'СОПЫМЫН' ДЕМЕҢІЗ, 'ӘЛХАМДУЛИЛЛА, МҰСЫЛМАНМЫН' ДЕҢІЗ
https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7940
'СОПЫМЫН' ДЕМЕҢІЗ, 'ӘЛХАМДУЛИЛЛА, МҰСЫЛМАНМЫН' ДЕҢІЗ
бір дәруіш көшедегі мұсылмандардан 'сен мұсылмансың ба' деп, сұрай береді, олар 'мұсылман екендігімізді көрмей тұрсың ба, біз намаз оқып жүрміз ғой, сақалымыз мынау, бастағы тақияға қарасаңшы, мұсылманбыз' деп ашуланады. Соңында ол нақышбанд сопылық тәриқатының 39 інші әулие пірі Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Файыз әд-Дағыстани хазіретке келіп, 'сен мұсылмансың ба' дейді, тақуалық шыңына шыққан, бойы кереметке толы әулие аса кішпейілділікпен, 'мұсылман болуға тырысып жүрмін, бір күні мұсылман болатыныма сенемін' деп күлімсірейді, сонда дәруіш, 'байқасам, нақышбанд сопысы сияқтысың' дейді. Айтпақшы болғанымыз сол, егер сіз кәміл әулие мүршитке ерген болсаңыз, әрине, ол өте жақсы іс, зор нығымет, бірақ қазір өздерін 'сопымыз' деп, таңбалап алған адамдар бар, алайда бұл дұрыс емес, 'мұсылманмын, жақсы мұсылман болуға тырысамын, мүмин болғым келеді' десеңіз болды, сол жетеді. Үлкен әулиенің өзі ешқашан 'сопымын' демейді, ал сізге не жоқ? сопы - өте биік дәреже, оны қоя тұрып, жақсы мұсылман болып алайықшы, әулие піріңізге жақсы ерсеңіз, жақсы мұсылман боласыз, тіпті мүминге айналасыз. Ал 'мен сопымын' деу, 'мен әулиемін, ұлықпан хаким сияқты хакиммін' деп, айғайлауға ұқсайды. Өзіңізді осы өредемін деп ойлайсыз ба? бұлай ету ең әуелі нәпсіңізге орай беріп, сізді құртады, одан соң бөлінуге бастайды. Мүмин болып алсақ, сол жетеді. Сіз 'сопымын' деп, айғай салғаныңызбен, ел-жұрт сіздің бойыңыздан сопылықты көре алмаса, онда 'сопы' болмақ түгілі, сопылық тәриқат сияқты киелі рухани жолдың абыройымен піріңіздің абыройын түсіріп жүрген біреу боласыз, осыған көңіл бөлелік.
'سوپىمىن' دەمەڭىز، 'ءالحامدۋليللا، مۇسىلمانمىن' دەڭىز
ءبىر ءدارۋىش كوشەدەگى مۇسىلمانداردان 'سەن مۇسىلمانسىڭ با' دەپ، سۇراي بەرەدى، ولار 'مۇسىلمان ەكەندىگىمىزدى كورمەي تۇرسىڭ با، ءبىز ناماز وقىپ ءجۇرمىز عوي، ساقالىمىز مىناۋ، باستاعى تاقياعا قاراساڭشى، مۇسىلمانبىز' دەپ اشۋلانادى. سوڭىندا ول ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ 39 ءىنشى اۋليە ءپىرى ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-فايىز ءاد-داعىستاني حازىرەتكە كەلىپ، 'سەن مۇسىلمانسىڭ با' دەيدى، تاقۋالىق شىڭىنا شىققان، بويى كەرەمەتكە تولى اۋليە اسا كىشپەيىلدىلىكپەن، 'مۇسىلمان بولۋعا تىرىسىپ ءجۇرمىن، ءبىر كۇنى مۇسىلمان بولاتىنىما سەنەمىن' دەپ كۇلىمسىرەيدى، سوندا ءدارۋىش، 'بايقاسام، ناقىشباند سوپىسى سياقتىسىڭ' دەيدى. ايتپاقشى بولعانىمىز سول، ەگەر ءسىز كامىل اۋليە مۇرشيتكە ەرگەن بولساڭىز، ارينە، ول وتە جاقسى ءىس، زور نىعىمەت، ءبىراق ءقازىر وزدەرىن 'سوپىمىز' دەپ، تاڭبالاپ العان ادامدار بار، الايدا بۇل دۇرىس ەمەس، 'مۇسىلمانمىن، جاقسى مۇسىلمان بولۋعا تىرىسامىن، ءمۇمين بولعىم كەلەدى' دەسەڭىز بولدى، سول جەتەدى. ۇلكەن اۋليەنىڭ ءوزى ەشقاشان 'سوپىمىن' دەمەيدى، ال سىزگە نە جوق؟ سوپى - وتە بيىك دارەجە، ونى قويا تۇرىپ، جاقسى مۇسىلمان بولىپ الايىقشى، اۋليە پىرىڭىزگە جاقسى ەرسەڭىز، جاقسى مۇسىلمان بولاسىز، ءتىپتى مۇمينگە اينالاسىز. ال 'مەن سوپىمىن' دەۋ، 'مەن اۋليەمىن، ۇلىقپان حاكيم سياقتى حاكيممىن' دەپ، ايعايلاۋعا ۇقسايدى. ءوزىڭىزدى وسى ورەدەمىن دەپ ويلايسىز با؟ بۇلاي ەتۋ ەڭ اۋەلى ناپسىڭىزگە وراي بەرىپ، ءسىزدى قۇرتادى، ودان سوڭ بولىنۋگە باستايدى. ءمۇمين بولىپ الساق، سول جەتەدى. ءسىز 'سوپىمىن' دەپ، ايعاي سالعانىڭىزبەن، ەل-جۇرت ءسىزدىڭ بويىڭىزدان سوپىلىقتى كورە الماسا، وندا 'سوپى' بولماق تۇگىلى، سوپىلىق ءتاريقات سياقتى كيەلى رۋحاني جولدىڭ ابىرويىمەن ءپىرىڭىزدىڭ ابىرويىن ءتۇسىرىپ جۇرگەن بىرەۋ بولاسىز، وسىعان كوڭىل بولەلىك.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7940