ҚАЗАҚ СӨЗІНІҢ ТҮП ТӨРКІНІ ЯҒНИ ХАН БОЛАМ ДЕСЕҢ, ӘУЕЛІ ҚАЗАҚ БОЛЫП КӨР
https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7944
ҚАЗАҚ СӨЗІНІҢ ТҮП ТӨРКІНІ ЯҒНИ ХАН БОЛАМ ДЕСЕҢ, ӘУЕЛІ ҚАЗАҚ БОЛЫП КӨР
14 інші ғасырда шыңғысханның жошы ұрпағынан шыққан алтын орда ханы өзбек хан алтын ордалық 92 түркі-мұңғыл руына ислам қабылдатты. Кейін олар өзбек ханның атымен өзбек аталынып кетті, олар яссауи сопылық тәриқатын ұстанды. Ал ислам қабылдамай қойған ділі қатты тоңмойын түркі-мұңғыл рулары қалмақ аталынып кетті, олар моғол тілін сақтады. Кейін осы өзбек жұртын маураннахырда әбілхайыр хан билеп тұрғанда, таққа талас себебіне байланысты бір бөлім өзбектер одан бөлініп шығып, қазақ аталынды, міне осылай қазақ термині 15 інші ғасырда ресми ұлыс атауына айналды. Қазақ ұғымы алғашында киелі ұғым болған, ол 'тірі қалсақ ғазы, өлсек шәхит боламыз' деген жанкештілік дәстүрдегі 'ғазы' сөзінен шыққан, ол ғазаут жорығында өлмей тірі оралған батырға берілетін атақ, демек қазақ қас батырларға берілетін атақ-титул. Ол замандарда алтын орда, шағатай, моғолыстан көшпенділерінде қазақшылық құру деген салт болған, ал кім осы қазақшылқ құрудан аман оралса, ол арапша ғазы, түркі-моғұлша қазақ деген атаққа ие болған, қазақ сөзі ғазы сөзінің түркі-мұңғыл тіліндегі бұрмаланған атауы, ал арап тіліндегі қазы сөзін, түркі-мұңғылдар қызай деп атаған, қызай атауы ноғай ордасында қазы яғни би дегенді білдірген. Қазақшылық құру аса қауіпті, жанкештілікке, тәуекелшілдікке толы тым ауыр жол еді, сондықтан қазақшылық құрамын деп, талай ерлер өлімішті болып, бастары далада қалған. Қазақшылық құруда ерлер әділетсіз ханға қарсы шығады немесе көрші жатқан ойрат-қалмақтарға жихат ғазауат жорығын жасап, оларды исламға кіргізеді. Мәселен, атақты жихангер әмір темір қазақшылық құрған ең көрнекті тұлға, ол қазақшылық өмірде әбден шыңдалған соң билікке келді. ол заманда хан-сұлтан болмақшы болған хан ұрпақтары осындай қазақшылық құру тезінен өткізілетін болған, кім одан өте алса, хан болған, демек ол заманда 'хан болам десең, әуелі қазақ болып көр' деген жосын болған. Шыңғысханның шағатай ұлының 11 інші ұрпағы болып келетін сопы уайыс хан да қазақшылық құрған әйгілі тұлға, ол шаман ойраттарды исламға кіргізу үшін оларға 100 ге тарта қазақшылық ғазаут жорығын жасаған, соңында ойрат нояны есен тайшы ислам қабыл етеді. Есен тайшы 20 мың әскермен қытай миң империясының 500 мың әскерін жеңіп, миң императорын сахараға тірідей ұстап әкелген ноян еді. Осы уайыс ханның ұрпақтары болып келетін алаш ахмет хан қазақ, сарт, моғолды бастап, алтай, сібір, құмыл жақтағы қалмақтарға көптеген ғазауат соғысын жасаған, олар енесейдегі бауырлас қырғыздарды ойраттардан құтқарады, оларды тәңір тау жаққа көшіріп әкеліп, исламға кіргізеді, кейін қырғыздарды ыстық көл жаққа көшірді. Әйгілі батыр ақын Махамбет исатайұлы 'мен, мен едім, қай қазақтан кем едім, бір қазаққа тең едім' дейді, ал оның бұнда айтып отырған қазағы қазіргі бізбен сіз сияқты қазақ болмастан, әмір темір, уәйыс хан, алаш ахмет хан сияқты қазақшылық құрған әйгілі ғазы-қазақ тұлғалары еді. Кейбір хандар өз билігіне қарсы келіп, қазақшылық құрып кеткен топтарды да жақтырмай, 'олар қазақ болып кетіпті' деп, айтқан замандарда болған. Мейлі, қалай болмасын, түбі сонау ғазы сияқты киелі ұғымдардан бастау алған қазақ атауы бұл күнде бір ұлттың есімі болып отыр.
