ТІЛ-КӨЗДЕН ӨЛЕТІН АДАМДАР ДА КӨП, ОДАН САҚТАН
https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7924
ТІЛ-КӨЗДЕН ӨЛЕТІН АДАМДАР ДА КӨП, ОДАН САҚТАН
пайғамбарымыз бір хадисінде үмбетінің тәуір бөлігі тіл-көзден өлетінін айтады, демек адамдар тіл-көз себепті туындаған әртүрлі ауру-сырқау, бәле-қаладан көп өледі, алайда адамдар тіл-көзді көбінесе өздері шақырады. Мәселен, көре алмастық, бақталастық, дүниеге жарысу, мақтану, көрсету, тәкаппарлық, сараңдық ету сияқты рухани кеселдер тіл-көзді оңай тартады. Егер сіз осы рухани кеселдерден аулақ болсаңыз, тіл-көз де сізден аулақ жүреді, әйтпесе, оқыған намазбен құран, таққан тұмар тіл-көзге тосқауыл бола алмайды. Тіл-көз улы жебе сияқты біреудің қарайған жүрегінен атылып шығады, ол кесірлі күшке ие, нысанасын дәл түсіреді. Тіл-көз тисе, адам ауырады, жүрегі сығылады, иманы әлсірейді, береке кетеді, тіпті өледі. Әрине, тіл-көз Алла рұхсатымен тиеді, одан сақтану үшін Алла жолында болу керек, ол одан сақтануды үйретеді, исламда айтылмаған нәрсе жоқ. Тіл-көз имансыз немесе иманы әлсіз адамнан келеді, олардың жүрегі улы жебенің қорамсағына ұқсайды. Тіл-көз кейде сараңдықпен әділетсіздік қылса да адамға жаза, ескерту ретінде де тиеді. Ал мүминде тіл-көз болмас, себебі оларда шынайы иманмен рухани тазалық бар. Алайда қазіргі мұсылмандар дерлік сопылық тәриқат ұстанбайтындықтан, намаз өтеп, құран оқып жүрсе де, оларда рухани тазалық жоқ я аз болады, сондықтан оларда тіл-көз көп, олар тіл-көздерін өздері сияқты әлсіздерге тигізеді. Сопылық тәриқат иманды күшейтіп, жүректі тазартатын, манағындай рухани кеселдерден айықтыратын пайғамбарымыздың илаһи жолы, сондықтан бұрынғы мұсылмандар шәриғатпен сопылық тәриқатты бірдей ұстанған.
ءتىل-كوزدەن ولەتىن ادامدار دا كوپ، ودان ساقتان
پايعامبارىمىز ءبىر حاديسىندە ۇمبەتىنىڭ ءتاۋىر بولىگى ءتىل-كوزدەن ولەتىنىن ايتادى، دەمەك ادامدار ءتىل-كوز سەبەپتى تۋىنداعان ءارتۇرلى اۋرۋ-سىرقاۋ، بالە-قالادان كوپ ولەدى، الايدا ادامدار ءتىل-كوزدى كوبىنەسە وزدەرى شاقىرادى. ماسەلەن، كورە الماستىق، باقتالاستىق، دۇنيەگە جارىسۋ، ماقتانۋ، كورسەتۋ، تاكاپپارلىق، ساراڭدىق ەتۋ سياقتى رۋحاني كەسەلدەر ءتىل-كوزدى وڭاي تارتادى. ەگەر ءسىز وسى رۋحاني كەسەلدەردەن اۋلاق بولساڭىز، ءتىل-كوز دە سىزدەن اۋلاق جۇرەدى، ايتپەسە، وقىعان نامازبەن قۇران، تاققان تۇمار ءتىل-كوزگە توسقاۋىل بولا المايدى. ءتىل-كوز ۋلى جەبە سياقتى بىرەۋدىڭ قارايعان جۇرەگىنەن اتىلىپ شىعادى، ول كەسىرلى كۇشكە يە، نىساناسىن ءدال تۇسىرەدى. ءتىل-كوز تيسە، ادام اۋىرادى، جۇرەگى سىعىلادى، يمانى السىرەيدى، بەرەكە كەتەدى، ءتىپتى ولەدى. ارينە، ءتىل-كوز اللا رۇحساتىمەن تيەدى، ودان ساقتانۋ ءۇشىن اللا جولىندا بولۋ كەرەك، ول ودان ساقتانۋدى ۇيرەتەدى، يسلامدا ايتىلماعان نارسە جوق. ءتىل-كوز يمانسىز نەمەسە يمانى ءالسىز ادامنان كەلەدى، ولاردىڭ جۇرەگى ۋلى جەبەنىڭ قورامساعىنا ۇقسايدى. ءتىل-كوز كەيدە ساراڭدىقپەن ادىلەتسىزدىك قىلسا دا ادامعا جازا، ەسكەرتۋ رەتىندە دە تيەدى. ال مۇميندە ءتىل-كوز بولماس، سەبەبى ولاردا شىنايى يمانمەن رۋحاني تازالىق بار. الايدا قازىرگى مۇسىلماندار دەرلىك سوپىلىق ءتاريقات ۇستانبايتىندىقتان، ناماز وتەپ، قۇران وقىپ جۇرسە دە، ولاردا رۋحاني تازالىق جوق يا از بولادى، سوندىقتان ولاردا ءتىل-كوز كوپ، ولار ءتىل-كوزدەرىن وزدەرى سياقتى السىزدەرگە تيگىزەدى. سوپىلىق ءتاريقات يماندى كۇشەيتىپ، جۇرەكتى تازارتاتىن، ماناعىنداي رۋحاني كەسەلدەردەن ايىقتىراتىن پايعامبارىمىزدىڭ يلاھي جولى، سوندىقتان بۇرىنعى مۇسىلماندار شاريعاتپەن سوپىلىق ءتاريقاتتى بىردەي ۇستانعان.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7924