You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ШЫҢҒЫСХАН НАҚЫШБАНД СОПЫЛЫҚ ТӘРИҚАТ ӘУЛИЕЛЕРІНІҢ ҚҰЗІРЕТІНДЕ БОЛҒАН



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7934
ШЫҢҒЫСХАН НАҚЫШБАНД СОПЫЛЫҚ ТӘРИҚАТ ӘУЛИЕЛЕРІНІҢ ҚҰЗІРЕТІНДЕ БОЛҒАН

қуатты хорезім сұлтаны әділетсіздікпен бір әулие шайықты өлтіреді, ал шайық жақындары сұлтанға 'көп ұзамай басыңа бәле келеді, соны күт' дейді. Расында, көп болмай найманды жеңіп, қара қытайды алған Шыңғысхан хорезімді шабады, ондағы елді аямай қырады. Мұсылмандар бір әулиеден 'неге бізге бұндай зұлымдық келді?' деп сұрайды, әулие 'оны өздерің шақырдыңдар, сендер бұзық мұсылман болдыңдар, исламды тастадыңдар' дейді. Шыңғысхан бұхарада бір үлкен мешітке атпен кіреді, кітап сөрелеріне шөп салдырып, аттарына береді. Одан Шыңғысхан құтпа айтатын мінберге шығып, мұсылмандарға 'сендер бұзылған жұрт екенсіңдер, әйтпесе Тәңір мен сияқты жазаны сендерге жібермес еді' деп айтады. Шыңғысханда адам танитын қасиет бар еді, ол нақышбанд сопылық тәриқатының 3 атақты әулиесін ордасына шақырып, елді қалай басқару жәйлы кеңес сұрайды және кеңеске құлақ асады. Шыңғысхан осындай ірі әулиелердің құзіретінде болды, ал исламда 'бұл дүниедегі ең жақсы істің бірі әулие құзіретінде болу' делінер. Кейін мұсылмандар қателігін танып, Алладан кешірім сұрайды, исламға қайта бұрылады, ал Алла да сахарадан келген жауыз мұңғыл-түркілердің жүрегін исламға бұрады, олар ислам қабылдай бастайды, соңында Шыңғысханның 4 ұлысының 3 ұлысы мұсылман ұлысқа айналып кетеді. Оның ұрпағынан дін үшін күрескен берке хан, барақ хан, темір тұғылық хан, уәйіс хан, алаш ахмет хан, қасым хан, сәйд хан сияқты жақсы сұлтандар шықты, бұл да оның әулиелер құзіретінде болғандығна берілген нығымет. Шыңғысханның ең соңғы ұрпағы жолбарыс хан 1930 інші жылы қытайда сұлтандық атағынан айырылды.

شىڭعىسحان ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقات اۋليەلەرىنىڭ قۇزىرەتىندە بولعان

قۋاتتى حورەزىم سۇلتانى ادىلەتسىزدىكپەن ءبىر اۋليە شايىقتى ولتىرەدى، ال شايىق جاقىندارى سۇلتانعا 'كوپ ۇزاماي باسىڭا بالە كەلەدى، سونى كۇت' دەيدى. راسىندا، كوپ بولماي نايماندى جەڭىپ، قارا قىتايدى العان شىڭعىسحان حورەزىمدى شابادى، ونداعى ەلدى اياماي قىرادى. مۇسىلماندار ءبىر اۋليەدەن 'نەگە بىزگە بۇنداي زۇلىمدىق كەلدى؟' دەپ سۇرايدى، اۋليە 'ونى وزدەرىڭ شاقىردىڭدار، سەندەر بۇزىق مۇسىلمان بولدىڭدار، يسلامدى تاستادىڭدار' دەيدى. شىڭعىسحان بۇحارادا ءبىر ۇلكەن مەشىتكە اتپەن كىرەدى، كىتاپ سورەلەرىنە ءشوپ سالدىرىپ، اتتارىنا بەرەدى. ودان شىڭعىسحان قۇتپا ايتاتىن مىنبەرگە شىعىپ، مۇسىلماندارعا 'سەندەر بۇزىلعان جۇرت ەكەنسىڭدەر، ايتپەسە ءتاڭىر مەن سياقتى جازانى سەندەرگە جىبەرمەس ەدى' دەپ ايتادى. شىڭعىسحاندا ادام تانيتىن قاسيەت بار ەدى، ول ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ 3 اتاقتى اۋليەسىن ورداسىنا شاقىرىپ، ەلدى قالاي باسقارۋ ءجايلى كەڭەس سۇرايدى جانە كەڭەسكە قۇلاق اسادى. شىڭعىسحان وسىنداي ءىرى اۋليەلەردىڭ قۇزىرەتىندە بولدى، ال يسلامدا 'بۇل دۇنيەدەگى ەڭ جاقسى ءىستىڭ ءبىرى اۋليە قۇزىرەتىندە بولۋ' دەلىنەر. كەيىن مۇسىلماندار قاتەلىگىن تانىپ، اللادان كەشىرىم سۇرايدى، يسلامعا قايتا بۇرىلادى، ال اللا دا ساحارادان كەلگەن جاۋىز مۇڭعىل-تۇركىلەردىڭ جۇرەگىن يسلامعا بۇرادى، ولار يسلام قابىلداي باستايدى، سوڭىندا شىڭعىسحاننىڭ 4 ۇلىسىنىڭ 3 ۇلىسى مۇسىلمان ۇلىسقا اينالىپ كەتەدى. ونىڭ ۇرپاعىنان ءدىن ءۇشىن كۇرەسكەن بەركە حان، باراق حان، تەمىر تۇعىلىق حان، ءۋايىس حان، الاش احمەت حان، قاسىم حان، ءسايد حان سياقتى جاقسى سۇلتاندار شىقتى، بۇل دا ونىڭ اۋليەلەر قۇزىرەتىندە بولعاندىعنا بەرىلگەن نىعىمەت. شىڭعىسحاننىڭ ەڭ سوڭعى ۇرپاعى جولبارىس حان 1930 ءىنشى جىلى قىتايدا سۇلتاندىق اتاعىنان ايىرىلدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7934