قازاق ءسوزىنىڭ ءتۇپ توركىنى ياعني حان بولام دەسەڭ، اۋەلى قازاق بولىپ كور
14 ءىنشى عاسىردا شىڭعىسحاننىڭ جوشى ۇرپاعىنان شىققان التىن وردا حانى وزبەك حان التىن وردالىق 92 تۇركى-مۇڭعىل رۋىنا يسلام قابىلداتتى. كەيىن ولار وزبەك حاننىڭ اتىمەن وزبەك اتالىنىپ كەتتى، ولار ياسساۋي سوپىلىق ءتاريقاتىن ۇستاندى. ال يسلام قابىلداماي قويعان ءدىلى قاتتى توڭمويىن تۇركى-مۇڭعىل رۋلارى قالماق اتالىنىپ كەتتى، ولار موعول ءتىلىن ساقتادى. كەيىن وسى وزبەك جۇرتىن ماۋرانناحىردا ءابىلحايىر حان بيلەپ تۇرعاندا، تاققا تالاس سەبەبىنە بايلانىستى ءبىر ءبولىم وزبەكتەر ودان ءبولىنىپ شىعىپ، قازاق اتالىندى، مىنە وسىلاي قازاق تەرمينى 15 ءىنشى عاسىردا رەسمي ۇلىس اتاۋىنا اينالدى. قازاق ۇعىمى العاشىندا كيەلى ۇعىم بولعان، ول 'ءتىرى قالساق عازى، ولسەك ءشاحيت بولامىز' دەگەن جانكەشتىلىك داستۇردەگى 'عازى' سوزىنەن شىققان، ول عازاۋت جورىعىندا ولمەي ءتىرى ورالعان باتىرعا بەرىلەتىن اتاق، دەمەك قازاق قاس باتىرلارعا بەرىلەتىن اتاق-تيتۋل. ول زامانداردا التىن وردا، شاعاتاي، موعولىستان كوشپەندىلەرىندە قازاقشىلىق قۇرۋ دەگەن سالت بولعان، ال كىم وسى قازاقشىلق قۇرۋدان امان ورالسا، ول اراپشا عازى، تۇركى-موعۇلشا قازاق دەگەن اتاققا يە بولعان، قازاق ءسوزى عازى ءسوزىنىڭ تۇركى-مۇڭعىل تىلىندەگى بۇرمالانعان اتاۋى، ال اراپ تىلىندەگى قازى ءسوزىن، تۇركى-مۇڭعىلدار قىزاي دەپ اتاعان، قىزاي اتاۋى نوعاي ورداسىندا قازى ياعني بي دەگەندى بىلدىرگەن. قازاقشىلىق قۇرۋ اسا ءقاۋىپتى، جانكەشتىلىككە، تاۋەكەلشىلدىككە تولى تىم اۋىر جول ەدى، سوندىقتان قازاقشىلىق قۇرامىن دەپ، تالاي ەرلەر ءولىمىشتى بولىپ، باستارى دالادا قالعان. قازاقشىلىق قۇرۋدا ەرلەر ادىلەتسىز حانعا قارسى شىعادى نەمەسە كورشى جاتقان ويرات-قالماقتارعا جيحات عازاۋات جورىعىن جاساپ، ولاردى يسلامعا كىرگىزەدى. ماسەلەن، اتاقتى جيحانگەر ءامىر تەمىر قازاقشىلىق قۇرعان ەڭ كورنەكتى تۇلعا، ول قازاقشىلىق ومىردە ابدەن شىڭدالعان سوڭ بيلىككە كەلدى. ول زاماندا حان-سۇلتان بولماقشى بولعان حان ۇرپاقتارى وسىنداي قازاقشىلىق قۇرۋ تەزىنەن وتكىزىلەتىن بولعان، كىم ودان وتە السا، حان بولعان، دەمەك ول زاماندا 'حان بولام دەسەڭ، اۋەلى قازاق بولىپ كور' دەگەن جوسىن بولعان. شىڭعىسحاننىڭ شاعاتاي ۇلىنىڭ 11 ءىنشى ۇرپاعى بولىپ كەلەتىن سوپى ۋايىس حان دا قازاقشىلىق قۇرعان ايگىلى تۇلعا، ول شامان ويراتتاردى يسلامعا كىرگىزۋ ءۇشىن ولارعا 100 گە تارتا قازاقشىلىق عازاۋت جورىعىن جاساعان، سوڭىندا ويرات نويانى ەسەن تايشى يسلام قابىل ەتەدى. ەسەن تايشى 20 مىڭ اسكەرمەن قىتاي ميڭ يمپەرياسىنىڭ 500 مىڭ اسكەرىن جەڭىپ، ميڭ يمپەراتورىن ساحاراعا تىرىدەي ۇستاپ اكەلگەن نويان ەدى. وسى ۋايىس حاننىڭ ۇرپاقتارى بولىپ كەلەتىن الاش احمەت حان قازاق، سارت، موعولدى باستاپ، التاي، ءسىبىر، قۇمىل جاقتاعى قالماقتارعا كوپتەگەن عازاۋات سوعىسىن جاساعان، ولار ەنەسەيدەگى باۋىرلاس قىرعىزداردى ويراتتاردان قۇتقارادى، ولاردى ءتاڭىر تاۋ جاققا كوشىرىپ اكەلىپ، يسلامعا كىرگىزەدى، كەيىن قىرعىزداردى ىستىق كول جاققا كوشىردى. ايگىلى باتىر اقىن ماحامبەت يساتايۇلى 'مەن، مەن ەدىم، قاي قازاقتان كەم ەدىم، ءبىر قازاققا تەڭ ەدىم' دەيدى، ال ونىڭ بۇندا ايتىپ وتىرعان قازاعى قازىرگى بىزبەن ءسىز سياقتى قازاق بولماستان، ءامىر تەمىر، ءۋايىس حان، الاش احمەت حان سياقتى قازاقشىلىق قۇرعان ايگىلى عازى-قازاق تۇلعالارى ەدى. كەيبىر حاندار ءوز بيلىگىنە قارسى كەلىپ، قازاقشىلىق قۇرىپ كەتكەن توپتاردى دا جاقتىرماي، 'ولار قازاق بولىپ كەتىپتى' دەپ، ايتقان زامانداردا بولعان. مەيلى، قالاي بولماسىن، ءتۇبى سوناۋ عازى سياقتى كيەلى ۇعىمداردان باستاۋ العان قازاق اتاۋى بۇل كۇندە ءبىر ۇلتتىڭ ەسىمى بولىپ وتىر.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7944