ӘР ДҰҒАДА АЛЛАДАН БАҚ СҰРАҢЫЗ, БАҒЫҢЫЗ АШЫЛАДЫ
https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7942
ӘР ДҰҒАДА АЛЛАДАН БАҚ СҰРАҢЫЗ, БАҒЫҢЫЗ АШЫЛАДЫ
Алла сізді адам етіп жаратты, бұл сіздің таңдауыңыз емес, Алла қаласа, құрт-қоңыз, аң-құс етіп те жарата береді. Сонымен бірге Алла сізді кәпір отбасында емес, мұсылман отбасында дүниеге әкелді. Ал бұлар еркімізден тыс басымызға жазылған бақ, жақсы тағдыр, қаншама милиярт жанда бұндай бақ жоқ! Бақ-тәлей дегеніміз Алла Өзі бере салған екі дүниені ендей өтіп, мәңгілікке ұласатын зор нығымет. Алла бізге бұл дүниеде жартылай ирада-ерік бергендіктен, амал етеміз, бірақ амалға ғана сеніп қалмай, дұғада Алладан ұдайы бақ-тәлей сұраймыз, сонда Алла баянды иман береді. Пайғамбарымыздың заманында оны көрген 124000 кісі оның сахабасы болды, олар бұны өздері таңдамады, Алла солай етті, бақ-тәлей дегеніміз міне осындай нәрсе. Сол сияқты, пайғамбарымыздың мұрагерлері болған әулиеге еру, оған бая беру, оның құзіретінде болу да үлкен бақ, Алла тағдыға қарай осылай етті. Ал тағдыр ақылымыздан тыс сырлы нәрсе, оны Алла өзі біледі. Мәселен, Алла кейде күнәкар құлын бір түнде өзгертіп, әулиелікке көтереді, оны өзіне дос етеді, бұндай іс те бар, ал бұған біз 'неге' дей алмаймыз, себебі Алла қалағанын істеуші. Ең зор бақ - иман, кімде иман болса, ол бағы зор жан. Ақша, атақ, дүние бақ емес, сор болуы әбден мүмкін. Адамдар ішінде бағы ең зоры мұсылмандар, ал мұсылман ішінде бағы ең зоры мүминдер, нағыз әулиеден пірі бар мұсылмандар. Әрине, ең шексіз зор бақ пайғамбарымызда, одан соң сахабалар, әулиелер, игі ғұламалар келер. Ал имансыздар, кәпірлер, мұнафиықтар мейлі қанша бай-бақуатты, күшті болсын, соры қалың тәлейсіз жандар.
ءار دۇعادا اللادان باق سۇراڭىز، باعىڭىز اشىلادى
اللا ءسىزدى ادام ەتىپ جاراتتى، بۇل ءسىزدىڭ تاڭداۋىڭىز ەمەس، اللا قالاسا، قۇرت-قوڭىز، اڭ-قۇس ەتىپ تە جاراتا بەرەدى. سونىمەن بىرگە اللا ءسىزدى كاپىر وتباسىندا ەمەس، مۇسىلمان وتباسىندا دۇنيەگە اكەلدى. ال بۇلار ەركىمىزدەن تىس باسىمىزعا جازىلعان باق، جاقسى تاعدىر، قانشاما ميليارت جاندا بۇنداي باق جوق! باق-تالەي دەگەنىمىز اللا ءوزى بەرە سالعان ەكى دۇنيەنى ەندەي ءوتىپ، ماڭگىلىككە ۇلاساتىن زور نىعىمەت. اللا بىزگە بۇل دۇنيەدە جارتىلاي يرادا-ەرىك بەرگەندىكتەن، امال ەتەمىز، ءبىراق امالعا عانا سەنىپ قالماي، دۇعادا اللادان ۇدايى باق-تالەي سۇرايمىز، سوندا اللا باياندى يمان بەرەدى. پايعامبارىمىزدىڭ زامانىندا ونى كورگەن 124000 كىسى ونىڭ ساحاباسى بولدى، ولار بۇنى وزدەرى تاڭدامادى، اللا سولاي ەتتى، باق-تالەي دەگەنىمىز مىنە وسىنداي نارسە. سول سياقتى، پايعامبارىمىزدىڭ مۇراگەرلەرى بولعان اۋليەگە ەرۋ، وعان بايا بەرۋ، ونىڭ قۇزىرەتىندە بولۋ دا ۇلكەن باق، اللا تاعدىعا قاراي وسىلاي ەتتى. ال تاعدىر اقىلىمىزدان تىس سىرلى نارسە، ونى اللا ءوزى بىلەدى. ماسەلەن، اللا كەيدە كۇناكار قۇلىن ءبىر تۇندە وزگەرتىپ، اۋليەلىككە كوتەرەدى، ونى وزىنە دوس ەتەدى، بۇنداي ءىس تە بار، ال بۇعان ءبىز 'نەگە' دەي المايمىز، سەبەبى اللا قالاعانىن ىستەۋشى. ەڭ زور باق - يمان، كىمدە يمان بولسا، ول باعى زور جان. اقشا، اتاق، دۇنيە باق ەمەس، سور بولۋى ابدەن مۇمكىن. ادامدار ىشىندە باعى ەڭ زورى مۇسىلماندار، ال مۇسىلمان ىشىندە باعى ەڭ زورى مۇميندەر، ناعىز اۋليەدەن ءپىرى بار مۇسىلماندار. ارينە، ەڭ شەكسىز زور باق پايعامبارىمىزدا، ودان سوڭ ساحابالار، اۋليەلەر، يگى عۇلامالار كەلەر. ال يمانسىزدار، كاپىرلەر، مۇنافيىقتار مەيلى قانشا باي-باقۋاتتى، كۇشتى بولسىن، سورى قالىڭ تالەيسىز جاندار.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7942