсылықтан мақұрым қалмақ та, ал хақтың жолымен жақсылық үстінде табандылық еткендер пайдаға кенелмек, бұл оңай жол емес, бірақ жамандық істеу оңай. Алла тағала баршамызды қорғап, өз панасында еткей.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Ыстанбұл, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

تابىسقا جەتۋدىڭ قۇپياسى (2021.09.06)

پايعامبارىمىز «ءبىر ءىستى قولعا الساڭ، ونى جاقسى ىستە.» دەپ وسيەتتەيدى، قولعا العان ءىسىڭدى اياقسىز قالدىرماعىن، ەگەر ولاي ەتسەڭ، ەش پايداعا جەتپەسسىڭ ءارى ساۋاپسىز قالارسىڭ. ءبىر جولعا ياعني تاريقاتقا كىرگەنىڭدە، مەيلى قانداي تاريقات جولى بولسىن، ونى الدىن الا جاقسىلاپ كورگىن، سوسىن ونى جاقسى ۇستان ءارى باسىنان اياعىنا دەيىن تاباندى بول، تابىستىڭ كىلتى تاباندىلىقتا.

ءمالىم ءبىر سيريالىق ستۋدەنت جىگىت قازىرەت ماۋلانا نازىم ق.س.-عا كەلىپ، «مىنا ادام سونداي باي، انا ادامدا تىم باي، قايتسەم مەندە سولار سەكىلدى بولا الامىن؟» دەپ ءالسىن ءالى سۇراي بەردى، ال بۇل ستۋدەنت جىگىتتىڭ وقۋ ۇلگىرىمى دە تىم ناشار ەدى. قازىرەت ماۋلانا نازىم ق.س، اللا تاعالا ول كىسىنىڭ ماقامىن جوعارى ەتكەي، بۇل جىگىتكە «تاباندى بول، ءبىر ىسكە ماقسات قويعان ەكەنسىڭ، ول ىسىڭە تاباندى بول، ونى تىنباي ىستەي بەر، ەڭ سوڭىندا ول ىسىڭنەن ساعان ءبىر جاقسىلىق كەلەر.» دەپ جاۋاپ بەرەدى.

قازىرگىنىڭ ادامدارى ءبىر ىستەن تاعى ءبىر ىسكە جۇگىرەدى، ۇلكەن ءبىر شارۋانى باستاپ الىپ، ونى اياعىنا شىعارماستان تاستاپ كەتە بەرەدى. ەشنارسە ءبىر كۇندە بولا كەتپەيدى عوي، تابىسقا جەتۋ ءۇشىن سابىرمەن تۇراقتى تاباندىلىق كەرەك. بۇل كۇندە ءار نارسە ادامدار ءۇشىن قاراپايىمداستىرىلىپ جىبەرىلگەن، بارلىعىنا قاشىقتىقتان باسقارۋ جۇيەسى قوسىلعان، الايدا ولار ونىڭ تۇيمەشەسىن باسۋعا ەرىنەدى، ولار بارلىق ءىستىڭ وزدىگىنەن بولا قالۋىن قالايدى. قازىرگى كەزدە ادامدار ءۇشىن وتە كوپ قۇرالدار دايىندالعان، الايدا ولار شارۋاسىنىڭ جۇرگىزىلۋى ءۇشىن ءدىن جانە دۇنيە تۇرعىسىنا سايكەس تۇردە وزدەرى جۇمىس ەتىپ، تەر توگۋى كەرەك. تاباندىلىق اسا ماڭىزدى ءتۇيىن، ادامدار ونى تۇسىنبەيدى، ولار لەزدە «مەن بۇنى جاقسى كورمەيمىن، مەن بۇنى تاستاپ ورنىنا باسقاسىن اكەلەيىن.» دەيدى. ولار ۇيلەنگەن سوڭ دا «مەن ونى ۇناتپايمىن، ودان كەتىپ باسقا بىرەۋ الامىن.» دەيدى، بۇل اسا ۇلكەن قاتەلىك، ەگەر ولاي ەتسەڭ، مىنا دۇنيەڭدى بىلىققا باتىرىپ، ىستەرىڭدى ورنىنا قايتا ءتۇسىرۋىڭ تىم قيىنعا سوعاتىن بولادى.

اللا تاعالا ادامزات بالاسى ءۇشىن جاقسىمەن جاماندى بىردەي جاراتتى، ال جاقسى ناتيجەگە قول جەتكىزۋى ءۇشىن ادامدار وزدەرى قۇلشىنىپ ەڭبەكتەنۋى جانە تاباندىلىق ەتۋى قاجەت. ءبىر شاراۋنى اياقسىز قالدىرىپ قويۋ جاقسىلىق ەمەس، ال پايعامبارىمىز قازىرەتى «نە ىستەسەڭدە، ونى جاقسى ىستە.» دەپ بىزدەرگە ناسيقات ايتادى. تابانسىز ادام ءىسىن شالا-شارپى ىستەيدى نەمەسە تولىق بىتىرمەي تاستاپ قويادى دا، اينالىپ كەلىپ «مەن نەگە تابسقا جەتە المادىم؟ مەندە نە كەمشىلىك بار دەيسىڭ؟» دەپ سۇرانادى. ءبىر جەردەن تاعى ءبىر جەرگە سەكىرىپ تۇراقسىزدىقپەن شورشاڭدايسىڭ دا، سوڭىندا كەلىپ «شارۋا ىسكە اسپادى.» دەيسىڭ، بۇلاي ەتسەڭ، ارينە قولعا العان ىستەرىڭ سوڭىن تاپپاق ەمەس.

ەرتەرەكتەگى ادامدار سابىرلى كەلۋشى ەدى، اللا تاعالا ولارعا مول سابىرلىق بەردى مە، الدە قازىرگىلەر بۇزىلدىما، ايتەۋىر قازىرگى ادامدار ءار ءىستىڭ تابان استىندا بولا كەتۋىن قالاپ تۇرادى، ولار سابىر-تاقاتپەن تاباندىلىقتارىن جوعالىتقان، اللا تاعالا بىزدەرگە حاقتىڭ جولىنان تايماي جۇرەرلىك تاباندىلىق بەرگەي. الايدا، مۇندا انىعى سول، ەشكىم جاماندىقپەن بۇزىقتىقتا تاباندىلىق جاساۋىنا بولمايدى، ونداي جولعا مۇلدەم جولاماۋ كەرەك، جاماندىقتا تاباندىلىق ەتۋ ەشقاشاندا جاقسىلىققا جەتكىزبەك ەمەس. ءبىز حاقتىڭ جولىندا جانە اقيقات ۇستىندە تاباندى بولۋعا ءتيىستىمىز، جاماندىق ىستەۋدە تاباندى بولعاندار جاقسىلىقتان ماقۇرىم قالماق تا، ال حاقتىڭ جولىمەن جاقسىلىق ۇستىندە تاباندىلىق ەتكەندەر پايداعا كەنەلمەك، بۇل وڭاي جول ەمەس، بىراق جاماندىق ىستەۋ وڭاي. اللا تاعالا بارشامىزدى قورعاپ، ءوز پاناسىندا ەتكەي.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
ىستانبۇل، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=112